Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать

12. Қарулы қақтығыс

– бір-біріне қарсы тұрған күштер арасындағы әскери қимылдар. Онда белгілі бір саяси, экономикалық, әскери, т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан түрде қарулы соғыс құралдары қолданылады. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер әр түрлі мүдделерді көздейтін саяси күштер, әлеуметтік топтар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуді мақсат етеді. Әлеуметтік-саяси, ұлттық, діни, аймақтық және басқа негіздерде қарулы күреске, әскери жанжалға ұласып, адам шығындарына әкелуі мүмкін. Қарулы қақтығыс мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуына кері әсер етіп, оның ішкі қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Қарулы қақтығыстар құқығы - соғыс жүзгізу тәсілдері мен құралдарын шектеу, сонымен қатар қарсыласушы екі жақ және бейтарап мемлекеттер арасында қарым-қатынасты шешу мақсатында қолданылатын халықаралық келісім-шарттардың жиынтығы. Қарулы қақтығыстар құқығы Женева, Гаага конвенцияларында, сонымен қатар БҰҰ БА-ның қарарларында және т.б. құжаттарда орын алған. 1907 жылғы ІІІ Гаага конвенциясына сәйкес, бірінші жақ соғыс бастамас бұрын соғыс ашатындығы туралы хабарлауы керек немесе соғыс ашу жөніндегі шартпен ультиматум қоятындығын жариялауы тиіс. Соғыс жағдайы жөнінде бейтарап мемлекеттер хабардар болулары керек.

БҰҰ БА-ның 1974 ж. 14 желтоқсандағы № 3314 қарарына сәйкес төмендегідей жағдайлар агрессия актілері ретінде анықталады (соғыс ашу туралы жариялану/жарияланбағанына қарамастан):

-бір мемлекеттің келесі бір мемлекет аумағына қарулы күштерінің енуі, оны аннексиялау немесе оккупациялау (тіпті уақытша негізде болса да);

-басқа мемлекет аумағына қарсы қару қолдану немесе бомбалау;

-басқа мемлекет порттары немесе жағалауын қоршауға алу;

-басқа мемлекеттің қарулы күштеріне шабуыл жасау және т.б.

Қарулы қақтығыстар құқығының негізгі қағидаларын 3 топқа бөлуге болады:

-жалпы қағидалар;

-қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын реттеуші қағидалар;

-қарулы қақтығысқа қатысушылар мен азаматтық халықты қорғау қағидалары.

Жалпы қағидалар құқықтық саланың барлық қағидаларын біріктіреді. Мысалы, мемлекеттердің бейбір өмір сүру қағидасы, гуманизм қағидасы, халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілік қағидасы, қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын шектеу қағидасы және т.б.

Адамгершілік (гуманизм) қағидасы - қарулы қақтығыстар құқығының ескі қағидаларының бірі. Бұл қағиданың мәні - қарсыласушы тараптартың әскери қажеттілікпен ақталмайтын зорлық-зомбылық қолдануына тыйым салу. Женева Конвенциясында соғысушы тараптардың әскери тұтқындарға қатысты адамгершілікпен қарау талап етіледі делінген. Кемсітушілікке жол бермеу қағидасы адамзаттың тегі, діні, әлеуметтік жағдайы немесе дәрежесіне қарамастан, бірдей қарауды білдіреді.Халықаралық құқық нормалары мен принциптерін бұзғаны үшін жауапкершілік қағидасы мына мәселелерді біріктіреді:

-емлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі;

-заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкерлішігі.

Қарулы қақтығыс әдістері мен құралдарын қолдану және азаматтық, сонымен қатар әскери объектілерді шектеу қағидалары 1868 жылғы БҰҰ БА Декларациясында бекітілген.