Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Борокко.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
594.43 Кб
Скачать

Сазды, назды нақыш

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Камералық залдың ашылу құрметіне әрі халықаралық музыка күніне орай «Барокко данышпандары» атты өнер кеші өтті.

«Биылғы халықаралық музыка күнінің біз үшін орны бөлек. Себебі, акустикасы мен әсемділігі ауыз толтырып айтарлықтай 250 орындық Камералық залдың тұсаукесерін осы мерекемен­ ұштастырып өткізудеміз. Бұл ша­раға белгілі меццо-сопрано Дариға Назарбаеваны, Қазақ­стан­ның халық әртісі Айман Мұсақожаеваны және де басқа танымал өнер саңлақтарын арнайы шақырып отырмыз. Бірі Демеушілер кеңесінің, екіншісі Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын өнер шеберлерінің мерекелік кеште орындайтын шығармаларының белгілі бір кезеңнің інжу-маржандарынан іріктелуі бекер емес.

Камералық залда алдын ала дайындық өткізген сахна саңлақтары өз ойларын ортаға сала келіп, мұндай керемет залды бұрын-соңды ешбір жерден кездестірмегенін айтып тамсанған болатын.

Ендеше, бізде мұның сахнасында өнер көрсету танымал музыканттардың қай-қайсысының да аңсарлы арманына айналарына сенеміз», – деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры Төле­ген Мұхамеджанов.

Театрдың баспасөз орталы­ғының мағлұматы бойынша, Камералық зал режиссерлік аппарат бөлмесінен түсіру тобы басқаратын «Full HD» стандартты үш роботтанған камерамен жабдықталған. Жоба бойынша театрда «Soni» компаниясының «Full HD» стандартты үш жүзінші модельді үш студия ка­ме­расы орнатылған. Залда бей­не көрсетілім жүргізуге арнал­ған проектор, жарық құрал­дарына басқару жүргізетін жа­рық берушілер бөлмесі, сонымен қатар, дыбыс және бейне белгілері түсіп тұратын жә­не ре­жиссерлер мен дыбыс режис­серлері өңдегеннен кейін сол түскен белгілерді жазатын немесе эфирге беретін режиссерлер бөлмесі бар.Театр шатырын­да орналасқан көтермелі спутник стансасы материалдарды тікелей эфирге шығаруды қам­та­масыз етіп, еуропалық, қазақ­стандық, ресейлік спутниктерге таратуға мүмкіндік туғызады. Тех­нологиялық құрал (дыбыс және бейне құралдары) белгіні ка­мералық залдан дыбыс жазатын студияға жеткізуге мүмкіндік бе­ретін біртұтас жүйе болып табылады. Мұнда жылжымалы теледидар стансасы қосылатын дамыған кабельдік желі қарастырылған. 26 нүктеге есептелген осы желінің арқасында Қазақстанда бар кез келген ЖТС жылдам әрі ыңғайлы түрде қосыла алады, сонымен бірге театрдың теледидарлық ке­шені мен ЖТС қосылып, бір мез­гілде қатар жұмыс істеу мүм­кіндігіне ие.

Тағы бір айта кетерлігі, Ка­ме­ра­лық залдың акустикасын «B&A Contractors SA» компаниясы «Biobyte»-мен бірігіп жасаған. Залдың төбесіндегі ғажайып көріністі Италия мен француз суретшілерінің тобы бірігіп салған. Төбедегі алып картина мен оның жиегін қоршай орналасқан шағын пейзаждық суреттерді ұлттық нақыштарды пайдалана отырып, классикалық үлгіде жазу шеберлерден үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап еткені аңғарылып тұр. Зал күмбезінде Чехияда жасалған 450 келілік аспалы шам ілінулі. Сахна қарағайдан жасалып, ал көрермендер орындығының Ита­лиядан жеткізілуі залдың ерекше әсемдікке бөленуіне ықпал еткен. Бір сөзбен айтқанда, «Астана Опера» театрының Камералық залы көпфункциялы, мұны әр қа­лай мақсатқа, мәселен, музыканы орындаумен қатар түрлі мәслихат, жиындар өткізуге де пайдалануға болады деген пайым бар. Жоғары қабатында аударма жүргізу үшін «Bosh» компаниясының техникасы орналасқан арнайы төрт бөлме және жұмыс істейді.

