Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

32

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
2.36 Mб
Скачать

мәселесін көтереді. Сол кездегі «қазақ оқығандарының», қазақ жігіттерінің беті жылтыр мінездерін де айтып сынайды. Қала халқының гулеп тұрған өсек-аяңын да ашына түйрейді.

Осы туындысы сияқты кейіпкерлер тағдыры, ішкі сезім сырлары күрделі психологиялық шиеленіске құрылған «Сөніпжану» әңгімесіне талдау жасап көрейік. М. Әуезовтің «Сөніпжану» аттыәңгімесіеңалғаш«Заманеркесі» дегенатпен1922 жылы «Шолпан» журналында жарияланады. Қалыңдық іздеп, ауылауылды аралап, жұрттың мақтаулы қызына көз тоқтатқан әңгіме кейіпкері Сыздық қыздың бойынан асқан сұлулық таппаса да, көңіліне жақын тұтып, оны ұнатқан. Сыздық: «Қыздың пішіні сұлу болмаса да, сүйкімді жақсы түсі бар. Әкесінің мінезділігі осы өзіміздің бір болыс елге түгел белгілі. Қыздың өзі қатын болуға жарайды», – деп ойлайды [112, 150]. Құда түсуге бел байласып, келер жылы қалыңдығына үйленеді. Алайда сезімтал, талғампаз жігіттің сезімі су сепкендей тез басылады. Қалыңдығы туралы ыстық қиялға батып жүрген Сыздық қайнына ұрын келіп, Жәмиланы көргенде көңілі су сепкендей өзгереді. Алдында көріпұнатып, іштейқиялдапжүрген сезіміендіЖәмиланы көргенде басқаша сезімге ұласып, бойын өкініш билей бастайды. Суынған жігіткөңілідаланыаңсап, бақытынөзгедентабады.

Көптен бері қалыңдығын көргісі келіп жүргенде, қайнына барып, жас қалыңдығын байқаған Сыздық мынадай сезімде болады: «Асығып, аласұрған хиялға, қызылды-жасылды болып қуантып жүрген үмітке, жылылықпен атын құрметтеген жүрекке қалыңдығының қазіргі қалпы ешбір үйлеспейтін сияқтанды. Жәмила бұған әдептілік, сыпайылықты тіпті орынсыз жуастыққа, жасықтыққа жеткізген отсыз адам сияқты көрініп қалды» [112, 156-157]. М. Әуезовтің «Сөніп-жану» әңгімесіндегі бұл оқиға Абайдың мына өлеңін еске түсіреді.

Сүйсіне алмадым, сүймедім, Сүйегім жасып, сор қалың. Сүйісіп саған тимедім,

Бола алмадым сенің жарың [42, 284].

Абай махаббат деген сезімнің сырғып, аңғартпай өтіп кеткен соң «аһ» ұрғызатын киелі қасиетін өлеңге арқау еткен. Махаббаттың зары, өкініші, оның қайғысы, сүйген жанның қосыла алмағаны, алсүймегенгежарболып бараалмайтыны жөніндеайтылады.

121

М. Әуезовтің «Сөніп-жану» әңгімесін оқып отырғанда, Сыздықтың басындағы жайттарға Абайдың ғашықтық, құмарлық жайлы толғаған ойы дәлме-дәл келетін сияқты. Мәселен:

Ғашықтық, құмарлық пен – ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол.

Көңілімнің рақаты сен болған соң, Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып. Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,

Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып [42, 147].

Абай ұғымынша, ғашықтық пен құмарлық – екеуі екі нәрсе, екі жол. Ақын ғашықтық сезім мен көрсеқызар құмарлықтың ара жігін ажыратып береді. Жақсы көргеннің бәрі ғашықтық емес. Ғашықтықты ерекше жоғары сезім деп түсіндіреді. Ғашықтық келсе, бойыңды жеңіп алатынын айтады. Ғашық адамды ауру адамға теңейді. Шын ғашықтың айтатын сөзі: «Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, мен не болсам болайын, сен аман бол», – деп бұл сезімді аса жоғары бағалайды.

