Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Matem-shpor

.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Осы формуланы Бернулли формуласы деп атайды.

Егер тәжірибелер саны көп болып (п), ондағы А оқиғасының пайда болу ықтималдығы () аз болса, ықтималдықты Пуассон формуласымен есептеу қолайлы: мұндағы, , және деп есептейміз. Пуассон формуласын көбінесе деп жазады және ықтималдықтар теориясы оқулықтарында Пуассон функциясының кестесі беріледі.

43. Кездейсоқ шама.Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңдылығы. Тәжiрибе нәтижесiнде алдын-ала белгiсiз, бiрақ нақтылы бiр мән ғана қабылдайтын шаманы кездейсоқ шама деймiз. Кездейсоқ шамаларды латын алфабитiнiң үлкен әрiптерiмен (Х, У, Z), ал олардың қабылдайтын мүмкiн мәндерiн кiшi әрiптерiмен (х1, х2,..., хп12,..., z1, z2,...) белгiлейдi. Ақырлы немесе ақырсыз саналатын мәндер қабылдайтын кездейсоқ шаманы дискреттi кездейсоқ шама деп атайды. Кездейсоқ шаманың қабылдайтын мәндерi мен олардың сәйкес ықтималдықтарын көрсетiп жазуды дискреттi кездейсоқ шаманың үлестiрiм заңы деп атайды.Дискреттi кездейсоқ шаманың үлестiрiм заңы кездейсоқ шаманы толық сипаттайды. Бұл заңды кесте түрiнде жазып не графиктiк түрде салып көрсетедi. Кесте түрiнде жазып көрсеткенде бiрiншi жолға кездейсоқ шаманың қабылдайтын мүмкiн мәндерi жазылады да, екiншi жолда кездейсоқ шаманың сол мәндердi қабылдау ықтималдығы жазылады. Х кездейсоқ шаманың х1 мәндi қабылдау ықтималдығын р1 , х2 мәндi қабылдау ықтималдығын р2 , т.с.с., хп мәндi қабылдау ықтималдығын рп деп белгiлесек кесте мына түрде жазылàды:

44.Дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ шама өзiнiң үлестiрiм заңымен толық сипатталады. Бiрақ күнделiктi өмiрде кездейсоқ шаманың барлық мүмкiн мәндерi мен сәйкес ықтималдықтарын толық бiлу мiндеттi емес. Кездейсоқ шама жөнiнде бiлгiмiз келген кейбiр деректердi оның басқа да сипаттамаларына қарап анықтай алады екенбiз. Мұндай сипаттамаларға кездейсоқ шаманың математикалық үмiтi, дисперсиясы, орта квадраттық ауытқуы және т.б. сандық сипаттамалары жатады. Кездейсоқ шаманың барлық мүмкiн мәндерiн сәйкес ықтималдықтарына көбейтiп қосқаннан шыққан санды кездейсоқ шаманың математикалық үмiтi деп атайды да, М(Х) деп белгiлейдi.Кездейсоқ шаманың математикалық үмiттен ауытқуы квадратының математикалық үмiтiн дисперсия деп атайды да, D(X) деп белгiлейдi:D(Х)=М{Х-М(Х)}2.

45.Үзіліссіз кездейсоқ шама.Ықтималдықтардың үлесірім заңдылығы ж\е негізгі сандық сипаттамалар. Ақырлы немесе ақырсыз аралықтағы кез келген мәндi қабылдай алатын кездейсоқ шаманы үзiлiссiз кездейсоқ шама деп атайды. Биномдық үлестірім. Егер Х кездейсоқ шаманың қабылдайтын мүмкін мәндері болып, ал осы мәндерді қабылдау ықтималдығы Бернулли формуласымен анықталсаонда кездейсоқ шама биномдық үлестірім заңымен берілген деп аталады Пуассон үлестірімі. Егер Х кездейсоқ шаманың қабылдайтын мүмкін мәндері болып, ал осы мәндерді қабылдау ықтималдығы Пуассон формуласымен анықталсаонда кездейсоқ шама Пуассон үлестірім заңымен берілген деп аталады. Бірқалыпты үлестірім. Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы аралығында тұрақты болып, одан тыс жерде 0-ге тең болса, онда кездейсоқ шама бірқалыпты үлестірілген деп аталады:.Көрсеткішті (экспоненциалды) үлестірім.Егер кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы арқылы берілсе, онда ол көрсеткіштік үлестірім заңымен берілген деп аталады. Қалыпты үлестірім. Егер кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы арқылы берілсе, онда ол қалыпты үлестірім заңымен берілген дейді. 46. Ықтималдықтардың тығыздық функциясы.Қалыпты үлестіру.

Кездейсоқ шаманың үлестірім функциясынан алынған туынды кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы деп аталады және f(x) деп белгіленеді:Қалыпты үлестірім. Егер кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы үлестірім тығыздығын «дифференциалдық функция» деп те атайды. Дифференциалдық функция Х кездейсоқ шаманың мәндері тәжірибені қайталап жасағанда х нақты санының маңайында қаншалықты жиі пайда болатындығын көрсетеді.Дифференциалдық функция белгілі болғанда кездейсоқ шаманың үлестірім функциясын табу қиын емес:. арқылы берілсе, онда ол қалыпты үлестірім заңымен берілген дейді.Қалыпты үлестірілген кездейсоқ шаманың математикалық үміті ,

дисперсиясы тең.


Соседние файлы в предмете Математика