Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Ақын өлеңінен пьеса оқиғасына байланысты болыстардың нақты іс-әрекетін дөп басатын тұстары алынып, қарсы топтың ашу-ызасын шақырады. «Абай – қазақ халқының шын қамқоры. Ақын қамқорлығы өзінің даналық шығармаларында да толық бейнеленген. Ал пьесада сол қамқорлығын жаны отқа өртенгендей кейіп, күңіреніп жүріп көрсетеді» [133, 264].

Бесінші суретте Абай қайғылы қазаға душар болады. Ең дарынды шәкірті Айдардың мезгілсіз қайтыс болуы Абай үшін тірегінен айырылған орны толмас қаза еді. Айдар дерті аямай жаншыған Абай енді аяулы ұлы Әбіштің қаралы, қайғылы құпия сырын естиді. Осындай ауыр трагедияға ұшыраған Абай өмірден түңіліп, болашақ келер ұрпақпен сырласып, оған тіл қатады.

Азалы тағдыр мен қайғылы қазаға ұшыраған алып жүректің аянышты өмірін пьесада жазушы Абайдың аяулы ұлы Мағауия арқылы былай жеткізеді:

Мағауия.

«Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей, Мен келмеске кетермін түк өндірмей, Өлең шіркін, өсекші жұртқа жаяр, Сырымды тоқтатайын айта бермей. Ағам жүдеп барады-ау?!

Өлімді жиі ойлайтын бопты [134, 372].

Бұл үзінді Абайдың әйгілі «Өлсем орным қара жер» деген өлеңінен алынған. Өлең ақынның өмірінің соңғы шағының үлкен қорытындысы сияқты, онда ойшыл адам өлім жайын толғайды. Өмірдің өріне жетіп, оның ішінде талай қиыр кезең жолдарын басып өтіп, енді тірлік сапарын таусарманға келгенде айтқан ақынның шерлі сыры. Осы жөнінде М. Әуезовтің пікіріне назар аударсақ: «Өз өлеңін сол әзілмен «өсекші» деп атандырады. Ішімді ашып, сырымды жеткізуші сен боларсың-ау! – деп өзі әдейі ырық беріп отырған өлең атты сырласына наз айтып тоқтайды. Өмір, тірлікке лағынат-қарғыс айтпайды. Жауласып, жарғыласып кетіп жатқан жоқ. Тіршілік есігін ақырын жауып, анық дана ақынның кең, сабырлы мінезділігімен кетіп жатыр. Ол мінезділіктің тірегі – болашаққа үмітпен қарауында, күдіксіз сенуінде», – дейді [49, 176].

161

Осыған жалғас трагедияда Абайдың қайғылы сәті мен зар шеккен бейнетін көрсету үшін жазушы ақынның мына өлең жолдарын қолданады:

Мағауия.

Қан жүрек те қайғылы-ау, Қайырыла кет сен маған! Қасіретін ойлан-ау, Қам көңілдің тынбаған [134, 373].

Абай өзінің негізгі мақсаты болған зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы күрес жолында талай қайғы-қасірет шегеді. Пьесаның соңында Әбдірахманнан айырылған Абай, Айдардың өз туысы Керімнің екіжүзділігінен, у беріп өлтіргенін естігенде қатты ренжіп қайғырады. Керімге ол: «Доғар! Өшір лағнет үніңді! Жауызға еткен жақсылық суға жазған сертпен тең! Адалымды арам етіп кепсің ғой, залым! Сенің жүзің тамұқтан бетер қараңғы. Туғаныңның етін жеген сен жауызсың. Бұл күннің қабағы сен, жоғал көзімнен», – деп талықсып қалады. Драматург пьесаның осындай шиеленіскен тұсына Абай өлеңін мысал ретінде Әйгерімге айтқызады.

Әйгерім. Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты деп еді Абай, сол жауыз сен бе едің? Жүзің күйгір, шық. Жүзің күйгір. Лағнат қамытын киіп шық, кет маңымнан! [134, 380].

