ЭМ ЭТК пні емтихан сурактары
.docx«Электромеханика және электротехникалық құрылғылар» пәні бойынша емтихан сұрақтары
-
Электр машиналарының халық шаруашылығындағы рөлі. XIX ғасырдың 20 жылдарына дейінгі кезеңдегі (М. Фарадейге дейінгі кезең) электр және магниттік құбылыстарды зерттеу саласындағы ғалымдардың ғылыми еңбектері және жаңалықтары.
-
Электр машиналарының даму тарихы. М.Фарадейдің электромагниттік индукция құбылысына қатысты тәжірибелері және заңы. М.Фарадейдің қозғалтқышы. Электромагниттік өріс туралы тұжырымдамалары.
-
П.Барлау, Г.Ом, Э.Ленц, Б.С. Якоби және Д.К.Максвеллдің ашқан жаңалықтары мен еңбектері. Ленц ережесі. Ом заңы. Кирхгоф заңдары.
-
Екі және үш фазалы электр машиналарының даму тарихы. Г.Феррарис, Н.Тесла және М.О. Доливо-Добровольскийдің еңбектері. Трансформатордың және асинхронды қозғалтқыштың пайда болуы және олардың құрылысы.
-
Электромеханикада қолданылатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтар. Магнит өрісінің қасиеттері мен сипаттамалары. Био Савар заңы. Ампер заңы.
-
Электр механикада қолданылатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтар. Магнит ағыны. Магниттік қозғаушы күш. Ағын ілінісуі.
-
Заттардың магниттік қасиеттері. Ферромагниттік материалдар. Гистерезис құбылысы.
-
Толық ток заңы. Магнит тізбегі үшін Ом және Кирхгоф заңдары.
-
Электр тізбегі үшін Ом және Кирхгоф заңдары. Джоуль-Ленц заңы. Қуаттар балансы.
-
Индуктивтілік. Өздік индуктивтілік, өзаралық индуктивтілік. Байланыс коэффициенті.
-
Электромагниттік индукция заңы. Өзіндік және өзаралық электр қозғаушы күштер. Ленц ережесі. Магнит өрісінде қозғалған өткізгіштегі Э.Қ.К.
-
Үш фазалы симметриялы электр қозғаушы күштер жүйесі. Үш фазалы тізбектің «жұлдызша» және «үшбұрыш» сұлбалары. Желілік және фазалық кернеулер. Желілік және фазалық токтар. Үш фазалы тізбектің қуаты.
-
Электромеханиканың зерттеу облысы. Қарапайым және күрделі электромеханикалық түрлендіргіштер. Электромеханиканың бірінші және екінші заңдары.
-
Электромеханиканың екінші және үшінші заңдары. Күрделі электромеханикалық түрлендіргіштер.
-
Электромеханикалық түрлендіргіштің жіктелуі. Индуктивтілік электромеханикалық түрлендіргіштер және олардың түрлері.
-
Индуктивтік электромеханикалықты түрлендіргіштер. Ашық полюсті және ашық полюсті емес түрлендіргіштер. Сегментті және сызықты статорлы электр машиналары. Сыртқы рот0рлы және кері жасалған машиналар.
-
Электромеханикалық түрлендіргіштердің қосылу нұсқалары. Мемлекеттік стандарттары бойынша жіктелуі. Трансформаторлар.
-
Электр машиналарындағы айнымалы магнит өрісін тудыру тәсілдері.
-
Жалпыланған электрлік машинасы, оның моделі. Тұрақты ток машинасының сұлбасы.
-
Жалпыланған электрлік машинасының сұлбасы. Айнымалы токтың коллекторлы машинасының сұлбасы.
-
Жалпыланған электромеханикалық түрлендіргіш моделін математикалық модель ретінде қарастыру.
-
Энергияны электромеханикалық түрлендірудің теңдеулері. Фазалық түрленбеген және α,β координатар жүйесінде жазық электр (кернеулік) теңдеулер.
-
Қозғалыс теңдеуі. Электр машиналарының параметрлері: активті және индуктивті кедергілер, инерция моменті. Салыстырмалы бірліктер жүйесі.
-
Электр машиналарындағы шығындар, олардың пайдалы әсер коэффициенттері.
-
Электр машинасын жасау саласында қолданылатын материалдар. Активті және конструкциялық материалдар.
-
Статордың бір полюсты және көп полюсты айналмалы өрісін тудыру.
-
Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың құрылысы, жұмыс істеу принципі. Сырғанау. Қысқа тұйықталу және бос жүріс режимдері.
-
Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі және негізгі сипаттамалары.
-
Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың құрылысы және негізгі сипаттамалары
-
Асинхронды қозғалтқыштың генераторлық режимде жұмыс жасауы. Негізгі сипаттамалар.
-
Синхронды машиналар туралы жалпы мағлұматтар. Синхронды генератордың құрылысы, жұмыс істеу принципі.
-
Синхронды генератордың жұмыс істеу принципі және негізгі сипаттамалары.
-
Синхронды қозғалтқыштың құрылысы, жұмыс істеу принципі. Қозғалтқышты асинхрондық жүргізіп жіберу.
-
Синхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі, негізгі сипаттамалары.
-
Турбогенератордың құрылысы, жұмыс істеу принципі және ерекшеліктері.
-
Гидрогенератордың құрылысы, жұмыс істеу принципі және ерекшеліктері
-
Тұрақты ток генераторының құрылысы, жұмыс істеу принципі.
-
Тұрақты ток генераторын қоздыру тәсілдері. Генератордың негізгі параметрлері және сипаттамалары.
-
Тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс істеу принципі және қоздыру тәсілдері.
-
Тұрақты ток қозғалтқышының негізгі сипаттамалары. Жылдамдықты реттеу тәсілдері
-
Трансформатордың түрлері, құрылысы және жұмыс істеу принципі.
-
Трансформатордың негізгі параметрлері, жұмыс режимдері және сипаттамалары. Транформатордағы шығындар.
-
Орама туралы негізгі ұғымдар және оларға қойылатын талаптар. Орамалардың түрлері, оларды жасауға және орналастыруға қажет параметрлер.
-
Коллекторсыз машиналардың статорының орамаларының түрлері және оларға қатысты параметрлер (орам қадамы, ойықтық бұрыш және т.б.). Статор орамаларының жайылған сұлбасын құрастыру.
-
Тұрақты ток машиналарының орамаларының түрлері, жасалу принципі және жайылған сұлбасы құрастыру.
-
Электр машиналарының қызуы. Номиналдық және жұмыстық режимдері.
-
Электр машиналарын және трансформаторды суыту.
-
Асинхронды машиналардың қозғалтқыштық режимде және генераторлық режимде жұмыс жасау принципі
-
Синхронды машиналардың генераторлық режимде және қозғалтқыштық режимде жұмыс жасау принципі
-
Тұрақты ток машиналарының генераторлық режимде және қозғалтқыштық режимде жұмыс жасау принципі