- •Сәлемдесу дәстүрі
- •Мен таңдаған мамандық
- •Жоғары сұранысқа ие мамандықтар
- •Триллион градус
- •Галилео Галилей
- •Уақыт және адам Уақытты үнемдеу - табыстың кілті
- •Қартайтпайтын киім
- •Уақыт туралы тәмсіл
- •Ұрланған ноутбук иесіне өзі «хабарласты»
- •Туған жер – алтын бесігім Қазақстан
- •Экспо-2017 жаңалықтары
- •Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
- •5. Қазақстанның тарихи орындары Түркістан
- •Тайқазан туралы Уикипедиядан мәлімет:
- •Ұлықбек Обсерваториясы
- •Хиггс Бозоны
- •Замандас келбеті
- •Адам мінезін түрі арқылы анықтау
- •Екі иттің достығы (ертегі)
- •Қызғаныш кеселі
- •Марс сапары
- •Қазақстанның ғылыми жаңалықтары
- •Әл-Фараби (870-950)
- •Салауатты өмір салтын қалыптастыру
- •Биобатарейка
- •Табиғат құдіреті Қазақстандағы экологиялық апаттар
- •Ұлттық саябақтар
- •Табиғатқа өгей өндіріс
- •Ақсу-Жабағылы
- •Құс қалдығынан – мұнай
- •Өлеңге лайық шаңсорғыш
- •Қазақ кино және театр өнері Қазақ театрының тарихы
- •Сумен жұмыс істейтін компьютер
- •Жарық жолында жаңа планета
- •Алманың піскенін анықтайтын қолғап
- •Махаббат романстары
- •Мамандық таңдау – өмірлік маңызды мәселе
- •Майкл Фарадей (1791 – 1867)
- •Эйнштейн Альберт (1879-1955)
Сәлемдесу дәстүрі
Қазақ тілінде сәлемдесудің түрі өте көп. Соның ішінде жас адам жасы, жолы үлкен адамға алдымен ұмтылып, екі қолын кеудесіне қоя қусырып, «Ассаламағалейкум» деп дауысын шығарып амандасатын дәстүр бар. Бұл арабша «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген мағынаны білдіреді. Қарсы жақ та дауысын шығарып ізетпен «Уағалейкум ассалам» деп қол алысады. Бұл да арабша «Сізге де Алланың нұры жаусын» дегенді білдіреді.
Егер жас адам қарияға жол үстінде кездессе, амандасудан кейін «Жолыңыз (сапарыңыз) оң болсын» дейді. Қария «Әлей болсын» деуі керек.
Ауылдың бір адамы ұзақ сапардан оралса, мейлі ол жас болсын, оған ел адамдары барып амандасады. Халқымыздағы «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» деген мақал содан шыққан.
Ерте замандарда «Армысың», «Армысыз» деп амандасқанда жауап беруші жақ «Бар болғын, балам!» дейтін болған. (Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. 15 бет)
Бірқатар шығыс елдеріндегі сәлемдесу рәсімі
Тибет. Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Монғолия. Бейтаныс жанды үйіне қонаққа шақырған кезде монғолдар оған "хада" деп аталатын жібек не мақта-маталы жолақ береді. Әдетте оның түсі ақ. Кейде көк я жасыл түсті болады. Хада ұсынылған кезде келген қонақ оны екі қолмен алып, басты изеуі тиіс. Хада ұсыну мен алу рәсімі – үлкен құрметтің белгісі.
Жапон халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі. Жастар өзара бастарын изеп амандасады. Ал татамиде тізерлеп отырып, жерге қарай иілу керек. (http://news.nur.kz/kk/213293.html алынды)
Мен таңдаған мамандық
А |
Ә |
тігінші |
үйлерді, ғимараттарды жобалайды. |
үйлестіруші |
жобаларды, шараларды ұйымдастыратын маман |
құрылысшы |
үй, ғимарат, түрлі жайларды салады. |
хатшы |
кәсіпорынның іс қағаздарын жүргізеді, бастыққа көмектеседі |
малшы, шопан |
түрлі құрылғы, қондырғы, жабдықтарды жобалау, орнату, баптаумен айналысатын маман |
суретші |
адамдарға киім тігеді. |
қызметкер |
адамдардың құқығын қорғайды |
заңгер |
адамдарды, қоршаған ортаны бейнелейді |
инженер |
ауылда тұрып, қала адамдарын етпен, сүт өнімдерімен қамтамасыз етюді |
тілші |
адамдарға ақпарат беруге көмектесетін маман |
әкім |
белгілі бір мәселені ғылым тұрғысынан зерттейтін маман |
ғалым |
бұқаралық ақпарат құралдары материалдарын талдайтын маман |
сазгер |
ауыл, қала, аудан, облысты басқарады |
сәулетші |
ән шығарады |
үй тазалаушы |
кәсіпорында жұмыс істейтін қатардағы жұмыскер |
шолушы |
үйді, офисті тазалықта ұстаушы жұмыскер |