Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скен.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
461.31 Кб
Скачать

9. Стансаның масштабты жоспарын құрастыру

Телімдік стансаның масштабты жоспары 1:2000 масштабта сызылады. Бұрыштарды сызу үщін масштабты лекалалар пайдаланылады.

Жұмысты бастау:

  1. Берілген масштаб бойынша жобаланатын жоларалықтар мен жолдардың осьтері бойынша параллель сызықтар сызылады.

  2. Берілген сұлба бойынша станцияның бір қылтасын локомотив шаруашылығына қарама-қарсы бағытта орналасқан қылтаны сызудан бастайды.

Қылта және қабылдау-жөнелту парктерін станцияның басты жолдарынан бастап жобалайды. Масштабты жоспарды жобалағанда, станцияның қылтасындағы жеке бағыттамалар мен ауыспаларды сызғанда, өзгерістер болуы мүмкін. Ауыспалардың орнын ауыстырғанда, поездардың жүріс бағыты мен басқа да операциялардың өзгермей қалуын қамтамасыз ету қажет. Бағыттама бұрмаларының негізгі өлшемдері және бағыттама бұрмалары арасындағы қашықтық қосымшаларда көрсетіледі.. Стансаның бірінші қылтасы сызылғаннан кейін, локомотив шаруашылығы орналасқан қылта сызылады. Қабылдау-жөнелту паркіндегі ең қысқа жол стандартты пайдалы ұзындыққа тең боады, ал қалған жолдар одан ұзынырақ болады. Жолдар мен қылталарды сызғаннан кейін локомотив және вагон шаруашылығының масштабты жоспары мен жүк ауласын және басқа да құрылымдарды жобалайды. Келесі орындалатын жұмыс, кіру, шығу, маршрутты бағдаршамдарды орналастыру, әрбір жол үшін қабылдау және жөнелту бағдаршамдарын орналастыру қажет.

Маршрутты бағдаршамдар бойлық және жартылай бойлық типті станцияларда орналасады, олар бекеттің бір ауданын екінші аданынан бөлетін жерлерде орналасады.

1 категориялы басты жолдарда Р65 рельсы қолданылса, қабылдау-жөнелту жолында Р50 қолданылады. Басты, қабылдау-жөнелту, сұрыптау жолдарының жоларалығы қалыпты жағдайда 5,3 м –ге тең, ал тар жерлерде ол кем дегенде 4,8 м-ге тең болады. Тартып шығу жолы мен көрші жатқан жолдың ара қашықтығы 5,5 м кемі 5,3 м болады. Телімдік станцияларда жеке парктердің арасында құрылымдар мен басқа да құрылымдар орналасуына орын қалдырылады. Тартып шығу жолдарын локомотивтік құраманың ұзындығы мен есептегендегі ұзындығы орналасатындай қылып жобаланады.

Масштабты жоспарды жоспарлағанда бағыттама бұрамлары, ғимараттар мен қондырғылардың ведомосін станса жоспарымен төменгі бөлігімен көрсету қажет.

10. Станса жұмысын ұйымдастыру

Телімдік стансалар темір жолдың қауіпсіз және тоқтаусыз жұмысын қамтамастандыру үшін қажет. Осы мақсатта, онда өтпелі поездарды өңдейді, жылжымалы құрамаға техникалық қызмет көрсетеді, поездар қозғалысының тартымды қызмет көрсетіледі (локомотивті жабдықтау не ауыстыру, локомотив бригадасын ауыстыру). Телімдік стансалар көрші телімдердегі пайда болатын және жоқ болып кететін вагонағымын өңдейді. Халықты және қала кәсіпорындарын тасымалдаумен қамтамасыз ету үшін телімдік стансаларда жүк және жолаушылар құрылғылары, кәсіпорындардың кірме жолдары бар.

Жүктасымалдылықты көрші бағыттарда көлік құралдарының жұмысы нашарлағанда, тәуліктің белгілі бір уақытында поездар жиналып қалмай өткізіп жіберу керек кезде, перегондық құрылғыларды жөндеуге қажетті «окна» қажет болғанда, телімдік стансалар қозғалысты ретеу ролін атқарады.

«Телімдік станса» деген аттың өзі локомотивтердің (паровоздардың) қатынайтын телімдерінің шекарасы деген мағына береді, олардың ұзақтығы 80 – 130 км болатын, бұл су және отынның щығындануымен анықталатын.