Адам баласының бойындағы осы сезімдерге арналған Абай өлеңіндегі көтерілген мәселе М. Әуезовтің «Сөніп-жану» әңгімесінде де кейіпкердің ішкі психологиясы арқылы көркемдік шеберлікпен өрнегін тапқан. Мәселен: «Таңертең тысқа шыққанда қалыңдығы турасынан қандай ойға байланғанын күйеудің өзі де анық білген жоқ еді. Неше түсті көмескілеу сезімдер көңілінен елестеп өтсе де, өз бойынан анық білген нәрсесі – қалыңдығына құмар болып сүйетін, ғашық болғандай болып елжірейтін түрдің жоқтығын байқады. Оның ойынша, «ғашықтық» дегенді бұл турада ауызға алуға болмайды. Себебі ол сезім көп уақыт ынтық болып жүргенде, қол жеткізбейтін бөгет көп болғанда, әйел жағынан бірде үмітті жылы жауап естісе, бірде тәкаббар, салқын жауап естіп жүрсе, сондай кездерде көп сынның артынан туады» [112, 160].

122

М. Әуезов Абай сияқты әңгімеде ғашықтық сезімді бәрінен жоғары қояды. Жазушы әңгімеде ғашықтық пен құмарлық сезімдерге Сыздықтың ойы арқылы түсініктеме береді. Өкінішке орай, Сыздықтың Жәмилаға деген ғашықтық, құмарлық сезімінің сөніп қалғаны баяндала келіп, әңгіменің соңында Сыздықтың махаббатының қайта жанғаны туралы былай делінеді: «Сыздық бұл әйелмен бір жолдасы бастық болып отырған мекемеде таныс болып, алғашқы көрген жерде құмарлықпен ұнатып еді» [108, 166]. М. Әуезов әңгімесіндегі ғашықтық пен құмарлық сезімдері ұғымдарының түп негізі Абайдың бір кездерде жазған «ғашықтық», «құмарлық» туралы толғаған ойларымен сабақтасып жатқанын аңғардық.

М. Әуезовтің өте көркем, тартымды жазылған «Кім кінәлі?» әңгімесінде: «...Ғазизаның да жүрегі елжіреп босай бастады. Асау сезімі есінен тандырып, бір суынып, бір күйінген, жас жігіт айтар сөзі таусылып, Ғазизаның жұмсақ денесін қатты қысып, қайтақайта сүйе берді. Ғазиза да жабысып құшақтап, досының дуылдаған қызулы бетінен, дірілдеген ыстық ернінен ұзақ-ұзақ сүйді...» [107, 293]. Абайдың «Қызарып, сұрланып» өлеңіндегі мына шумақтағы сезім сиқырын шертетін сөздерге үндес келеді.

...Дем алыс ісініп, Саусағы суынып, Белгісіз қысылып, Пішіні құбылып.

...Жүрегі елжіреп, Буындар босанып, Рахатпен әлсіреп, Көзіне жас алып [42, 148].

«Кім кінәлі?» әңгімесінде бас кейіпкер Ғазиза мен Ісләмнің арасындағы махаббат күйі баяндалады. Жазушы әңгімеде олардың армандарына жете алмай, шиеленіскен оқиға үстінде күйінішті трагедиялық жағдайға ұшыраған халдерін шындықпен көрсетеді. Екі жастың сүйіспеншілігін мына үзіндіден көруге болады: «Ғазиза қарсы алдында жантайып жатқан Ісләмнің шашын қолымен сипап қайырып:

Ол күн келмеске кеткен емес пе? Абайдың өлеңінде бар емес пе? «Жас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға

123

алыс» деген сияқты әлін білмеген жас көңіл қызыққа жетем деп ойлаған шығар» [107, 291]. Ғазизаның басындағы оқиға мен Татьянаның махаббатының ортақ тілектен туғандығын білдіріп, жазушы Абайдың Пушкиннен аударған «Татьянаның хаты» өлеңінен мысал келтіреді. Абайдың «Татьяна-Онегин» аудармасы арқылы қазақ сахарасындағы көптеген мұңлық қыздарға үлгі болған Татьянаны М. Әуезов Ғазизаның басындағы оқиғасына ұқсас екендігін түсіндірмек мақсатпен өлеңнің осы сөздерін қолданады. Абайдың «Татьянаның хаты» өлеңінің бар мазмұнын ашып тұрған қуатты жолдар – «Жас жүрек жайып саусағын, талпынған шығар айға алыс». Бұндай сөзді Абайға дейін кездестіргеніміз жоқ, ақынның өзіне ғана тән поэтикалық шеберлігін танытады.

