Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
S_1256_Zh_4_magnetizm.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
422.4 Кб
Скачать
  1. Вариант

1. $$$ 1262

Протон магнит өрiсiне магнит индукциясы векторына параллель ұшып кiредi. Магнит өрiсiнде протон қалай қозғалады?

A) магнит индукциясы векторы бойымен, кемiмелi B) магнит индукциясы векторы бойымен, үдемелi

C) спираль бойымен D) шеңбер бойымен E) инерция бойынша

2. $$$ 1264

Ферромагниттiк күй жойылатын температура қалай аталады?

А) балқу температурасы В) кризистiк температура С) Кюри температурасы

D) шық нүктесi (температурасы) E) Дебай температурасы

3. $$$ 1187

Бiркелкі магнит өрiсiнiң күш сызықтары, ауданы 25 см2 раманың жазықтығымен 30-қа тең бұрыш жасайды. Магнит өрiсiнiң индукциясы 4 мТл болса, раманы қиып өтетiн магнит ағынының мөлшерi қанша болады?

А) 100 мкВб В) 25 мкВб С) 10 мкВб D) 5 мкВб E) 4 мкВб

4. $$$ 1369

Индукциясы 0,2 Тл магнит өрісінде өткізгіш арқылы 10 А электр тогы өткенде, өткізгішке 0,3 Н күш әсер етуі үшін өткізгіштің ұзындығын қандай етіп алу керек? Өткізгіш магнит индукциясының векторына перпендикуляр.

А) 5 см В) 20 см С) 10 см D) 15 см Е) 30 см

5. $$$ 1370

Индукциясы 0,02 Тл, магнит өрісіне электрон индукция сызықтарына параллель ұшып кірген. Магнит өрісінде электрон қанша үдеумен қозғалады?

А) 2 м/с2 В) 0 м/с2 С) 0,2 м/с2 D) 20 м/с2 Е) 0,02 м/с2

6. $$$ 1374

Катушканың индуктивтігі L=10-3Гн. Ол арқылы I=1А ток өткен. Катушкадағы магнит ағыны неге тең?

А) 4π∙10-10 Вб В) 2∙10-3 Вб С) 0,5∙10-3 Вб D) 2∙10-10 Вб Е) 10-3 Вб

7. $$$ 1375

Катушканың пішінін өзгертпей орам санын 3 есе кеміткенде, катушканың индуктивтігі қалай өзгереді?

A) 3 есе кемиді B) 3 есе артады C) 9 есе артады D) 9 есе кемиді

E) Өзгермейді, себебі орам санына тәуелсіз.

8. $$$ 1378

Тербелмелі контур сиымдылығы 2 ∙10-9 Ф конденсатор мен индуктивтігі 2∙10-3 Гн катушкадан тұрады. Контурдың тербеліс периоды қандай?

А) 3,14∙10-6 с В) 12,56∙10-6 с С) 2∙10-6 с D) 6,28∙10-6 с Е) 4∙10-12 с

9. $$$ 1349

Тербелмелi контурдың тiзбегiне сыйымдылығы 1нФ конденсатор мен индуктивтiлiгi 25мГн катушка жалғанған. Катушканың индуктивтiк кедергiсi қанша болады?

А) 5 кОм В) 10 кОм С) 25 кОм D) 50 кОм E) 100 кОм

10. 1298

Индуктивтiлiгi 4 Гн катушкадағы ток күшi 4 А. Катушканың магнит өрiсiнiң энергиясы 4 есе азаюы үшiн, катушкадағы ток күшi қанша болуы керек?

A) 4 А B) 2 А C) 8 А D) 1 А E) 3 А

4 СӨЖ

  1. Вариант

1. $$$ 1356

Электрон магнит өрісіне магнит күш сызықтарымен сүйір бұрыш жасап ұшып кірген. Электронның магнит өрісінде қозғалысы қандай болады?

A) Спираль бойымен. B) Шеңбер бойымен. C) Инерциясы бойынша.

D) Күш сызықтары бойымен, үдемелі. E) Күш сызықтары бойымен, кемімелі.

2. $$$ 1362

Катушкадағы ток күші 1 секундта 5 А жылдамдықпен бірқалыпты өзгереді. Катушка индуктивтілігі 0,4 Гн болса, ондағы өздік индукция ЭҚК-і қандай болады?

A) 2 В B) 0,08 В C) 4,6 В D) 0,4 В E) 5 В

3. $$$ 1365

Ұзын, түзу өткізгіш арқылы күші 8 А ток жүргенде, өткізгіштен 8 мм қашықтықта магнит өрісінің индукциясы қандай болады?

А) 0,2 мТл В) мТл С) 64 мТл D) 4 мТл Е) 8 мТл

4. $$$ 1351

Тербелмелi контурдың тiзбегiне сыйымдылығы 2 пФ конденсатор жалғанған. Конденсатордың астарларындағы зарядтың амплитудалық мәнi 6нКл. Конденсатордан секунд сайын бөлiнетiн жылу мөлшерi қанша болады?

А) 2 мДж В) 6 мДж С) 12 мДж D) 9 мкДж E) 3 мДж

5. $$$ 1352

Тербелмелi контур индуктивтiлiгi 3 мГн катушкадан және сыйымдылығы 7 мкФ конденсатордан тұрады. Контурдағы ток күшi мына I=2sin(100t+) мА заң бойынша өзгередi десек, тербелмелi контурдың толық энергиясы қандай болады?

A) 14 нДж B) 7 нДж C) 42 нДж D) 21 нДж E) 6 нДж

  1. Ұзындығы 0,3 м өткiзгiш ұштарында 18 мВ потенциалдар айырымы пайда болуы үшiн, индукциясы 6 мТл өрiстiң магниттiк күш сызықтарына перпендикуляр жазықтықта өткізгіш қанша жылдамдықпен қозғалуы керек?

А) 10 м/с В) 20 м/с С) 30 м/с D) 60 м/с E) 180 м/с

  1. Өткізгіштен жасалған рамада магнит ағыны Ф=2,2cos(15t+/2) Вб заңы бойынша өзгеретін болса, максималь ЭҚК-i қанша болады?

А) 37 В В) 33 В С) 22 В D) 15 В E) 1,1 В

8. $$$ 1260

Магнит индукциясы 2 Тл магнит өрісіне параллель ауданы 2 м2 орам арқылы өтетін магнит ағынын анықтаңдар:

A) 16Вб B) 8Вб C) 6Вб D) 0 E) 4Вб

  1. Индукциясы 0,2 Тл магнит өрiсiн 10 А электр тогы өткiзгiш орналастырылған, өткiзгiшке 0,3 Н күш әсер етуi үшiн өткiзгiштiң ұзындығы қанша болу керек? өткiзгiш магнит индукциясының векторына перпендикуляр.

А) 30 см В) 20 см С) 15 см D) 10 см E) 5 см

  1. Тербелмелi контурдың конденсаторының астарларындағы заряд q=15cos200t мкКл заңы бойынша өзгередi. Контурдағы максималь ток күшi қандай болады?

А) 15 мА В) 3 мА С) 200 мА D) 7,5 мА E) 750 мА

4 СӨЖ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]