Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Ресей Федерациясы

.docx
Скачиваний:
92
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
32.28 Кб
Скачать

Ресей Федерациясы

Мемлекет формасы

Федерация

Басқару формасы

Ресей республикалық басқару формасына ие демократиялық федеративтік құқықтық мемлекет болып табылады.Ресей Федерациясының құрамындағы республикалардың өзіндік конституциясы мен заңнамалары бар. Республика статусы Ресей Федерациясының және сол республиканың конституциясы арқылы беріледі. Республикалар өздерінің мемлекеттік тілдерін енгізуге құқылы. Республикалардағы мемлекеттік басқару орындарында, жергілікті басқару орындарында, мемлекеттік мекемелерде Ресей Федерациясының мемлекеттік тілін пайдаланады.

Президенті

Влади́мир Влади́мирович Пу́тин

Билік жүиесі

Ресейдің Заң шығарушы және өкілді орыны болып Федеральды жиын - Ресей Федерациясының Парламенті табылады. Федеральды жиын екі палатадан тұрады: Федерация Кеңесінен және Мемлекеттік Думадан. Ресей Федерациясының атқарушы билікті Ресей Федерациясының Үкіметі жүргізеді. Федерациясының Үкіметі оның төрағасынан, төраға орынбасарынан, және федеративті министрден тұрады.Ресей Федерациясының екі палаталы Жоғарғы Заң шығарушы органының төменгі палатасы.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы

21 республика, 9 өлке, 46 облыс, 2 федерациялық деңгейдегі қала ( Мәскеу мен Санкт-Петербург) 1 дербес облыс, 4 дербес округ

Халқы

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді.

Демографиялық көрсеткіштер

Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп

Тығыздығы

Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км²-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен.

Мемлекеттік тілі

Орыс тілі

Діні

Дін бостандығы

Ұлттық валютасы

Рубль

Экономикасы

Ресей Федерациясының басқа елдермен қарым-қатынасы, олардың жалпы сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы сауда байланысына тәуелді. Ел экономикасы көптеген жылдар бойы жасанды саяси кедергілер әсерінен дүниежүзілік нарықтан тыс қалып келген болатын. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Ресей экономикасы ашық сипат алып, халықаралық деңгейге бетбұрыс жасады.

Ірі қалалары

Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Төменгі Новнород, Екатеринбург, Самара, Омбы, Қазан, Уфа, Челябинск

Өнеркәсібі

Отын өнеркәсібі отын түрлерін өндірумен және алғашқы өңдеумен айналысады. Бұл салаға өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің 6%-ы және елдегі өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 20%-ға жуығы тиесілі. Қазіргі кезде бастапқы энергия көзі ретінде газдың үлесі (48%) артып келеді. Керісінше мұнайдың үлесі 1970 жылмен салыстырғанда 50%-дан 33%-ға дейін қысқарған. Көмірді пайлалану да соңғы 30 жылда азайған.

Ресей табиғи газдың барланған қоры жөнінен 1-орын алады, оның үлесіне әлемдік газ қорының 1/3 бөлігі тиесілі. Табиғи газдың ең ірі алабы — Батыс Сібір, бұл алап Ресейде өндірілетін газдың 90%-ын береді. Негізгі газ кен орындары Ямал-Ненец автономиялық округінде орналасқан.