Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силабус-казахский(БАУ).doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
128.51 Кб
Скачать

Негізгі бөлім

  1. Танысу. Мамандық. Жұмыс орны. Сөз құрамы және сөзжасам. Сөзжасамның негізгі әдістері. Күрделі сөздер, аббревиатуралар.

2. Функционалдық стильдер. Ісқағаздар стилі. Ырықсыз етіс. Тұйық райдың түрленуі. Бұйрық рай.

3. Анықтама. Аңдатпа. Стандарт тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, трафареттік мәтіндер).

  1. Тілдік норма. Орфоэпиялық норма, мәтіндердің айтылым үлгілері.

5. Ауызша сөйлеу этикасы.

6. Жазба тіл этикасы. Іскерлік хат жазысу

7. Бұйрық. Өкімдік құжаттарда кездесетін бұйрық рай формалы етістіктер (дайындалсын, бекітілсін, жүктелсін, белгіленсін т.б.

8. Аударма туралы түсінік. Сөз бен сөз оралымдарының контекстік мағынасын анықтай білу. Мәтінді логикалық бөліктерге бөлу.

9. ҒТМ-де кездесетін терминдердің жасалу жолдары. Мамандықтың терминологиялық өрісі. Балама ұғымдардың қос тілді сөздіктердегі ерекшеліктері.

10. Аударма тәсілдері. Транслитерациялық, гипо-гиперонимиялық, перифрастиккалық аударма, калькілеу, ұқсату әдістері. Сөзбе сөз аудару, мағыналық аудару.

11. Ғылыми-техникалық әдебиеттегі сөздердің орын тәртібі.

12. Техникалық мәтіндерде кездесетін синонимдік, антонимдік қатарлар Түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтініндегі лексикалық тіркесу айырмашылықтары.

7. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы

(БАжБ бағытында дайындау) Кредит саны 3=45 аудиториялық сағат + 3 семестрлік жұмыс + қосымша сабақ + емтихан. Сабақтың ұзақтығы = 100 минут.

Тақырыбы

Сағат саны

Лексикалық минимум

Грамматика

Үй тапсырмасы

1

Танысу. Өмірбаян. Түйіндеме.

Мамандық. Жұмыс орны.

Сәлемдесу. Алғыс білдіру.

Мамандықтың терминологиялық өрісі.

Техникалық әдебиеттің арнайы лексикасы, терминжасамның негізгі әдістері: аналитикалық, синтетикалық.

№1 5-13 бб.

6

Жеке басының қасиеттері, әскери міндетке қатысы, тіл білуі, жұмыс тәжірибесі, қалыптастыру, талшық, кедергі,

шығын, аралық жиілік, артық кернелген

Зат есім. Күрделі зат есімдер.

Етістік. Етістіктің райлары және шақтары.

Өмірбаян., түйіндеме.

Жазу. Терминдерге мысалдар келтіру

Зерде 3. 2-сабақ Кәсіби шеберлік адамгершіліктен басталады

2

Сенімхат. Қолхат.

Мамандықтың терминологиялық өрісі туралы түсінік беру.

№ 1 54-56 бб.

4

Сеніп тапсырамын, міндеттенемін, құндылық, мөр, төлем, несие, пайыз, қайтару, ауыстырып қосқыш кілт, күшейтілген, әсер, оттегі, бөгде зат, деңгей, қамтамасыз ету.

Келер шақ, өткен шақ есімшелердің қызметі. Есімшелі оралымдардың анықтауыштық қызметі.

Көсемшенің жасалу жолдары.

Сенімхат, қолхат. жазу

3

Ағымдық бақылау (5-аптада)

1

4

Жарнама. Конкурс. Презентация. Аударма туралы түсінік. Аударманың негізгі тәсілдері. Аударылатын мәтіндердің жіктелуі.

Аударма туралы түсінік беру, аударма түрлерімен таныстыру.

№1 61-63 бб.

6

Жарияланады, қойылатын талап, еңбек өтілі, ұсыну, жетістік, артықшылық, кемшілік, еркін сөзбе-сөз, кілттік, сезімтал, инерттілік, пайдалы әсер коэффициенті, шығын.

Ырықсыз етіс. Тұйық райдың түрленуі. Бұйрық рай.

Жарнама, конкурс, мәтіндерін жазу.

5

Функционалдық стильдер. Аңдатпа. Бұйрық. Өтініш.

Терминдік бірліктердің синонимдік, антонимдік қатарлары. Неологизмдер.

№1 16, 23-26 бб.

6

Қарастыру, есептелу, жобалау, қауіпсіздік техникасы, өміртіршілік қауіпсіздігі, ықпал етеді, энергия көзі, өткізгіш, сұлба, тегеурін, құбылыс.

Ауыспалы осы шақ. Сан есім. Жатыс септік. Өкімдік құжаттарда кездесетін бұйрық рай формалы етістіктер (дайындалсын, бекітілсін, жүктелсін, белгіленсін т.б.)

Аңдатпа, бұйрық, өтініш,

жазу.

