Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

56

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
3.83 Mб
Скачать

Осындайсатыпалғанқұлдарданүлкенәскер,топқұрғанарабтаркөпболған. Солардыңалғашқысы Аббас әулетінен шыққан Бағдат халифасы Әл-Мұхтасам (833-842): «Мауаранахр – өзеннің арғы жағындағы жерлер - Самарқан, Хорезм, Шаштағы құл базарларында сатып алынған түріктерден арнайы үлкен әскери топ құрған алғашқы билеуші саналады. Араб тарихшыларының көрсетуі бойынша,Сейхунөзенініңаржағындағы жерлерденәкелінгенмәмлүктердіңсаны бірнешетүменге жеткен».

Антикалық және орта ғасырларда бұл өңірлерден бабаларымыз алдымен түсті металдарды, кейін темірлерді жеті қабат жердің астынан тауып, олардан тұрмысқа қажетті технологиялар дайындағандарын археологтар баяндады, кең байтақ жеріміздің асты тұнып тұрған кеніштер екендігін дәлелдеді. Бұл туралы академик Ораз Сәбден тамаша деректерді тілге тиек еткен: «Қазақстан - әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Оның жер қойнауында Менделееев таблицасының 110 элементтерінің 99-ы бар, ал пайдаланатынымыз 60-тан астам. Біз, Қазақстан, абсолютті ресурс қоры жағынан және де оларды әр адам басына шаққанда дүниежүзінде алдамыз. Мысалы,дүниежүзілік вольфрамның 50%, уранның25%,хромрудасының23%,қорғасынның19%, цинктің 13%, мыс пен темірдің 10% Қазақстанда. Бұған қоса барий, марганец, фторит, т.б. бар. Сондықтан да біз алдыңғы орындамыз. Оған қосымша сирек кездесетін қымбат түрлі түсті металл құрамында рений, осмий, берилий, титан, таллий, алтын, күміс және т.б. мол. Мұнай, газ, көмір, минералды, сутекті ресурстарымыз жеткілікті, тіпті шаш етектен десе де болады. (О.Сәбден Абай және қазақ елінің болашағы. Алматы, 2017 б. 28-29). О.Сәбден мамандығы экономист қой, Қазақстанның осы күнгі жер асты байлығын егжей-тегжей көрсете білген, тамаша суреттеген. Біздің бабаларымыз осы кездерде алғашқы қауымдық, содан кейінгі құл иеленушілік дәуірдің өзіндіктехнологиясынжасаған,оның деңгейіндамытқан. Жерастыбайкенішкөздерінашып, оны тұрмыста пайдаланулары алдымен ру, тайпалардың күшімен іске асырылса, кейін таптық қоғамның алғашқысы құл иеленушілік қоғамда игеруді одан әрі дамытуда құлдардың күші кең көлемде пайдаланылған. Қазіргі Егеменді Қазақстанда бүгінгі заманауи дәуір технологиясымен жабдықталған ірі-ірі өндіріс орындары жұмыс істеп тұр. Міне, сол кең орындарының көпшілігінің

тарихы

ежелгі және ортағасырлардан басталды. (Бұрын

соңды

бұл мәселеге

біздің

тарихшыларымыз көп

мән бермеді.) Осы деректерге терең мән беріп,

олардың ғасырлар бойы

дамыған тарихын жазу - күрделі мәселелердің бірі.

 

 

 

Қазақстан феодалдық қоғам кезеңінде (IV-XVғғ.). Құл иеленушілік қоғамнан

кейінгі

феодалдық

формация

Орталық Азия халықтары, соның ішінде

қазақ халқының тарихындағы

кезекті бір белес. Алайда, осыған қарамастан, бұрын жарық көрген «Қазақстан тарихына» назар

аударсаңыз,

онда феодалдық қоғам туралы сөз айтылмай. Бұл дәуірді «Ертедегі ортағасырлық

мемлекеттер» деп атаған.

Олай болса, қазақ халқының феодалдық қоғамда түркі этностарымен

бірге жасағанын кеңінен

жазуымыз қажет. Бұрынғы жарияланған тарихымызда қазақ халқының

феодалдық

қоғамда қалай өмір сүргенін көп жағдайда еуроцентристік қөзқараста сәулелендіріп,

деректері мейлінше бұрмаланған. Керек десең, шынайы феодалдық қоғам қазақтарда болмаған, ол патриархалды – феодалдық (алғашқы қауымдық қатынастар кезінде биліктің ерлер қолында болған тұсы) деп жазып келген. Яғни қазақтардың басынан өткерген заманын толық феодалдық қоғам деп жаза алмаған. Бұл пікірді қолдауға болмайды. Әлемдегі этностардай, кейбір ерекшелігіне қарамағанда, қазақтар да феодалдық формациядан өткен. Оны бұрмалаудың жөні мен қажеті жоқ.

Феодалдық дәуірде Қазақстанныңкеңбайтақ даласы үш жүзге бөлініп,әржүздіңтұрғындары өз жерін бөлшектеп иелік еткен. Оның ішінде шұрайлы жерлерді үстем топ уәкілдері - хандар, байлар, билер, орта шаруалар өзара бөлісіп алған, даланың байлығын игеріп тіршілік еткен. Жері жоқ, жарлы - жақыбайлар байлардың қораларында жұмыс атқарып, күн көрген. Қазақ халқының жер көлемі үлкен шаруашылықтың барлық түрін дамытуға, соның ішінде мал өсіретін жайылымы мол өлке. Сондықтан, қазақ халқының шаруашылығы кешенді болған, өндіріс орындары болған, ауыл шаруашылығын жүргізген, аң аулаған, балық ұстаған, тұрақты қоныстар мен қалалар салған.

Саяси жақтан қарағанда, Орталық Азияны мекендеген түрік этностары алғашқы қауымдық қоғамда, ертедегі ортағасырда мемлекеттер мен империялар құрған. 2017 жылы жарық көрген М.У.Шәлекеновпен бірігіп жазған «Орталық Азиядағы мемлекеттер» атты еңбекте бұл мәселеге кеңірек тоқталғанбыз. Орталық Азияда бой көтерген мемлекеттер мен империяларға тоқталмай, Шыңғысханұйымдастырған«Моңғолимпериясына»(Түрікимпериясына) тоқталып,бұлұлысаяси басқару әлем бойынша бұрмаланып, еуроцентристік көзқараспен жазылып келе жатыр. Мысалы, «Қазақстан тарихы», I том, Алматы, 1996 жылы жарық көрген туындысының 440 - 448 беттерінде «Шыңғыс - хан басқыншылығы» деген тақырып берілген. Оның көлемі 8 беттен тұрады.

171

Ендігі тарихымызда Шыңғыс - хан құрған империясының тарихын басынан аяғына дейін шындыққанегізделіпсәлелендіруқажет.СоңғыжылдарыӘлембойыншаШыңғысханғадұрыс баға

беретін ғылыми еңбектер, кино хиқаялар жарық көрді және әлемдік көзқарас

қалыптасуда.

ЮНЕСКО - ның шешімімен Шыңғысхан «2 мың жылдың тарихи тұлғасы»

деп танылды.

Шыңғысханғадұрыс бағаберетінуақыткелді.Оләлемкөлеміндегі бірден - бір тарихитұлға. Оның теңдесі болмаған. Жаңа көзқараста Шыңғысханға және оның әлуетіне тарихи баға беру әрбір әділетті ғалымдардың, жазушылардың, саналы азаматтардың борышы.

