Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИБ -КЕШЕН.doc -2.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
468.99 Кб
Скачать

Тіл туралы заң

1989 жылы тілдер туралы Заң қабылданып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алды. Бұл 1993 жылғы Конституцияда бекітілді. 1990 жылдан бері қазақ тілі заңды түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңы 1997 жылдың 11-шілдесінде шықты.

Тіл туралы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2.Мына сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрастырыңыз: қатынастар, ұйымдастырушылық, міндетті, құқықтық, өкілді, атқарушы, дамыту, топтастыру, қабылдау.

4. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

5.Мәтіннен туынды және негізгі сын есімдерді теріп жазыңыз. Туынды сын есім тудырушы жұрнақтарды көрсетіңіз.

6. Мәтіндегі сан есімдерді құрамына, мағыналық түріне қарай талдаңыз.

7. Мына мақалдарды аударып, жаттап алыңыздар.

  • Өнер алды - қызыл тіл.

  • Сәлем - сөздің анасы.

  • Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын.

  • Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл,

  • Ең жұмсақ та - тіл,

Ең қатты да - тіл.

ТІЛ - ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ

Қыркүйектің 22-сі Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесі күні болып жариялануы - аса маңызды гуманистік қадам. Бұл, ең алдымен, тілге, сол арқылы мәдениет пен өнерге қоғам мен мемлекеттің көрсеткен құрметі.

Тіл - адамдар қатынасының аса маңызды құралы. Адам өз ойын екінші біреуге тіл арқылы, яғни сөзбен айтып жеткізеді. Осындай аса маңызды қатынас құралын дұрыс пайдалану, яғни дұрыс сөйлей білу - үлкен өнер. Адамның білімділігі, мәдениеттілігі оның сөйлеген сөзінен көрініп тұрады. Кісінің абыройлы, беделді болуы да оның дұрыс сөйлей білуіне байланысты.

Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын өзгеше құрал. Тілі жоқтың күні жоқ, келешегі жоқ. Мұны ешбір ел, ешбір халық қаламайды. Халықтың жаны - тіл.

Тіл жылдан-жылға дамып, жетіле береді де, оның сөздік қоры молая түседі. Сөйлеген сөзіміз әдемі, тартымды әрі көркем болу үшін, біз әдеби кітаптарды, яғни көркем әдебиет пен прозалық шығармаларды, поэзиялық шығармаларды көп оқуымыз керек. Сонда ғана сөйлеу мәнеріміз, тіл мәдениетіміз жоғарылайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

а) Тіл мерекесі қашан атап өтіледі?

ә) Адам өз ойын не арқылы жеткізеді?

б) Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді?

в) Халықтың жаны не?

г) Адамның беделді болуы неге байланысты?

3. Мәтіннен шылау сөздерді теріп жазыңыз.

4. Мәтіннен синоним сөздерді тауып, аударыңыз.

5. Берілген сөздерден сын есімнің шырайларын жасаңыз, дәптерге жазыңыз:

мағызды, үлкен, әдемі, тартымды, көркем, өзгеше.

6. Сөйлемдерден есімдіктерді теріп жазып, мағыналық түрін көрсетіңіз. Сөйлем құраңыз.

7. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөз тіркесін жасаңыз.

8. Тіл, ұлт, мәдениет, мемлекет, адам, халық сөздерін септеңіз.

9. Мына сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз: маңызды іс, тіл мерекесі, өз ойы, үлкен өнер, сөздік қоры, қатынас құралы, дұрыс сөйлеу, тіл мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Хасен М.Ә., Шабденова Қ.Ж., Байпелова Г.С., Нұргожина Г.М. Қазақ тілі.

ЭОҚ.ҚарМТУ, 2006

3. Нұрғожина Г.М., Хасен М.Ә., Хамзина Қ.М. Суретті қазақ тілі. Оқу құралы.

Қарағанды: ҚарМТУ, 2006.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 13, 16, 18]

1. «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбына шығарма.

2. «Тіл туралы Заң» конспект.

3. «Тіл – қатынас құралы» шығарма.

2-тақырып Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс. Қол өнер. Қазақ тіліндегі жалғау түрлері: көптік, жіктік, тәуелдік, септік. Жай және тәуелді септеу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Жай сөйлем туралы айтып өту.

2. Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс. Қол өнер тақырыптарына сұрақтар қою.

3. Грамматика бойынша 2-3 сөзді жіктету, тәуелдету, септету.