Керімнің қастық, жауыздық ісіне ыза болған Әйгерім оны бұл маңнан қуады. Драматург осындай ауыр жағдайға дөп келетін Абайдың «Күшік асырап ит еттім» деген қысқа өлеңін арнайды. «Өлең мағынасы терең. Өзі асыраған күшігі өзін қапса, өзінен үйренген мерген өзін атса, өмірде одан артық қандай сатқындық пен зұлымдық болуы мүмкін. Мына жалған дүниеде ондай жауыздық әрқашан кездесіп отырады. Абай заманында да болған» [135, 296]. Осы шындықты М. Әуезов Абай өмірінің трагедиялық осындай шиеленіскен сәтіне дәл келтіреді.

Сонымен, М. Әуезов «Абай» трагедиясын жазу барысында ақынның өз өлеңдерін көмекке жаратқан. Абай өмір сүрген ортаның шындығын бедерлеп, айналасындағы қоршаған топтың іс-әрекеттерін көрсету үшін ақын өлеңдерін басшылыққа алған. Ұлы ойшылдың қоғамдық, гуманистік көзқарасын танытып, пьесадағы ақын тұлғасын сомдау барысында Абай мұрасына иек

162

артқан. Абайдың басынан кешкен ауыр сәттері мен өмірінің соңғы трагедиялық шағын нанымды суреттеу үшін М. Әуезов пьесада ақынның өмір жайлы толғауларын шебер қолданады.

М. Әуезов Абай жөнінде көркем туынды жазу үшін ақынның әдеби мұрасына сүйенген. «Абай жолы» эпопеясы мен «Абай» трагедиясы, «Абай» операсының либреттосы мен «Абай» әдеби сценариясы және кинодрамасы сияқты көркем шығармаларда Абай ақындығының даму, қалыптасу кезеңдерінде ұлы ақын күнделікті байланыста болған әдеби орта арқылы туындайтын Абай бойындағы алғашқы творчестволық тебіреністер, ақындық өнер сырына бойлаудағы талпыныстар, қилы-қилы көркемдік танымдар жайдан-жай беріліп отырған жоқ» [13, 271]. М. Әуезов Абай өлеңдерін пьесада қарасөзге айналдырып үйлесімді өрнекпен береді.

«Абай» пьесасында әділдікке жол бастаған Абайға қарсы ескілікті, надандықты жақтаушы Тәкежан, Оразбай, Жиреншелер тобы бар. Драматург Жиреншеге былай дегізеді: «Айтарсыңдар әлі, осы елдің игі жақсысын қиянаттап, «қайран сөзім қор болды, тобықтының езіне» деп, жас-кәріге жар шашып жүрген сен сұм емеспісің?» [134, 311]. Бұл Абайдың «Патша құдай, сыйындым» өлеңіндегі:

«Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне», –

деген жолдарынан алынғаны көрініп тұр.

Ал пьесадағы Абайдың мына сөзі: «Сен не дейсің! Сақал, шашың ағарғанша, жақсылыққа шақырған бір лебізіңді естімей өттім-ау! Ей, қу-қу заман, әзелде тағдыр бұйрығы сол болса, қу сыбағам арпалыспен өтер болса, тым құрыса жыртқыш емес, адам ұлымен алыстырсаң етті... Сендер ме? Жақсылықпен кімді сүйсіндірдің? Ендеше жаманшылықпен де кімді таң қалдырамын дейсің? [134, 316]. Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі мына жолдардағы оймен үндес.

Әзелде тәңірім сорлы етті, Арсыз елмен әуре етті, Жалғыз үйде күңірентті, Тағдырға білдік көнгенді.

163

«Ақын өзі өмір сүрген қоғамы мен заманы қалыптастырған айналасындағы адамдардың күйкі тіршілігіне қатысып, өкпеөкінішін білдіруді мақсат еткен. ...Осынша жасқа келгенде «сөзін тыңдар» жан таппағанын өзінің ғана емес, бүкіл жұртының қасіреті деп есептейді» [136, 275].

Пьесадағы Абай мен оның қарсы тобының арасындағы үлкен тартысты жазушы Айдар мен Ажардың теңдік жолындағы күресінен өрбітеді. Бас бостандығы үшін алысқан Айдар мен Ажар екеуінің өлім аузына тақаған қиын-қыстау сәтінде Абай оларды арашалап алады. Драматург бұл оқиғаны қою көріністермен шымыр бейнелейді. Дәл осы жерде Абайдың Қодардың өлімі оқиғасын еске алып айтқан сөзі беріледі: «Бәрекелді, көргемін, көргенім анық. Жақсы айттың. Ендеше сол сұмдықты көргендіктен әлі күнге есіме түссе ет жүрегім қан жылайды. Сол сұмдықты көргендіктен, бүгін Айдар мен Ажардың тілеуін тілеп кеп отырмын. Оны сен де көрген едің, Жиренше, бірақ тағы да қисайта айтып, теріс айтып отырсың. Түйеге асып өлтірген еді дейсің. Сол ғана ма еді» [134, 337]. Осы үзінді Абайдың «Ал, сенейін, сенейін» деген өлеңіндегі мына жолдардағы ойға сарындас келеді:

Жүрегімді қан қылды Өткен өмір, өлген жан. Ақыл іздеп, әзерлеп, Бәрін сынап сандалған. Бірін таппай солардың, Енді ішіме ой салған. Тұла бойды улатты, Бәрі алдағыш сұм жалған.

Абай адамгершілікті, әділетті ең негізгі моральдық принцип ретінде поэзиялық туындыларында да, қарасөздерінде үнемі атап көрсетіп отырады. Ғылым-білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді аса жоғары бағалайды. Не нәрсеге болсын ақыл – таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды. Абайдың дүниетанымында елеулі орын алған осы гуманистік ойлар желісін М. Әуезов «Абай» трагедиясында ақын образын сомдауда негізгі басшылыққа алған. Мәселен: «Ақыл-қайрат, өнер-талап неге сарп боп жатыр? Кімді

164

жеңдім?» [134, 339]. «Халық көші ендеп жүрер кең өріс – ғылым, өнер ғана жолы да. Ол қайда, кімде? Соны тауып қайтады десем, қайта соған жат боп қайттым десеңші!» – дейді Абай Керімге. [134, 368]. «Өнер жарысында бәсекелессең де әділ бол. Саф сұлу өнер бықсық ойдан тумайды, шыншыл таза жүректен ғана туады. Бәсеке «Неге озасың? – деп құйысқаннан алу болмасын. «Неге қалам?» – деп өзің қамшылауың болсын» [134, 349].

Абай өзінің негізгі мақсаты болған зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы күрес жолында талай қайғы-қасірет шегеді. Абайдың үміт еткен сүйікті ұлы Әбіш бейнесі өзінің даралығымен пьесадағы басқа қаһармандарға ұқсамайды. Өмірге құштар, адал Әбдірахманның алысқа аңсар арманы көп екені, бірақ ол арманның үзілгелі тұрғаны пьесада аянышты суреттеледі. Жазушы бұл жағдайды Әбдірахман мен әкесінің диалогы арқылы береді. Пьесада Әбдірахман: «Әділетсіз жаратылыс! Бүйтер болсаң, неге әкелдің бұл дүниеге?... Өлім өкініш емес, аға, жанбай сөнген жасымды қайтем? Еңбегімнің жемісін еліме әкеп екпек ем? Қайран әке, тәрбиеңді ақтамақ ем. Енді міне, біткелі тұр сапарым. Айдар да бір, мен де бір...», – дейді [134, 359].

Әбдірахманның бұл арманды сөзін Абайдың «Жиырма жеті жасында» атты өлеңінен оқыған едік. Мәселен:

Ата-ананың қызметін, Алған жардың қарызын, Өтемей кеткен бейнетін, Қағазға жазған арызын.

Пьесаның соңында Әбдірахманнан айырылған Абай, өзінің талапты шәкірті Айдардың оқыстан өлгенін, оған өз туысы Керімнің у беріп өлтіргенін естігенде, керемет ауыр трагедиялық халге түседі. Әбдірахман – Абайдың сүйеніш көріп, үміт қылған баласы. Абайдың бар үміт тілегін жазушы пьесада ақынның өзіне айтқызады: «Қараңғыда қамалған еліңе сен білім жарығын әкелген күні мен еңбегі жанған әке болармын деп ем. Жаңа күннің жыл құсы боларсың деп ем Айдар екеуіңді. Бар үмітім, бар қуатым... Қос қанатым. Қос қалқамды қоймаған дүние-ай, неткен зұлым ең?» [134, 358].

Бұл үзіндідегі сөздер Абайдың Әбдірахманға арналған «Жиырма жеті жасында», «Әбдірахман өлгенде» деген өлеңдеріндегі ойды қайталайды. Салыстырып көрелік:

165

Құйрықты жұлдыз секілді Туды да, көп тұрмады,

немесе:

Жаңа жылдың басшысы – ол,

немесе:

Замана неткен тар едің, Сол қалқамды қоймаған.

