Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
06.04.2021
Размер:
69.62 Кб
Скачать

Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамытудағы балалармен қарым – қатынас ережесі

  1. Балаларға рұқсат етілген тәртіп шекарасын анықтап алып, оларды тәрбиелеу үшін шығармашылық көзқарасты сақтаңыз.

  • Олардың әдеттен тыс физикалық қуаттарын шығарыңыз. Бұл қажеттілікті кез келген жағдаятта: мысалы, сабақ уақытында, тәртіп ережесін үйретуде, тапсырмаларды орындауда ескеріңіз.

  • Балаға өздігінен шекара қоюға мұрсат беріңіз. Баланың неге қабілетті екенін білгенде, сіздің бойыңызда көңіл сүйсінерлік таңқалыс пайда болады.

  1. Балаға ересек адам сияқты және өзіңіздің құрдасыңыздай қараңыз, бірақ оларға ересектердің міндетін жүктемеңіз.

  • Балаға нақты түсінік беріңіз, сондай – ақ түрлі сұрақтарға байланысты шешім қабылдауда өзінің пікірін айту құқығын беріңіз, сонымен қатар, таңдауға бірнеше мүмкіндіктер жасаңыз.

  • Балаларға бұйрық райда сөйлемеңіз.

  • Балаларға өз ата – анаңыз немесе жақын досыңызға көрсететін құрметтен кем болмайтындай сыйласымдылық көрсетіңіз.

  1. Егер сіз балаға оны жақсы көретініңізді айтып, шынайы сүйіспеншілік көрсету арқылы баланың танымдық қызығушылығын арттыра аласыз.

  2. Баламен сөйлесу – бір уақыттағы күрделі еңбек екенін естен шығармаңыз.

  • Өсіп келе жатқан бала шапшаң әрі сезімтал болады. Ол кез келген қулықты біліп қояды. Онымен қулық жасауды мүлдем ойламаңыз.

  • Балалардың өзара сөйлесуін үнемі бақылауда ұстауға әдеттеніңіз, себебі олардан көп нәрсені күтуге болады.

  • Балалар әрбір затқа немесе құбылысқа қызығушылықпен қарайды, сондықтан олар әртүрлі іс – әрекеттерге баруы мүмкін. Балаларға барынша сақ болған жөн!

Қосымша 2

Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне сай табиғатты бақылауына арналған бағдарлама

І. К Ү З

Бағдарлама мазмұны:

Балаларды күзгі табиғат өзгерістерін бақылауға үйрету күннің суытуы, жаңбыр, жел, жапырақтардың түсуі; күзде гүлдейтін гүлдерді георгин, «алтын шар», календула немесе тырнақ гүл, күзде пісетін жеміс жидектерді,түсіп жатқан жапырақтар қандай ағаштікі екенін танытып, дұрыс атауға үйрету. Күзгі табиғатқадеген қызығушылықтарын оятып, оны аялауға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ауа райын бақылау. Күнделікті серуен кезінде ауа райы жағдайына балалардың назарын аудару: суық па, жылы ма? жел ме, тынық па? аспанның түсі қандай? Жауын – шашын болса оның түріне тоқталу. Желдің бағытын бақылау үшін зырылдауық алып шығу. Табиғаттағы кейбір байланыстарды түсіндіру, мысалы:жер неге су? себебі – жаңбыр, ал күн шықса жер кебеді..

Ағаштарды бақылау. Күзде ағаштардың әдемілігіне назар аудару, жазда бұл ағаштың жапырақтары қандай еді? қазір қандай? Жапырақ жауған кезде олардың қайдан? Қайда? құлап жатқанын сұрау. Тәрбиеші әдемі жапырақ тауып алуды ұсынады, бәрінің жапырақтарын салыстыру, не нәрсеге ұқсайды? ең әдемісін топ бөлмесіне алып кіру. Түскен жапырақтар қалың болған жағдайда тәрбиеші балалармен бірге жүріп, аяқ астындағы жапырақтардың сыбдырын тыңдатып, себебін бірге іздейді.Топта сурет сабағында сол жапырақтарды салғызуға болады.

Гүлзарларды бақылау. Тәрбиеші гүлдердің атауларын айтқызып, кейбір гүлдерді ұқыпты үзіп, құрылысына, түсіне не нәрсеге ұқсайтынына назар аударады, балаларға иіскетеді. Кішігірім гүлдесте жасауға болады.

Серуенге шыққанда күзгі ауа райына сай киіну.

