Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_2014 КАЗ НОВЫЙ.docx.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
151.51 Кб
Скачать

2.3. Оқыту мақсаттары:

  • тірі ағзалардың кеңістікте таралуын және сан динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын, энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын қалыптастыру;

  • тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып білу;

  • биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

  • тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды әлемдік, аймақтық және жергілікті деңгейде шешуге қатысты білімді қалыптастыру.

  • табиғи және антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы және олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауға дағдыландыру;

  • биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуге дағдыландыру;

  • тірі организмдер мен қоршаған ортаның әсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдануға дағдыландыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

  • экологиялық үрдістерді талдап, қоғам және табиғаттың тұрақты даму бағыттарында нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды қалыптастыру;

  • алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға, сондай ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдерін қалыптастыру

2.5. Реквизитке дейінгі: биология, экология, физика, химия,қазақстан тарихы, философия, математика және информатика, экологиялық құқық негіздері.

2.5. Реквизиттен кейінгі: Биохимия, микробиология, жалпы гигиена, қалыпты физиология, экономикалық теория, патологиялық анатомия, патологиялық физиология

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны: Экология бұл тірі ағзалар мен олардың тірішлік ету ортасы арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. "Экология" терминін (грек сөзі: ”oіkos” - ”үй”, ”тіршілік ету ортасы”; ”logos” - ”ғылым”) 1866 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған. Ол өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866 ж.) кітабында экологияны биологияның бір бөлімі – қоршаған ортада ағзалардың тіршілік ету сапасы туралы ғылым деп атады.

Ол өзінің «Организмдердің жалпы морфологиясы» (1866 ж.) атты кітабында, биология тарауларының бірін экология – организмдердің қоршаған ортада өмір сүру жағдайлары туралы ғылым деді. Ежелгі гректің “oikos” осы ғылымның атьауы құралуы ғана емес, және адам игерген және тұрақтандырылған табиғатты белгілеу үшін «ойкумена» («эйкумена») ұғымын құраған. Адам космосты игеруімен «эйкумена» ұғымы жер шегінен әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына кірді. Қазіргі уақытта биология тарауларының бірі емес, онымен туыстығына география, саяси экономика, философия да, және жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық кешені таласады. Оның үстіне, қазір экология ғылым ұғымының шегінен шығып, мемлекеттік және әрбір адамның алаңдау мен қамжеу затына айналды. Олай болса, экология барлығына қатысты, өйткені, егер экологиялық күйреу экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді де аямайды. Қазiргi кездегi экология – бұл ғылым, өз ара қарым қатынасты оқытумен айналысады.

2.7. Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының) тақырыптар, өткізу түрі және ұзақтығы, кеңес беру уақыты, аралық және қорытынды бақылау түрі

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Рет№

Дәріс тақырыптары

Оқу сағаты-ның көлемі

1

Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі.Экология бөлімдері.

1

2

В.И.Вернадскийдің биосфера – ноосфералық концепциясы.

1

3

Атмосфера гидросфера, литосфера–биосфераның негізгі элементтері. Ластану көздері.

1

4

Қоршаған орта және тұрғындар денсаулығы.

1

5

Тұрақты даму принциптері мен концепциясы. Қазақстанның тұрақты дамудағы болжамдары.

1

Барлығы:

5