Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акустика реферат.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.33 Mб
Скачать

7.Шағылған толқындардың акустикалық әдісі

Жоғары жиілікті сәулелендіргіш пен қабылдағыштарды (0.4-2МГц) қолдану ұңғыма қабырғасынан шағылған толқындарды тіркеуге мүмкіндік береді. Осы толқындардың кинематикасын және динамикасын зерттеу арқылы ұңғыма оқпанының (ұңғымалық акустикалық кавернометрия ҰАК немесе профилиметрия ҰАП) геометриясы жайлы, шегенделген колонна жағдайы жайлы және ұңғыма қабырғасын (ұңғымалық акустикалық телевизор –ҰАТ) құрайтын жыныстардың каверналық (ойықтың) және жарықшақтық –макроқұрылысы жайлы мәліметтер алуға болады.

ҰАК кезінде тербелістердің сәуленену жиілігі 0.5 мГц жуық, ҰАТ кезінде 1.5-2мГц тең. Ұңғыма қабырғасына жеткенде акустикалық толқындар шағылып, қабылдағыштарға тіркеледі. Уақыт бойынша ұңғыма оқпанының пішінін (формасын) және оның профилін ұңғыма қабырғасына дейін, акустикалық импульстің таралуы мен кері қайтуын есептеу арқылы анықтайды.

Ұңғымалық акустикалық телевизор қондырғысы аналогты, бірақ ҰАТ-де акустикалық тербелістер жиілігі жоғары. Нәтижесінде қашаудың ізін және желобтар, каверналарды, жарықшақты жыныстардың орынын белгілеуге болады.

Шегенделген ұңғымаларда ҰАТ құбырлардың жағдайын майысуы,ажырауы), перфорациялық тесіктердің орынын және санын анықтауға мүмкіндік береді.

ndb-10-8k