Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 д-ріс.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
169.39 Кб
Скачать

6 Дәріс. Н.323 ұсынысы бойынша желілерді құру. Н.323 стандарты бойынша сигнализациялау

IP-телефония желілерін құрудың бірнеше жолдары бар.Олардың бәрі IP-желілердегі медиа-трафик таратуды және мультимедиа шақырулармен басқаруды жоспарлайды,бірақ бұл кезде телефондық сигнализациялау жүйесіне құруға түрлі әдістер жүзеге асырылады.

Тарихи бірінші және қазірде ең көп таралғаны-бұл халықаралық электробайланыс кеңесімен (МЭК) Н.323 ұсынысының жиынтығы. Н.323 протоколдарына негізделген желілер телефондық желілерді біріктіруге бағдарланған және мәліметтерді тарату желісіне жатқызылатын,ISDN желілері сияқты қарастырылуы мүмкін.

Н.323 ұсынысы сол дестелерді коммутациялайтын IP-желілері бойынша сөздік ақпараттарды таратуға ғана арналмаған біршама күрделі протоколдар жиынтығын қарастырады. Оның мақсаты-қызмет сапасы кепілденбеген желілердегі мультимедиялық қосымшалардың жұмысын қамтамасыз етеді.Сөздік трафик-бұл бейне ақпараттары мен мәліметтері бар Н.323-тің қосымшаларының бірі.

6.1 суретте Н.323 ұсынысына негізделген желілер құрылымы келтірілген.

6.1 - Сурет. Н.323 желісінің құрылымы

Желінің негізгі құрылғылары келесідей: терминал,шлюз,привратник (зона контроллері) және конференциялармен жұмыс істеу құрылғысы.

Н.323 терминалы IP-телефония желісін пайдаланушының,шеткі құрылғысы,ол шлюздармен, Н.323-тің басқа терминалдары арасында екі жақты сөздік байланысты қамтамасыз етеді.Терминал келесілерден тұрады: аудио элементтер (акустикалық жаңғырық жүйесі); бейне элементтері (монитор, бейнекамера); желілік интерфейс элементтері; интерфейс ұсынушысы.

Шлюздың негізгі тағайындалуы-ЖҚТЖ жақтан түскен сөздік ақпаратты таратуға IP дестелерін бағыттайтын желілер бойынша жарамды түрге түрлендіру. Одан бөлек, шлюз DSS1 және ОКС7 сигнализациялау жүйесінің сигналдық хабарламасын Н.323 сигналдық хабарламаларына түрлендіреді және ITU H.246 ұсынысына сәйкес кері түрлендіреді.

Шлюз ақпаратты дауысты қосуды,оны IP-желіге бағыттауды қамтамасыз етеді. Кері жақта шлюз кері әрекетті жүзеге асырады:Шлюзбен атқарылатын негізгі әрекеттер мынадай:  физикалық интерфейсті телефондық және IP желілік жүзеге асыру;  абоненттік сигнализациялаудың сигналдарын детектрлеу және генерациялау; абоненттік сигнализациялаудың сигналдарын дестелерге және кері қарай түрлендіру;  абоненттерді байланыстыру;  сигналдық және сөздік дестелерді желі бойынша тарату;  байланысты ажырату.

Шлюздік TCP/IP құрылымы ауқымындағы негізгі әрекеті қолданбалы деңгей үрдісінде жүзеге асырылады. Аналогты қос өткізгішті телефондық арнаны қосу кезінде шлюздағы сигналды (өңдеу сұлбасы) 6.2 суретте көрсетілген.

6.2-Сурет. Шлюздағы сигналды өңдеу сұлбасы

Қос өткізгішті абоненттік байланыс жолынан келетін телефондық сигнал дифференциялдық сұлбаға келіп түседі,ол арнаның қабылдаушы және таратушы бөліктерін бөледі.Әрі қарай тарату сигналы қабылдау сигналының бөлігімен бірге аналогты-сандық түрлендіргішке беріледі және стандартты 12-разрядты сигналға айналады. Тарату сигналынан эхокомпенсация құрылғысында қабылданған сигнал қалдықтары жабылады. Ішкі жолақтық көп жиілікті телефондық сигнализацияның сигналдарын анықтау және табу үшін сәйкес типтің детекторлары қолданылады. Кіріс сигналдың әрі қарай өңделуі сөздік кодерде жүзеге асады.