2014 жылы қазақ тілінде «Шыңғысхан - Моңғол және түрік этностарын біріктіруші»; 2016 жылы орысша «Чингисхан - властитель Востока, обьединивший монгольские и тюркские этносы» атты кітаптарымды жарыққа шығардым. Олар 2016 жылы баспадан шыққан «Ғылыми еңбектер» атты туындыға кірген. Көлемі 744 бет, таралымы 2000 дана (ҚР кітапханаларына таратылған). Осы еңбектерімде Шыңғысханды жаңа көзқараспен шамам келгенше жаздым.

Бұл тарихи тұлғаға арнаған еңбегімді оқырмандар оқып, ол туралы көзқарастарын айтып жатыр. Біз тек кейбір тұжырымдар берумен шектелмейміз. Шыңғысханның шынайы лақабы - «Шыңғыстың ханы» (Властитель Востока). 1206 жылы Ұлы Құрылтайда Шыңғысхан мемлекет құрып, оны өз тайпасы Хамог моңғолдың атымен жариялап, Моңғол мемлекеті деп атаған. Ол тайпадағы адамдардың жалпы саны 400 мыңдай ғана болған.

Осы атамамен алғашқы кезеңде Моңғол мемлекеті десе, кейін Моңғол империясы болып әлемге тарап кетті. Бұл империяға тек түрік нәсілді, түрік тілді этностар ғана кірген. Басқа нәсілді халықтар империяға бағынышты (вассал) болып, салық төлеп тұрған. Ол кезде Орталық Азияны Отанына айналдырған түрік этностары болған. Солардың арасында Хамог моңғол тайпалары жасаған. Шыңғысхан империясының этностары тек тайпа - тайпа болып өмір сүрген. Түріктердей халық, ұлт болып қалыптасып, өздерін моңғолмыз деп атаған тайпалар түріктерше өмір сүрген. Түріктердіңарасында жасап,өзара тығызараласқан.Моңғол тайпасыныңәдет - ғұрпы,заттайжәне рухани мәдениеті бір болған. Олар түрікше сөйлеген, осы тілде жазған және көп дінге сенген. Шыңғысхан «Аспан құдайына» сенген. Бірақ сол кездегі түріктердің қабылдап жатқан Ислам дініне қарсылық көрсетпей, керісінше жаңа діннің таралуына кең жол ашқан. Шыңғысханның әкесі Хамог моңғол тайпасынан болғанымен, анасы Қоңырат руынан шыққан. Оның ұрпақтарының көпшілігі қоңырат руының қыздарына үйленген. Сөйтіп, этникалық, антропологиялық жақындықтарын қарап, сол кезде моңғол тайпаларының айтарлықтай ерекшеліктері болмағанын айғарамыз. Ондай көптеген түріктермен сан жағынан аз моңғол тайпалары бір болғандықтан, Шыңғысханды барлық түрік этносына ортақ тұлға деуіміз тарихтан алшақ болмайды. Шыңғысхан бөлшектеніпжүргентүріктайпаларыныңбасынбіріктіріп,ҰлыМонгол(Түрік)империясынқұрып, әлемді таң қалдырды.

СөйтіпШыңғысханжәнеоныңұрпақтарыТүркіимпериясынүш ғасырға жақынұстаптұрды. Осынша уақыттың ішінде Орталық Азияның және шет жақтағы бөлек түрік тайпалары бірігіп бас

қосып, Ұлы империяға

айналды. Ол саяси, экономикалық және рухани жақтан

тамаша

жетістіктерге жетіп, елде

тыныштық орнап, өз алдына халық, ұлт болып қалыптасты. Бұл

қалыптасқан халықтар мен ұлттар Шыңғысханның тайпасынан шыққан. Нәтижесінде

осы күнгі

үлкенді - кішілі түрік тектес халықтар, ұлттар пайда болды.

 

Нәтижесінде, баршаға мәлім «Алтын орда» құлап, түрік тайпасы ыдырап, оның

байырғы

халқы түріктер қайтадан бөлшектенді. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегендей, жаңадан ұйымдасқан түрік халықтарының, ұлттарының өздерін қорғай алатын күші жетілген кезінде, оларды қайта қосып, біріктіретін Шыңғысхан сияқты тарихи тұлғаның шықпағаны өте өкінішті жағдай. Осындай жағдайды күтіп отырған Ресей империясы мүмкіндікті қолайлы жағдайды пайдалана алды. Ресей империясына жем болдық, оның қол астына үш ғасырдай отарланған ел болдық. Сол ыдырау әлі жалғасуда.Кеңесодағыыдырап,бірқаншасанжағынкөптүріктерЕгемендіккежетті.Қазіргі кезде, 300млн.түрік әлемі қайта бірігутуралы әртүрлі әрекеттердііске асырыпжатыр.Осыжұмыстарбір түзу жолға түсіп, әлем түріктері қайта Ұлы бірлікке қолдары жетулері мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар.

Қазақстан Ресей империясының құрамында

Бірінші тарау: XVIII ғасырдағы түрік тілдес халықтардың жағдайы.

Екінші тарау: түріктердің өзара феодалдық бытыраңқылық жасауы. Қазақтардың жоңғарлармен соғысы және оның қорытындысы .

Үшінші тарау: Ресей империясының шығыс көрші түрік тілдес этностарға қарсы саяси көзқарасы.

Петр I - дің Түріктердің жерін отарлауы (1672 - 1725).

172

Петр I - дің саясаты. Оның 1722 - 1723 жылдардағы Персия жасаған жорығы. Дербентті және Бакуды басып алуы.

1717 жылы Бекович Черкаскидың Хиуаға жіберілуі. Екінші бөлім: Ресей империясының қазақтарды отарлауы.

Бірінші тарау: XVIII ғасырдың 30 - 40 жылдарында отарлаудың алғашқы кезеңі. Ресей отаршыларының Батыс және Орталық Қазақстанда бекіністерді құруы.

Орал және Солтүстік бекіністерін салудағы мақсаттарын ашық жазу қажет. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың, оның ұрпақтарының ұстаған сатқыншылық саясатын терең әшкерелеу қажет.

АлдыменРесейдіңқазақтардыотарластыруыныңБатыстанШығысқақарай жүргізілуін(Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз) баяндау.

Үшінші бөлім. Қазақ халқының Ресей отаршыларына күресі (XIX ғ. 30 - 40 жылдарында басталған күрес XX ғ . басына дейін жалғасты).

Бірінші тарау. Қазақ халқының ұлт - азаттық күресі. Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі.

Сырым Датов бастаған қазақ ұлттық - азаттық көтерілісі.

Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт - азаттық күресі. Кеңесары Қасымұлы (1837 - 1847) бастаған ұлт - азаттық күресі.

1868 - 1869жылдардағы Орал менТорғайоблыстарындағы қазақтардыңотаршылдарға қарсы жүргізген көтерілістері.

1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.

Төртінші бөлім. Қазақстан түгелімен Ресей империясының қол астында.

Бірінші тарау. XIX ғасырдың 60 - 90 жылдардағы Қазақстанның саяси басқару жағдайы. 1867 -1868 жылдардағы саяси - әскери реформа.

Қазақстанды басқару жүйелері.

Қазақстанды Ресейдің әскери жүйелерінің күшеюі.

«Қазақ тарихының» дәуірі туралы кейбір тұжырымдамамызды білдіргіміз келеді.

Төл тарихымыздың бұл дәуірі жарық көрген тарихымызда дұрыс ғылыми негізде емес, еуроцентристік көзқараста жазылған. Осы тарихи дәуірге арналған «Қазақстан тарихы» - ның ІІІ

томынанкапитализм қоғамынбасынанқалайөткергенінтүсінуөтеқиын.Көрінгентарихидеректер бұрмаланып, «өтірікті шындай, шынды Құдайдай» - дегендей баяндалған. Сондықтан жаңаша жазылатын тарихымыз тек шынайы деректерге, өмірге, халқымыздың діліне негізделіп жазылуы тиіс.