Бұл баласы Абайдай әке өмірінің жалғыз бір үлкен жұбанышы еді. Соның мұратына жете алмай ерте өлгені артында қалған әкесін қатты қайғыға салған. Ел ортасында «етек бастыны көріп» жүргенде, Абайдың адамшылық ұрығын шашады деген жалғыз үміті сол еді. Соның ерте өлгендігі Абайдың жүрегінен қатты толқынып келген көп зарды шығарады.

Абайдың айналасынан безiп, қажыған, өмiрден түңiлген күйiн жазушы пьесада ақынның монологы арқылы береді. «Абай монологтары терең тебіреніп, қинала туған, олар ұлы жүректің ел деп соққан тынысын, данышпан характерінің қырларын танытады» [95, 159]. Пьесаның соңында ақынның бірнеше монологтары бар. Мысалы, Абай: «Қайран елім, саған менің кінәм жоқ! Бірақ мұнда қалар нем қалды? Бақыл бол, туған жұртым. Өлер сағатымда да тілеуіңді тілеп өлермін. Бір сен кеш маған. Кеттім, міне» [134, 371]. Өмiрдiң өрiне жетiп, оның iшiнде талай қиыр кезең жолдарын басып өтiп, ендi тiрлiк сапарын таусарманға келгенде айтатын шерлi сыр болады. М. Әуезов Абайдың өмірден өтер алдындағы сәтін осылай тебірене толғайды.

Абайдың тереңде жатқан соңғы сырын жазушы ақынның монологы арқылы былай береді: «Ей, сорлы заман менен аяған қай қастығың қалды? Мен ішпеген у бар ма? Жүрегімді көрші міне? Жарадан сау жер қалды ма? Мұнша ғазап шеккендей не жазық, не ғайыбым бар? Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген тынысы ма? Қасіретті түндер ме? Түннен бетер жұтатқан бейуағы ма өмірімнің? Қалай? Айтсаңдаршы, не боп кетті Мағашым?» [134, 380]. Драматург Абайдың өмірмен қоштасардағы

166

айтқан соңғы сөзін осылай үлкен тебіреніспен келтіреді. Бұл Абайдың өмір мен өлім жайында айтқан пәлсапалық элегиялық лирикаларындағы оймен үндес болып келеді. Мәселен:

Жүрегім менің қырық жамау, Қиянатшыл дүниеден. Қайтып аман қалсын сау, Қайтқаннан соң әрнеден.

Абай қиянатшыл дүниеден көрген қорлығы мен ызасын айтып, қайғы жұтып қапаланған болмысын көрсетіп, жүрегінің қырық жамау болғанын толғайды. Абайдың жүрек мұңын шерткен бұл өлеңінің идеясын М. Әуезов «Абай» пьесасында оқиға желісіне орай кейіпкер психологиясына сай бейнелейді.

Бұдан шығатын қорытынды, пьесадағы ақын монологтары Абайдың өлеңдеріндегі негізгі оймен өзектес болып шыққан. Демек, М. Әуезов пьесада ақын монологтарын беруде Абай поэзиясына жүгінген.

М. Әуезовтің дарынды жазушы ғана емес, сонымен қатар білгір тарихшы екенін айғақтайтын күрделі туындысы – «Хан Кене» пьесасы. Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһарман ер, халық батыры Кенесары Қасымов бастаған ұлт азаттық қозғалысты М. Әуезов тереңінен біліп, зерттеп, тарихи оқиғаны шығармасына арқау етті. Жазушының өз сөзіне үңілетін болсақ: «Пьесаны жазардан бұрын көп материал жинадым, Кене хан қозғалысының тарихын білемін деп сеніммен айта аламын. Орынбордың, Омбыдағы Сібір ведомствосының материалдарын зерттедім, қазақтар мен қырғыздар арасынан материалдар жинадым. Әр тарихи дерекке әркімнің өзінше қарауға құқы бар, бірақ өз концепциясы болмаса, ешбір автор тарихи тақырыпқа қалам тарта алмайды», – деп жазған екен М. Әуезов 1934 жылы «Казахстанская правда» газетінде [137, 177].

