Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
makal matelder.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
22.02.2015
Размер:
167.02 Кб
Скачать

Өтірік пен шындық

Шындық бар жерде өтірік байқап жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.   Бал тамған өтіріктен, қан тамған шындык артық.   Шындық жоқ жерде сұмдық көп.   Өзінің қисықтығын білмеген өзгенің түзулігін білмейді.   Өсекші мен өтірікші — егіз.   Ащы сұраққа тұщы жауап күтпес.     Көрген көзіме сенемін бе. Сенің айтқап сөзіңе сенемін бе.   Шын бір сөз, отірік мың сөз.   Өзі өтірікші өзгенің шын сөзіне сенбейді.   Итке төсек не керек, Естіге өсек не керек.   Шындық — камал бұзар.   Шындықтың шырағы сөнбейді.   Хан сырын білгеннің, қаны төгіледі.   Қаланың жаңалығын даладағы ел бұрын естиді.   Шындықтан зор палуан жоқ: Ол жауды да жығады, Қамалды да бұзады.   Атқан жерде оқ қалар.   Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.   Көп қайда болса, шындық сонда.   Жыртық үйді жел табар, Өтірік сөзді шын табар.   Әуелгі сөзің рас болса, соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.   Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің.   Әділет тілесе, атаңның да болса айыбын айт.   Шынымен жыласа, соқыр көзден жас шығар.   Таң атпайын десе де күн қоймайды, Өтірікті қуалап шын қоймайды.   Өтірікші кісі уәдешіл келеді, Оңбайтын кісі өсекке ереді.   Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ.   Өтірікшінің шын сөзі зая.   Жалғанға жалқау нанады. Жә болмаса аңқау нанады.   Өтірік деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салады.   Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.   Отірік айтып жағынғанша, Шынынды айтып жалын.   Өтірік айтқан жерде көп тұрма.   Ер өтірік айтпайды. Еп өтірік айтады.   Өтірік сөз өрге баспас.   Сыр айтқанға сенбе, Шын айтканға сен.   Өтіріктің өзіне нанба, қисынына нан.   Өзің әділ болмасаң, өзгеден әділдік іздеме.   Қателескеннеп катені түземеген жаман.

Ақылды өтірік шаршатады.   Адалдык — апа сүті. Шын сөз абақтыдан да шығарады.   Түйені көпір астына жасыра алмайсың.   Алдыңа келсе, атаңның құнын кешір.   Көз көрмей, көңлім сенбес.   Ағын су жолын табады, Ақ адам оцын табады.   Ақ сөз ащы болады.   Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды.   Сын түзелмей, мін түзелмес.   Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады.   Біреу әзіл антса, сен әділ айт.   Сор сараңнан шығады, Өтірік арамнан шығады.   Көңілдегі сырды көз білдіреді.   Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке ізіңмен барады.   Өтіріктің шиесіи шни шешеді.   Саудагерде иман жоқ — арын сатады, Өтірікшіде иман жоқ — жанын сатады.   Біреудің сөзі әдемі, Біреудің көзі әдемі.   Періштенің айтуымен ойлағаны болады.   Кұлақ не естісе, ауыз соны айтады.   Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.   Соқыр көзіне сенбейді, қолымен көреді   Жақсы болсаң жердей бол, Бәрін шыдап көтерген. Таза болсаң судай бол, Бәрін жуып кетірген.   Дерексіз сөз — нанымсыз.   Ауыз ашса, сыр көрінеді. Есік ашса төр көрінеді.   Аталы сөз атан түйеге татиды.   Өтірікші алдымен өзін алдар.   Аузында сөзі тұрмастың, Бір жерде өзі тұрмас.   Жатқа сырыңды айтпа, Өзіңе өтірік айтпа.   Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.   Жақсыға айтқан тура сөз — Жасақ тіккен тумен тең. Жаманға айтқан тура сөз — Құмға төккен сумен тең.   Тентек отты тебем деп, Аяғын күйдіреді. Ділмәр шындықты жеңе.м дсп, Тілін күйдіреді.   Жылап айтқан шынға нанбайды, Күліп айтқан өтірікке нанады.   Ойнап антса да онындағысын айтады.   Аққа құдай да жақ.

Маңыз, түр, көрініс

Сақал текеде де бар.   Кілемге бергісіз алаша бар, Ханға бергісіз қараша бар.   Таныған жерде бой сыйлы, Танымаған жерде тон сыйлы.   Бетім жамап болса да, ниетім жақсы.   Арзан алдайды.   Сұлуынан жылуы.   Ит те киімге қарап үреді.   Сабы алтын болса да, көсеудің көсеу аты қалмайды.   Ер-тұрманы алтын болса да, есектің есек аты қалмайды.   Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ, Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ.   Алыс жүрсең де жолмен жүр.   Арзанның жілігі татымас.   Алтын қарғы ит мойнында да жүреді.

 

 

Күміс азса, күл болады. Жаман иттің атын бөрібасар қояды.   Тәні сұлу — сұлу емес, жаны сұлу — сұлу.   Жаулық кигеннің бәрі қатын емес, Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.   Иттің бәрі тазы болмас, Еттің бәрі қазы болмас.   Аттың бәрі тұлпар болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.   Түсі игіден түңілме.   Қазаннан қара нәрсе жоқ, Ассаң қарын тойдырар. Қардан аппақ нәрсе жоқ, Ұстасаң қолынды тоңдырар.   Пышағыңның күмісіне қарап, Өтпесіне болайын.   Әсіре қызыл тез оңар.   Жылтырағанның бәрі алтын емес.