Шығыс және Оңтүстік көршілерінің есебінен, Ресей империясының жерін кеңейту саясатын Петр I бастаған және оны іске асырған. Одан кейінгі патшалар да Орталық Азия халықтарын барынша бодан ету мәселесін күн тәртібінен түсірмей, осы жағдайда үш жүз жылдай ұстап келгенін тарихта жазуымыз керек. Отарлау саясаты жер шарының қай аумағанда орын алғанына қарамастан, күшті мемлекет отарлаған халықты мейлінше езгіге алатыны белгілі. Сондықтан, бодандықтың мазмұны қайғылы өмірге толы. Ағылшындардың Үнді елін отарлауы «жаман», Ресейдің шығыс көршілерін отарлауы «жақсы» деуге болмайды. Екеуінің де мазмұны бір.

Бұрынғы жарық көрген «Қазақстан тарихының» үшінші томында «қазақтар Ресейге өз еркімен қосылды» деп жаздық. Бұл тарихты ашық бұрмалау. Есі дұрыс халық өз еркімен отаршылықтың бұғауын өз мойнына салмайды ғой. Ресей империясы Қазақстанды отарластыру үшін150жылданастамуақытжұмсаған,саяси,әскери күшпенҚазақстандыотарлады.Қазақ халқы осы ұзақ уақыт ішінде отаршылармен айқаса күресті. Осы азаттық күрес 1986жылға дейін тоқтаған жоқ. Отаршылық жылдарда қазақ халқы қайғылы өмірді басынан өткеріп, Ресей құрамында дамуы жағынан артта қалған бодан елдің бірі болғанын жасырудың қажеті шамалы. Кейбір мысалдар келтірейік.Ресейимпериясықазақжерінүшгубернияғабөліпбасқарды.Олар:Орынбор,Сібіржәне Түркістан губерниялары. Қазақ халқының арасына іріткі салып, тайпа, ру, жүздерді бір - біріне қарсы қойып, отаршылдар ел ішінде алауыздықтарын жүзеге асырды. Ұлтымыздың рухани мәдениетін жоққа шығарып, халқымызды дамуы бойынша артта қалған этностардың қатарына кіргізді және т.б.сол сияқты әдістерді пайдаланып, отаршылдар агрессиялық саясатын іске асыруда өткір құрал етті. Міне, «бөлінгенді бөрі жейді»дегеннің нағыз өзін пайдаланды. Осындай жағдайда «қазақ халқы Ресейге өз еркімен қосылды» деудің ешбір қисыны жоқ.

Жарық көрген тарихымызда кіші жүз ханы Абылхайырдың көтермелеп жаздық. Бұл дұрыс емес. 1731 жылы бұл хан Ресей империясына өз еркімен қосыламын деп ант берді. Сол алтын орындай қазақ халқының Ресейдің отары болуы үшін жұмыс істеді. Сондықтан аталған ханның бұл саясатын қазақ халқы, оның бас көтерер азаматтары қолдамай, оны өздері өлтірді (1748ж).

173

Абылхайырдың сатқындық саясатын оның баласы, кейінгі ұрпақтары жалғастырды. Бұндай тұрпайы пікір ендігі тарихымызда болмауы керек.

ЖалпыалғандақазақхалқыРесейимпериясыныңкүшпенотарлағанеліболып,өмірсүрген жылдарда ұлт –азаттың күресін тоқтаққан жоқ. Кейбіреулер «қазақ халқы ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігіне 1991 жылы жеті» дейді. Олар болмаса керек, жеңіске жеткеніміз, қазақ халқының отаршылдарға қарсы білектің күшімен, найзаның ұшымен жүргізген азаттық күресінің нәтижесі. Мәне енді Егемен ел болып, өз тарихымызды өз қолымызға ұстап, 30 жылға жақын Егеменді Қазақстан Республикасы болып, бұрындағы қолымыз жетпеген тамаша жетістіктерге жеттік. Міне осындай жағдайда шынайы ғылымға негізделген «Қазақ тарихын» жазбағанда, оны қашан жазамыз!?

Омарбеков Талас

т.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР ҰҒА Құрметті академигі

КИР МЕН ТОМИРИСТІҢ СОҢҒЫ ШАЙҚАСЫ ҚАЙДА БОЛҒАН?

Томирис - ежелгі тарихқа белгілі тұлға. Сақ-массагет тайпалары бірлестігінің патшасы. Өмір сүрген кезеңі шамамен б.з.б. 570 -518 жылдар. Тарихи әдебиеттер оны кейде Томар(Тұмар) деп атаса, ресейлік ғалымдар өз тілдеріне икемдеп Томирия деп атайды . Ал грекше Томирис атауының кеңінен таралып кетуіне басты себеп ол туралы алғашқы мәлімет ежелгі грек тарихшылары еңбектерінде айтылған. Осы себеппен Томиристің әскерінде қолбасы болған оның ұлы Спаргапистіңесіміде(кейбірдеректердеоныңәкесідеосылайаталады)осылайкөнеэлин,яғнигрек тіліне сәйкестендіріліп аталып кеткен. Томирис туралы алғаш рет Геродот, Страбон, Полиэн, Кассиодор, Иордан тәрізді антикалық тарихшылар жазды. Оларда Томиристі өз орталарынан шығарғансақмассагеттерітуралыдамәліметтербар.Бұлзерттеушілербұлардынегізіненскифтерге жақын тайпалар ретінде қарастырады. Алайда, олардың көршілері парсылар да, қытайлықтар да массагеттерді жеке тайпа емес, сақтардың бір бөлігі деп қабылдады.

Томиристің көшпелі массагеттерге көсем болуы сол заманда матриархаттың сақ-массагет қоғамында үстемдік құруымен тығыз байланысты. Мұнда әйелдер билік жасады, тайпада олардың айтқаны әрқашанда ерлер үшін бұлжымас заңға айналды. Грек тарихшысы Ктесий(шамамен б.з.б. 400 жылдар) сақ массагет әйелдерінің қоғамдағы үстем рөлін нақты мысалдармен көрсетеді. Оның айтуынша олар ерлерден батылдығы жағынан еш қалыспайды. Тіптен ерлері шайқастарда қауіпті жағдайларғаұшырағандашалттаөжетқимылдап, олардыержүректікпенқиынжағдайданқұтқарып алады. Томиристен бұрын да, кейін де осылай болды. Оларда мысалы, мидиялықтармен соғыс кезінде қол бастаған Зарина деген әйел ерекше көзге түсіп, еркектерді соғыста жігерлендірді. Тарихшы Ктесийдің айтуынша кезінде парсы патшасы Кир сақ массагеттерінің көсемі Аморганы қапыда қоршап алып, тұтқынға түсіргенде оның әйелі Спаретра жарым-жартысы әйелдерден тұратын қалың әскер жинап, Аморганы тұтқыннан босатып алады . Олар Каспий теңізі жағалауын және Арал теңізі маңын мекендеді.

Дегенмен де ғылымда массагеттер мен сақтардың қоныстарын анықтау қиын болып отыр. Әдетте, массагеттер мекені Каспийден Яксартқа(Сырдарияға) дейін созылып жатты, ал онан ары Алтайға, Тянь-Шанға, Ферғана мен Памирге дейін сақтар мекендеді деп айтылса да, көшпелі сақтардың Окстан(Әмудариядан) батысқа қарай мекендегендері де ежелгі деректерде айтылады. Мұның өзі осы туыстас көшпелі тайпалардың аралас-құралас көрші болып, қойындасып өмір сүргендерін аңғартса керек. Ғалымдар массагет атауының шығуына қатысты бірнеше болжамдар айтады. Біреулер бұл "masyo" - "балық" деген сөз болғандықтан балық жейтін сақтар деген мағынаны білдіреді десе, екіншілері бұл "мас" "сака" және "та" сөздерінің қосындысы - "Үлкен сақ ордасы" дегенді аңғартады деседі. Солардың ішінде оларды қытай жылнамасында айтылатын Ұлы иозылармен(юечжилармен) бір халық деп қарастыратындардың көзқарасы шындыққа жақындау.

