Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сайлау ыы. силабус.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
301.57 Кб
Скачать

2.3. Семинарлар сабақтарының тематикалық жоспары

Нөмір Тақырып атауы Сағаттар көлемі

1. Қазақстан Республикасы сайлау

құқығының теоретикалық негіздері 2

2.Қазақстан Республикасы сайлау органдарының

құқықтық мәртебесі 2

3. Қазақстан Республикасындағы

сайлауды ұйымдастыру 2

4. Қазақстандағы сайлау және сайлау

қорытындыларын өткізу үрдісі 2

5. Қазақстан Республикасы

Президентін сайлау 2

6. Қазақстан Республикасы

Парламент депутаттарын сайлау 3

7.ҚР мәслихаттар депутаттарын сайлау 2

Барлығы 15

Тақырып 1. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының теоретикалық негіздері

Сұрақтар:

1. ҚР Сайлау құқығының түсінігі.

2. ҚР конституциялық құқық жүйесіндегі сайлау құқығының орны.

3. ҚР сайлау құқығының қайнаркөздері.

4. ҚР сайлау үрдісінің түсінігі және негізгі кезеңдері.

5. Сайлау жүйелерінің түсінігі және түрлері.

6. ҚР сайлау жүйесі.

Әдістемелік нұсқамалар: Семинар сабағына дайындалу барысында монографиялық және басқа да арнайы әдебиеттерге сүйену қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: барлық тізім.

Қосымша әдебиеттер:

(6, 9,10,19,22,23,25,42,43).

Тақырып 2. Қазақстан Республикасы сайлау органдарының құқықтық мәртебесі

Сұрақтар:

1. ҚР сайлау органдарының жүйесі.

2. ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының құрамы мен құрылу тәртібі.

3.Өзге (территориалдық, аудандық, учаскілік) сайлау комиссияларының құрамы мен құрылу тәртібі

4. ҚР сайлау комиссияларының құзыреттері

5. ҚР-дағы сайлау комиссиясы мүшесінің мәртебесі.

Әдістемелік нұсқамалар: сұрақтарға дайындалу кезінде «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 21 маусым 2007 жыл заңмен қарастырылған Орталық сайлау комиссиясының жаңартылған құру тәртібіне назар аудару қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: барлық тізім.

Қосымша әдебиеттер

(1-5,11,14-18,21,26-29,32,34,35-40,44)

Тақырып 3. Қазақстан Республикасындағы сайлауды ұйымдастыру

Сұрақтар:

1. ҚР-да сайлау округтерін құру жүйесі мен тәртібі.

2. ҚР-да сайлау учаскілерін құру тәртібі.

3. Сайлаушылардың мемлекеттік реестрі, құрылу тәртібі.

4. Сайлаушылар тізімімен танысу тәртібі.

5. Сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізу тәртібі.

6. Сенім тапсырылған тұлғалардың және қадағалаушылардың құқықтық мәртебесі.

Әдістемелік нұсқамалар: сұрақтарға дайыдалу барысында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау партиялық тізім бойынша пропорционалды сайлау жүйесі негізінде жүзеге асырылатынына назар аудару керек. Сондықтан округтық сайлау комиссиялары бұндай жағдайда құрылмайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: барлық тізім.

Қосымша әдебиеттер

(2,5,7,8,16,24,28,35-40).

Тақырып 4. Дауыс беру үрдісі және сайлаудың қорытындыларын шығару

Сұрақтар:

1.Дауыс берудің уақыты және орны. Дауыс беруге арналған орындарға қойылатын талаптар

2. Дауыс беру бюллетені, оны беру тәртібі

3. Дауыс беру үрдісі

4. Электоралды ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы дауыс беру ерекшеліктері.

5. Дауыс беру учаскесіндегі дауыстарды санау үрдісі

6. Сайлаудың қорытындыларын бекіту және жариялау

Әдістемелік нұсқамалар: сұрақтарға дайындалу барысында электоралды үрдістегі электронды ақпараттық жүйелерін пайдалану және ҚР Конституциялық сотының шешіміне сәйкес 1995 жылғы ҚР Парламентін жіберудің негізі мәселелеріне арналған қосымша материалдарына ерекше көңіл бөлген жөн.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: барлық тізім.

Қосымша әдебиеттер

(14,15,20,21,26,32-35,33,36-40)

Тақырып 5. ҚР Президентін сайлау

Сұрақтар:

1. ҚР Президентіне үміткерлерге қойылатын талаптар

2. ҚР Президентіне дауыс беруді хабарлау және тағайындау

3. ҚР Президенттігіне үміткерді ұсыну және тіркеу тәртібі

4. ҚР Президентіне үміткерді қолдауға бағытталған қолдарды жинау

5. ҚР Президентіне үміткердің сайланбалы

6. ҚР Президентін сайлау бойынша қорытындыларды анықтау

7. ҚР Президенттігіне қайта дауыс беру және сайлау

Әдістемелік нұсқамалар: сұрақтарға дайындалу барысында Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар мен Президент құзыреттерінің мерзімдерінің өзгеруіне назар аудару қажет. Сайлау процедуралары саласында ерекше мәртебеге біздің мемлекетіміздің алғашқы Президенті ие.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: барлық тізім.

Қосымша әдебиеттер

(2,5,11,14,15,17,18,21,26,27,29,32,34,35-40,44)

Тақырып 6. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау

Сұрақтар:

1. ҚР Парламентінің құрамы

2. ҚР Парламентінің Сенаты мен мәжіліс депутаттығына үміткерлерге қойылатын талаптар.

3. Сенат депутаттарын сайлау тәртібі:

а) дауыс беруді тағайындау;

б) депутаттыққа үміткерлерді ұсыну, оларды тіркеу;

в) үміткерді қолдауға бағытталған қолдарды жинау;

г) үміткердің сайланбалы қоры;

д) депутаттарды сайлау бойынша сайлаушылардың өзара отырысы, дауыс берудің процедуралары;

е) дауыс берудің қорытындыларын бекіту

4. Мәжіліс депутаттарын сайлау тәртібі;

а) сайлауды тағайындау;

б) саяси партиялардан депутаттыққа үміткерлерді ұсыну;

в) партиялық тізімді тіркеу;

г) саяси партиялардың сайланбалы қоры;

д) сайлаудың қорытындыларын бекіту;

е) партиялық тізім негізінде дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мондаттарды бөлу

Әдістемелік ұсыныстар: Сұрақтарға дайындалу барысында ҚР Парламентінің құрам мүшелерінің және 2007 жылғы конституциялық реформаға сәйкес оның құрылу тәртібінің өзгерістеріне назар аудару қажет. ҚР Парламентінің Мәжілісі пропорционалды сайлау жүйесі бойынша партиялық тізім негізінде сайланады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: барлық тізім.

Қосымша әдебиеттер

(2,5,11,14,15,17,18,21,26,27,29,32,34,35-40,44)