Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе................docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
35.93 Кб
Скачать

2.Сот сараптамасының құзіреті мен өкілеттілігі

Сарапшының ұсынған корытындысын оқып-зерттеу кезінде, сот сараптамасы органының басшысы корытындының жеткілікті түрде негізделмегенін, сараптаманы жүргізу мен онын нәтижелерін ресімдеу кезде әдістемелік және іс жүргізу бұзушылықтарын анықтаған немесе корытындының дұрыстығына күмән келтірген жағдайларда, ол тиісті өзгертулер енгізу үшін корытындыны сарапшыға кайтаруга құқылы.

Егер сарапшы өз зерттеуінің және оның нәтижелерінің дұрыстығына сенімді болса, сот сараптамасы органының басшы­сы алғашқы зерттеу жүргізген сарапшыны қатыстыра отырып, сараптама жүргізуді сарапшылар комиссиясына тапсырады. ҚІЖК-нің 249-бабы 4-бөлігіне сәйкес комиссиялық сараптама жүргізу барысында сарапшылық комиссияның әрбір мүшесі жеке зерттеулер көлемін жүргізеді, содан соң комиссия мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келгенде қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі ко­миссияның баска мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды.

Қылмыстық іс-жүргізу заңы медициналық мекемеде сарап­тама жүргізудің арнайы тәртібін белгілейді (КІЖК-нің 247-бабы).

Егер сот-медициналык немесе сот-психиатриялық сарапта­ма тағайындалған немесе жүргізілген кезде стационарлық байқау қажеттігі туындаса, сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә медициналық мекемеге орналастырылуы мүмкін, бұл тура­лы сараптама тағайындау туралы қаулыда көрсетіледі. Жәбірленуші, куә медициналық мекемеге КІЖК-нің 241-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 4) тармақтарында көзделген реттерден басқада тек олардың жазбаша келісімімен ғана орналастырылуы мүмкін.

Сот сараптамасын жүргізу үшін күзетпен ұсталмайтын сезіктіні, айыпталушыны, сондай-ақ жәбірленуші мен куәні сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру сот шешімі бойынша не прокурордың санкциясымен, ал сот-психиатриялық сараптама - сот шешімі бойын­ша жүргізіледі. Адамды медициналық мекемеге орналастыру осыған байланысты қолданылатын ведомствалық нұскаулық- тарды ескере отырып сарапшылық зерттеу жүргізуге кажетті мерзімде жүргізіледі. Адамнын медициналық мекемеде одан әрмен болуының мақсатқа лайықсыздығы жөнінде сарапшы немесе оның ұсынысы бойынша мекеме әкімшілігі қылмыстық процесті жүргізуші органға хабарлайды.

Сот сараптамасы органында сарапшылық зерттеу жүргізу үшін ұсынылған материалдарды пайдаланудың іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 12 карашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 1043, Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан

Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 658 бірлескен бұйрыктарымен бекітілген «Сотгардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарынын кылмыс­тык, азаматтык істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алудың, есепке алудың, сактаудың, жіберу мен жоюдың тәртібі туралы» нұскаулықпен нақтыланған.Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргізудің іс жүргізу мәселелері КІЖК-нің 246-бабында көрсетілген. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылып отырса, оны тағайындау туралы қаулыны шығарғанға дейін қыл­мыстық процесті жүргізуші орган сараптама тапсыруды белгілеп отырған субъектінің жеке басы мен кәсіптік сапаларын анықтауға міндетті. Хабардар адамды сарапшы етіп дербес тағайындаған кезде одан бас тартуға негіз болатын іс жүргізу сипаттағы кедергілердің жоқтығына сенімді болуы керек. Сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылған соң сарап­тама тапсыру үйғарылган адам шакырылады. Процесті жүргізуші орган ұйғарылған сарапшының жеке басын куәландырады. Хабардар адам сарапшылық зерттеуге арналған материалдарды олардың жеткіліктігі туралы мәселені шешу үшін алдын ала оқып зерттейді. Хабардар адамның сараптама жүргізуін кедергі болатын шарттар болмаған кезде, оған қаулының көшірмесі тапсырылады, КІЖК-нің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, оған сондай-ақ көрінеу жалған қорытынды берудің қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертіледі. Осы әрекеттерді орындау туралы қаулыда хабардар адамның колымен куәландырылатын белгі койылады. Дәл осы сәттен бастап ол нақты қылмыстық іс бойынша сарапшының іс жүргізу мәртебесіне ие болады. Осылайша сарапшы жасаған шағым мен онын өтініші белгіленеді. Сараптама тағайындаған адам сарапшының өтінішін қабылдамау туралы дәлелді қаулы шығарады. Сараптама тағайындау туралы каулының көшірмесімен бірге бір мезгілде сарапшыға зерттеуге арналған кажетті іс материалдары қолхат ала отырып тапсырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші орган комиссиялык, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар жүргізуді ұйымдастыруға құқылы. Сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру талабы ол жұмыс істейтін ұйым басшысы үшін міндетті. Сараптаманы жүргізу барысында процесті жүргізуші орган және сарапшы өзара әрекеттерді жүзеге асырулары мүмкін, ал бұл нақты іс бойынша сот сараптамасының мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Сараптама тапсырылған сәттен бастап хабардар адам сарап­тама тағайындаған органға (адамға) катысты тәуелсіздік пен өзіндік дербестікті сақтай отырып, белгілі бір іс жүргізу өкілеттігіне ие болады. Алайда, қылмыстық процесті жүргізуші органның функциясы тек сараптаманы тағайындаумен және сарапшыға немесе сот сараптамасы органына материалдарды тапсырумен шектеліп кана қояды деп айтылғандык емес.Кезінде тергеушінің сот сараптамасын «басқаруы» туралы тезис шығарылып сондай-ақ әдебиеттерде прокурордың са­рапшы кызметіне қадағалау жүргізу жөнінде де сөз козғалады.