Олар соғысқа әрі жаяу, әрі салтатты жауынгерлер түрінде кіреді. Дегенмен де барлық көшпелілер тәрізді оларда да ауыздығымен алысқан арғымақтар мінген сарбаздар шешуші рөл атқарды. Әдетте, аттарының кеуделерін мыстан жасалған сауытпен құрсап алады. Негізгі қарулары садақ болды. Кішкентай кездерінен-ақ қойдың үстіне мініп, садақ тартуды үйренген, мергендікке машықтанған олар, есейгенде құралайды көзге ататын жауынгер болып қалыптасты. Қысқа семсер де(ақинақ пен қанжар да) олардың ажырамас қаруы болды. Қолдарына найза ұстады. Томирис патшалық құрған кезеңде сақ-массагеттерінің барлық қару-жарақтары мыстан және алтыннан

174

жасалды . Өйткені осыларды өндіретін кен көздері олар мекендеген аймақта молынан кездесетін еді. Ал сарматтар мен сақтарға қарағанда бұлар мекендейтін өлкеде темір мен күміс өндіретін кен көздері кездеспейтін. Сондықтан да Томиристің әскерлері мыс пен алтыннан жасалған қаружарақтармен қаруланған еді. Алтынды олар негізінен бас киімдерін, белдіктерін әшекейлеуде және ат әбзелдерін айшықтауда пайдаланды. Ғалымдар қазіргі археологтар тауып отырған Қаратаудағы, Манғышлақтағы және Жезқазғандағы мыс және қорғасын өндірген ежелгі рудниктер осы Томиристің сақ массагеттерінен қалған деген пікір айтады .

Темір дәуірі басталған кезде(б.з.б. ІҮ ғасырда), яғни көшпелілер мыстың орнына әлдеқайда сапалы да төзімді метал - темірді өндіруді игергенде бұл мыс және қорғасын рудниктері енді ешкімге керек болмай, қараусыз қалды. Тарихшы Геродоттың айтуына қарағанда массагеттер көшпелілер болып табылады. Егін салмады, етпен тамақтанды және үй жануарларының сүтін ішті. Киіз үйлерде тұрып, маусымға сәйкес жаңа жайылымдар іздеп көшіп жүрді. Діни сенім жағына келсек, Томиристің сақ массагеттері ежелгі географ Страбонның айтуынша, барлық Орталық Азия көшпелілері тәрізді күнге табынды, және оған жылқыларды құрбандыққа шалып жалбарынумен болды. Кезінде Ішкі Азия көшпелілерін ығыстырған массагеттер мен сақтар құл иеленуші мемлекеттермен көрші болғандықтан олармен жиі-жиі әскери қақтығыстарға барып отырды.

Алғаш оларшығыстыңшетіне жетіп жығылатынМидия патшалығымен текетірестерге барса, кейінірек өзіне аса қажетті жауынгер сарбаздар мен құлдарды көптеп табуды ойластырып, Орта Азияны жаулауға қатты құныққан парсы патшасыКир ІІсақ-массагаттергежорығынтоқтатуға күш салды. Бұл тарихи оқиғаның басталған мерзімін тарихшылар б.з.б. 529 немесе 530 жыл деп шамалайды. Бұл мәселе былай басталды: Кир өзінің қолын ешкім қақпайтын ұлылығына кәміл сеніп, Томириске тәкәппарлықпен өзіне тұрмысқа шығып, осы ен даланы ерлі-зайыптылар ретінде бірігіп басқару туралы ұсыныс жасап, өзінің елшісін жіберді. Бұл шын мәнінде барлығын әйел шешетін массагеттер қоғамының дәстүрін айдан-анық аяқ асты етіп, қорлау еді. Бұл жерде Кир әрине, Томиристің күйеуі қайтыс болған жесір екендігін де еске салып отыр. Жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбаевтың онсыз да жартымсыз деректерге сүйенген жобалауына қарасақ, бұл тұста Томиристің жасы шамамен қырыққа жақындап қалған еді деуге болатындай . Өзінің ызалы жауабында Томирис Кирге: "Қандай жолмен келсең, сонымен қайт! Мен күйеу жігіттерді күтіп отыратын ұзатылуға арналған қалыңдық қыз емеспін. Сөз тек мен туралы болса әңгіме басқаша болар еді. Бірақ мен патшамын ғой... Айлакер, жатжұрттық Кир маған емес, біздің жерімізге көз салып отыр. Мен өзімнің тайпаластарыма құлдық бұғауын кигізе алмаймын ғой, қасиетті бабалар жерін жауға таптатуға жол бермеймін. Кирді масқара болу мен абыройсыздық күтіп тұр. Осыны мықтап есінде ұстасын және менің сөздерімді ұмытпасын."

Осындай ашық қарсылықтан соң, Кир ары қарай келіссөз жүргізудің еш мәні жоқ екенін түсініп, өзеннен(мұны ғалымдардың көбі Сырдария деп ойлайды) жер қайысқан қалың қолын барлық жабдықтарымен өткізіп алу үшін көпір салуға бұйрық берді. Сақ массагеттерінің аймағына енген Кир үздіксіз жортып, көбіне ашық соғысқа шықпай тұтқиылдан бас салатын көшпелілерді қулықпен бағындыру жолын іздестірген.

Осындай пиғылмен, парсылар далада өздерінің әскери лагерлерінде әскерлерінің соғысқа жарамсыз бөлігін және шараптың көп қорын қалдырып, негізгі қолды өзенге қарай шегіндірген. Әскери лагерге тұтқиылдан басып кірген сақ-массагеттер ондағы парсыларды қырып салып, аңқаулықпен алаңсыз жеңісті тойлауға кіріскен. Бойға шараптың уыты тараған олар көп кешікпейақ ұйқыға бой алдырды. Осыны пайдаланып, бас бағып қайта келген парсылардың негізгі күштері лагердегі сақ массагеттерге бас салып, олардың көпшілігін жайратып салды да, біразын тұтқынға түсірді. Олардың арасында Томиристің баласы Спаргаписте бар еді . жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай оның есімін грек жалғауларынан арылтып, Сыпыра деп атайды . Құрсаудағы арыстандай бұлқынғанол,парсылардыңосыұрыстағы еңбасты олжасы болды.Мұны естіп,қатты ашынған,әрі қаһарына мінген сақ массагеттерінің патшасы Томирис: «Қан аңсаған ашкөз Кир, маған ұлымды қайтар,және бұл елден жазаламайтұрғанда кет..,егербұлайжасамасаң,саған массагеттерәміршісі күннің атынан ант етемін, сен тойымсыз болсаң да, қанға тойдырамын» ,-деп ашынды.

Алайда бұған дейін талай елдерді жаулап, жеңіліс дәмін татпаған, өзін барлық "адамдардан жоғары санап", тәкаппарлығы көкке өрлеген және "Ұлы билеуші" атанып үлгерген Кир, әрине, қайдағы бір көшпелілер елінің патшайымының мұндай талабына құлақта асқан жоқ. оның үстіне оның қолында үлкен олжа - Томиристің тұтқын ұлы бар еді. Алайда шешесінің ел мүддесін бәрінен жоғары қоятын қатал да талапшыл мінезінен жақсы хабардар Спаргапис өзінің кешірілмес, үлкен қателік жіберіп, жау қолына өзінің ғана емес оған сеніп соңынан ілескен басқалардың да тағдырын аңдамайтапсырғанынұғынып,шұғылдашалтшешімқабылдады.ОлалғашКирденөзініңқолдарын

175

босатуды өтінді, және қолдары босанған бетте, "өз қолына қару тиген бойда өзін-өзі өлтіріп жібереді" .

