Добавил:
kiopkiopkiop18@yandex.ru Вовсе не секретарь, но почту проверяю Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс / Гистология / Гистологиялы_препаратты_микроскоп_ар_ылы_зерттеу.pptx
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.03.2024
Размер:
2.13 Mб
Скачать

Поляризациялық микроскопия

• Поляризациялық микроскоптың көмегімен субмикроскопиялық компоненттері тәртіппен орналасқан биологиялық құрылымдарды (коллаген талшықтары, миофибрилдер) зерттеуге болады. Жарық толқындарын белгілі бір поляризация бағытына бағыттайтын конденсорлы шынының алдына поляризатор орналасады. Зерттейтін препарат және объективтен кейін анализатор орналасады, ол жарық толқынына сол жазықтықта өткізеді. Поляризатор мен анализаторлар- призмалар (николь призмасы). Егер екінші призманы (анализатор) бірінші призмаға қарағанда 90°С бұрсақ, онда жарық түспейді. Осы екі призманың арасында екі қабатты сәуле шағылыстыратын немесе поляризация жасайтын қабілеттілігі бар объектілер болса, онда ол қараңғы ортада жарық шашқандай болып көрінеді

Фазасы қарама-қарсы микроскопия

Тірі клетканы зерттеуге фазасы қарама-қарсы микроскопты қолданады. Боялмаған тірі биологиялық обьектілер жарықты сіңірмейді, түссіз мөлдір болады, яғни жарық толқынының амплитудасьн өзгертпейді, алайда оның фазасьн өзгертеді. Адамньң көзі фазалық өзгерістерді байқай алмайды. Фазасы қарама-қарсы әдісі осы препараттар бейнесінің айқын көрінуін камтамасыз етеді. Микроскоптың бұп түрінде конденсорге арнаулы сақина тәрізді диафрагма, объективке фазалық пластинка орнатылады. Микроскоп оптикасының мұндай конструкциясы боялмаған препарат арқылы өткен, көздің қабылдай алмайтын жарық фазасының өзгерістерін, амплигудасы әр түрлі жарық тербелісіне айналдырады. Осының нәтижесінде препараттың бейнесі көзге анық көрінеді.

Анаптральды микроскопия.

Анаптральды микроскопия. /амплитудалы-контрастты, фазды-қараңғы жазықтық/

Аноптральды микроскопия-фазада контрасты микроскопияның бір тірі, бұл жерде линзаның біреуіне қараңғыланған сақина түрінде арнайы пластинкасы бар обьективтер қолданылады.

Аноптральды микроскопирлеудің принципі фазды-контрасты микроскопиямен бірдей, бірақ оның аз фазалық қозғалыс шақыратын обьектіні микроскопирлегенде көрсеткіштік қабілеті жоғарылау және бактерияларды, қарапайымдыларды т.б. тірідей зерттегенде қарапайым жарық микроскоптың жаңа мүмкіншіліктерін ашады.

Объективтің линзасының ортасында орналасқан кең тесік, объективтен диафрагмалық жарықтың негізгі массасын шығаратын люктың қызметін атқарады, ал линзаның қалған жерін жауып тұрған кең сақина қабаты керексіз перифериялық диафрагмальды жарықты ұстап қалады. Осының арқасында зерттелінетін обектінің жан-жағындағы ореол кішірек болады. Көрініс жазықтықтың фоны қоңырлау түсті, ал обектінің өзі ашық қоңырлау аққа дейін болады.

Гистология, цитология и эмбриология: Учебник. / Под ред. Ю.А.Афанасьева, С.Л.Кузнецова, Н.А.Юриной. – М.: Медицина, 2006. – 768 с.