Жазушы әңгіменің бас кейіпкері Ғазизаның мүсінін сипаттағанда, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сұлу қыздар портретін еске түсіреді. Әсіресе Тоғжан кескінін сомдағанда М. Әуезовтің Абайдың сұлу қыздардың портретін айшықтап жазған өлеңдеріне сүйенгенін білеміз. Сол сияқты «Кім кінәлі?» әңгімесіндегі Ғазизаның портретіне үңілсек: «Аз ғана уақыт өткен соң есік жаққа көзін салып отырған Ісләмнің құлағына ақырын сылдырлап келе жатқан шолпы даусы естіліп, біраздан соң үйге Ғазиза кірді. ...Сәнді киімі Ғазиза кіргенде, үйдің ішіне айрықша көрік, жарастық белгісі бірге кіргендей болды. Жастар бірінебірі қысылып қарап, ақырын амандасқанда Ғазизаның ақшыл беті дуылдап қызарып кетті» [107, 287]. Жазушы Ғазиза көркіне ерекше сән беретін сылдырлаған шолпысы, қос етек ақ көйлегі, қара камзолы, оқалы тақиясын түрлі бояумен нақтылы бейнелеп, қыздың кескін-келбетіндегі құбылыстарды шеберлікпен даралап кестелейді.

Абайдың «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде:

Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін [42, 89].

Сондай-ақ әңгімеде: «Екі жылдан бері қарай жаңа ғана көрген Ісләмға Ғазизаның түсі бұрынғысынан әлденеше рет сұлу

124

болып, үйдің ішіндегі ала көлеңкелеу сәулемен ақшыл жүзі өзгеше нұрланғандай көрінді» [107, 287]. Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінде:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды [42, 14].

Екі үзіндіге де көз жіберсек, қыздың бет пішіні, ақшыл жүзі, қара көзі нұрға бөленгені суреттеледі. Қыздың жүріс-тұрысы, сылдырлаған шолпысы, сәнді киімі сияқты Абай өлеңіндегі бар суреттемелер Әуезовтің әңгімесіндегі Ғазиза портретінде қайталанып, одан сайын ажарлана түскен.

М. Әуезов кейіпкерлер портретін мүсіндеудің ғана шебері емес, сонымен бірге шығармада әңгімелеп отырған тұлпар аттың, көкжал қасқырдың да түр-тұлғасын сомдаудың қас суреткері болып танылады. Жазушының «Көксерек» повесі қазақ әдебиеті үшін мүлде соны, ғажайып жаңашыл құбылыс болды. Әлемге әйгілі «Көксерек» повесінде жазушы Көксеректің күшік кезінен арлан болып өскенге дейінгі бой-тұлғасын оқырманға кезең-кезеңмен дәлдеп нақты табиғи түрде суреттеп береді. Мысалы «Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес» [107, 259]. Бұл – алғаш күшікті ауылға әкеліп, үйге үйретіп асырай бастағаннан кейінгі кезіндегі түрі.

Көксеректің күшік кезіндегі түрі мен көк шолақ қасқыр болып келе жатқандағы кескінін, одан кейінгі арлан болып өскендегі тұлғасын жазушы аңшыларға тән білгірлікпен таныстыра бастайды. «Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қылаңдап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп, семіріп кетті» [107, 264]. Әр мезгіл Көксеректің әрекетін әңгімелер кезде, жазушы оның түр-тұлғасына сипаттама беріп, алдыда күтіп тұрған оқиғаға оқырманын іштей дайындайды.

Ешкімге бой алдырмай жүрген Көксеректің ізіне Қасен аңшы қасқыр алатын ит Аққасқаны салады ғой. Әңгімеде Аққасқаның жаратылыс бітімі, түр-тұлғасы, аяқтарының жуан сомдығы ше-берлікпен мүсінделеді. Жазушы қасқыр алып жүрген

125

итті Көксеректен де зор қуатты әрі әсерлі кескіндемелер арқылы суреткерлікпен оқырманға таныстырады. Мәселен: «Екі шекесі «торсықтай» деп аңыз ғыларлық. Бұның да жотасы күлдіреуіштей. Құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып, күдірленіп, дүңкиіп тұрады. Оның үстіне, шеке мен мойын тұп-тұтас болып келіп, шеңбер төске қосылған. Алдыңғы жағы арыстан бейнесіне ұқсайды» [107, 277]. Осы үзіндіден Абайдың аттың сынын беретін «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіндегі тіркестерді ұшыратамыз. М. Әуезов Абайдың аттың сынын алып иттің мүсінін сипаттауға қолданды деген ойдан аулақпыз. Повесте жазушы Аққасқаны бейнелегенде «құйрықтан ауыз омыртқаға шейін дөң сияқтанып» деген Абайдың аттың сынына арналған өлеңіндегі тіркестерді жоғарыда айтқанымыздай дағдылы тәсілмен қолданады. Ал Абай өлеңінде аттың сыны былай берілген:

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

...Қабырғалы, жоталы, болса күшті [42, 38].