М. Әуезов 1928 жылы «Хан Кене» пьесасын жазды. Бірінші рет 1934 жылы ең қауіпті кезде қазақ драма театрында қойылып, әртүрлі сын-пікірлерге, қарама-қайшы көзқарастарға орай тоқтатылып қалды. Бұл шығарма бұдан кейін еш жерде жарық көрмей, жабулы жатты. 1983 жылы шыққан М. Әуезовтің жиырма томдық шығармалар жинағының он төртінші томында көп жыл-

167

дардан кейін ғана жарияланды. Редколлегия шығарма туралы мынадай мәліметті айтады: «Пьесаның тарихи негізі мейлінше дәл, ал драматург тарих ғылымына кейінірек мәлім болатын, бірте-бірте танылатын қайшылықты оқиғаларға байыптап үңіліп, шын сырын ұғынып, көрегендік жасаған. Шығарма желісі – Кене хан мен оның серіктері, жалпы осы қозғалыс өзінің халық мүддесімен қабыспайтын трагедиялық сыпатын біржола ашқан соңғы санаулы жылдарды (1841–1847) қамтиды» [138, 316]. «Кенесары тұлғасы, оның есімімен байланысты өткен ғасырдың 40-жылдарындағы оқиғалар – қазақ тарихы ғылымында ұзақ уақыт бойында айтыс-талас тудырылып келген проблемалар», – деген деректі айтады С. Дәуітов [137, 177]. Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарынан бастап Кенесары атын атауға болмайтын ресми қаулылар қабылданғаннан кейін Кенесары көтерілісіне үдірейе қарап, қырғи қабақ танытқан аңыз, әңгімелер дүниеге келді. Тарихтағы Кенесары туралы әдебиетте көптеген шығармалар да туындады.

М. Әуезов «Хан Кене» трагедиясында өмірі де, өлімі де шырғалаңға толы ірі тарихи тұлғаны терең толғап бейнелеуге батыл қадам жасады. Бұл тарихи пьесада 1841 жылдың қыркүйек айындағы Кенесарының хан сайланған кезеңінен бастап өмірінің соңына дейінгі, яғни 1847 жылдың жазына дейінгі аралықты қамтиды. Академик Р. Нұрғали: «драмалық жанрдың барлық талап-тілегіне толық жауап береді», – деп, бұл пьесаға өте жоғары баға береді [139, 188]. «Шығармадағы жиырма екі кейіпкердің барлығы да тарихи тұлғалар, қозғалыстың басы-қа- сында болған жандар» [140, 7].

М. Әуезов драматургияның мүмкіншіліктерін пайдаланып, әуелі халықтың өзіне сөз береді. Пьесаның прологінде үш жүз баласының ру-руының бәрінен түгел келген өкілдер атынан есімсіз үш жігітті сөйлетеді. Бірінші пердеде Шеген қарияны сөйлетіп, қазақтың арғы-бергі тарихына шолу жасатып, болашаққа арнап үлкен өсиет айттырады. Шегенге қазақ халқының тағдыры жайында толғатады.

Шеген. Соны көріп, осы қазақ баласының қара өзегін қақ жарған жалынды арман бар. Елдігің, бірлігің, игілігің кеткен заманда, етек-жеңін түрініп, екіленіп шыққан ерді көксейсің. Қиялай қиқу шыққанда қаңтарыла кететін омыраулы басшыға

168

құштарсың. Жоқ па сондай тәуекел қып, тас жұтып жүрген қазақтың қамқоры?... Арысы Абылай, берісі... Қасымның ұясынан ұшқан жез қанат балапаны мінекей [138, 324].

Драматург Шегеннің сөзіне салмақты ой мен шешен құрылған орамды тіркестерді тізеді. Халқымыздың жайын айтып, елдік мәселесін қозғаған би шешендер мен жырауларға тән жазушы Шеген қарияның сөзіне терең философиялық астар береді. Сонымен қатар Мұхтардың Шегенді сөйлеткендегі сөзінен өзінің рухани ұстазы Абайдың ел мен елдік мәселесін қозғаған «Сәулең болса кеудеңде» деген өлеңіндегі оймен сабақтасып жатқаны байқалады. Мәселен:

Берекелі болса ел – Жағасы жайлау ол бір көл. Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел. Жан-жағынан күркіреп, Құйып жатса аққан сел, Оның малы өзгеден Өзгеше боп өсер тел. Берекесі кеткен ел –

Суы ашыған батпақ көл [42, 143].