Теміржол көлігін электрлі және тепловозды тартымға ауыстырғаннан кейін, локомотивтердің қатынау қашықтығы 700 – 1000 км дейін ұзарды. Осының нәтижесінде көптеген телімдік стансалар телімнің шекарасы мағынасынан айырылды немесе өз жұмыстарын өзгертті. Телімдік стансалар жергілікті жұмыс көлемі үлкен жүк не жолаушылар стансасына айналды. Бұл деполық стансалар санының азаюына және жөндеу жұмыстары деполардың азында ғана жүргізілуіне әкеліп соқтырды.

Телімдік стансаларда бригаданы ауыстыру локомотивті ажыратусыз жүргізілетін болды, сондықтан мұндай жағдайда «телімдік» атауы локомотив бригадаларының қатынау мағынасына сәйкес келетін болды. Мұндай телімдер ұзындығы локомотив бригадаларының үзіліссіз жұмыс істеу қалпымен анықталады. Жүк және жолаушылар локомотивтерінің қатынау телімі ұзындығы бойынша сәйкес келмейді, сондықтан оларды ауыстыру әр түрлі стансаларда жүргізіледі. Жолаушылар локомотивтері жолаущылар стансасында ауысады.

Телімдік стансалардың бөлінуі: кіре беріс саны бойынша – желілік және торапты (үш не одан да көп жалғанулары болады); негізгі парктерінің орналасуы бойынша – көлденең, бойлық және жартылай бойлық типті және жүк, жолаушылар операцияларына арналған құрылғылардың бірінен соң бірі орналасыуымен. Сонымен қатар, телімдік стансаларды қолдану жұмыстың көлемі мен мінезіне қарай, тарту түріне қарай, басты жол санына қарай және кейбір басқа жағдайларға байланысты бөледі.

Электрлендірілген желілерде әр түрлі жүйелі тоқтардың түйісуі пайда болатын телімдік стансалар да кездеседі.

Телімдік стансалар негізгі және ең қуатты болып өтпелі поездар қабылданып, жөнелтілетін транзиттік парктер саналады, ол жерде қозғалысытың қауіпсіздігіне әсерін тигізетін ақаулар жойылады, оларды барынша жолдарда жөндейді немесе ақаулы вагондарды поездан ажыратады.

Телімдік стансаларды негізгі депомен, локомотивтердің айналу депосымен, локомотив бригадасын ауыстыру бөлімімен үшке бөледі.

Негізгі депосы бар стансаларда тек қана ағымды жөндеуге немесе ТО-3 техникалық тексеруге келген вагондарға қызмет көрсетіп қоймай, сонымен қатар, бригадаларды ауыстырады, қабылдау-жөнелту жолында локомотивті жабдықтайды. Бұл стансалар жөндеу базасынан, техникалық тексеру мен жабдықтау депосынан, қажетті жол дамуынан тұратын дамытылған локомотив шаруашылығынан тұрады. Кейде негізгі деполы стансалар бір не екі бағыттан келетін поездардан локомотивті ажырату жүргізілетін кері қайту бөлімі болып саналады.

Локомотиві кері қайтатын бөлімі бар стансаларда локомотивтерді ажырату барлық поездан жүргізеді, ТО-2 техникалық тексеру мен жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Локомотивті ауыстыруды ұйымдастыру үшін бұл стансаларда жүріс жолдары мен тұйықтар, дайын локомотивтің тұру жолдары, жабдықтау құрылғыларымен байланысы болуы керек.

Локомотив бригадасын ауыстыру стансаларында транзит паркінде жүргізілетін ТО-1 жөндеу жұмыстары жасалады, және қосымша құрылғылар қажет емес. Егер кейбір жағдайларға байланысты бұл стансаларда локомотивтерді жабдықтау қажеттілігі туса, жабдықтау құралдары қабылдау-жөнелту жолдарында немесе парк қылтасындағы арнайы жолдарда қарастырылуы керек

Учаскелік бекеттерде учаскелік, құрама және басқа да жергілікті поездардың категорияларымен қатынайтын вагонағымдары өңделеді. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін бекеттерде қабылдау және жөнелту жолдары, құрамаларды шашыратып, жинақтау жұмыстарын жүргізетін сұрыптау құрылғылары, вагондарды учаскелік не құрама поездарына қосу мақсатында жинақтау және сұрыптау жолдары болуы керек. Сұрыптау құрылғысының типі стансаның өңдеу қабілетін анықтайды, ол және де сұрыптау жолдарының санына байланысты болады. Жол саны жеткіліксіз болған жағдайда қайта сұрыптау мен вагондарды жинауға уақыт көбейіп кетеді.