Көшпелі күйде тірлік еткен ақын аттың бағасын өзгеше түсінеді. Мұнда ақын қолмен қойғандай, барлық сыны сырт сымбатынан көрінетін аттың кекілі, құлағынан бастап түгел мүшесін толық баяндап шығады. Бәйге аттың мүсінін сынап санауда Абай үлкен білімділік, байқағыштық танытады. Ол әрі шебер ақын болудың үстіне, аса білгір саятшы, атбегі сыншы болып шығады. Абайдың саятшылық өнерін танытатын аса шебер тілмен жазылған «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты өлеңіндегі:

Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда, [42, 9] –

деген жолдағы сөздер «Көксерек» повесінде кездеседі. Баулып әкелген иесі Аққасқаны Көксеректі ұстауға әзірлеп, тау басында күтіп отыр. Осы сәтті жазушы былай бейнелейді: «Тыныштыққа бой ұрып, жатуды ойлап тұрған жоқ. Күтіп отыр. Биіктен томағасын тартқан қырандай ізденіп, бағып отыр» [107, 279]. Үзіндідегі «биіктен томағасын тартқан қырандай» деген тіркес Абайдың саятшылықөнергеарнапжазған өлеңіндегі ақын сөзін қайталайды.

126

«Жыртқыштық – тура ұғым. Хас жыртқыштың жан сезімі (адамға айналып кетпей) дәл бейнелеуі үлкен сын жазушыға. Ғылымға тірелді. «Көксеректі» қазбалай түссең, оның көркемдігінен өнер мен ғылым алдыңнан кеңістік ашатындай. Мұхаңды Абай арманы, Абай шамшырағы демей, не дейсің. Абайды өзі ілгерілеу арқылы тірілтті: Ендеше, Парасат – жеңіл сөз емес», – деген ғалым Кәрібаеваның сөзінен М. Әуезов туындыларының көркемдік кеңістігінен Абай мұрасының іздері көрінетінін анықтай түсеміз [113, 8].

Сонымен қорыта келгенде, М. Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен Абайдың сөз өрнектерін табуға болады. Демек, екі ғұламаның сөздік үйірінің ұқсас жақтарына көзіміз жетеді. М. Әуезовтің прозалық туындыларында Абайдың ақындық сөз кестелері кездеседі. Абай поэзиясындағы ақындық тіл Әуезов прозасында түрленіп, жаңарып қолданысқа түсіп, табиғи үйлесімдік табады.

1.5. Азаматтық сарынның «Қилы заман», «Қараш-Қараш оқиғасы» повестеріндегі көрінісі

Мұхтар Әуезовтің шығармашылық жолына көз жүгіртсек, оның қозғамай, жазбай кеткен тақырыбы жоқтың қасы. Соның ішінде халықтың тарихи тағдырын көрсететін қазақ топырағында болған азаттық, тәуелсіздік жолындағы екі көтеріліске М. Әуезов ерекше мұқиятпен қарады. Кенесары туралы шындық деректерге сүйеніп «Хан Кене» пьесасын, ал 1916 жылы ұлтазаттық көтеріліс жайында «Қилы заман» повесі мен «Түнгі сарын» пьесасын жазды.

«Публицистикалық мақалаларында, әңгімелерінде, повестерінде, пьесаларында революциядан бұрынғы қазақ өмірінің сан алуан сферасын реалистікпен бейнелеп келген Мұхтардың зор тарихи әлеуметтік маңызы бар 1916 жылғы көтеріліс тақырыбына бой ұрып, оны көлемді прозалық туындысына арқау етуі отаршылдыққа қарсылық, тәуелсіздік идеясын көтеруі, сом бейнелер жасауы, жазушының шығармашылық ғұмырындағы ілгерілеуі, жаңа сатыға басқаны еді» [5, 100-101].

