Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика бойынша жаттар Айдана.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
90.11 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Химия және химиялық технология факультеті

«Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы» кафедрасының

2 курс магистранты Ерденбекова Айдана Несипбековнаның

Жоғары мектеп педагогикалық практикасы бойынша

ЕСЕП БЕРУ

Педагогикалық практиканың өту мерзімі: 01.09.2014 – 13.12.2014

Педагогикалық практика «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2 курс студенттеріне өтті. Студенттер сабаққа белсене қатысып, білімділігін көрсете білді. Түсініксіз тақырыптарды сұрап, қойылған сұрақтарға жауап беріп жүрді.

Мен үш дәрістік, үш семинар, үш зертханалық сабақтарын жүргіздім. «Основные определения и понятия предмета химической кинетики» тақырыбында ашық дәріс өткіздім. Сабақтардың жоспарын алдын-ала дайындап жетекшіме тексертіп, толықтырулар енгізіп отырдым. Жалпы педагогикалық практика «Физическая химия. Часть 1» пәні бойынша өтті. Кафедраның оқытушыларының дәріс және практикалық сабақтарына қатысып, сабақ беру әдістерін үйрендім. Осы тәсілдерді практика барысында барынша қолдануға тырыстым. Тәрбие жұмыс ретінде кафедрада «Тәрбиесіз алған білім – адамзаттың қас жауы» тәрбие сағатын кафедра мұғалімдері мен студенттерінің қатысуымен өткіздік.

Жалпы алғанда, көзделген жоспар орындалды, сондықтан педагогикалық практика өз деңгейінде өтті деп санаймын.

Кафедра меңгерушісі:

х.ғ.к., доцент. Тулепов М.И.

Педагогика кафедрасының

оқытушысы:

п.ғ.к., доцент

Оналбеков Е.С.

Психология кафедрасының

оқытушысы:

п.ғ.д., проф. Ташимова Ф.С.

Педагогикалық практика

жетекшісі:

х.ғ.к., проф. Оспанова А.К.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Химия және химиялық технология факультетінің

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының

2 курсының БЗХТ-201р тобына

Мінездеме

  1. Топтың әлеуметтік-демографиялық құрамы:

Бұл топта 2 студент бар. Студенттердің жастары 19-20 аралығында, 2 қыздан тұрады. Студенттердің өз мамандығына деген қызығушылығы оқу процесі барысында анық байқалды. Өзіндік жұмыс пен тәжірибе жұмыстарын тиянақты орындап, жауапкершіліктерімен ерекше көзге түсті.

  1. Студенттердің қоғамдық-политикалық бейнесі:

Студенттердің ғылымға, білімге деген құштарлығы байқалды. Әлемде бүгінгі таңда болып жатқан барлық жаңалықтардан хабардар болып отырады. Біздің мемлекетіміздің саясатын басқа мемлекеттермен салыстырып, қорытындылар жасай білді. Еліміздің беделін әлемдік деңгейге көтеру үшін ғылымды дамыту маңызды деп есептейді. Сондықтан өз мамандықтарының қыр-сырын меңгеріп жақсы маман иесі болатындарына сенімді.

  1. Студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасы:

Топта 2 қыз болғандықтан екеуі бір-бірімен өте тату және бауырмал. Кез-келген уақытта бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсетіп отырады. Екеуі де ұйымшыл, бірігіп киноға немесе театрға барғанды ұнатады. Қыздардың музыкалық өнерлері де бар.

  1. Қорытынды және ұсыныс:

Маған бұл топпен бірге жұмыс істеген қатты ұнады. Қыздардың жан-жақтылығы мен білім алуға деген құштарлығына көңілім толды. Оқуларын бітіргеннен кейін ары қарай шетелде білім алып, еліміздің туын биіктен көрсететін студенттердің бірі деп ойлаймын.

Магистрант 2 курс:

Ерденбекова А.Н.

Психология кафедрасының

оқытушысы:

п.ғ.д., проф. Ташимова Ф.С.