Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 1.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.03 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫның БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты

Жалпы және теориялық физика кафедрасы

Тұрлыбекова г.Қ. Студенттің пәндік

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Физика» пәні бойынша

5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған

Алматы 2013

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне «Физика» пәні бойынша 5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен.

Алматы: ҚазҰТУ, 2013 ж. 97 б.

Құрастырған: Тұрлыбекова Г.Қ., т.ғ.к., аға оқытушы.

Аңдатпа: «Физика» пәні бойынша пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖБС-ның мазмұнына, квалификациялы сипаттамаға, мамандықтардың типтік және жұмыс жоспарына және дайындау бағытына сәйкес өңделген, оқылатын пәннің негізгі мазмұнын береді. Студенттің оқу-әдістемелік кешені физика курсын оқытудың мақсаттарына орай студенттерге инженер – техникалық мамандықтарды меңгерту үрдісінде олардың базалық білімін, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды камтамасыз етеді. Осы оқу-әдістемелік кешен механика негіздерін, зат құрылымы мен термодинамика, электродинамика, тербелістер мен толқындар физикасын, кванттық физика негіздерінің маңызды тақырыптарын қамтиды.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2013ж.

1-дәріс 1-бөлім

Механика

Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және оны туындататын немесе өзгертетін себептерді зерттейтін физиканың бір бөлімі.

Механикалық қозғалыс - дененің және оның бөліктерінің бір-біріне қатысты кеңістікте орналасуының уақыт өте келе өзгеруіне байланысты болады.

Классикалық механикада жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан (с=3∙108м/с) әлдеқайда аз болатын макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады. Жылдамдығын жарық жылдамдығымен салыстыруға болатын денелердің қозғалысы релятивистік механикада қарастырылады. Микроскопиялық денелердің (жеке атомдар және элементар бөлшектер) қозғалыстарын қарастыру үшін кванттық механика заңдылықтары қолданылады.

1 Кинематика

Кинематика - қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге тәуелсіз қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі.

Қатты дененің әр түрлі орын ауыстыруын ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың қосындысы ретінде қарастыруға болады. Ілгерілемелі қозғалыс дегеніміз – денемен тығыз байланысқан кез-келген түзу өзінің бастапқы қалпына параллель болып қалатын қозғалыс. Ал айналмалы қозғалыста дененің әрбір нүктесі шеңбер сызады, оның центрлері бір түзудің бойында жатады және оны айналу осі деп атайды.

Денелер кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында қозғалады. Материялық нүктенің қозғалыс күйі санақ денесі деп аталытын кез келген таңдап алынған денемен салыстырылып қарастырылады. Санақ денесімен байланысқан координаттар жүйесі мен сағат жиынтығын санақ жүйесі деп атайды.

    1. Материялық нүкте қозғалысының кинематикалық сипаттамалары

1.1-сурет. Декарттық

координаттар жүйесі

Қозғалыс қашықтығымен салыстырғанда берілген дененің өлшемі мен пішіні өте кіші болса, оны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады. Декарт координаттар жүйесінде (1.1-сур.) уақытқа тәуелді қозғалатын А материялық нүктенің орны үш кеңістік координаттарымен х, у, z немесе координат басы О нүктесінен А нүктесіне жүргізілген радиус-вектор арқылы анықталады. Қозғалыс барысында оның координаттары уақыт өтуіне байланысты өзгереді.Материялық нүктенің кинематикалық қозғалыс теңдеуін векторлық және скаляр түрде жазуға болады:

немесе . (1.1)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]