127

«Қилы заман» повесі жеке кітап ретінде жарияланғаннан кейін оған жазушының көзі тірісінде өзі де қайта оралған жоқ, сол кездегі әдеби жұртшылық та дұрыс бағасын бере алмады. Біреулер «Қилы заманнан» ұлтшылдық сарындар, сыңаржақ, теріс бағытты іздесе, екінші топқа жататындар шығарманы әлі көтеріле алмаған туынды санап, таяздық білдірді. Осы шығармалары үшін жазушыға ең алғаш байшыл, ұлтшыл деген айыптар тағылып, ...» Қараш-Қараш оқиғасы» мен «Қилы заман» повесі оның творчестволық өмірбаянындағы кездейсоқ және қате ықпалмен жазылған шығарма ретінде терістелді» [114, 213].

Бұл туындылары арқылы көптеген мәселелердің өзегін ашып, өзінің көрегендігі мен кемеңгерлігін, заманның қуғынсүргініне қарамастан батылдығын танытты. Осы шығармалары үшін өз басының қауіп-қатерге төнген кездері де болды. «Қилы заман» М. Әуезовтің күрделі жанрға алғашқы қадамы ғана емес, шығармашылығының бастауында тұрса да, суреткердің талантын, гуманистік поэзиясы мен адами қасиеттерін, терең философиясын, азаматтық ерлігін көрсететін ірі шығарма», – деп профессор Зинол-Ғабден Бисенғали жазушы талантына жоғары баға береді [115, 44]. Мұхтар Әуезовті заманымыздың заңғар жазушысы ғана емес, халқымыздың өткен тарихын зерттеп, оқырманмен қауыштырған аса білгір тарихшы ретінде де бағалау керек. «Осы шығарманы дүниеге келтірген отыз жасар Мұхтар Әуезовтің ұлттық ой-санасының кемелдігі, қазақтың мәселені адамзаттық өреде, әлемдік масштабта толғаған парасаты кімді болса да таң қалдырғандай», – деген Ә. Кекілбаевтің сөзі жазушы- ныңой-дүниесініңжан-жақты тереңдігінашыпбереді [116, 585].

Шығармада патша өкіметінің қазақ даласына жүргізіп келген саясаты көрсетіліп, қазақ халқының патшаның өктемдігіне қарсы әрекеті, көтерілістің шығу тарихы шынайы суреттелген. Осынау қилы кезеңді жазушы көркемдік шындықпен дәл беріп отыр. Оны шығармадағы мына бір мысал арқылы дәлелдеуге болады. Абақтыда жатқан Жәмеңке ел атынан былай деп сөйлейді: «Ел: ұлық бізге әділетсіздік қылды. Жерімізді, суымызды алып, өзімізді шөлге тастап қамап, тауға қуып шығып отыр. ...Абақтыға алады. Жазалайды. Өзімізді ренжітсе, өзіміздің арызымызды тыңдамаса, сөйлетпесе, ол ұлықты жақсы ұлық деп қайдан айтамыз? Оның айтқанын қалай істейміз? – дейді» [107, 106].

128

Бұл – ащы да болса шындық. Жылдар бойы халықтың көрген азабы – осы. Отаршылардың жасаған зорлықтарын, жерінсуын тартып алып отырған қорлық әрекеттерін Жәмеңке ұлықтың бетіне айтады. Жазушы елдің басынан кешіп отырған мұндай сұмдық оқиғаларын біліп, сорлы күйін терең түсінеді.

«Қилы заман» повесіне алғысөз жазған Шыңғыс Айтматов өте әділ пікір айтып, шығармаға жоғары баға берді. Онда былай делінген: «... патшаның отаршылық саясатының безбүйрек қаталдығы мен айуандығын соншалықты ашына әшкерелеген, көшпенді халықтың өзіне жат патшалық әкімшілік жүйесін қабылдамауының табиғатын мол мысалымен ала отырып соншалық тереңдікпен ашып берген, сорына қарай көтеріліске шығып, сонысы үшін қан жоса қырғынға ұшырап, туып-өскен жерінен қуылған қарапайым халықтың қасірет-қайғысын ет жүрегі езіле отырып айтып берген мұндай шығарманы мен шығыс әдебиеттерінен сирек кездестірдім» [107, 6]. Жиырмасыншы жылдары жазылып, бірақ қырық бес жылдан соң жарияланған 1979 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Қилы заман» повесіне кеңестік әкімшіл-әміршіл заманда Ш. Айтматовқаймықпастан батылпікірайтты.