Жағдайды бақылауда ұстаған Томирис оның әскери күштерінің түгелдей массагеттер жеріне өтуіне мүмкіндік бермеу үшін өзінің соңғы ұсынысын тағы да Кирге жөнелтті. Онда мынадай жолдар бар: "-Мидия патшасы! Сен аман тұрғаныңда өзіңе қайт деген кеңесті тыңдамадың. әлі де кешемесболар...Меніңхалқымныңазатжәнетәуелсізекендігінеазаптанбай-аққой.Егеросыжолы да тыңдамасаң, өзіңе түкір және көпір салып қиналмай-ақ қой. Бізбен шайқасқың келетін жерді анықта. Ұрыс даласы ретінде сақтардың жерін таңдасаң, тірлігіңді ауырлатпай, бергі жағаға жүзіп өт,менөзімніңәскерлерімді өзенненүшкүнжүретінқашықтыққаалыпкетемін.Өзіңніңаймағыңда соғысқың келсе, осындай қашықтыққа шегініп кет, ал біз саған шайқасу үшін барамыз". Мұндайда жеңімпаз Кирдің кейін шегіну жолын таңдамайтынын Томирис әрине, жақсы түсінді. ал енді массагеттердің кейін шегінуіне келер болсақ, бұл өзі дұшпанды біраз сабылтып, сандалтып және қажытып барып нақты, өздерніне қолайлы ұрыс даласында қабылдайтын, көшпелілердің әскери тактикасы еді. Көшпелілер соғысқа таңдаған жер әдетте, жеңіліп бара жатқан жағдайда жан-жаққа бытырап қашып, бой тасалауға қолайлы таулы-тасты орман-тоғайлы қанып ішетін бұлақтарға мол аймақ болып келеді. мұндай қулықты бұрындары талаймен соғысқан әскери мол тәжірбиені меңгерген Кир жақсы түсінді. Алайда шегініп, әскерінің рухын түсіру дегенді білмейтін оның алға жылжудан басқа жолы да жоқ еді. Егер грек деректеріне сенсек, осы аттаныста Кирдің еңбасты кеңесшісі ол бұған дейін бағындырған Лидия мемлекетінің дарынды патшасы Крез болған. Ол Кирге мынадай ақыл берді: "...жауды бергі жағалауға өткізуші болма. Жеңсең игілікке қол жеткізгенің.Ал жеңілсеңше? Жүйткігенсақ сарбаздарыжеңіскеқанағаттанғанбетте кейінқайтады деп ойлайсың ба? жоқ олар сенің соңғы әскерің өлген, және сенің иеліктер аяқталатын жерде ғана тоқтайды. егер сен жеңгеннің өзінде де, сен арғы жағалауға өтуге мәжбүр боласың емес пе?... Сен немене өзіңе әйел нұсқаған шартқа бағынып, жаудың өзіңнің жеріңе аяқ басуына мүмкіндік бересің бе?" Кез-келген дұшпанмен текетіресте әрқашан өңмеңдеп алға ұмтылуды ұнататын өршіл Кир патшағаКрездің"ұрыстыдұшпанныңжеріндежүргізелік"дегенұсынысыұнап,олонықабылалды. Бұл кезде Томирис өз уәдесі бойынша парсылардан үшкүндік қашықтыққа шегініп кеткен еді. Томиристің қайда шегінгенін анықтау үшін біраз зерттеушілер зерттеулер жүргізіп тер төкті. Солардың арасында белгілі тарихшы В.В.Струвенің ежелгі грек жылнамашысы Беростың жазғандарына сүйеніп жасаған топшылауларын басшылыққа алған профессор Тұрсын Жұртбаев Томирис қазіргі Түркістан аймағы арқылы Қаратау қойнауына қарай шегініп, шешуші ұрыс алаңы ретінде Талас өзенінің аңғарын таңдаған деп топшылайды. Оның бұлай айтуына аталмыш тарихшының "Кир Талас даласында өзінің ажалына кезікті(грек жылнамашысы Таласты Даас деп жазғанекен)",- депқорытындыжасауысебепболған.ЕжелгіМурдукхрамыныңжреціБеросжазып қалдырған осы мәліметке байланысты тарихшы В.В.Струве былай деп жазған еді: «Говаря же о смерти Кира Берос сообщает, что он нашел себе смерть, после девятилетнего царствования «в долине Даас» т.е. «даха»-«даев». Көріп отырмыз, Талас өзені көне деректе «Даас» деп берілген. Бұған таңдануға болмас. Өйткені Кир әскерлерін алып өткен Окс өзені көне деректерде «Оакс» деп бұрмаланыпберілген . Название «даев» приведенное Беросом в связи с рассказом о смерти Кира конечно не является интерполяцией» . Шынында да бұл деректің шынайылығына күмәндану қиын. Өйткені Беростың өзі бұл жазылғандарды аталған храмдағы ежелгі анналдан көшіріліп алынған. Оныңүстінедереккөне.Олшамаменб.з.б.290жылыжазылған.Олкездедеректеайтылатындайлар Каспий теңізі жағасында емес, Аралдан едәуір шығысқа қарай, қазіргі Қаратау аймағына дейінгі жерлерді мекендеген еді . Айта кету керек, айтылған деректің құндылығын ескерген белгілі тарихшы Б.А.Тураевта жоғарыдағы мәліметтерді өз еңбегінде қаз-қалпында келтірген еді . Алайда мынаны да айтқан жөн. Аталмыш дерекке назар аударған тарихшылардың бәрі, оның ішінде жоғарыда аталған белгілі орыс зерттеушілері де бар, «в долине Даас» деген мәлімет туралы ауыз ашпайды. Мұның өзі олардың ежелгі қытай жылнамаларында да осылай аталып келген осындай өзеннің бар екендігінен хабарсыз екендіктерін байқататындай.

Ал енді КирдыңТомиристі қуалапТалас өзені аңғарына дейінкелгенін мойындайтын болсақ, оның ежелгі карта бойынша сақ-массагеттеріне қарсы аттанған жолы әлі де анықтай түсуді қажет етеді. Алғашқы жорық әрине Мидияжерінен басталды. Онансоң Кир Парфия жерін көктеп өтіп, оң жағында Арий және Марг өзендерінің бастауларын қалдырып, Қарақұмды оңтүстік жағынан айналып өтіп, Окс(Амудария) өзеніне жетті. Осы өзеннен өткен соң ол, сақ-массагерттері жеріне аяқ басты. Осында Томиристің ізіне түскен ол, Қызылқұмның оңтүстік жағын жағалап, Яксарт(Сырдария) өзенінен өтті. Өкінішке орай, Кирдің бұл өзеннен Кейініректе Согдиана аталған ел оңтүстікте қалды . Яксарттың арғы беті Арал теңінен шығысқа қарай түгелдей Дай-дахтар деп

