Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып ответы билеттер.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
138.75 Кб
Скачать
  1. «Жарнама» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Бүгінгі өмірімізде жарнаманың орны қандай?

  • Бүгінгі өмірімізде жарнаманың рөлі ерекше. Өйткені нарықтық, бәсекелі өмірді жарнамасыз елестету қиын.

  •  Жарнаманың басты мақсаты не?

  • Жарнаманың мақсаты бір затты, іс-әрекетті, қызмет түрлерін елге таныту, насихаттау.

  • Жарнама қандай болу керек?

  • Жарнамадағы сөз қысқа да, нұсқа болуы шарт.

  • Мен «Ассам» шайының жарнамасын көріп, соны сатып алдым. Оның дәмі де, иісі де жақсы, сапалы шай.

  • Неге? Қазір шайдың түрлері өте көп емес пе?

  • Көп қой. Бірақ кейбір шайлардың дәмі нашар, сапасыз болады.

  • Жарнаманың көмегі бар екен ғой?

  • Иә, жарнама сапалы тауар алуыңа көмектеседі.

  1. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Биыл біз мектеп бітіреміз, оқуға түсуіміз керек.

4-билет

  1. «Қазақстанның халықаралық қатынастары» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақстан дүниежүзіндегі барлық елдермен дерлік дипломатиялық қатынас орнатты. Барлық беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды. Сөйтіп, Қазақстанның бейбіт жолмен қауіпсіз дамуы үшін кепіл бола алатын дүниежүзінің ірі мемлекеттерімен ынтымақтастық құрылды. Бұл орайда БҰҰ, ТМД, Шанхай форумы, Ортаазиялық экономикалық Одақ сияқты ұйымдардың ықпалы зор. Қазақстанның халықаралық қатынастарындағы ең үлкен табысының бірі – 2010 жылы ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық жасауы.

ЕҚЫҰ – Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық үшін күресетін ұйымының қысқарған атауы. Оған Еуропаның, Американың, т.б. құрлық елдерінен 56 мемлекет мүше. ЕҚЫҰ осы аймақта бейбітшілікті, қауіпсіздікті, адам құқықтарын, демократияны, т.б. бүгінгі заман сынақтарының оң шешімін қамтамасыз ету үшін күреседі.

  1. «Байланыс түрлері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.+

  2. Кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді аяқтаңыз.

Ауа райы біресе жылы болады, біресе суық болады. Күзде кейде жаңбыр жауады, кейде қар жауады .

5-билет

  1. «Сот» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз .

ҚР – да сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол екі түрлі болады: жоғарғы сот және жергілікті соттар. Сот төрелігі ҚР-ның атынан жүзеге асырылады. Оның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау; Республика Конституциясының, заңдарының орындалуын қамтамасыз етеді. Сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

  1. «Ауылға қатысты мамандықтар» тақырыбына диалог құрастырыңыз

  1. Берілген сөйлемнен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Сабақ ерте басталғандықтан, мен кешігіп келдім.

6-билет

  1. «Қазақстанның білім ошақтары» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – республикамыздың ең ірі жоғары оқу орны. Университет 1934 жылы құрылған. 1993 жылы қаңтар айынан бастап Ұлттық университет деп аталады. Бұл университетте 20-дан астам мамандық бойынша білімді мамандар дайындалады. Онда мынадай факультеттер бар: филология, журналистика, заң, тарих, философия және саясаттану, биология, география, экономика, физика, химия, т.б. Университетте екі сатылы білім беру жүйесі енгізілген, олар: бакалавриат және магистратура. Бұл жоғары оқу орны – біздің мақтанышымыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]