«1916 жыл ел басына қайғы-қасірет, ауыр тауқымет түсірді. Қаншама уақыт бойы Ресей империясының боданында болған қазақ елі шұрайлы да құнарлы жерлерінен ығысып, кіндік қаны тамған туған мекендерінен айырылды. Ресейдің түкпір-түкпірі- нен, Сібір өлкелерінен келіп қоныстанушылар күн санап арта түсті. Оларға ең жақсы деген жерлер мен құрал-жабдықтар берілді. Казак отрядтары келіп қамалдар салды, бекіністер тұрғызды. Мұның барлығы Ресей патшалығының отаршылдық саясатын күшейту жолындағы іс-әрекеттер болса, ал кең далаға иелік еткен қазақ халқы үшін қатер болатын» [117, 47].

«Қилы заман» – қандықол отаршыл империяның қорлығына көнбей, басын оққа байлаған азатшыл ел туралы реквием. Езгіде отырса да ездік жасамай, өз намысын өзі жыртқан өршіл жұртқа деген мадақ дастан. Зорлықшыл саясатты жеріне жеткізе әшкерелеп, оған қарсы бас көтеріп, аяусыз қырғын тапқан қайсар елдің қайғы-қасіретін ет жүрегі езіле шерткен азаматтық сыр. Қазақ деген жұрттың үмітсіз күрестегі ерлігі мен өрлігін шексіз махаббатпен үздіге жырлаған мұндай туындының қадірі мен қасиеті барған сайын биіктей бермек» [116, 585]. Бостандық туын

129

алғаш көтерген қарапайым көшпелі халықты жазықсыз қанға бояған патша озбырлықтары «Қилы заманда» өз атымен аталған, өз сипатын тапқан. Көшпелі халықтың арасында отаршылдыққа, езіп-жаншуға төзе алмайтын әділет туын ұстаған күрескерлер бар екені сәтті бейнеленген.

Туған елінің мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған, зарын зарлаған Мұхтардың «Қилы заман» повесін оқып отырғанда, рухани әкесі Абайдың шерге толы өлеңдері еске түседі. Жазушының шалқыған бай тілінен Абай поэзиясындағы сөздік қордың тізбегін кездестіруге болады.

Елі, жері үшін қолына қару алып шыққан азамат ерлердің күрескерлік бейнесі шығармада шынайы суреттелген. Повестің барлық өн бойында Абайдың халықтың тағдыры жөнінде толғайтын «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деген өлеңінің мотиві естіліп тұрғандай әсер береді. Ақынның өзі өмір сүрген ортаны, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, ел-жұрттың бейнесін асқан көркемдік шеберлікпен суреттейтін өлеңін М. Әуезов шығармада халық мүддесі тұрғысынан түпкі идея мақсатында қолданып, берік ұстағанға ұқсайды.

«Қилы заман» повесінде ел үшін озбырлыққа қарсы кеудесін тосқан, белді бекем буып күрес жолына түскен ерлер: Жәмеңке ақсақал, Ұзақ батыр, Әубәкір болыс, т. бейнелер тарихи тұлға ретінде сипатталған. Бұлар – қазақ елінің басына күн туған қиын кезеңде қайрат көрсеткен ел ағалары. Шығармадағы әр қаһарманның сөзі тұрлаулы ойлылыққа құрылған шешендігімен ерекшеленеді. Абайдыңқалың елдегенсөзін жазушы бірнешежерде өзгертпей тура қолданады, сондай-ақ мағынасын сақтап әртүрлі сипатта келтіріп, оған қоғамдық мән туғызады. Абайдың қалың елінің атынан сөйлейтін сөзі «Қилы заманда» да жиі кездеседі. Мәселен:

– Көнемін, бойсұнамын десе, ақылдасудың не керегі бар? Елдің сіздерге сөзін бергендегі іздегені де қалың елдің елдігін көрсететін бір жол тапсын дегені ғой. Екі қария, екеуіңнің сөзің де қалың көптің тілегіне, ыңғайына үйлескен сөз болды [107, 31]. Ұзақтың сөзінен қалың елдің, көпшіліктің мүддесін қорғайтын ниеті, бірігіп бір жол табуды көздегені естіледі. Алды-артын өрт шалған қазақ халқына бірігуді айтады. Серікбай сияқты батырларға ой салып, күреске шақырады. Ұзақ батыр патша

130

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]