Кеште Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева Камералық залдың ашылуына байланысты жиылған қауымды өнер мерекесімен құттықтап, барокко дәуірі мәдениетінің белгілі композиторларынан бірқатар шығармалар орындады. Тимур Урманчеев (фортепиано), Талғат Мұсабаев (баритон), Жан Тапин (тенор) «Солистер Академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі сүйемелдеуімен барокко кезеңінің классикалық жауһарларын жаңғыртты. Ерте ғасырларда мәдениет саласындағы көне дәстүрлер мен демократиялық еркін ойлау идеяларының өзара ұштасуы барокко бағыты деп саналған. Ал барокко атауы негізінен астарлы, әдептен тыс деген мағынаны білдірсе, әлеуметтік негізі — абсолютизм дәуіріндегі дворяндық мәдениет деп түсіндіріледі. Барокко халықаралық құбылыс ретінде Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кеңінен етек жайғаны мәлім. Осы дәуірдің күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Сол себептен де, мұндағы қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайлар өнер саласының дамып, қалыптасуына ерекше ықпал еткені белгілі. Барокко бағытында бой көтерген сәулет өнері туындыларына деген көзқарас та кезінде ерекше мәнге ие болды десек, ал бүгінде олар Еуропа мәдениетінің тарихи ескерткіштері ретінде танымал. Ал біздің айтпағымыз, барокко дәуірінде дүниеге келген музыкалық шығармалар заманауи үлгіде жаңғырып, талай ғасырлар бойына жалғасып өмір сүріп келеді. Концертте орындалған А.Кальдараның «Махаббаттағы адалдықты сатқындық жеңеді», А.Скарлаттидің «Махаббаттағы адалдық», Г.Гендельдің «Ксерокс» операларынан ариялар, И.С.Бахтың оркестрмен клавирге арналған концерті, Т.А.Виталидің скрипка мен камералық оркестрге арналған шығармалары, А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері» циклінен концерті, т. б. бірталай классикалық үздік үлгілер арада қаншама ғасыр өтсе де ғажайып сыршылдығы сыңғырлап, әлі де саналарға самал леп тарата берерін аңғартты. Кеш Қазақ­станның Халық әртісі Айман Мұ­сақожаеваның классикалық туындылар толқынында тербелген әсерлі сәтімен түйінделді.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Барокко стилі өте салтанатты және сәнді. Ал ғимараттар бейнелі және мүсінді, (қабырғалары бедермен безендірілген, бұрқақтары статуэтка түрінде жасалған қуыстар мен текшелерге мүсіндер қойылған, т. б.), интерьерлері жарық монорлы түстерге толы, (алтындандырылған күрделі безендірулер, үйдің төбесі өрнектелген, қабырғаларына айналар ілінген (хрустальды аспа шамдар, көптеген жабыстырмалы әшекейлер). Осыған байланысты Барокко дәуірінің костюмі бүтіндей сарайлық этикетке бағынышты болды. Костюмдер өте көп безендірулері бар салтанатты және кең етіп тігілді.

 Қайта өрлеу дәуірінің бастау алып, алғаш дамыған жері Италия елі болды. Осы кезде Италия экономикасы дамыған, айналасындағы елдермен сауда –саттығы күшейген  бай да өркендеген мемлекет еді. Италия қалалары банктердің қалтасы қалындап, өнеркісібі қарыштап өркендеді. Елдегі  саяси, рухани-эстетикалы қөзқарас жаңаша қалыптасып, өзгеше сипат алды. Бұрынғыдай діни «бәрі де құдай күшімен болады.»-деген көзқарас біртіндеп әлсіреп, бәрі де адам күшімен, ой-өрісінің жемісімен атқарылатын жете түсінуге ойысты. Адамдер өздеріне, өздерінің ақыл-парасатына сенді, сондықтан ғалымға деген, айналадағы табиғатпен  әлемнің тұңғиық тылсымдарын білуге деген құштар арта  түсті. Тек өздеоіне сеніп, рухының көтерілуі сол кездегі адамдарға өмірді өзгеше түсінуг, ғылым мен өмірге барынша ден қоюға жол ашты.

            XV-XVI ғасырларода Италия мәдениет қайраткерлері мен ойшылдары  өз дәуірлерінде өнер өрлеуін өте жоғары бағалады. Антиклық мдениеттен кейін ұзақ уақыт бойы Батыс Европа елдерінде тағылық, керітартпа заман үстем болып келді, тек енді ғана гүлдену, өркендеу дәуірі басталды деп есептейді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәнеиет ғылым саласындағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голланди, Финлляндия және тағы басқа елдерга тарады.

            Осы кезд Италия крепостнойлық право жойылып, әсіресе қалаларда капиталаистік қатынастар қалыптаса бастаған. Сондықтан қайта өрлеу мәдениеті жаңа тұрпаттағы, буржуазиялықь мәдениет еді.

            Жаңа тараптағы Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұралары үлгісімен сабақтас жалғасты. Бірақ ол ескіні қайталау емес еді. Заман, уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңіа түрге ие болды, жаңа стиль қалыптасты.

            Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайтаткерлер жан-жақты білім алған ғылым мен мәдениеттің сан-салаларынан хабары мол, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы жандар болды. Олар көптеген тілде сөйле, айларға тіпті жылға созылатын саяхаттардан жалықпады. Әлемді шарлап, қоғамда, табиғатта болып жатқан сан алуан құбылыстарға зер сала қарады, олардың заңдылығын, өзара байланыстарынтүсіндіруге тырысты. Шапшаң дами бестаңған ғылым мен техниканы өз қызметтеріне жаратты. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері анатомия, археология, математика, философиямен терең шұғылданды. Сөйтіп  ренесанс шеберлері көркемдік мәнң терең реалистік өнер үлгілерін болашақ ұрпақтарға тарту етті.

 Жалпы, Италмияның Қайта өрлеу дәуірі, негізінен екіге бөлінеді, XV ғасырдағы алғашқы қайта өрлеу, ал кейінгі XVI ғасырдағысы жоғарғы қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Ерте немемесе  алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған кіндігі, орталығы-Флоренция болды.  Ол кейіннен XVI ғасырда Римге ауысты, сонымен қатар Венеция да үлкен роль атқарды.

            Ең бірінші негізгі, түбірлі өзгеріс сәубет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стилден біржолата бас тартты. Антикалық сәулеттің бағыты мен, соның әсерімен күмбнзді сарай-ғимараттар, діни ғибадатханалар тұрғызу әдетке айналды. Сол  кездегі сәулет өнерінің негізгі үлгісі антикалық Римдегі Пантеон болды.

            Қайта өрлеу дәурінің ең  атақты ғисараты -Әулие Петр күмбезі (Римде). Бұл ғимаратты жүз жылдан астам уақыт бойы тұрғызды. Құралысқа басшылық ткен ондаған жобасын жасаған сәулетшілер Браменте (1444-1514) мен Микеланджело есімдерін ерекше айтуға болады.

            Күмбездің бір ерекшелігі –сәулетші Микеланджело ғажап ойластырған 132 метрлік биіктіктегі өте зор күмбезі. Сонымен қатар күмбез өзінің ғаламат есепке құрылған тепе-теңдігімен, айналамен жымдасқан сәйкестігімен адамды тәнті етеді.

            Қайта өрлеу дәуірі ғимараттырды бағаналармен, пелястрлармен, арыстан басы сәби мүсіндермен (путти), гүлден жасалған гипсті гүлдестелермен көмкерілді. Терезелерінің жоғарғы ернеулері жартылай арка түрінде жасалатын болды.

            Осы кезеңде,м әсіресе сңғат өнерінің бұрын –соңды болмаған биігіне көтерілжі. Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы қарлығыштарының бірі –XIV ғасырда өсір сүрген готиканы бюастан өтукізіп, жаңа ағымға жол ашқан ұлы суретші Джотто (1270-1330) болды. Суретші Флоренция маңындағы Веспиньянода дүниеге келді. Кедейшіліктің зардабын көрген көп балалы смьяда өмір сүрді. Бірде сол кездегі суретші Чимабуэ Флорениядан Веспиньяноға саяхатттап келген  кезде, жло жирегінде теңкиіп жатқан жылтыр қара тастың бетіне шимайлап сурет салып жатқан жалаңаяқ, талдырмаш баланы көреді. Баланың  суретіне зер сала қарайды, қараған сайын қайран қалады. Ақыры Джоттоны Чимабуэ өзіне шәкірт етіп алады. Джотто күндіз-түні тыным таппай еңбектеніп, ұстазынан  мол білім алады. Сонымен қатар ол Флоренциядағы Әулие Мария Новелла шіркеуіндегі бейнелеу өнерімен жан-жқты, терең танысад. Римде жүріп «Новичелла» атты мозайкалық шығармасын жазады.

            Джоттоның атағын шығарған еңбегі – «Иуда ишараты» жұмсы. Ол сонымен қатар сәулетші де болды. Өзінің  басқаруымен салынған 84 метрлік әппақ мәрмәр тастармен көркемделген Кампанша  ғибадатханасы осы күнге дейін сақталған.

            Осы дәуір суретшісі, мүсіншінің бірі -әйгілі Донаттемло (1386-1466). Ол да Флоренцияда дүниеге келген.  Ауқатты семьядан шықса да жоқшылықты, жетімдікті көп көрген ( әкесінен ерте айырылған). Әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында мүсін өнерінен тәлім алып, жұмыс істеген. Оның атын шығарған шығармасының бірі – Давид мүсіні. Бұл кейіпкер еврейлердің інжіл- діни кітабынан алынған. Аңыз бойынша Саул патшаның еліне қырық күн бойы қырғын салған, өзін ешкім жеңбеген қанішер Голиаф деген сұсты батыр болады.