Осы өлең жөнінде «Абай» энциклопедиясында мынадай мәлімет берілген: «Қазақ қоғамындағы сырттан ендірілген, яғни таза отаршылдық мүдде тұрғысынан жасалған ел билеу жүйесіндегі бассыздық, шырық бұзарлық, анархистік құбылысты тудырып отырған сатылы болыстық сайлауға, қазақ елінің бірлігі мен рулық тұтастығын бұзуға негізделген болыстық сайлаудың территориялық принципіне қарсылығы көрінеді. Өлеңінің ең басты ой сарыны – «Единица – жақсысы, Ерген елі бейне нөл» ұғымында жатыр. Бұл жолдар арқылы Абай елді ақылмен, әділеттілікпен билеген жеке адамға, кемел тұлғаға ерекше мән береді. Ел басқару жүйесінде анархистік бассыздыққа жол бермейтін, елін береке, бірлікке бастайтын кемел басшыны аңсайды», – деген «Абай» энциклопедиясында түсінік берілген [141, 504-505]. Абайдың өлеңінде көтерілген мәселелерді М. Әуезов пьесада Шегеннің сөзімен байланыстырып береді.

Абай өмір сүрген дәуір ХІХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ халқының Ресей империясының толық боданы болған кезе-

169

ңі. М. Әуезовтің сөзіне жүгінсек: «Осы кездегі, алдыңғы кезеңдердегі ерекшеліктері қандай еді? Бұл кезде Қазақстан Россияға түгелдей қосылып біткен. Сондықтан осы мәселеге жауап беру үшін 30-50 жылдардағы бүкіл Қазақстанның жағдайын айту керек. Ол кездердегі халық көтерілісінің (Исатай – Махамбет, Бекет) кейбіреулері нағыз халықтық форманы сақтап отырды. Дегенмен ол көтерілістер бұқаралық жұмысшы күшіне сүйенбеген көтерілістер болып, жеңіліс тауып отырған жайы да болды. Абай дүниеге келгенде бұл мәселелер аяқталып біткен болатын, бірақ отарлау мәселесі әлі аяқталмаған еді» [73, 187].

Осы уақытта сырттан ендірілген ел билеу жүйесіндегі сая- си-әлеуметтік өзгерістер жұрттың берекесін қашырып, алауыздық туғызып, психологиялық дағдарысқа түсірді. Бұл тарихи жағдай М. Әуезовтің «Хан Кене» атты пьесасында анық көрініс береді. Екі түрлі қанаудан – бір жағынан жергілікті билеушілердің, екінші жағынан орыс патшалығының отаршылдық саясатынан қатал қысым көрген қазақ халқы өз туған елінің тәуелсіз мемлекет болуын барынша аңсады. Бұл тарихи кезеңде отарлаудың қыл бұрауы мейлінше ширатыла түскен еді. Отаршылар қазақ жеріне қара шеңгелін салып, әскери бекеттер мен бекіністер орнатып, қазақтардың байырғы көшпелі қоныстарының территориясын, байтақ жайылымдарын тарылтып, белгілі бөліктерін тартып алды, қазақ ауылдарын ата-мекенінен ығыстырып, құнарсыз жерлерге зорлықпен көшірді. Осындай зорлық әрекеттер халықтың өшпенділігін туғызып, кегін өршітті. Ерлердің намысын оятып, қолдарына қару алғызды. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс осындай ел тілегінен туған еді. Кенесары бастаған көтеріліс тарихын зерттеген белгілі қазақ тарихшысы Ермұқан Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40-жылдарында» атты еңбегінде: «Кенесары қазақтардың ежелгі тәуелсіздігін қалпына келтіреміз, яғни тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрамыз деген ұранмен күрес жүргізді», – дейді [142, 315]. Көтелістің аяғы сәтсіз аяқталып, патшалық империяның қазақ даласына жүргізіп отырған саясаты жалғасып, ушыға түсті. Отаршылдық саясаттың шегінен асып, асқынып тұрған кезінде халқымыздың ардақты ақыны Абай ғұмыр кешті. Абай отаршыл өкіметтің қазақ халқының бірлігін бұзып, берекесін кетіріп, тұрмысын әлсіретіп, елдің мінез-құлқын азғындырып отырған

170

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]