176

аталатынсақтайпаларыныңжеріеді.ОсыбағыттаҚаратаудыжағалайжылжығанКирәскеріақыры осы таудан асып түсіп, Талас өзені аймағына жетті. Деректерде, осыған дейін, яғни соғыстың алғашқыкезеңініңсоңынақарайсақтаржағынан30мыңдайадамөлгенін,албұлолардың3/1болып табылатыны айтылады . Олай болса ақтық шайқас өткен Талас аңғарында Томиристе әліде кем дегенде 60-70 мыңдай әскер болған деп айтуға болады. Ал парсылар әскері әрине, мұнан көп болмаса аз емес еді. Томирис, біздің ойымызша, Қаратаудан асып түсіп, қазіргі Тараз қаласының оңтүстігіндегі далалық аймақта Кирді күтіп алды.Мұнан ары солтустікте Мойынқұмжәне әскердің өмірсүруінежәнеқозғалуынақиынБетпақдалажатыреді.Саныкөпәскердіңшегінуінебұлөңірлер аса қолайсыз болғандықтан, Томирис жеңіліске ұшыраған жағдайда Талас өзенінен өтіп, қазіргі Мойынқұмның оңтүстігімен Алатауды жағалап, Іле өңіріне, яғни Хаомоварга сақтары аймағына шегініп кете алатын еді. Мұнда, жат жерлік парсыларға қарсы күресте оның өзіне бауырлас сақтардан тағыдақолдаутабарысөзсізболатын.Мұндайқиынахуалғатапболғанынтегіндеалысты болжайтын, талай шайқастарды бастан өткізген тәжірбиелі Кир патша да түсінген тәрізді. Өйткені ол, соғыс қарсаңында өзінің ұлын өзіне мұрагер етіп тағайындап, елге қайтарып жіберді. Енді біз Талас өзені аңғарында өтті деп отырған осы соғыс туралы Геродоттың не жазғанын оның қазақша аудармасынан сөзбе-сөз келтірелік. «Томирис өзінің айтқан ақылына Кирдің құлақ аспағанын білген соң өзінің бүкіл әскерін бастап, парсыларға қарсы шабуылға шығады. Ол шайқасты мен рақымсыз варварлардың арасындағы шайқас атаулының ең қатыгезі болған шығар деп санаймын. Дегенмен де, мен ол шайқастың барысы қандай болғаны туралы мынадай жағдайды сұрастырып білдім. Жұрттың айтуына қарағанда, әбден өшіккен жаулар әуелі бір-біріне қарама-қарсы тұрып алып, садақтан оқ жаудырады. Жебелері таусылып біткеннен кейін қолдарына қылыш-қанжарлары мен найзаларын алып, мидай араласқан қоян-қолтық ұрысқа кірісіп кетеді. Олар бір-бірімен ұзақ шайқасты,екіжақтыңдашегінгісікелмеді.Ақырында массагеттержеңіскежетеді.Парсы әскерлері шайқас даласында түгелдей дерлік қырылады. Кирдің өзі де қаза табады.Сөйтіп ол толық 29 жыл патшалық құрып, дүниеден өтті. Ал Томирис шараптан босаған меске адам қанын толтыра құйып, өліп жатқан парсылардың арасынан Кирдің мәйітін тауып әкелуді бұйырады. Кирдің мәйіті тауып әкелінген соң томирис оның басын әлгі қан толтырылған меске салып қойғызыпты. Содан кейін жексұрын марқұмның мәйітін қорлап, мынадай сөздер айтыпты: «Кескілескен шайқаста мен жеңіп шықсам да, тірі қалсам да, сен менің түбіме жеттің. Өйткені жалғыз ұлымды айлакерлік қулықсұмдықпен қолыңа түсірдің, ажалына жеттің.Тап сондықтан да енді мен, өзіңе ескерткенім сияқты, қанға деген тойымсыз құмарыңды қандырамын!». Кирдің қалай өлгені туралы толып жатқан әңгімелердің ішіндегі шындыққа сәйкес ең қисындысы осы сияқты көрінеді де тұрады» .

Геродот айтып отырған бұл оқиға б.з.б. 530 жылы жаз айында орын алған. Өйткені Кирдің отанына оның өлгені туралы хабар аталған жылдың тамыз айында жетіп, оның ұлы Камбис толық билеуші тағына қыркүйек айында отырған . Кир өлген соң массагеттердің парсылармен қандай қатынас сақтағаны белгісіз. Арада 11 жылдан соң олардың Дарийдың бастауымен сақтарға қайта аттанғанынбілеміз.Бұләрине,басқаәңгіме.АлайдашынайыдеректергеқарағандапарсыларКирдің денесін сақтардан қайтарып алып, оны Пасаргадыға әкеліп жерлеген. Оның басына кейіннен храм орнатылды. Сонымен жоғарыда айттық, парсы патшасы Кир алғаш Әмудария мен Сырдария арасындағы Үлкен сақтар (Үлкен орда) жерімен өтіп, Сырдарияның арғы бетіндегі «дай-дах» сақтары елінде ажал тапты. Алғаш хаомоварга сақтары деп аталған бұлар, кейінірек осылай аталып кетті. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, олардың жері Талас өзеніне дейін созылып жататын. Сонымен жоғарыда айтылғандарды қысқаша қорытар болсақ, Кирдің Томирис бастаған сақмассагеттеріне жорығы әліде нақтырақ зерттей түсуге мұқтаж маңызды мәселе. Әсіресе, ондағы «Даас», яғни Талас аңғары туралы мәлімет, парсылар мен сақтар арасындағы соңғы шайқастың қайда өткені туралы бұрын айтылып келген тұжырымдарды қайта қарауды қажет етеді.

___________________________

1.Всемирная история в десяти томах. Том ІІ. М.,1956. Стр. 170.

2.Всемирная история в десяти томах. Том ІІ. М.,1956. Стр. 170.

3.Ставиский Б.Я. Массагеты//"Советская историческая энциклопедия". Том 9. - М., 1966. Стр. 170.

4.Всемирная история в десяти томах. Том ІІ. М.,1956. Стр. 170.

5.Журтбай Турсун. Акинак. Литературно-историческое исследование. - Астана, 2014.-С. 138.

6.Геродот. История (I, 211).

7.Журтбай Турсун. Акинак. Литературно-историческое исследование. - Астана, 2014.-С. 137

8.Геродот. История I кітап, 213 б. Доватур А. И., Каллистов Д. П., Шишова И. А. Народы нашей страны в «Истории» Геродота. — М., 1982. — С. 91.

9.Герадот.Тарих.Ікітап.Клио//ЕжелгідүниедегіжәнеВизантиядереккөздеріндегіҰлыДалатарихы:4томдық. Т.І. Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы. – Астана, 2007. - 41 б.

177

10. Журтбай Турсун. Акинак. Литературно-историческое исследование. - Астана, 2014. -С. 140 (Ескерту: Т.Жұртбаевта бұл "Лаас" деп қате жазылып кетіпті.)

11.Журтбай Т. Акинак. Литературно-историческое исследование. – Астана, 2014. -С. 140 (Ескерту: Т.Жұртбаевта бұл "Лаас" деп қате жазылып кетіпті.)

12.И.В.Пьянков. К вопросуо маршруте похода Кира ІІ массагетов // Вестник Древней Истории.- №36, 1964. Стр.

116.

13. Струве В.В. Этюды по истории Северного Причерноморья, Кавказа и Средней Азии. Ленинград, 1968. Стр.

61.

14. И.В.Пьянков. К вопросуо маршруте похода Кира ІІ массагетов // Вестник Древней Истории.- №36. 1964. Стр.

124.

15.Б.А.Тураев. История древнего востока.ІІ том. Ленинград.Стр. 118.

16.Всемирная история в десяти томах. Том ІІ. М.,1956. Стр. 29.

17.Қазақ Совет энциклопедиясы. 6 том. – Алматы, 1975. - 256 б.

18.ПьянковИ.В. К вопросуо маршрутепохода Кира ІІ массагетов // ВестникДревней Истории. - №36. 1964. Стр.

