Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АиСК Лек.-1-2каз.-СК.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.11 Mб
Скачать

2.3. Арматура және арматуралық бұйымдар

Темiрбетон конструкцияларда арматураны көбiнесе созылу күштерiн қабылдауға және бетонның сығылу бөлiгiн күшейтуге қолданады. Конструкция элементтерiн күштер әсерiне есептеу арқылы арматура мөлшерiн қабылдайды.

Есептеу арқылы алынатын арматура-жұмыстық, технологиялық пiкiр бойынша алынатын - монтаждық, есепсiз қойылатын - конструктивтiк деп аталады. Монтаждық арматура жұмыстық арматурадағы және жеке сырықтардағы (стерженьдердегі) күштi бiр қалыпты тарату үшiн қойылады. Жұмыстық және монтаждық арматураны арматура бұйымдарына - дәнекерленген және байланыстырылған қаңқалар мен торларға бiрiктiредi (4-6-суреттер).

Арматура төрт белгiсi бойынша топтастырылады:

Жасау технологиясына байланысты сырықты және сымды арматура болып бөлiнедi (олардың ), шыбық (, ұзындығы -ге дейiн), оралған сым /байлам/ ( массасы -ға дейiн).

Нығайту тәсiлiне байланысты ыстыққа қақталған, термиялық өңделген (нығайтылған) немесе созу арқылы суық түрде нығайтылған арматура болып бөлiнедi.

Бетiнiң пiшiнi бойынша периодты кескiндi және тегiс болады.

Сырықты арматураның қабырға сияқты қырлары, сымды арматураның кедiр-бұдырлары арматураның бетонмен жалғасуын жақсартады (7- сурет).

Қолданылу тәсiлi бойынша кернеуленген арматура, яғни, алдын ала созудан өткiзiлген және кернеуленбеген болып бөлiнедi.

Арматура түрін оның дайындалу әдісіне және бетінің пішініне байланысты анықтайды. Сырықты ыстыққа қақталған арматура өзiнiң механикалық қасиетiне байланысты шартты 6 класқа бөлiнедi: А-I, А-II, А-III, A-IV, A-V, A-VI. Арматураның класы тегіс арматураға, ал басқалары периодты кескіндіге жатады.

Термиялық нығаюдан арматураның 4 класы өткiзiледi, олар былай белгiленедi: Ат-III, Aт-IV, Aт-V, Aт-VI. Қосымша әрпiмен арматуралардың қосылған жерлерiн дәнекерлеу мүмкiндiгiн, әрпiмен коррозияға қарсы берiктiгiн көрсетедi. Суық жағдайда созылған А-III класты арматураны әрпiмен белгiлейдi.

болатын арматура аз көмiртектi және жоғарғы берiктiктi болып екi түрге бөлiнедi. Аз көмiртектi кәдiмгi арматура - , ол негiзiнен тор үшiн қолданылады. Оның диаметрiн етiп шығарады. Жоғарғы берiктiктi арматура белгiлеуiндегi “” әрпi оның бетiнiң кедiр-бұдыр екендiгiн көрсетедi. Арматураның массасы -ға дейiн жетедi. Кернеуленбеген арматура ретiнде , кей жағдайда және қолданылады. Олардың диаметрлерi -ге, ұзындықтары -ге жетедi. Арматураның класының бетi тегiс болып дайындалады.

Кернеуленген арматура ретiнде , қолданылады. Олардың диаметрлерi кластары үшiн -ге, класы үшiн -ге жетедi. Кернеуленген жұмыстық арматура ретінде дәнекерленген қаңқалар мен торлар үшін , ал өрілген қаңқалар үшін арматура кластары қолданылады. арматура класстары түрлері көлденең (қамыттар) және монтаждық арматура үшін қолданылады. Арматураның кластардағы “” әрпімен берілетін индекс, олардың термиялық өңдеу арқылы нығайтылғанын, алкласындағы “” индексі – механикалық жолмен нығайтылғанын (вытяжка) көрсетеді.Сонымен қатар құрылыс конструкцияларында бұрамды сым арматураның екi класы - және қолданылады. Оларды арматуралық сымның класының сәйкесiнше және сымын бұрау арқылы жасайды (8-сурет).

