Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен Европейское право.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.08.2019
Размер:
23.23 Кб
Скачать

44.Ео мен қр арасындағы әріптестік және серіктестік туралы келісімнің құқықтық табиғаты мен жалпы сипаттама.

ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар бүгінде 1995ж 23 қаңтарда Брюссельде қабылданған,ҚР мен ЕО арасындағы серіктестік ж/е әріптестік келісімі негізінде жүреді.Бұл келісім күшіне ҚР-ның Парламенті ,Еуропалық парламент және Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің парламенттері ратификациялағаннан кейін 1999 ж 1 маусымда күшіне енді.

Бұл келісім Одақтың Қауымдастықпен қоса жасасқан халықаралық келісімдер қатарына жатады.Келісім 10жылға,кейінгі жыл сайынғы пролонгациясымен жасалған болатын.Пролангация тек тараптардың біреуі денонсация жариялаған жағдайда ғана жүзеге аспайды.Келісім преамбуладан,100 баптан,3протоколдан және қосымша тараулардан тұрады.

СПС-шекті келісім.ҚР мен ЕО арасындағы әріптестік ж/е серіктестік туралы келісім тараптардың саяси,экономикалық,мәдени мәселелері бойынша 21ғасырдағы қарым-қатынастарына фундамент болды.1995жылғы келісім базалық мінезде,келісім ҚР мен Ео арасындағы қарым-қатынастардың жалпы жағдайларын қарастырады.СПС шекті келісім дегеніміз,оның көптеген заңдары болашақ даму мен бөлек мәселелер бойынша екіжақты келісімдер шеңберіндегі дәлелділікті талап етеді.

СПСты құрушылар келісімді СССР мен Еуропалық қауымдастықтар арасындағы сауда ,коммерция және экономикалық серіктестік туралы 1989 жылғы келісімнің жалғасы ретінде ойластырды.Бұл СПС-тың прембуласының 99 быбында жазылған.СПС күшіне енгеннен кейін 1989 жылғы келісімнің шарттардың орнын басты.

Жаңа келісім жасасуға ең басты себеп преамбулада көрсетілген.Преамбулада ҚР мен ЕО арасында экономикалық ж/е әлеуметтік айырмашылықтар бар делінген.Ал келісімнің ең басты мақсаттарының бірі осы айырмашылықтарды Қауымдастық көмегімен ,қазақ экономикасының дамуы мен қайта құру мақсаттарында жүзеге асыру.

1995жылғы келісім серіктестікті ауқымды мәселелер бойынша қарастырады,негізінде экономика облысында.СПСтың бірініші бабаында көрсетілген мақсаттарының ішінде,саяси диалог үшін сәйкес шеңбер жасау,саяси және экономикалық еркіндікті нығайту,демократиясын нығайтуда Қазақстанға көмен көрсету,әлеуметтік және мәдени серіктестік үшін негіз қамтамасыз ету, өзара қызығушылықтарды қарастыратын қызметті мадақтау.Сонымен,СПС тараптардың қызметіндегі ртүрлі облыстардың қарым-қатынастардың дамуына бағытталған комплексті құжат.

СПС Қазақстан мен Одақ арасындағы серіктестіктің келесідей ортақ принциптерін қарастырады:

-демократиялық принициптер мен адам құқықтарын құрметту;

-Орталық Азиядағы басқа тәуелсіз мемлекеттермен серіктестік орнату.

 

42.1950Ж адам құқығын қорғау ж/е негізгі бостандық туралы Еуропалық Конвецияның рөлі:жалпы сипаттама.

Адам құқығын қорғау ж/е негізгі б құостандық туралы Еуропалық Конвенция 1950 жылы қарашада қабылданды.Конвенция-үлкен құжат емес.Конвенцияның негізг тексті қысқаша перамбуладан және 3 топқа бөлінген 59 баптан тұрады.

Бірінші бөлім «Құқықтар мен еркіндік»(2-18 баптар) Конвенциямен кепілденетін құқықтармен мен еркіндіктерден тұратын басты бөлімін құрайды.Екінші бөлім «Адам құқықтары туралы еуропалық сот» (ст. 19 — 51)соттың қалыптасу кезеңділігін ж/е негізгі процедуралық ережелерін құрайды.Үшінші бөлім «әртүрлі шарттар» (ст. 52 — 59) Конвенцияның халықаралық-құқықтық беделін анықтайтын нормалардан тұрады.

Конвенцияның мәтінін еркіндік пен құқықтар каталогын толықтырған Протоколдар мен ақырын құрылымдық өзгерістер енгізген процессуалдық новелларалр құрайды.Соттың бекіткеніндей,Конвенция мен Протоколдар «біртұтас «.

Конвенцияның нормалары функционалды бағыты бойынша екі негізгі топтамаға бөлінеді:ұйымдастырушылық-процессуалды ж/е материалды-құқықтық.

Біріншілері «адам құқықтары туралы Еуропалық сотт» 2бөлімінде жазылған.Атауынан білінгендей,Соттың құрылуын оның құзіретін ,соттардың беделін ж/е ішкі құрылысын анықтайды.Ал,ұйымдастырушылық-процессуалды нормаларға-Сот палатасының іс жүргізу процедурасының негізгі аспектілерін анықтау жатады.

Материалды-құқықтық нормалар Соттың құқыққолданушы қызметін анықтайды.Олар Конвенцияның «Құқық пен еркіндік» деп аталатын 1 бөлімге ж/е онвң Протоколдарына қосымша.Классификация бойынша құқықтық нормаларды құқық теориясы бойынша құқыққорғаушыға жатқызуға болады.

Заңи табиғатына қарай Крнвенция ұлттық заң шығарушы акт емес,көпжақты халықаралық-құқықтық келісім болып табылады.