Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Операциялы жйелер(Ешпанова).doc
Скачиваний:
57
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
671.23 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Aлматы энергетика және байланыс университеті

Инженерлік кибернетика кафедрасы

 

Операциялық жүйелер

5В070200 - Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ешпанова М.Д., Ибрашева А.Т. Операциялық жүйелер: 5В070200 - Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБУ, 2013. -49 б.

 

Әдістемелік нұсқау «Операциялық жүйелер» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Операциялық жүйелерді оқитын студенттерге көмек ретінде және MS DOS, MS Windows операциялық жүйелерінде жұмыс істеуге дағдылануға негізделген. Әрбір зертханалық жұмыста тапсырмалар, есептерді шешу мысалдары және бақылау сұрақтары қарастырылған.

Без.- 16, кесте – 7,  әдебиет көрсеткіші - 17 атау.

 

Пікір беруші: доцент Қалиева С.А.

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

 

©  “Алматы энергетика және байланыс университеті ” КЕАҚ, 2013 ж.

Мазмұны

 

Кіріспе

4

1 Зертханалық жұмыс №1. Windows операциялық жүйесі. Командалық жол режимі

5

 

2 Зертханалық жұмыс №2. Windows операциялық жүйесі. Файлдық жүйенің командаларын зерттеу

8

3 Зертханалық жұмыс №3. Windows операциялық жүйесі. Пакеттік  файлдар командалары

11

4 Зертханалық жұмыс №4. Есептеуіш процестер және ресурстары, компоненттері

16

5 Зертханалық жұмыс №5. Құрылғылар бақылаушысы

19

6 Зертханалық жұмыс №6. Ресурстар, олардың процестер арасында бөлінуі

22

7 Зертханалық жұмыс №7. Ағымдардың өзара блокталуы және оларды табу

24

8 Зертханалық жұмыс №8. Ағындарды синхрондау  құралдары, критикалық секциялар және тығырықтар. Есептеуіш ағындарды MatLab ортасында құру

31

9 Зертханалық жұмыс №9. Операциялық жүйеде процессорлық уақытты тарату әдістері

35

10 Зертханалық жұмыс №10. Жадыны басқару

37

А қосымшасы

42

Б қосымшасы

44

В қосымшасы

46

Әдебиеттер тізімі

48

Кіріспе

Операциялық жүйе қолданушы және программалаушыға компьютердің  аппараттық құралдарына қол жеткізу үшін ыңғайлы интерфейс береді. Қолданбалы программалар және көптеген жүйелік өңдегіш программалар компьютердің  аппараттық құралдарына тікелей қол жеткізе алмайды, олармен тек операциялық жүйе арқылы ғана қатынасады. Операциялық жүйе - есептеуіш ресурстарды тиімді бөлуге жауапты және есептеулерді сенімді орындауға арналған механизм. Бұл – оның ең маңызды қызметі.

Операциялық жүйелерді қарастырғанда «процесс» түсінігі ең негізгілердің бірі болып табылады. Заманауи операциялық жүйелердің есептеу процесінің құрамы жайлы ақпараттарды беретін қондырылған құралдары бар. Тура айтқанда, операциялық жүйелерде процестерді және ағындарды жоспарлау орындалу керек. Жоспарлау – бұл  операциялық жүйенің орындалып жатқан ағынды қай кезде үзіп, қай ағынға орындалу мүмкіндігін беруді анықтау жұмысы. Жоспарлау кезінде ағындар басымдылығы (приоритеті), кезекте күту уақыты, орындалып жатқан уақыты, шығыс-кіріспен қатынасу қарқындылығы және басқа да факторлар ескерілуі мүмкін.

Операциялық жүйелерді қарастырғанда «ресурс» түсінігі «процесс» түсінігімен қатар жүреді. Операциялық жүйеге сәйкес сұраныспен жүгінген есептеу процесіне қандай да бір қажетті шарттар орындалса ғана ресурс берілуі  мүмкін.

Мультипрограммалық режим бірнеше есептеу процесінің бір компьютерде параллель орындалуын қарастырады. Мультипрограммалау кезінде жүйенің қабілеті, жылдамдығы артады. Бірақ солардың бөлек бір процессі бірпрограммалық режимде орындалған уақытқа қарағанда тезірек орындалмайды.  

Ұсынылған әдістемелік нұсқауларда тапсырмаларды орындауда командалық жол интерфейсімен жұмыс істеу,  С++ программалау тілдерін,  Delphi, MathLab программалау ортасын қолдану қарастырылған. Delphi ортасы ағындарды құруға мүмкіндік береді және де онда ағындарды (процестерді)  синхрондау құралдары бар: критикалық секция, семафор, synchronize. MathLab ортасында да ағындарды құруға және параллель есептеулерді орындауға болады.