            Елді қанқақсатқан Голиафқа қарсы шығар ешкім болмайды. Сол кезде қарапайым бақташы бала – Давид патша сарайына келіп: « Голиафқа қарсы мен шығамын!» - деп, өз тілегін білдіреді.

            Ақсүйектер оны келеке қылып күледі, бірақ та ақыры амалсыздан бала тілегін қабылдауға мәжбүр болады. Буыны қатпаған жас бала алпауыт, әккі, күш тәңірісі Голиафпен жекпе-жекке шығады. Қолына тек таяқ пен сақпан ұстайды. Баланың бұл мазағына долдана ыза болған Голиаф оған тарпа бас салады. Сонда бала тас салған сақпанды айналдырып-айналдырып келіп, жауына қарсы тартып жібереді. Өткір тас сарт етіп Голиафтың маңдайына тиіп, бас сүйегін күлпарша етеді.

            Донателло шығармасына арқау болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген.

            Тыр жалаңаш бейнелеу Қайта өрлеу дауіріндегі өнердің айрықша жаңалықтарының бірі еді. Осы дәстүрді бір ғасыр өткен соң атақты мүсінші, әрі суретші Микеланджело одан әрі дамытты.

            Алғашқы ( ерте) қайта өрлеу дәуірінің мүсіншісі, өнер тарихында өзінің ізін қалдырған шебердің бірі – Андреа дель Верроккью ( 1435-1488). Ол Донателлоның шәкірті жолын жалғастырушысы болды. Оның атақты жұмыстарының бірі – аттылы мүсін ескерткіші - әскери қолбасшы, полковник Коллеониге тұрғызылған шығармасы  (Венецияда). Верроккьюдің бұл жұмысы өзінің ұстазы Донателлоның осы тектес аттылы мүсіні – Гаттемеллат мүсінінен біраз ерекшелігі бар. Верроккьюдің ескерткіш мүсіні өте тәкаппар, айбынды,өзінің қатыгездігімен көзге түседі, ал Донателло кейіпкері байсалды, салмақты кейіпте бейнеленген.

            Қайта өрлеу дәуірінің алғашқы қарлығашы – Джоттодан кейін бір топ талантты сұңғатшы суретшілер өмірге келді. Олар өздерінің жұмыстарында көбінесе табиғатқа деген құлшыныстарын білдірді, кеңістік, жарық пен көлеңке байланыстарын бояу арқылы беруді меңгерді. Сонымен қатар адам мен табиғат құбылысын керемет жымдастыра, байланыстыра білді. Сол кездегі белгілі қылқалам шебері Мазаччл болды. Мазаччо қажымай-талмай жұмыс істеп, өнердің тылсым сырларын Джоттодан үйренді. Ол ұлы суретші Джотто болған жерлердің бәрін аралап, оның шығармашылығымен түпкілікті, жан-жақты танысады. Сонымен қатар ол мүсінші Донателло мен сәулетші Брунелескимен шығармашылық байланыста болады, солардың ақыл-кеңестерін зердесіне тоқып өселі.

            Мазаччо шығармашылығының өзіндік бояуын танытқан тұс – Бранкаччи капелласын көркемдеу тұсы. Фллренциядағы көне шіркеуді білмейтін жан ілуде біреу болатын. Осындағы екі фресканы Мазаччо 1427 жылы ешбір көмекшілерсіз жалғыз өзі салады. Оның біріншісі – « Жұмақтан аластату», ал екіншісі – « Динарий ғаламаты» жұмыстары.

            Мазаччо шығармалары бейнелеу өнерінде жаңа дәуірдің көш басшысы іспеттес. Бранкаччи капелласы Италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін тәжірибе мектебі болды. Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело сияқты атақты  өнер шеберлері осында жиі келіп, көп уақыттарын Мазаччо фрескаларымен танысуға арнады, оның жұмысынан үлкен рухани шығармашылық күш алды. Мазаччо өте қысқа өмір сүрді. Ол 1428 жылы Римде қайтыс болып, не бәрі 28 жыл ғұмыр кешті, бірақ өмір тарихында өшпес із қалдырды.

            Суретші Мазаччлдан кейін іле-шала бір топ қылқалам шеберлері шықты. Олар: Фра-Беато Анжелико, Паоло Учелло, Сандро Боттичелли ( 1441-1510) болды. Осылардың ішіндегі ерте қайта өрлеу дәуірінің қыл қалам шеберлігінің шыңына жеткені – шебер Сандро Боттичелли   болды.Ол әсіресе сұлу да әдемі мадонналарды жазумен әйгіленді. 

    Сондай жұмыстардың бірі-«Венераның тууы» картинасы.Мұнда суретші сұлулық  пен махаббат құдайы- Венераның кейпін, әдемі қилы қозғалысын шебер бере білген.

