Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_Filosofia.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
248.83 Кб
Скачать

77 Диалектикалық категориялар жүйесі

Диалектика - даму процесі туралы жан-жанжақты терең мазмұнды ғылым ретінде, барлық заттар мен құбылыстардың өзара байланысты екендігі және олардың үнемі жаңғырып отыратындығы туралы ойлаудың зерттеу тәсілі. Бұл термин гректің «диалогемай» - пікір таластыру - деген сөзінен шыққан. Диалектикалық категориялар жүйесінің қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы – еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекетер барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысындағы баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны санасы мен ақылына тәуелді емес. Категориялар объективьті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.

78 Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) шығармаларының негігі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтыды. Батыстағы матерализм жіне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықпен ұсынады. Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «Ар ілімі» деп атуында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейін: «Әрине, жаның өлген соң тазрып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек... Жанның екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді» Шәкәрімнің ожданы ежелгі гректегі «каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен аттас. Ождан дегеніміз ынсап, әдәлет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.

79 Абайдың дінге көзқарасы

Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дін басылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, «нағыз» дін немесе райионалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Өз сөзімен айтқанда 13 қара сөзінде «алла табарака уатағаланың щәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына,... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек»

Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жанөжануарларды, адамды, тіпті машина фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді, яғни дене өлгенімен жан өлмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]