Кодер анализаторында сигнал белгілі ұзындық пен жеке бөліктерге бөлінеді, кодерлеу әдісіне, тәуелділікке және әр кіріс блокта сәйкес ұзындықта ақпараттық кадр орналастырылады. Кодер анализаторында есептелген параметр бөліктері дауыстық белсенділікті анықтау блогында қолданылады, ол ағымдық талданып отырған сөздің сигналының бөлшегі немесе үзіліс екендігін шешеді. Ақпараттық кадр үзіліс жағдайында виртуалдық арна қызметіне берілмеуі мүмкін. Сеанстық деңгейге әр бесінші үзілістік ақпараттық кадр беріледі. Сөздің болмауы кезінде ағымдық спектральды параметрлерді кодтау үшін біршама қысқа ақпараттық кадр қолданылады. Виртуалдық арнаның қабылдаушы жағында логикалыққа не ақпараттық кадр,не үзілістің болу флагы келіп түседі. Үзілістік кадрларда сөздік синтезатормен бірге комфорттық шуыл генераторы қосылады, ол үзілістік сигналдың спектралды құрамын қайта қалыпқа келтіреді. Сигнал параметрлері үзілістік ақпараттық кадр болған жағдайда жаңартылады.

Аумақтын контроллерінде (привратникте) IP-телефонияның барлық интеллект желісі орналысқан. Бір зонада бір контроллер жұмыс істейді. Зонаның контроллерінің атқаратын қызметтері:

–  RAS сигнализациясы көмегімен IP-телефония қызметтеріне жүйе пайдаланушының енуін бақылау;

– alias түрлендіруі – IP дестелерін бағыттайтын (IP адрес TCP портының нөмірі)желілердің транспорттың адресіндегі шақырылатын пайдаланушы адресі;

– желінің өткізу қабілетін сақтауды және басқаруды бақылау;

– Н.323 сигналдық хабарламаларын терминалдар арасында ретрансляциялау.

IP телефонияның ITU H.323 талабына жауап беретін желілерінің біреуінде бір-бірімен RAS протоколы арқылы байланысатын бірнеше аймақтық контроллерлер орналасуы мүмкін.

(MCU) конференцияларын басқаратын сервер үш немесе одан да көп H.323-терминалдарының байланысын қамтамасыз етеді. Конференцияға барлық терминалдар MCU арқылы байланыс орнатады. Сервер конференция көздерін басқарады, дыбысты және бейнені өңдеудегі терминал мүмкіндіктерін ұйымдастырады, көп адрестерге бағытталуы тиіс бейне ағындар мен аудиоларды анықтайды.

Конференцияларды басқаратын құрылғы конференция контроллерінің (MC) бір элементінен тұрады және пайдаланушы ақпаратын өңдеуге арналған бір немесе бірнеше үрдістерден (МР) тұруы мүмкін. МС аймақ контроллерінен, шлюзбен немесе конференцияны басқаратын құрылғымен бірігіп орналасуы мүмкін, ал соңғысы зона контроллерімен немесе шлюзбен бірге орналасуы мүмкін.

Н.323 желісінің тағы бір элементі – Н.323 прокси-сервері, яғни байланыстырғыш сервер. Бұл сервер қолданбалы деңгейде әрекет етуді және екі қосымшаны алмастыратын ақпараттан тұратын дестелерді тексеруі мүмкін. (Н.323 немесе басқасы) шақыру ассоцацияланған және керекті қосылуды орнатады. Прокси-сервер келесі қызметтерді орындайды:

– құрылғылар арқылы коммутацияланатын енуді немесе (RSVP) ресурстарды сақтау протоколдарымен жұмыс істей алмайтын терминалдардың жергілікті желісін қосу. Осындай екі прокси-сервер IP-желіде белгіленген қызметтік сапамен туннельді байланыс орната алады;

– Н.323 трафигін мәліметтердің кәдімгі трафигінен бөлек бағыттау;

– Н.323 құрылғыларын желіде жеке желілердің адрес кеңістіктерімен орналасуы болса да, желілік адрес түрлендіргіштерен сәйкестендіру;

– желіге енуді қорғау – желіге ену тек Н.323 трафиктеріне рұқсат етілген.

IP-телефония желілері сигнализациясының жалпы қағидалары.

Дестелерді коммутациялайтын барлық желілерде сигнализация жүйесі ОКС№7 тобына негізделген. IP-телефония сигнализациясының ерекшеліктерінің бірі түпкі тораптары біршама кең мүмкіндіктерге ие.

IP-телефония жүйелерінде шақыруларды басқару рәсімдері сигнализация протоколдарымен орындалады, ал трафиктің тікелей маршрутизациясы IP желі протоколдарымен: OSPF (қысқа бағыт іздеу ашық протоколы) немесе BGP (шекаралық маршрутизаторлар протоколы) қамтамасыз етеді. Осылай, желі құрылымы басқару жазықтықтарын бөлуді және пайдаланушы ақпаратын таратуды қарастырады (6.4 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]