6

Аралық бақылау (8-аптада)

1

Монолог. Диалог. Техникалық сипаттама.

Ғылыми-техникалық әдебиеттегі түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтініндегі лексикалық бірліктердің орын тәртібі.

№1 36-37, 40 бб.

6

Тұрады, құралады, дайындық, жиілігі, фаза құрылысы, кернеу, сан түрлі, кем кернелген, көлегейлеу,

жұқа беті, шағылысу.

Бірыңғай мүшелер, қыстырма сөздер және күрделі тіркестер арқылы күрделенген жай сөйлемдер.

Бір құрылғыға техникалық сипаттама жазу.

Зерде 3. 4-сабақ, Ұжыммен спорт залына бардық.

7

Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу.

Техникалық мәтіндерде жиі кездесетін оралымдарды (есімшелі, көсемшелі оралымдар, қыстырма конструкциялар, тұрақты тіркестер) орынды пайдалануға үйрету. Лексикалық тіркесу тәртібін игерту.

№1 42,59 бб.

6

Дайындық, дөрекі сөз, шұғыл, екіжақты байланыс, мақсат, талап, құрастырылған, бөлшек, оқшауланған, доға, сутегі

есімшелі, көсемшелі оралымдар, қыстырма конструкциялар, тұрақты тіркестер)

Курстасыңызбен бір жағдаятқа телефонмен сөйлесіңіз (сесссия СӨЖ, студенттердің ғылыми конференциясы)

8

Ағымдық бақылау (12-аптада)

1

9

Көпшілік ғылыми стиль. Іс қағаз стилі, айтылым үлгілері. Жазба тіл этикасы.

“IZET”, “Сөзкөмек” бағдарламалары арқылы жасалған компьютерлік аудармаларды редакциялау, стильдік түзету. (Жүргіншілер радиолокатормен бақыланбақ)

№1 34-35 бб. №2 5б.

4

Анықтау, куәландыру, тағайындау, міндеттеу, құжат ресімдеу, дауыс ырғағы, ұқсастық, қисын, нысан, бақылау, мәселе, қозғалыс, қараңғы, кесел.

Қазақ тіліндегі негізгі орфоэпиялық заңдылықтар.

Түрлі стильде жазылған мәтіндерді оқу, стильін анықтау.

10

Іскерлік хат жазысудың түрлері.

Шақыру, құттықтау, алғыс, телефон хат, хабарлама хат, хаттарын жазу дағдыларын қалыптастыру.

(Су велокөлігі)

№1 46-49, 51 бб. №2 24-25 б.

4

Құттықтаймын, шақырамын, сұраймын, өтінемін, жүзеге асыру, көрсеткен көмек, алғыс білдіру, салтанатты кеш, өтеді, қатысуыңызды өтінеміз, басшылыққа алу, күш-қуат, жұмсау.

Санамалау әдісі және заттың құрылымын білдіретін конструкциялар (... тұрады; ... құралады);

Тәуелдік+септік жалғаулы тіркестер

Шақыру, құттықтау, алғыс, телефон хат, хабарлама хаттарын жазу.

Зерде 3 . 3-сабақ Қызметтік хаттар

Барлығы

45

Өз бетінше оқуға арналған материалдар:

Күрделі зат есімдер.

Келер шақ, өткен шақ есімшелердің қызметі. Есімшелі оралымдардың анықтауыштық қызметі.

Сан есім. Уақытты білдіретін стандарт формулалар.

Көмекші сөздер (септеуліктер, жалғаулықтар, мезгіл мағынасын білдіретін көмекші есімдер).

Есімді және етістікті сөз тіркестері.

Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Арқылы, байланысты, бойынша сөздері арқылы жасалған конструкциялар мен тұрақты оралымдар.

Етістік+у+іңізді, +ыңызды сұраймын, өтінемін конструкциялары.

Етістік+у+ды,+ ді ұсынамын конструкциясы.

Өз бетінше оқуға арналған материалдардың меңгерілуі оқытушының офис-сағаттары кезінде бақыланады.

Ескерту: №1 өздік жұмыстың тапсырмасы қолжазба түрінде таратылады.

1 ӨЖ (ауызша) тақырыбы: «Презентация»

Топтағы студенттер 3-4 кішкене топқа бөлініп, жоба бойынша жұмысты орындайды. Әр топша студенттеріне жұмыс бөлініп беріледі.

Жұмыстың мерзімі: семестр бойы.

Жұмыстың мақсаты:

Студенттердің ауызша сөйлей білу дағдысын қалыптастыру мақсатында өз мамандығына сәйкес тақырып алынып, сол бойынша олар жұмыс істеуге дағдыланады.

Жұмыстың кезеңдері:

а) берілген тақырып бойынша материалдар іздеп табу;

ә) материалды іріктеу, сұрыптау;

б) әрқайсысының міндеттерін белгілеу;

в) қорытынды қорғау.

Жұмыстың түрі:

презентация (тұсаукесер)

пікірталас (дискуссия);

Көрнекі құралдар:

сурет

сұлба

плакаттар

слайд-шоу

Power-Point

Жобаланатын құрылғылардың атаулары