ІІ. Қ Ы С

Бағдарлама мазмұны:

Балаларды қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру. Қардың жаууы, аяз, қар мен мұздың қасиеттерімен таныстыру. Қыс кезіндегі ағаштардың бейнесіне назар аударту. Қысқы пейзаж туралы түсінік беру. Ауылымызда қыстайтын құстарды танытып, дұрыс атауға үйрету. Қысқы ауа райы мен адамдардың еңбегінің байланысын түсіндіру.

Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру. Күнделікті серуен кезінде балалар табиғатты бақылауды жалғастыра береді;ауа райына сай киінудің қажеттілігін түсінеді.

Бақылау жүргізу. «Қардың жаууы» қар қалай жауып тұр? баяу ма немесе тез бе? қар қайда түседі? Тәрбиеші қардың қарлы бұлттардан жауатынын түсіндіріп, әркез серуенде қар басқан бұталар мен ағаштардың сұлулығына назарларын аударуы керек, қар туралы тақпақ немесе қысқа әңгіме айтуға болады.

Ағаштарды бақылау. Ортаңғы топ балаларының санасында қысқы ағаштар бейнесі туралы салыстырмалы түсінік қалыптастыру үшін бір серуен кезінде жалаңаш ағашты, келесі серуен кезінде түгелдей қар басқан ағаштарды бақылату тиімді. Сұрақтар: ағаштың діңі қандай? жоғарғы жағы мен төмен жағын салытыру; жапырақтары қайда кеткен? Қане, көктемде бұл ағашымызға көп жапырақ шығу үшін қардан көрпе жабайық, тоңбасын деп топтық жұмысқа бейімдеу.

Құстармен таныстыру. Балалардың бойында құстарға деген қамқорлық, аяушылық сезімдерін оятып, тәрбиелеу үшін үнемі жемсалғыштарға жем салып, серуенге шыққан кезде қонған құстарды бақылату. Қонған торғай, қарға, сауысқандарды сырттай көлемі, сырт пішіні және дыбыстауы бойынша салыстыруға үйрету.

ІІІ. К Ө К Т Е М

Бағдарлама мазмұны:

Табиғаттағы көктемгі құбылыстармен балаларды таныстыру,көктемгі табиғат өзгерістері туралы білімдерін нақтылау және тереңдету. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді өзара байланыстыру күн қатты қыздыра бастады, қар еріді.

Өлі табиғаттағы өзгерістер. Наурыз айының ортасынан былай күн ұзарып, түн қысқарады.талтүсте күн неғұрлым биікке көтеріліп, сәулесі жерді қыздыра бастайды. Қар еруін бастайды. Сәуір айында еріген қарлар суға айналып, мұздар ери бастайды. Мамыр айының басында алғашқы рет күн күркірейді. Тәрбиеші серуен кезінде «Қар қайда кеткен?» деген сұраққа балалармен бірге жауап іздейді.

Ағаштардың оянуы. Сәуір айында қар құрсауынан босаған ағаштар бүр жарып, жапырақ жая бастайды. Қайың мен мойылды бақылауға болады. Мамыр айында үйеңкі, акация, емен мен жөке ағаштары бүр жарады. Нағыз көктем — мамырдың соңында жидектер гүлдеуі.

ІV. Ж А З

Бағдарлама мазмұны:

Балаларды жаз маусымының ерекшеліктерін бақылауға және олардың өзара байланыстарын орната білуге үйрету. Күн шақырайып тұр – сондықтан ауа ысып кетті, жаңбырдан соң шөп тез өседі; қарапайым қорытындылар жасауға үйрету. алма, алмұрт-жеміс, сәбіз, қияр – көкөніс; жан-жануарлардың тіршілігіне жылу, жарық, ылғалдың қажеттілігін түсінуге жетелеу. Табиғат сұлулығын көре білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру. Серуен кезінде тәрбиеші балаларға табиғатты бақылатуды, күн, жел, жауын-шашынға назар аударуын жалғастырады. Ыстық кезде қалай киіну керектігіне назар аударады.

Тірі табиғаттағы өзгерістермен таныстыру. Жаздың басында гүлдер көп өсетін алаңқайларға бірнеше топсеруен ұйымдастыру, биік шөп арасынан әдемі гүлдерге назарларын аудару. Тәрбиеші 1-2 гүл үзіп алып, олардың құрылысына, түсіне назарларын аударып, қысқа көлемді өлең оқуына болады. Бақбақ гүліне назар аудару: «Балалар, қараңдаршы өткен жолы келгенде аппақ үлпілдеген шар нді, енді міне әдемі сары гүлге айналыпты» - деп қызықтыру гүлден гүлге онып жүрген көбелектердің әрекеттерін түсіндіру, ұшқан кезде қанаттарын жайып, қонғанда жинайды екен.

35