Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сақтандыру шпоры.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
407.04 Кб
Скачать

7.Тәуекел туралы түсінік, тәуекелді басқару

Тәуекел дегеніміз – мүмкін болатын шығындардың қаупін айтамыз. Бизнес әрқашан тәуекелмен байланысты болады. Сондықтан кәсіпкерлер тәуекелді минимум шегіне жеткізуге тырысады. Іскерлік (коммерциялық) тәуекелдің мынадай категориялары бар:

1. Шартты (спекулятивті) тәуекел

2. Таза тәуекел

Шартты тәуекелдің нәтижесі шығынға да ұшырау, табыс та табу болып табылады. Еркін кәсіпкерлік жүйесінің шартты тәуекелге бағынуы табиғи тән. Өйткені оның мақсаты – тәуекелді шараларға капитал жұмсау арқылы табыс табу болып табылады.

Таза тәуекел кезінде тек шығындар шегу ықтималдылығы болуы мүмкін. Таза тәуекел кезінде кәсіпкердің табыс табу мүмкіншілігі жоқ, бірақ ол осы тәуекелмен байланысты шығынды минимумға жеткізетін белгілі бір қадамдар жасауы мүмкін.

Тәуекелдің табиғатын зерттеу және минимумға жеткізу процесі тәуекелді басқару деп аталады. Тәуекелді басқару қаржы менеджерінің маңызды міндеттері болып табылады, яғни тәуекелді бір немесе бірнеше стратегиялардың жүзеге асырылуын қарастырады.

Тәуекелді басқарудың түрлері:

  1. Тәуекелді жою, яғни тәуекелмен байланысты белгілі бір іс-әрекет түрлерінен бас тарту.

  2. Тәуекелді шектеу, яғни мүмкін болатын шығындарды болдырмау жөнінде алдын-алу шараларын қолдану.

  3. Тәуекелді мойындау, яғни ол өзін-өзі с\у б.т.

  4. Тәуекелді қайта табыстау, яғни тәуекелді с\у компанияларына қайта табыстау. Оның көп тарағаны:

  • төлем қабілеттілігі

  • мүліктік

  • кәсіпкерлік қызметтің тоқталуы

8.Тәуекелдің сыныпталуы.

Тәуекел таза және шартты болып бөлінеді.

Таза тәуекел:

  1. Табиғи жаратылыс

  2. Экологиялық негіздер

  3. Саяси

  4. Транспорттық

  5. Мүліктік

  6. Өндірістік

  7. Сауда-саттық

Шартты тәуекел:

  1. Қаржылық

  1. Коммерциялық

Ақшаны са- Инвестициялық

Тып алу тәуеке-

лі

Ақшаны сатып алу тәуекелінің өзі 3-ке бөлінеді:

  • Инфляциялық, дефляциялық

  • Валюталық

  • Өтімділік

Инвестициялық 3-ке бөлінеді:

  • Пайданы жоғалту

  • Пайданы жіберіп алу

  • Тікелей қаржыны жоғалту

Пайданы жіберіп алу : пайыздық

Тікелей қаржыны жоғалту:

  • Кредиттік

  • Биржалық

  • Банкроттық

  • Селиктивті

9. Тәуекелді шектеу формалары

Тәуекелді шектеудің төмендетілген мынадай формалары бар:

  1. Диверсификация - өзара байланысты емес және әр түрлі тәуекелдік дәрежелері бар салулардың түрлі объектілер арасында инвестицияланатын қаржаттарды бөлу процесін білдіреді. Диверсификация түрлі іс-әрекеттер арасында капиталды бөлу барысында тәуекелдің белгілі бір мүмкіндіктеріне жалтаруға мүмкіндік береді.

  2. Таңдау және нәтижелер жөнінде қосымша ақпараттарды иемдену – бұл форма тәуекелді кемітуде қолданылады. Мұндай ақпараттар құнды тауарлар болып табылады. Ал ақпаратқа капиталды салу эккаутинг деп аталатын кәсіпкерліктің бәр аясы болады.

Эккаутинг – бұл әр түрлі қаржылық ақпаратты жинаумен, өңдеумен, сыныптаумен, талдау және толтырумен (жазумен)байланысты бизнестің аясы.

  1. Шектеу – бұл шығыстардың, сатудың, несиенің шекті сомаларын бекітуді атаймыз, -яғни банктермен қарыз алу кезінде шекті сомма орнатылады; -кәсіпорын мен тауарларды сату не сатып алу кезінде; -инвестормен капитал салудың соммасын анықтау кезінде

  2. Хеджерлеу – бұл айырбас валюта бағамының болашақта болатын өзгерістерді есепке алу және осы өзгерістердің зиянын болдырмау мақсатында жасалатын жедел мәмілелер мен шарттардың жүйелері.

Хеджерлеудің 2 операциясы бар:

  1. Артуды хеджерлеу

  2. Кемуді хеджерлеу

Артуды хеджерлеу – бұл сатып алу бойынша биржалық операцияларды білдіреді.

Кемуді хеджерлеу – бұл жедел шарттарды сату бойынша биржалық операцияларды білдіреді.

5. Валюталық келіссөздер – мәміленің шартын білдіретін девальвация немесе ревальвация бойынша шығындарды болдырмауда валютаның басқа валютаға қатысты бағамын тіпкейтін келіссөздер.