Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс орал.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
27.11.2019
Размер:
126.98 Кб
Скачать

2.4. Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы - салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктың салысты рмалы жағдайындағы шығарылған өнімді сатудан алынған косымша пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем. Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге, барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған контракттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Салықтық кодекске сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25%на тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке дсонтракт бойынша жер койнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объекті болып табылады. Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша корпоративтік табыссалығы жер койнауын пайдалануға арналған әрбір жеке контракт бойынша контракттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлеменің және көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ Салықтық кодекске сәйкес ауыстырылатын жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша залалдар сомасына азайтылған, салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған осындай контракт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде салық заңнамасында белгіленген бейрезиденттің тұракты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектінің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Салық кезенінде үстеме пайда салығын есептеу Кодексте белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына коса отырып, үстеме пайда салығын салу объектінің әрбір бөлігіне колдану арқылы жүргізіледі. Таза табыс салық салынатын табыс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері өзгермелі шэкілі бойынша - 0%-дан 60%-ға дейін белгіленген (25%-дан кем емес немесе соған теңнен 70%дан жоғарыға дейін, барлығы 7 мөлшерлеме). Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Үстеме пайда салығы үшін 1 каңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. 

2.5.Өнімді бөлу бойынша қр үлесі

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының улесі тараптардың келісімімен анықталады, бұл келісімге сәйкес жер койнауын пайдаланушыға ақылы негізде белгілі бір мерзімде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізуге контракт аумағында құқық берілді. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер өнімді бөлу туралы контракттар жасаскан жер койнауын пайдаланушылар болып табылады. Өнімді бөлу бойынша үлес ақшалай немесе натуралдық нысандарда төленуі мүмкін. Өнімді бөлу бойынша үлес корпоративтік табыс салығын есептеу үшін жылдық жиынтық табысты анықтаған кезде шегеріледі. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің мағлұмдамасы жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етіледі. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі Қазақстан Республикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлуге жататын пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады (жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі шегеріледі). Пайда түсіретін өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесі төмендегі үш триггерлерге сәйкес келетін пайыздық мәнінің ең азы ретінде анықталады:

  1. R-фактор (табыстылық көрсеткілері) жер қойнауын пайдаланушының жоба бойынша кордаланған табыстарының қордаланған шығыстарға қатынасы;

  2. мердігер рентабелділігінің ішкі нормасы (РІН)нақты таза дисконтдисконтталынған табыс өзінің нөлдік мәніне жететін дисконттау мөлшерлемесі;

  3. Р-фактор (бага коэффициенті) - есеп кезеңіндегі жер қойнауын пайдаланушы табысының өндіру көлеміке катынасы.

Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жузеге асыратын жер қойнауын пайдалануіиының қосымша төлемін өнімді бөлу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушының косымша төлемін есептеудің тәртібі салық заңнамасында белгіленген. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушының қосымша төлем бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Өнімді бөлу туралы контракт бойынша кызметін жүзеге асыратын жер койнауын пайдаланушынын косымша төлемі мағлұмдаманы тапсыру мерзімі болғаннан кейін 15 күннен кешіктірілмей төленеді