Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-30.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
29.8 Кб
Скачать

29. Тәуекелді эксперттік талдау әдісі (повторение)

Жоба тәуекелін және тиімділікті сандық бағалау үшін қажетті ақпарат көлемі жеткіліксіз болса, жобаның бастапқы кезеңдерінде тәуекелдерге эксперттік талдау жүргізіледі (нәтиже қателігі 30 %-дан асуы мүмкін).

Тәуекелді экспертті талдау жетістіктері:

  • алынатын нақты мәліметтердің және қымбат бағдарламалар құралдарының қажетсіздігі;

  • жобаның тиімділігін есептемес бұрын бағалау жүргізу мүмкіндігі;

  • есептеулердің оңтайлылығы

Негізгі кемшіліктері:

  • тәуелсіз экспеттерді тартудың қиындығы;

  • бағалаудың субъективті жүргізілуі.

Тәуекелді бағалау үшін тартылатын эксперттер келесілермен қамтылу қажет:

  • жобаны дайындаушының барлық ақпаратымен қамтылуы;

  • креативті ойлауы;

  • осы сала бойынша қажетті білім деңгейінің болуы;

  • айқындалған тәуекел түрлерінің кез-келген санын бағалау мүмкіндігі.

Тәуекелді эксперттік талдау алгоритмі:

  • әрбір тәуекел түрі бойынша осы жобаны жүзеге асыратын және осы ұйым үшін қолайлы шекті деңгейді анықтайды. Тәуекелдердің шекті деңгейі жүз баллдық шкала бойынша анықталады;

  • қажетті жағдайда құпиялы болып табылатын эксперттердің компетенттілігін дифференциалды бағалау. Бағалау он баллдық шкала бойынша жүргізіледі;

  • тәуекелдер эксперттердің көзқарасы бойынша тәуекел жағдайының туындау ықтималдығымен және осы жобаның жетістікпен аяқталуына ықпал ететін осы тәуекелдердің қауіпті болуымен бағаланады. Жүз баллдық шкала бойынша жүргізіледі;

  • әрбір тәуекел түрі бойынша эксперттердің қойған бағалары жоба дайындаушымен қатеге қойылады. Кесте бойынша әрбір тәуекел түрінің интегралды деңгейі анықталады;

  • эксперттік сұрау нәтижесінде тәуекелдердің интегралды деңгейі салыстырылып, шешім қаыбылданады.

Эксперттік топты ұйым мүшелерін және жоғары білікті мамандарды сырттан шақырғанда эксперттік топ мүшелерінің саны шамамен 5,7, яғни тақ санды болуы тиіс.

30. Ықтималдылықты анықтауда объективті әдіс

Тәуекелді сандық бағалау үшін қабылданған шешім нәтижелерін білу қажет. Ықтималдықты анықтауда екі әдіс белгіленген:

  • субъективті;

  • объективті.

Ықтималдықты анықтауда объективті әдіс кейбір жағдайларға байланысты жиілігін есептеуге негізделген. Жиілігі нақты мәліметтер негізінде саналады.

F (A)= n(A)/n

f- кейбір шығындардың пайда болу жиілігі

n(A)- кейбәр шығынды жағдайлардың пайда болған саны

n- статистикалық таңдаудағы шығынды жағдайлардың пайда болған жалпы саны, яғни оған сәтті жүщеге асырылған және жүзеге асырылмаған инновациялық жобалар жатады.

Тәуекел жағдайында шешім қабылдау-шешім қабылдаушы тұлға әрбір шешімді таңдауда нақты зардап нәтижесінің ықтималдығын біледі.

Ықтималды тәуекелді бағалауда негізгісін шығаруда керек ақпарат көлемінің жоқ кезінде субъективті ықтималдылықты, яғни экспертті бағалау көрсеткіші қолданылады. Анықталған нәтижеге байланысты субъективті ықтималдық болжам болып келеді, бағалауға негізделеді. Тәуекелді талдау ықтималдығында негізгі түсініктеме- баламалық (альтернатива), орта жағдайы және шығын болып табылады.

Балама-кейбір мәселелерді шешуге бағытталған, ретімен орындалатын әрекеттер. Балама мысалы: жаңа құрал-жабдықтар алу немесе алмау, екі станоктың қайсысын алуды шешу, өндіріске жаңа өнім өндіру керек пе? және т.с.с.

Орта жағдайы. Шешім қабылдайтын адам (инвестор) бұл жағдайға (мысалы, нарықтың жақсы және нашар кездері, климаттық шаралар) әсер ете алмайды.

Шығын (мүмкін жағдайлар). Мынадай жағдайда, яғни альтернатива анықталған орта жағдайында бұл сандық бағалау анықталған орта жағдайынан анықталған альтернативаның жағдайын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]