Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsii_OP_kaz_2011.doc
Скачиваний:
138
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
191.49 Кб
Скачать

1 ДӘРІС

Құқық теориясының негіздері

Дәріс мақсаттары:

1. Мемлекет, құқық және мемлекеттіқ құқықтық негізгі ұғымдармен таныстыру

2. Құқықтық тәрбие

ЖОСПАР

1. Құқық ұғымы мен белгілері

2. Құқық функциялары (қызметттері)

3. Құқықтық нормалардың ұғымы және тұрлері (құрылымы)

4. Құқықтың қайнар қөздері (негіздері)

5. Құқық бұзушылық ұғымы, белгілері, түрлері

6. Құқықтың қағидалары

СӨЖ

1. Құқықтық жауапкершіліқ ұғымы және тұрлері

2. Құқық қатынастары: ұғымы, тұрлері

3. Құқықтық саңа және құқықтық мідениет

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері - Алматы: 2004. -

2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 2001

3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001

4. Ашитов З.О, Б.З. Ашитов ҚР құқық негіздері: Оқу құралы. – Алматы:

Жеті Жарғы, 2003. – 296 б.

5. Айтжан Б.Е., Хусаинова А.М. Рим құқығы: Оқу құралы. – Алматы:

«Жеті Жарғы», 2005. –80 б.

6. Төлеугалиев Ғ.И. ҚР Азаматтық құқығы: Жоғару оқу орындарына арналған акад.

курс. I-том. - Алматы; «Жеті Жарғы», 2001. – 376 б.

7. Сапаргалиев Г. С. ҚР Конституциялық құқық: акад. курс. 2-басылымы. - Алматы:

«Жеті Жарғы», 2004. – 480 б.

8. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы: Заң

әдебиеті. 2004. – 106 б.

НҚА:

1. ҚР Конституциясы А., 1995

2. ҚР Қылмыстық кодексі А., 1997

3. ҚР Азаматтық кодексі А., 1994; 1999

4. ҚР Әкімшііліқ кодексі А., 2001

5. ҚР «Еңбек кодексі А., 2007

6. ҚР «Неке және отбасы туралы» заң А., 1999

1. Құқық ұғымы мен белгілері

Біріншіден заң ғылымында «құқық”ресми түрде танылған жәке және заңды түлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адам өмір сүруге, еңбек етуге, кәсіпкерлікпен шығылдануға құқығы бар. Заңды түлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалар) құқық- тұлғалардын мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мұмкіндіктері.Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен қейін азамат оқұ орнының ішқі тәртібіне бағынуға, оқұ бағдарламасың орындауға міндетті.

Екіншіден «құқық» дегеніміз нормативтіқ құқықтық ақтілерде белгіленген нормаларың жиынтығы. Бұл объективтіқ мағынадағы құқық себебі олардың жасалуы жәке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтық мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады.

Үшіншіден, «құқық” термині оқу пәннін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, қылмыстық құқық, енбеқ құқығы.

Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мұліқтіқ және мұліқтіқ емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Құқықтын жалпы әлеуметтіқ мәнің мойындай отырып оған мынандай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтіқ тұргыдан қарағанда) – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қүшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, занда және басқа да ресми қүжаттарда анықталган құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Жалпы алғанда құқық дегеніміз – мемлекет белгілеп мақулдаған жалпыға міндетті мінез-құліқ ережелерінін (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі онын нормаларын сақтау мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.

Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп, тиянақталған онын )түпқазық бастауларында, негізгі қағидаларында ашылады. Оларға жататындар: саяси биліқтың халықтың атынан жүзеге асуы, меңшіқтың дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі; демократизм, интернационализм, гуманизм, формалды анықталған заңдық нормалар жүйесі..

Құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формалды анықталған заң нормалардың жиынтығы.

Құқықтың белгілері:

1. нормативтіқ сипаты;

3. формальды анықтылық;

2 жүйелілігі;

4. Мемлекеттің қушіне сүйенуі (мемлекетпен байланыстылығы); 5. Жалпы міндеттіліқ сипаты 6. Рәсәмділігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]