         Тағы бір жұмысы –«Көктем» картинасы.Бұл картинада  да ғаламат сұлу қозғалыс,иірім, гармония бар. Көз алдыңда керемет пен әуенмен тербеліп, теңселіп тұрған үш қыздың бейнесі.Дене бітімі,сәйкестік заңдылығы керемет білгіолікпен берілген.

 Барокко(16-17ғасыр) 16 ғасырдың соңында Италияда жаңа ағым өмірге келді.Ол ағым «Баролкко»деп аталды.»Барокко»деген сөз «өзгеше»деген мағынаны білдіреді.

         Тың ағым ғажайып өзгешелігімен,бас айналдырар

Шым-шытырық  әшекейлерімен,адам  ойлағаннан да  асып түсетін безендіруі мен көрерменді  таңдандырады.Бұл  өнердің  қызметін католик  шіркеу  иелері мен ел  билеушілері  жақсы  пайдаланды.Осы өнер  арқылы олар өздерінің мығым да,айбынды билігін, күшін көрсетіп бақты.Сондықтан да «барокко»өнері шіркеулер мен каролъ сарайларында барынша өркендеді.Біртіндеп өзінің сипатымен бүкіл Европаны тәнті  еткен бұл ағым-испандықтар арқылы Америкаға дейін тарады. Қазірге дейін Америкаға жайылған сол барокко ағымы «испан стилъі» деп атайды.

              Барокко сәулет өнерінің туған Отаны-Рим болды.Бұл  жаңа өнер ағымы шіркеу құрылыстарында кеңінен қолданылды.Соның бір айғағы-Римдегі Санта-Сусанна шіркеу  ғимараты.Ғимарат  екі қабатты, қанатты  фасадтан  тұрады.Фасадтағы  жартылай діңгегтер  мен пиластрлерден  құралып, жоғарғы жағын үш бұрышты фронто»маңдайша шатыр»қамтиды.Ұзыншақ  төменгі яруспен  енсіз шағын жоғарғы ярус бір-бірімен екі  бүйірінде»волюта»деп аталатын сәулеттік  әшекеймен жалғасады.Барокко  сәулет ғимаратының тән  тағы бір  ерекшеліктер, оның керегелері біресе ішіне кіріп,тіресе сыртқа шығып, түрлі иірімді «қозғалысты қимыл»жасап, түрлендіріп жасалатындығында.

                 Осындай түрлендіріліп тұрғызылған сәулет ғимаратының шебер жобалаушысы атақты Франческо Борромини (1599-1667)болды.Сәулетшінің ғимараттарына тән нәрсе, қабырғаларының құбылмалы жасалуы еді.

               Барокко заманында сәулетшілердің  сәулеттік айшығы валюталар болды.

Олар фасадтар мен терезе жақтауларына қолданылды. Барокко ғимараттары әр түрлі шым-шытырық роспистермен, мүсіндермен көмкерілді. Кереге мен төбедегі сұңғат шығармалары алданыш кеңістік ұғымын тудыратын.

            Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты. әр түрлі мүсін бейнелері сарай, бөлме ішін әсемдеуге, үйдің фасадтарын көркемдеуге  қолданылды. Бұл мүсіндер орта ғасырдағыдай белгілі бір тақырыпқа құрылмады, олар тек әсемдік ролін атқарды. Сонымен қоса сәулет өнерінің толықтырушысы болып табылды. Сая бақтар мен сая жолдар  ежелгі аңыздарға құрылған мүсіндермен көмкерілді. Мүсін тұғырлармен безендірілген неше түрлі фонтандар өмірге келді.

            Барокко мүсіні әдеттегіше өте қимыл-қозғалысты, бай киім киілген ке»йіпте бейнеленеді, сонымен қоса (егер жалаңаш күйде сомдалса) өте ойлы, маңызды түрде сомдалатынды.

            Сол кездегі аса ірі мүсінші және   сәулетші италяндық Лоренцо Бернини (1598-1680) барокколық ағымды өркендетуде үлкен үлес қосты. Оның негізгі жұмыс аренасы – Рим қаласы болды, сондықтанда қаланың барокколық бет-бейнесін жасауда өзіндік із қалдырды.

            Суретшінің ең белгілі жұмыстарының бірі – мифалогиялық тақырыпқа құрылған жер асты патшасы Плутонның Прозерпинаны ұрлауы. Сонымен қоса «Экстаз әулие Тереза»  жұмысы өзінің орындалуы, сомдалуы жағынан өте жоғары шеберлікпен салынған жұмыс екенін көрсетеді. Егер бұл жұмысқа аса ынта қойып қарар болсақ, мәрмәр тастан қашалған киім қыртыстары, ұлпа бұлт, адам қимылы аса бір әсем иірімдердің қабаттаса, жарыса өрнектелуімен көз тартрды.