Өндiрiстi индустрияландыру мақсатымен темiрбетон конструкцияларды дәнекерленген жазық және орамды торлар, жазық немесе кеңiстiк қаңқалар түрiндегi iрiлендiрiлген арматуралық элементтермен арматуралайды. Арматуралық торлар мен қаңқаларды арматуралық цехтарда өнiмдiлiгi жоғары дәнекерлеу машиналарымен ағынды технологиялық жүйе бойынша дайындайды. Торлар мен қаңқаларды құрастыруда қадалған нүктелiк дәнекерлеудiң технологиялық мүмкiндiктерiн ескерген жөн. Дәнекерлеу кезiнде арматуралар арасына электродтар кедергiсiз орналасуы керек. Төменде дәнекерленген торлар мен қаңқалар үшiн ұсынылатын арматуралық стерженьдердiң диаметрлерi келтiрiлген.

Қадалған нүктелік дәнекерлеудегі арматуралар диаметрлерінің өзара қатынастары

1-кесте

Бойлық стержендер диаметрлерi,

Көлденең стерженьдер-дiң ең кiшi диаметрлерi,

Дәнекерленген торларды негiзiнен тақталы конструкцияларды арматуралау үшiн қолданады. Торлар стандартты немесе жекеше жобалануы мүмкiн. Стандартты торларды диаметрi және диаметрі -ге дейінгіА-III арматура класынан дайындайды. Торлар жазық және орамды болып келедi (4-сурет).

Жазық торлар ұзындығы -ге, ал орамды тор орам массасы байланысты. Жазық қаңқалар бойлық жұмысшы және монтаждық арматуралар мен оларға дәнекерленген көлденең арматуралардан тұрады.

Дәнекерленген қаңқаларда бойлық жұмысшы стерженьдер бiр және екі қатарлы болып, көлденең арматуралардың бір немесе екi жағына да орналасуы мүмкiн. Жазық дәнекерленген қаңқалардағы стерженьдердiң ең аз ара қашықтығының олардың диаметрiне байланыстылығы төмендегi кестеде берiлген (2-кесте).

Дәнекерленген қаңқалардағы стерженьдердің ең азқашықтығы

2-кесте

Ең аз ара қашықтық

Бойлық стерженьдер диаметрлерi,

Бойлық стержень-дер аралы-ғы,

-

30

30

40

40

50

50

60

70

80

Көлденең стержень-дер аралы-ғы,

50

50

75

75

100

100

150

150

150

200

Кеңiстiк қаңқалар жазық қаңқалардан жиналады. Өрiлген торлар мен қаңқалар негiзiнен күрделi конфигурациялы бiртұтас конструкцияларда қолданады. Олар стерженьдердi қиылысқан жерлерiнде жұмсақ өрiлгiш сымдармен байлау арқылы алынады.

Темiрбетон элементке салынатын бөлшектер болаттан жасалады. Олар элементке қатты бекiтiлiп, бiр жағы оның бетiне шығып тұрады. Ол бөлшектердi негiзiнен болат конструкцияларды, жиналатын бөлшектердi, технологиялық және басқа құрал-жабдықтарды темiрбетон элементке бекiту үшiн қолданады. Олар үшiн беттiк және пiшiндi прокат пайдаланылады, ал оларға арматураның кластарынан анкерлер дәнекерленеді. Анкерлік сырықтар прокатпен тавр түріне немесе айқастыру арқылы дәнекерленеді. Анкер диаметрі-ден кем болмауы керек, ал ұзындығы бетон мен болат кластарына байланыстыболып қабылданады. Пластина қалыңдығы-ден, ал фасондық прокат қалыңдығы-ден кем емес болуы керек.