Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
философия Жа.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
28.42 Кб
Скачать

Тәжiрибелiк-индуктивтiк әдiстеме жасау

Ғылым жолын неше-түрлi елестерден тазалағаннан кейiн Ф.Бэконның алдында жаңа зерттеу жолдарын жасау мәселесi пайда болды. Ол үшiн ең адымен сол кездегi Философиядағы абстрактлы-схоластикалық әдiстемелердi сынау қажет болды. Олар - нәтижесiз. Белгiлi бiр жалпы ұғымдарға негiзделген Табиғаттың өзiне, сондағы құбылыстарға назар аудару керек. “Табиғаттың нәзiк сырлары көп тұжырымдардан анағұрлым терең²,- дейдi Ф.Бэкон.

Әрине, ойшыл жалпы ұғымдар керек емес деп оларды толығынан терiске шығарды деген пiкiрден бiз алшақпыз. Әңгiме - сол жалпы ұғымдар қалай шығарылды - сонда. Егер олар кездейсоқтық деректердi жалпылаудың негiзiнде пайда болса, онда олардан шығарылған тұжырымдар бiздi жалған жолға түсiредi, адастырады. Жалпы ұғымдар тәжiрибеден шығуы керек. Бiрақ, бiз оны әрқашан сынап, ой елегiнен өткiзiп отыруымыз қажет. Ғалым адам жолында жатқанның бәрiн жинай беретiн құмырсқаға ( сол кездегi алхимиктер), сонымен қатар, бәрiн өз iшiнен шығарып өзiнiң торын тоқитын өрмекшiге (сол кездегi схоластар) ұқсамауы керек. Ол әрбiр гүлге қонып оның нәрiн жинап, оларды қайта өңдеп балға айналдыратын араға ұқсас болуы қажет,- деп қорытады Ф.Бэкон.

Жекеден жалпылыққа өрлеудi - индуктивтi әдiстеменi - алғаш рет Ф.Бэкон дүниеге келтiрдi десек, онда ол шындыққа лайықты болмас едi. Өз заманында ұлы Аристотель жалқыдан жалпыға көшу әдiстемесiн жасаған болатын. Орта ғасырларда да бұл әдiстеме мүлде ұмыт болған жоқ-ты.

Ф.Бэконның бұл әдiстемеге енгiзген негiзгi жаңалығы - тек қана белгiлi бiр ұғымды дәлелдейтiн деректердi ғана емес, сонымен қатар оған қайшы келетiндердi де зерттеу, олардың себебiн табу болды.

Жалқыдан жалпыға жету жолында үш таблица жасау керек. Олар - tabula presentiae,- деректердiң болу таблицасы, екiншi - tabula absentiae,-деректердiң болмаған таблицасы, үшiншi - tabula graduum,- деректердiң азды-көптi болуының деңгейiн көрсететiн таблица . Зерттеу жолында бұл таблицалар толтырылғаннан кейiн соларды салыстыру арқылы белгiлi бiр ұғымдарды тудыруға мүмкiндiк пайда болады.

Сонымен, Ф.Бэкон жаңа дәуiрдегi қалыптасып жатқан тәжiрибелiк ғылымның дамуына зор әсерiн тигiзген ұлы тұлға.

Томмазо Кампанелла (1568-1639) – философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі – «Күн қаласы». Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері». «Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба- яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка) бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді. Мемлекетті басқарушы – Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы – Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат – әскери істерді, Даналық – ғылымдарды басқарады, Махаббат – тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы – Метафизик.

XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты. Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Идеалды қоғам туралы жоба жасаған басқа да ойшылдар болды. Т.Кампанелла (1568-1639). Утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ. Әлеуметтік утопистер сол дәуірдің әлеуметтік қатынастарына және кейнгі заман философиясыеа айтарлықтай әсер етті.