Телімдік стансада жүргізілетін жолаушылар операцияларына алыс транзиттік және соңғы поездарды, және осы стансалар кері қайтатын қала шетіне қатынайтын поездарды қабылдап, жөнелту жатады. Бұл операцияларды жүргізу үшін бекеттерде жолаушылар жолдары мен платформалары, жолаушы ғимараттары мен өтпелдері, кері қайтатын қала шетіне қатынайтын және соңғы поездардың тұру жолдары, почта және жүк құрылғылары болуы керек. Кейбір телімдік стансаларда техникалық тексеру, ажыраусыз жүргізілетін жөндеу және сумен, жанармаймен қамтамастандыру жұмыстары жүргізіледі.

Тартым ауданын тасымалмен қамтамастандыру жұмыстары жалпы қолданбалы жолдар мен жүк ауданында, өндірістік кәсіпорындардың және базалардың кірме жолдарда жүргізіле береді. Кейбір стансаларда вагондарды тұсіруге дайындау, изхотермикалық вагондарды жабдықтау жұмыстары жүргізіледі.

Стансадағы құрылғылардың орналасуы жұмыстың рационалды технологиясын, операциялардың параллельдігі мен бір қалыптылығын, жылжымалы құраманың тұрып қалуының азаюын, вагондар мен поездармен жұмыстарға уақыттың аз кетуін, жаңа техниканы қолдану және стансамен қозғалудың қауіпсіздігін, бекеттің ары қарай дамуына жол берілуін қамтамасыз етуі қажет.

Жолаушылар операцияларын жүргізуге арналған құрылғылар ішкі орынды (қала жағынан) алуы керек.

Соңғы, алысқа және қала шетіне қатынайтын поездардың қүрамалары тұру, жабдықтау, тазалау үшін арналған жолдардың орналасуы, әдетте соңғы поездарды қабылдауға қарама-қарсы орналасқан жағынан жолаушылар поездарын қабылдап, жөнелтуге қолайлы орналасуы керек. Қаламаңындық поездардың тұруына арналған тупиктік жолдар ені 7 м болатын жолаушылар платформасынан кейін жолаушы және басты жолдарының арасында орналасуына болады.

Жолаушылар жолдарының немесе олардың қатарында транзит поездарына арналған парктерді не жолдарды орналастырған жөн, одан кейін өңделетін поездарға арналған жолдар және сұрыптау паркін орналастырады. Мұндай орналасу операцияларды бір уақытта жасауды қамтамасыз ететін параллель комплестің құрылуына әкеліп соғады.

Транзит парктері көбіне қабылдау, жөнелту жұмыстарының өзін санамағанда локомотив шаруашылығының құрылғыларымен әрекеттеседі. Бұл жолдарда маневр жұмыстары эпизодты түрде жүргізіледі, сондықтан локомотив шаруашылығының орналасуы локомотив бригадасын ауыстыру үшін, басқа поездармен қиылысудың аздығы үшін транзит паркімен жақсы байланыста болуы керек.

Негізгі деполы стансаларда немесе локомотив кері қайтатын бөлімі бар стансаларда локомотив шаруашылығы стансаның қай жерінде болмасын орналаса алады. Негізгі деплоы стансаларды қайта құрғанда, жергілікті жағдайларға байланысты локомотив шаруашылығының бөлек құрылғылары бөлек алаңдарда орналаса береді.

Телімдік стансада вагон депосын локомотив депосының жанына салуға болады. Вагондарды техникалық тексеру бөлімі стансаның орталық мойнағына жақын орналасады, ал тексерушілерге арналған көмекші бөлімшелер қабылдау-жөнелту паркінің қарама-қарсы жақтарында орналасады. Бойлық типті стансаларда екі техникалық тексеру бөлімі бола береді, оның біреуі қосылған парктің шығу қылтасы ауданында орналасады.

Жүк ауданын жолаушылар ғимаратына қарама-қарсы, сұрыптау паркі жағында орналастырады. Және де вагондарды беру және алып тастау маршруттары поездық маршруттармен қиылыспайды. Жүк ауданын сұрыптау паркіне параллель орналастырған жөн. Ал жолдардың жалға алынған телімдерін жүк ауданының жанында орналастырған жөн.

Жалғану мінезі бекет қылтасында маневрлық құрылғылардың жұмысына, жалғану бағыты мен кірме жолдардың қуаттылығына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]