            Ең алғаш сұңғаттың да барокколық ағымы осы Италияда пайда болды (17 ғ.). италияның атақты сарайлары мен шіркеулері барокко стиліндегі  сұңғаттармен безендірілді. Барокколық ағым негізін салушы Каррачилер семьясы сол кезде Болонье мен Римде антикалық тақырыпқа салынған көптеген роспистер жазып, жұмыстары ондаған жырдар бойы кейінгі толқын суретшілерге үлгі бола білді.

            Италяның барокко заманындағы ең әйгілі сұңғат шеберінің бірі – Караваджо (1573-1610). Суретші көп жасамаса да, артына өлмес мұралар қалдырды, өмірді бар болмысымен қарапайым бейнелеуге бейім болды. Ол басқа суретшілер сияқты, мысалы: Тинтеретто мен Эль Грекодай стилизацйалы форьмаларды жазбады жөні жоқ мақсат етті. Кезінде Каравачо өз еңбектерінің ерекшелігімен аса кемеңгер шетберлігімен бүкілш Европаны тәнті етті. Суретші көбінесе жарық пен көлеңкенің тылсым табиғатын зерттей отырып, оны өз еңбегінде шеберлікпен пайделанды. Оның белгілі жұмыстарының бірі «корзинкамен жеміс –жидек ұстаған бала» атты туындысы. Мұнда суретші қарапайым қызметші баланы бейнелеген туындыдағы жеміс-жидек өмірдегідей, шыншылдықпен берілген. Суретші бейнелеген заттардың не нәрседен екенін керемет зерделікпен бейнелей білген. Караваджо жұмыстарын басқа жұмыстардан тез айыруға болады. ол көбінесе іңірдегі немесе ала көлеңкелі шаты бейнелейді. Бұл әдісті кейін көптеген суретшілер қабылдап өз еңбектерінде қолдануды мақсат етті.   

  ХI  ғасырдың орта шенінде француз монах-шежірешісі Рауль Глабер жұрағаттарына шұбарланған латын тілмен мынадай жастық шақ естелігін арнады:

   «1000 жылдан кейін, көп ұзамай шіркеулер салу қайтадан басталады және мұның өзі барлық жерде дерлік қолға алнуда, бірақ негізінен бұл іс Италия мен Галлияда кең өріс алып жүргізілуде. Оларды тіпті ешқандайқажеті болмаса да салды, өйткені әрбір христиан қауымы көршілерінен гөрі анағұолым әсем шіркеулер салу үшін жарысқа түсуге асыққан. Тегінде, дүние өз өне бойын шіркеулердің ақ жасауына орау үшін өзінің ескі-құсқысын сілкіп тастағандай болады».

   Ол бір қатал, қатерлі, сонымен бірге, жасамраз да дәуір еді. Ол феодализмнің ең жоғары дамудәуірі болатын, демек, оны ізденіс дәуірі емес, әлументтік ұйымның тұрақты формаларын табу дәуірі, жасанды немесе кездейсоқ емес, ұлттық сана-сезімнің оянуынан табиғи түрде туған жаңа мемлекеттік құрылымдар дәуірі деп түсінген жөн. Иә ол енді ізденіс дәуірі емес, бір-бірімен  қосылмай орта ғасырлардың бас кезіндегі дүниетанымға әсер еткен ағымдар мен тығыз қарым –қатынастардың және дәстүрлердің қандай да бір синтезін жас Европа тапқан уақыт еді.

    Синтез өнерден де табылады.

 Оның сол кездегі жалпы дамуына тоқталмаса бұрын, бұл синтездің мәнін Францияда туып, ерекше гүлденген роман мүсін өнерініңмысалымен көрсетелік.

   Эллададан соң іле-шала Ежелгі Рим мүсіндеуді аса мәнді өнерлердің бірі санап, оған мейлімше өзіндік саңыз берген. Орта ғасырлардың бас кезіндегі өнер болса оюға, қолапайсыз үлкен сызықшалы әшекейге әуестенген еді, сондықтан да каролинг дәуірінің жетістіктері өз бетінше ұзаққа бара алмаған.

   Роман стилінде ою-өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйәшекейлі геометриялықтың, қарапайым бейнелеу мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәсіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліклің үйлесуінде еді. Мысалы, жекеленген образдар жасауда романдық пластика түр өзгертуге ішінара ғана денқойды, бырақ олардыүйлестіру үшін ол мүсіндік композицияның сәнділігі мен негізгі идеялық мазмұнын арттыру мақсатында өмірлік шындықты сөсіз құрбан етеді.