Алайда, сарапшының үстінен процесті жүргізуші органның басқару рөлі мен бакылау функциялары туралы айтуға бола ма, егер болса ол неден корінеді? Принципті түрде мұндай бақылаудың тек екі аспектісі - іс жүргізу және әдістемелікті айтуға болады.

Сарапшыға сараптама тағайындаған органның іс жүргізу бақылауы туралы мәселе оң шешіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органның белсенді рөлі іс жүргізу ережелерінен корінеді, тергеу тактикасы мен сот ісін жүргізу максаттарымен анықталады. Сот сараптамасы - процесті жүргізуші органнын бір жағынан, сарапшынын екінші жағынан жүзеге асыратын іс жүргізу әрекеті. Сараптаманы тағайындау фактісі, сарапшыны таңдау, сарапшы тапсырмасының көлемі, зерттеуге ұсынылатын материалдар процесті жүргізуші органға байланысты болады.

Бірқатар ТМД елдерінің ҚІЖК-не сәйкес тергеуші сараптамаға қатысуға құқылы, бұл оған зерттеу барысына тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Тергеушінің сараптама тағайындалғаннан соң да сарапшы тапсырмасын түзету, сондай-ақ сараптаманы жүргізуді толығымен немесе ішінара тоқтату құқығы сакталған. Тергеуші дер кезінде косымша материалдар­ды ұсыну кажеттілігін, жана дәлелдерді жинау кажеттілігін аныктайды, жаңа дәлелдерді анықтауды белгілейді, сарапшы қорытындысың бағалауда пайдалы акпаратты алады.Алайда, сарапшы зерттеу әдістемесін таңдауда, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін сарапшылық бағалауда ерікті. Әдебиеттерде сараптама жүргізу кезінде процесті жүргізуші органның белсенділігін көтеруге бағытталған негізді ұсыныс- тар бар: сарапшынын пайдалануына әдістер, техникалық кұралдар ұсынылуы мүмкін, алайда бұлар ұсыныстық сипатта болып, оларды сарапшы өзінің калауымен пайдаланады.

Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңында, КІЖК-нің

244-бабы 1-бөлігінің 5) тармағында көзделгеннен басқа жағдай­ларда (яғни, бір мезгілде сезіктімен, айыпталушымен не жәбірленушімен бірге), сараптама тағайындаған органның са­раптама жүргізу кезінде катысу құқығы көрініс таппаған.

Алайда, кез келген процесті жүргізуші орган іс бойынша әрбір іс жүргізу әрекеттеріне катысушы бола отырып, әрине, мұндай құқыққа ие болады. Сараптама жүргізу кезінде оның катысуы сараптама тақырыбына қатысты қосымша мәселелер қоюға, қосымша материалдар ұсынуға жәрдемін тигізуі, ал олар­ды ұсынудың кажеттілігі мен мүмкіндігі сараптаманы жүргізу барысында аныкталуы мүмкін. Егер процесті жүргізуші орган сараптама жүргізу кезінде өзінің қатысуын кажетті деп санаса, онда ол бұл жөнінде са­рапшыға хабарлауы тиіс. Сарапшы сараптама жүргізудің орны мен уакытын хабарлайды.