117.

19.Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала тарихы: 4 томдық. – Астана, 2007. Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы. 2007. -41-42 бб.

20.Пьянков И.В. К вопросу о маршруте похода Кира ІІ массагетов // Вестник Древней Истории. - №36. 1964. -

130 стр.

Мәшімбаев С.М.

т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

А. ЗАКАРИН – МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, ҒАЛЫМ ҰСТАЗ, РЕКТОР

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде екі рет ректор болып қызмет атқарған, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, зерттеуші ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Асқар Закария ұлы Закарин туралы ой-пікірімді жазып отырмын.

Ол ұзақ жылдар бойында Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. Білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтаумен байланысты мәселелерінің бірыңғай шешілуіне үлес қосты.

А.ЗакаринСыртқыістерминистрі ретіндеатқарғанқызметідеұшантеңіз.Азия,Африкажәне Европа елдерінің делегацияларын қабылдап, шетелдерге шығып абыройлы азамат елімізді әлемге танытты. Қоғамдық жұмыстарға да үлкен үлес қосты. Неше дүркін КОКП-ның съездеріне делегаты Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің бірнеше шақырымдарының депутаты болды.

1953 жылы А.З.Закарин С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болыптағайындалды.РекторЗакаринніңуниверситеттікбілімберусаласынасіңіргенеңбегі, бұдан кейін жалғасып, 1961 жылы А.З.Закарин екінші рет С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.

Мақала авторы т.ғ.д.,профессор Мәшімбаев Серік Мектепұлы С.М.Киров атындағы ҚазМУінің тарих факультетін 1967 жылы үздік белгімен аяқтап, 1971 жылдан күні бүгінге дейін тарих факультетінің Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында профессор болып қызмет атқарып келеді.

2019 жылы 4-10 Сәуірде «Ана тілі» газетінде тұғырлы тұлға А.З.Закарин туралы мақаланы оқып,біздіңректорымызА.Закаринтуралыөзпікірімдібілдірудіжөнкөрдім.1963жылы28шілдеде Кеңес әскерлерінің қатарында азаматтық борышымды адал орындап, жоғарғы оқу орынына түсу үшін мерзімінен бұрын келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих тарих факультетіне емтихан тапсырып мен, Тыныштық және Қаракөлдер оқуға түстік.

1 қыркүйек 1963 жылы Кировпен Панфилов көшелерінің қиылысындағы бас корпустың 220

– дәрісханасында аға оқытушы Ғ.А.Нұртазина «Ежелгі Шығыс елдері» тарихынан дәріс тыңдап, ертеңіне Шелек ауданына темек беруге аттандық. Бұл күн бүгінге дейін ең бақытты қуанышты күн ретінде есімде өмір еске сақталып келеді.

1965 жылға дейін тарих факультетінде қазақ бөлімі қағаз жүзінде болған, бірақ дәрістер орыс тілінде жүріп, орыс бөлімі студенттермен бірге оқыдық.

Тарихфакультетінеоқуғатүскенстуденттердіңкөбіәскерденкелгендерболатын.Біздерқазақ бөліміне түскенбіз.

Бір топ студенттер болып, С.М.Киров атындағы ҚазМУ-нің ректоры А.З.Закаринге бір кіріп, жағдайымды айтып, қазақ бөлімін қайтадан ашуын өтіндік. Ректор жақсы қабылдап, өтінішімізді жоғарға жаққа жеткізетінін айттық.

178

Сөйтіп, 1965 жылы 14 маусымда, сол кездегі «Орта және жоғарғы білім министрлігінің бұйрығымен 1965/66 оқу жылында тарих факультетінде қазақ бөлімін ашу туралы шешім қабылданды. Қазақ бөлімінде дәріс қазақ тілінде жүрді.

Тарих факультетінде орыс және мен шет тілін тереңдеп оқыту бөлімі ашылды.

Ректор Закарин студенттердің жан-жақты дамуына, әлем мәдени құндылықтарын игеруіне де көп көңіл бөлді. Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і еліміздегі алдыңғы және үздік университетінің біріне айналды.

Оқуорынының әкімшілік және оқуғимараттары, ғылыми зертханалар, студенттер үйлері мен студенттер сарайы, оқытушы-профессорлардың тұрғын жайы бір жерде орналасуының басында ректор А.Закарин тұрды. 1971 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-інің ректоры болып, Ө.А.Жолдасбеков тағайындалды. Алматының Тимиряезев көшесінде сәнді, ғажайып студенттер қалашығы бой көтерді.

Мақала авторының ойын қолдап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бас ғимаратындағы мәжіліс залына бірнеше рет жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған ғалымпедагог, ҚазҰУ-ді екі дүркін басқарған профессор А.З. Закариннің есімі берілсе деген ұсынысты қолдаймын.

Кәрібаев Б.Б.

т.ғ.д., ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

МҮСІРӘЛІ СОПЫ (1638/1639 – 1721 ЖЖ.) ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАМАНЫ

Қазақ Елі өзінің үш мың жылдық тарихында бірнеше ірі-ірі тарихи дәуірлерді басынан өткергені белгілі. Скиф-сақ дәуірі, ғұн дәуірі, түрік дәуірі, оғыз-қыпшақ дәуірі, Алтын орда дәуірі, Қазақ хандығы дәуірі және тағы басқалары. Бұл дәуірлердің ортақ белгілеріне - сабақтастық және үздіксіздік принциптері бойынша жалғасын тапқан бір этностың нақты бір кеңістік пен бірнеше мыңжылдарға созылған уақыт желісінде тек өзіне ғана тән тарихи, мәдени, рухани ортақ құндылықтарды қалыптастыруы мен оны дамытуы жатады. Сонымен қатар аталған әрбір тарихи дәуірдің ел тарихында алатын өзіндік ерекшеліктері мен айрықша белгілері де бар. Ел тарихындағы өзіндік алатын орны мен маңызы ерекше тарихи дәуірге – Қазақ хандығы дәуірі немесе жай ғана хандық дәуір деп аталатын тарихи кезең жатады. Уақыт жағынан алғанда бұл дәуірге - XV ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы енеді, ал әлемдік тарих тұрғысынан қарасақ, бұл дәуір - Ортағасырлардың соңғы кезеңі мен Жаңа заманның алғашқы кезеңдерін қамтиды.

Хандық дәуірдіңуақытшеңберіне – ұлттық сипаттағы мемлекетімізҚазақ хандығыныңтарих мінберіне көтерілген кезі мен XIX ғасырдың 20-шы жылдарының бірінші жартысында оның тарих көшіндеқалғанкезіжатып,олүшжарымғасырлықуақыттықамтиды. Үшжарымғасырлықтарихы барҚазақхандығыдәуірін өзішіндесаяситарихтыңөрбуінеқарай шарттытүрде екіүлкенкезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңге – хандықтың бір орталықтан басқарылып тұрған жылдары жатса, ал– Қазақ мемлекетінің бытыраңқылыққа ұшыраған жылдары – екінші кезеңді құрайды. Керей мен Жәнібек хандар тұсынан Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық хандық дәуірдің бірінші кезеңі болса, одан кейінгі жылдары екінші кезеңі басталады.

Қазақ тарихындағы ірі тарихи тұлға, әрі рухани көсем болған Мүсірәлі сопының өмір сүрген жылдары – хандық дәуірдің алғашқы кезеңіне жататыны белгілі. Хандық дәуірдің алғашқы кезеңініңөзіөзішіндебірнешекішігірімкезеңдергебөлінеді.Мүсірәлісопыныңөмірсүргензаманы қандай болды деген сауалға жауап беру үшін хандық дәуірдің ішіндегі кезеңдерге назар салалық.