   Мұндай бағыныштылық әсте ойдан шығарылған емес, қайта сол кездегі көркемөнер творчествосының жалпы идеялық ұмтылысына бәрінен де жақсы жауап беретіндей мейлінше табиғи жағдай екенін де атап өтуіміз керек.

  Сәулеткерлік бүкіл орта ғасырларда жетекшілік өнерге айналған, бұған сондағы нағыз асқаралы ғимарат құрылысы дәлел. Ғимарат христиандық нанымының салтанаты мен жан-жақтылығын пеш еткен «әлемнің символы» ретінде құдайға құлшылық жасауға «адамзат табынын» біріктіруге тиісті болады.

    Орта ғасырлардың бас кезінде ғимарат қабырғалар мәні жағынан геометриялық және абастрактылы болып келетін әшекейлі ою-өрнекпен көз тартып тұратын. Роман өнері мұндай ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен толықтырып, кейде тіпті, ауыстырып та отырады, бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға мүмкіндік берген еді. Сонымен, міне, ғимаратың тас тұлғасы шебер қырналған адам бейнелерімен ажарланатын болды.  Ол бейнелер қандай да бір інжіл ертегісін көрнекті түрде елестететін көп фигуралы композицияға үнемі біріктіріліп отырылды.

Болмаса осындай композицияның бейнелі құрылысын ақындайды. Мысалы, міне, «Құпия жиын», тамақтану сәтінде шәкірттерінің ортасында отырған Христос.Композиция әсем тимпанның жартылай шеңберінде-шіркеу порталы есіктерінің  үстіңгі жағындағы аркамен көмкерілген  кеңістікте өрбеиді. Фигуралардан  суретшінің  аса байқағыштығы айқын көрінеді. Бірақ олардың бір-біріне  қарым-қатынасы  бізге өмірде  болатындай  немесе болуға тиіс  жағдай сияқты әсер бермейді. Бұл арада декоративтік өнер заңдарының ықпалы тиген. Жартылай шеңберлі алаңда тамақтанып отырғандардың фигуралары шыңы Христостың ең үлкен  тұлғасы болып табылатын үлкен пирамида құрап, әр түрлі  көлемдегі бейнелер болып шыққан немесе стол фигуралармен  бірге тимпанға ұқсас болып жартылай иіліп тұрадыда, Христос тағы та  өзгелерден шоқтықты болып көрінеді. Бұл жерде ең маңыздысы,  жоғарғыдағы екі көріністе де тәңіріні көрнекі түрде дәріптеу және кеңістікті әсем толтыру сияқты негізгі екі міндет шешілген. Біздің алдымызда штрихтар емес,  шиыршықтар мен  сызықты әшекей емес, адам бейнелері тұр. Бірақ бұл композициянаң  тұтас болмысыда, оның майда шүйдесіде  қайталаулары,  алмасулары, толысқан диагоналдары бар, геометриялық дәлдігімен симметриясы сақталған обстракты  ою-өрнек істепті болып құрастырылған. Оның үстіне тұлғалардың ішінара әрбір өзгеріс сәндікке ықпал етіп қана қоймайды,сонымен бірге, белгілі бір фигураның да, бүкіл композицияның да бейнелі мәнерлігін ұштай түседі.

Бұрынғы романдық және одан неғұрлым кейінгі бейнелеу  өнері сияқты, мұнда да абстаркты ою-өрнекті циркуль мен  сызғыш жүйелеп отырған.

Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралықстиль. Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған. Жалпы стильдік бағыт сақталғанымен, әр елдегі Барокконың өзіндік ерекшелігі болды. Мысалы, Италия архитектурасында Барокконың стильдік ерекшеліктері ғимараттың іші-сыртына бірдей сіңіп кеткен. Барокко стиль ретінде, алдымен,Италияда қалыптасты. Өйткені, 17 ғасырдағы ірі шеберлер: архитектор әрі мүсінші, Италияның ең үлкен архитектор ансамблі — Әулие Петрсоборының алдындағы алаңның авторы Л.Бернини, Сан-Карло шіркеуінің авторы Ф.Бароминни, Римдегі Санта Мария шіркеуінің авторы К. Райнальди, күрделі композициялық шешімге әуес, Туриндегі Кариньяно палаццосының авторы Г. Гваринилер осы стильде жұмыс істеді. АлФранцияда құрылыстың сырты классикалық қалпынан көп өзгермеді, бірақ ішкі әрлеуінде ерекше байлық, салтанат (Во Ле Виконт қорғаны, Версаль сарайының cоғыс және бейбітшілік залы) көз тұндыратын. Бұл кезеңдегі француз архитектурасына классикалық сыртқы түр мен Барокколық ішкі мазмұнды қарама-қарсы қою тән болды. Тұтастай алғанда, Франция архитектурасы абсолютизм идеясын (Версаль сарайы мен паркінің жобасы) ашық білдірді. Испанияның сол кездегі әлеміш формаларға жақын тұрған архитектурасы Италия Бароккосын қабылдауға жайлы жағдай жасады. Мұндағы Барокко жетістіктері Х. Чурригердің және оның шәкірттерінің (чурригереск мәнері, яғни Чурригер енгізген ерекше әлемнің безендіру бөліктері) еңбектерімен тікелей байланысты. Бельгияда Барокконың дамуына Италия мен Испанияны көп аралаған атақты суретші П.П. Рубенстің үлкен ықпалы болды. Германияда бұл бағыттағы құрылыс 18 ғасырдың басында ғана өрістеді және оны осы елдердегі Барокконың жиынтығы деуге болады. Өйткені, елдің батысы мен Баварияға француз құрылысшылары, солтүстік аймағына нидерландтар, оңтүстігіне италиянлықтар қатты әсер етті. Барокко стиліндегі айтарлықтай сарайлар мен шіркеулер 17—18 ғасырда Чехияда да (Черн графтарының сарайы, Прагадағы Әулие Николай шіркеуі) тұрғызылды. 17 ғасырдағы төңкерістің әсері тиген Англияныңклассикалық архитектурасында да сол кезеңнен бастап Барокко белгілері қылаң берді.

