- •2.«Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3. «Тіршілік қауіпсіздігі» пəнінің міндеті қандай?
- •4.Табиғи қауіптер.Боран, Бұрқасын, дауыл,найзағай.Ғарыштыққауіптер.Астероидтар,Метеориттер,аспан денелерінің құлауы.
- •5. Әлеуметтік қауіптер.Олардың түрлері мен шығу тегі.Діни секталар, лаңкестік түсініктері.
- •7.Туберкулез ауруы:сипаттамасы, жұқтыру жолдары,салдары және емделу тәсілдері.
- •8. Табиғи қауіптер. Сел,су тасқыны,сырғыма, опырылма, қар көшкініні сипаты, пайда болу себептері.
- •9. Атмосфера, гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары.
- •10. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары.
- •11.Қазақстандағы Азаматтық қорғаныс:құрылымы мен қызметтері.
- •13. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар). Магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшем бірліктері
- •14. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •15. Иондаушы сəулелер, олардың түрлері жəне сипаттамасы,ағзаға əсері, қорғану жолдары.
- •16. Радиоактивтілік .Радиоактивті заттардың шығу көздері? Адамның радияциялық зақымдалу ошағында болуының салдары.
- •17. Электромагнитті өрістің ағзаға əсері, олардан қорғану.
- •18. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация деген не, тж-да санитарлық тазалау және оны жүргізу.
- •19. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау. Тж халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
- •20. Шудың, дірілдің ағзаға əсері, олардан қорғану.
- •21.Жер сілкінісі кезінде үйде (пəтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті.
- •22. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-əрекеті.
- •23. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
- •24 Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.
- •25 .Халықтың қар көшкіні,сырңыма,опырылма кезіндегі іс-әрекеті.
- •26.Секталар жөнінде түсінік,олардың түрлері.Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •32.Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті.
- •34.Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқа шықққанда халықтың іс әрекеті.
- •35. Радияциялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс-әрекеті
- •38 Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекеті.
- •40 Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті.
10. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары.
Ірі авариялардың қауіпті нәтижелері өрттер мен жарылыстыр болып табылады. Көбіне жоғарғы қысымда болатын қазандар, баллондар, труба құбырлары, көмір шаңы және шахтадағы газдар, ағаш шаңы мен ағаш өңдейтін және жихазға арналған өндіріс орындарындағы түрлі-түсті заттар жарылу нысанына айналады.Өндіріс орындарындағы көптеген авариялар зақымдалған мекеме жұмысшылары үшін ғана қауіп тудырмайды, сонымен қатар жақын маңдағы мекемелер мен тұрғылықты жерлерге де қауіпті. Бұларды жұмысты ұйымдастырған кезде ескеру керек. Өрт-бұл адамлдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін бақылаусыз жану процессі. Өрттен шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. Оты сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патролннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа себептерден тұнатады.Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт-ормандағы және даладағы өрт болып табылады. Ормандағы өрт жану жиілігі бойынша әлсіз, орта және күшті, ал жану сипаты бойынша төменгі және жоғарғы өрт, созымдылығы бойынша қаулама және тұрақты болып бөлінеді.Өрт шыққан кезде әр қызметкер міндетті:1)бірден 01телефонына звондап, жақын маңдағы өрт сөндіруші мекемеге өрт туралы хабарлау және жоғарғы мекемеге, басқармаға жағдайды айту.2)мекемеден адамдарды шығаруда қолынан келетін іс-әрекеттерін аямау.3)эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру.4)эвакуциямен қатар шама келгенше өз күшімен және ғимаратта бар өрт сөндіргіш заттармен өртті сөндіруге ат салысу.5)шақырылған өрт сөндірушілердің бастығына болған жайды дұрыс түсіндіріп бере алатын адамды дайындау.Жарылыс кезінде соққы толқыны тек ғимараттардың қирауына ғана әкеліп соқпайды, сонымен қатар адам өлімін тудырады. Қираудың сипаты мен дәрежесі көбіне жарылыс күшіне және құрылыс орынының техникалық беріктігіне байланысты болады. Көмірсутекті газдарды (метан, этан, пропан) көп пайдаланылатын өндіріс орындарында жарылыстар жиі кездеседі. Көбіне жарылатын заттар: қазан дайындйтын заводтағы қазандар, химиялық заводтың өнімдері және полуфабрикаттары, бензин булары және басқа компоненттері, диірмендердегі ұндар, элеваторлардағы шаң, қант заводтарындағы қант ұнтақтары, ағаш өңдейтін мекемелердегі ағаш шаңдары.Егер сіз отырған ғимаратта жарылыс болған болса, ең бастысы сабырлылық сақтау. Аман шығатыныңызға сенімді болыңыз. Жарылыс болғаннан кейін бұл ғимараттан мүмкіндігінше тезірек шығу керек. Лифтпен пайдаланушы болмаңыз! Жарылыстан кейін өрт шыққан болса, сізге мүмкіндігінше төмен иіліп тіпіті еңбектеп жүруіңіз керек, бұл жағдайда сіз тезірек ғимараттан шығуыңыз керек. Бетіңізді сулы шүберкпен немесе киіммен орап алыңыз, сол арқылы демалыңыз. Егер ғимаратта өрт болып жатса ал сіздің алдыңызда есік жабық тұрса, оны ашпастан бұран тұтқасын қолмен ақырын ғана түртіп көру керек. Егер тұтқасы ыстық болмаса ақырын ашып көрші ғимаратта өрт жоқ па деп көріңіз де кедергілер болмаса басыңызды төмен басып сыртқа шығып кетіңіз. Егер түтін мен өрт шығуға кедергі жасаса есікті жауып басқа шығатын жол іздеңіз:терезе арқылы шығуға болады. Егер сіз ғимараттан шыға алмасаңыз құтқарушыларға көмек керектігі жайында белгі беріңіз:киіммен немесе затпен бұлғаңыз.