Процесті жүргізуші орган барлық сарапшылық зерттеуді жүргізу кезінде де, сондай-ақ оның жеке кезеңдеріне катысуға құқылы. Алайда, ол сарапшынын корытынды шыгару кезінде (корытынды берудін мүмкін еместігі туралы хабарлама), ал ко­миссиялық немесе кешенді сараптама жүргізу жағдайында, зерт­теу қорытындыларын талқылауга қатысуға құқысы жоқ.Сарапшы мен сараптама тағайындаған органның арасында әдістемелік сипаттағы мәселелер бойынша келіспеушілік бол­ған жағдайларда, соңғысының карамағында іс жүргізу кұралдары болады, оларды сарапшының корытындысын алғаннан және бағалағаннан кейін пайдаланылуы мүмкін, олар — сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама таға­йындау, кұзыретті жоқтығы себептерімен сарапшыға қарсылық білдіру.

Сараптама тағайындау қажет деп таныған тергеуші бұл туралы қаулы шығарады, онда сараптама тағайындаудың негіздері; сараптамаға жіберілген обьектілер, олардың қай жерде және қашан, қандай жағдайда табылғаны және алынғаны; сарапшының қарауына ұсынылған өзге материалдар; істе қамтылған, сарапшының қорытындысы негізделуі мүмкін мәліметтер; сарапшының алдында қойылған мәселелер; сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама тапсырылған адамның тегі көрсетілуі тиіс. Тергеушінің сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және өз құзіретіне жататын органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді сараптама жүргізбейінше қабылдау мүмкін болмайтын жағдайда ол қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін. Істе тексеріс, тексеру актілерінің ведомствалық инспекция қорытындыларының, сондай-ақ мамандар іс жүргізу әрекеттері барысында жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы дәл сол мәселелер сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Сараптама іс жүргізіге қатысатын, негіздерінің немесе берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдардың бастамашылығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өзінің немес берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын іс жүргізіге қатысты тергешіге өз пікірінше сарапшынының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу обьектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақыруға болатын адамды (адамдарды) атайды. Бұл ретте шешуге ұсынылған мәселелер қылмыстық іске жатпайтын немесе сарапшының құзіретіне кірмейтін жағдайлардан басқасында тергеушінің сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Бастамашылығы бойынша сараптама тағайындалып отырған іс жүргізіге қатысушы сараптамалық зерттеу обьектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсына алады. Тергуші дәлелді қаулысы арқылы оларды мұндай обьектілердің қатарына жатқызбауға құқылы. Ұсынылған мәселелерді қарағаннан кейін тергеуші олардың қылмыстық іске немесе сарапшының құзіретіне жатпайтындарын қабылдамайды, сарапшыдан бас тарту үшін негіздердің бар – жоғын анықтайды, мұнан соң осы баптың 1 бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шағарады. Сараптама жүргізуге байланысты шығындарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының ережелері бойынша жүргізіледі. Сараптама тағайындаған тергеуші сезіктіні айыпталушыны, жәбірленушіні, егер аталған адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысу міндетті деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде тергеуші сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді.Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты бір сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны сот сараптамасы органының басшысы таңдайды, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға хабарлайды.Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама обьектілерінің сақталуын қаматамасыз етуге бақылау жасайды.Зерттеудің нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын-ала белгілейтін нұсқаулар беруге сот сараптамасы органы басшысының құқығы жоқ. Егер іс-әрекет үлгілер алынуға тиісті жынысы басқа адамды шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіптік дағдыны талап етпесе, тергеуші жеке өзі, ал қажет болғанда дәрігердің, өзге маманның қатысуымен сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуға құқылы. Өзге жағдайларда саратамалы зерттеу үшін үлгілерді тергеушінің тапсырмасы бойынша дәрігер немесе маман алуы мүмкін. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайды оны сарапшы алуы мүмкін. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп отырған адамнан алынуы мүмкін. Оқиға болған жердегі немесе заттай дәлелдердегі іздерді өзге адамның қалдыруы мүмкін екені туралы жеткілікті деректер болған кезде сараптамалық зерттеудің үлгілері сол адамнан, бірақ аталған іздер қалдырылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алынғаннан кейін ғана алынуы мүмкін.