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар. Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.). Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат). Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат. Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм. 20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер). Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі. Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді. Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады. Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді. «Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.

 

Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007.

XVI ғасырда қалыптасқан өнердегі жаңа бағыт "барокконың" өркендеу орталығы Рим қаласы еді. Мұндағы XVII ғасырдан қалған сәулет өнерінің белгілері барокко дәуіріне дәлме-дәл.

Осы белгілерге мысал ретінде қасиетті Петр соборы, Римдегі Иль Джезу шіркеуі, Ватикандағы патшалық баспалдақ және Римдегі фонтанды айтуға болады.

Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко

Рим бароккосының көрнекті өкілі — сәулетші, мүсінші Франческо Барромини (1599—1667). Оның Римдегі Сан Карло Алле Куатро Фонтане шіркеуі барокко стиліне сай және өзінің ерекшелігімен көзге түседі. Бұл ғимарат элементтері ірі және жылжымалы тәрізді. Ондағы періште бейнелері қабырғадағы сопақша гербті ұстап тұр. Барокко сәулетшілерінің ең ұнамды элементтерінің бірі — сопақша еді. Сан Карло шіркеуінің бұрышы кесілген және алдында фонтаны бар төрт мүсін орналасқан. Сондықтанда ғимарат атауы — Алле куатро Фонтане. Ф.Барроминидің екінші құрылысы — Сант Иво алла Сапиенда шіркеуі.

Мадам де Монтеспан

Барокко тамаша көріністерге бай болды. Римдегі барокко көрермендердің негізгі ансамблі ретінде қалыптасты. Олготика дәуіріндегідей сәулет өнерін, мүсін мен кескіндемені біріктірді. Барокко шеберлері өнерді табиғатпен байланыстырумен қатар театр құрды. Үлкен сарайларды — саябақтармен, демалыс орындарымен және су бұрқактармен әшекейледі.

Барокконың көрнекті мүсіншісі — Лоренцо Бернини.Ол ұзақ өмір сүрді, сарайда патша қарамағында қызмет істеді, көптеген тапсырыстарды асқан шеберлікпен орындады. Лоренцо Бернини — қасиетті Петр Соборын әрі қарай жалғастырып, әшекейледі.

Жалғыз ғана үлкен мүсіндер тобы Санта-Мария делла Виктория атты шағын шіркеуде орналасқан. Бұл мүсін Бернини шығармашылығын тереңінен ашады, ол мәрмәрден спектакль ретінде жасалды. Оның “Давид”, “Аполлон мен Дафна” атты шығармалары белгілі. XVII ғасырдағы Италия кескіндемесінде көрнекті суретшілер орын алды. Солардың бірі —РимдеИспанияда жұмыс істеген Микеланджело да Караваджо (1573—1610). Оның шығармалары: "Савлдың өзгеруі" (1600—1601). Мұндағы Савл — римдік әскери басшы, қасиетті христиан Павелге айналды. Метафоризммен катармифологиялықбиблиялық (діни) көріністің көмегімен бейнеленген. Сызықтық композиция мен тұрмыстық жанр қолданылған. "Мария Құдай-апа әлімі" (1605—1606) — мұнда негізгі көрініс Мария өлімі."Табытқа салу" (1602—1604) — батырлық көрініс көтеріңкі бейнеленген. "Қасиетті Матвей" шығармасында алғаш рет қасиетті адамды қарапайым етіп бейнелейді.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]