Хандық дәуірдің бірінші кезеңіндегі, яғни XV ғасырдың орта тұсынан XVIII ғасырдың басына дейінгі аралықтағы дәуірді кезеңдеу үшін қолданылатын басты қағидаттар (принциптер) етіп – хронологиялық, тарихилық, диалектикалық, обьективтілік секілді қағидаттар мен оқиғалардың даму барысын негізге алып, былайша кезеңдеуге болады: а)хандықтың құрылу кезеңі, ә)хандықтың күшею кезеңі, б)әлсіреу кезеңі, в)қайта өрлеу кезеңі, г)«текетірес» кезеңі, ғ)жоңғарлармен алғашқы күрестер кезеңі, ж)белгісіз жылдар кезеңі және з)«алтын ғасыр» кезеңі немесе Тәуке хан билік құрған жылдар кезеңі.

Мүсірәлі сопы өмір сүрген 1638-1721 жылдар - хандық дәуірдің алғашқы кезеңіндегі соңғы үш кішігірім кезеңге сәйкес келеді. Олай болса, «тұлғаны тану үшін оның заманын білу керек»

179

қағидағасай,ҚазақхандығытарихындағысоңғыүшкезеңжататынXVIIғасырдың30-шыжылдары мен XVIII ғасырдың 20-шы жылдары аралығындағы тарихи үдерістерге көңіл аударалық.

Мүсірәлі бабаның дүние есігін ашып, алғашқы мүшел жасты арта қалдырған кезі – Қазақ хандығының жоңғарлармен алғашқы күрес жылдарына сәйкес келеді. Бұл кезеңнің ең басты оқиғаларына - Қазақ Елінің шығысы жағында жаңадан құрылған Жоңғар хандығының қазақ жеріне жасаған жорықтары және оған қарсы қазақ халқының тойтарыс беру күрестері жатады.

1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлдары - Жәнібек хан, одан кейін Жәңгір хан билікте болды. Осы кезеңде, дәлірек айтсақ, 1635 жылы, 1643-1644 жылдары және 1652 жылы жоңғарлардың қазақ еліне бірнеше жорықтар жасағаны белгілі және оған қарсы тойтарыс күресі болғаны және белгілі. Деректерге жүгінсек, 1635 жылғы алғашқы шайқаста қазақтар жағы жеңіліс тауып, Жәңгір сұлтан жоңғарларға тұтқынға түседі. Бірақ көп ұзамай Жәңгір сұлтан жау тұтқынынан босап, еліне аман-сау оралады. Біз ол жөнінде Жәңгір ханға қатысты зерттеулерімізде айтып өттік[1].

Жоңғарлардың қазақ жеріне келесі жорығы 1643/1644 жылдың қыс айларында болады. Бұл туралы қалың жұртшылық «Орбұлақ» шайқасының тарихына қатысты зерттеулер арқылы хабардар. 1643/1644 жылдың қысында Жәңгір сұлтан 600 сарбазымен Орбұлақта 50000 жоңғар әскерін тар шатқалда тоқтатады. Жәңгір сұлтанның бұл жеңісі оның есімін қазақ тарихында алтын әріппен жаздырып, мәңгіге қалдырады. Самарқаннан Жалаңтөс батыр бастаған 20000 әскер келіп жетіп, жоңғар хонтайшысы кейін оралуға мәжбүр болады. Көп ұзамай тақты иеленген Жәңгір хан болашақта жоңғарларға қарсы күресу үшін мұсылман елдерінің одағын қалыптастыруға бар күшін салады. Ал 1652 жылғы кезекті бір қазақ-жоңғар шайқасында Жәңгір хан қаза табады.

Қазақ хандығыныңтарихында Жәңгірханқаза тапқан1652жылдан Тәуке ханбилікке келген 1680жылғадейінгі28жылдықкезеңдішарттытүрде«белгісізжылдар»деуге болады.Тарихымызда бұл жылдары кімдердің хан болғаны шынында да белгісіз, тарихи әдебиеттер мен тарих оқулықтарында бұл жылдар жабулы күйінде жатыр.

Орбұлақтағы жеңіс қазақ халқын қалай жігерлендірсе, 1652 жылғы Жәңгір ханның майдан даласында қаза табуы халықты дәл сондай ауыр қайғыға душар етеді. Сол жылдардағы қайғы мен мұң 15-ке әлі тола қоймаған жас Мүсірәліге де әсер еткен деуге болады. Ал одан кейінгі жылдар одан да ауыртпалықтар әкеледі.

Төменде сол туралы өз ойларымызды білдірелік.

АлдымененЖәңгірханқазатапқанжылтұсындағықазаққоғымыныңішкісаясиөміріненазар аударсақ.

1652 жылы Жәңгір хан қаза тапқан тұста оның ұлдары 20 жастың о жақ, бұ жақтарында болатын. Ал тек қана Шығай әулетінен тараған хан тағына үміткерлердің өзі жетерліктей еді. Шығай ханнан Ондан сұлтан, Тәуекел хан, Есім хан, Шахмұхаммед сұлтан, Әли сұлтан, Сұлым сұлтан, Ибрагим, Шәкім, Көмек, Абылай және Әбусейіт атты ұлдардың тарағаны белгілі. Осылардың әрқайсысында 4-5 ұл болды дегеннің өзінде Жәңгір хан секілді таққа үміткерлер саны 40-50-ден асар еді. Ал осылардың әрқайсысында тағы да 3-4-тен бала болған десек, Жәңгір ханнан кейін тақты иеленуге құқы барлардың саны 100-150-ге жететін. Тәуке солардың бірі және жас жағынан алғанда кішісі болатын. Жәңгір ханның ағасы Жәнібек ханның ұлдары және інісі Сырдақ сұлтанның өзі немесе ұлдарының билікті иеленуге толық құқы болды. Өкінішке орай, сол тұстағы жағдайды көрсететін жазба деректер болмағандықтан, біз тек осындай ой-болжамдар ғана айта аламыз.

АлШәкәрімніңеңбегіндегіосығанқатыстыматериалдардан,бізЖәңгірханнанкейінтақүшін талас-тартыстардың болғандығына көз жеткземіз. Онда «Жәңгірдің орнына әз-Тәуке хан болғанда, хандыққаөкпелепУәлибақиҒайыпханғакетіпеді»,- депайтылады[2;25].Өкінішкеорай,автордың бұл деректі қайдан алғаны белгісіз. Халық ауыз әдебиетінің материалы болуы әбден мүмкін. Қалай болса да,ол біз үшін өте маңызды мәліметтерқатарына жатады.Тақ үшін, билік үшінталастардың жеңіл болмайтыны белгілі. «Өкпелеп кетті» деген мәліметтің астарына үңілсек, көп жағдайды аңғаруға болады. Күрес, таластар тақ үшін болғандықтан, «өкпелеп кетті» деген сөздің орнына «жеңіліс тауып, қашып кетті» деген сөздерді қосуға болады.

Ал А.И.Левшиннің еңбегіндегі Тәуке хан туралы келтірген мәліметті осы жерде келтіруге тура келеді. «... Ол (Тәукені айтып отыр. – Б.К.) өзара қырқыстардан кейін халықты тыныштандырды, ол тайпалар арасында бірнеше жылдарға созылған қантөгістерді тоқтатты, жұрттың бәрін ақылымен және әділдігімен өзіне бағындыра білді...»[3;165] Шәкәрімнің де, А.И.Левшиннің де материалдарына тереңірек талдаулар жасау арқылы, біз Тәуке хан билікке келгенгедейінқазаққоғамында тақ үшінкәдімгідейталас-тартыстардыңболғандығын,ру-тайпалар

180

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]