Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тексты by Kirya.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
195.58 Кб
Скачать

Қазақстан және Каспий проблематикасы

Халықаралық қатынастар құрылымындағы түбірлі өзгерістерді және халықаралық сахнадағы күштердің арасалмағын белгілеген XX ғасырдың соңындағы басты саяси оқиға КСРО-ның ыдырауы болды. Бұрынғы метрополияның орнына жаңа тәуелсіздік мемлекеттердің пайда болуымен жаңа проблемалар жарыққа шықты. Оның ішінде республикалардың егемендігін халықаралық құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге және оларды аумақтық межелеуге байланысты проблемалар бой көтерді.

Ең бір күрделі проблемалардың бірі – ауқымы 440 мың шаршы километрге жуық әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеу болды. Каспий теңізін өркениетті жолмен бөлудің шынайы құқықтық қажеттілігі туды.

Каспийдің бұрынғы құқықтық режимі кеңестік-ирандық (1940) шарттармен белгіленген еді.

1992 жылы Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін жасау мақсатында Каспий мемлекеттері арасында келіссөздер процесі басталды.

Қазақстан бір-біріне қайшы Ресей мен Әзірбайжанның ортасында теңдестірілген, ымыралық позиция ұстанды. Оның мәнісі мынада: қолданылып жүрген халықаралық құқық нормаларын мейлінше пайдалану. 1982 ж. Теңіз құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясының жекелеген ережелерін теңіздің экологиялық ерекшеліктерін ескере отырып Каспийге қолдану. Теңіздің түбі мен ресурстарын барлық Каспий мемлекеттері арасында экономикалық аймақтарға бөлу ұсынылды. Тараптар осы аймақтардың шегінде табиғи ресурстарды барлауға және оларды игеруге ерекше құқықтары болады. Кеме қатынасы, балық аулау, табиғи ортаны қорғау және қызметтің басқа да түрлері саласындағы ынтымақтастық мақсатында теңіздің биологиялық ресурстарына, су пайдалануға қатысты қазақстандық тарап бірлесіп билік жүргізуге дейін ең бір ауқымды ымыраға дайын екенін білдірді.

Қазақстанның Ресми мерекелер

16 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК күні

1-2 қаңтар – Жаңа жыл

7 қаңтар – Рождество мейрамы

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

9 мамыр – Жеңіс күні

6 шілде – Астана күні

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Басқа атаулы күндер:

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

21 маусым – Медицина қызметкерлерінің күні

1 қыркүйек – Білім күні

1 қазан – Қарттар күні

3 қазан – Ұстаздар күні

25 қазан – Республика күні

15 қараша – Ұлттық валюта күні

17 қараша – Студенттер күні

1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні

Еуропалық комиссия

Еуропа қоғамдастықтарын құру туралы Шарттарда қамтылған міндеттерді үшін бірнеше еуропалық институттар құрылған. Еуропалық комиссия- Еуропа Одағының атқарушы органы. Оның 20 мүшесы ұлттық өкіметтер тағайындағанымен оларға тәуелсіз қызмет етеді. Комиссия негізгі шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Комиссияның негізгі міндеттері : ында білдіру, қадағалау және жүзеге асыру. ЕО-ның шешім қабылдауға өкілетті бас институты – Министрлер кеңесі болып табылады. Еуропалық парламент- Еуропа халықтырының демократиялық үні болып табылады. Парламенттің негізгі қызметі – ЕО-ның заң шығару процесіне қатысу және Еуропалық комиссияның қызметін бақылау. Сот. ЕО-ның өзге халықаралық ұйымдардан ерекшелігі оның қол қоюшы мүше- мемлекеттер орындауға міндетті шарттар негізінде құрылғандығы. Соттар тәуелсіз болуы керек. Еуропалық кеңес құру Еуропалық қоғамдастықтарды құру туралы шарттарда қарастырылмағандығына қарамастан ол ЕО- ның жоғары саяси органына айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]