Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

X – тарау

ЖАЗА ТУРАЛЫ

129

Жазаны ойлағанда барлық адам дірілдейді, барлық адам ажалдан қорқады. Басқаның орнына өзіңді қойып көрші. Өзің де сондай боласың. Ешкімді де өлтірме, өлтіретін жағдайға келтірме.

130

Жазаны ойлағанда барлық адам дірілдейді. Басқаның орнына өзіңді қойып көрші. Өзің де сондай боласың. Барлық адамның өмір сүргісі келеді. Ешкімді де өлтірме, өлтіретін жағдайға келтірме.

131

Кейбіреулер өзіне бақыт іздеу үшін біреуді жазалағысы келеді. Мұнымен бақыт табылмайды. Мұндай адам өлімнен кейін де бақытқа ие бола алмайды.

132

Кейбіреулер өзіне бақыт іздеу үшін біреуді жазалағысы келмейді. Мұнымен бақыт табылмайтынын біледі. Мұндай адам өлімнен кейін болса да бақытқа ие болады.

133

Ешкіммен де дөрекі түрде сөйлеспе, дөрекі сөйлесең, одан өзің де дөрекі жауап аласың. Ашулы сөз - өте ыңғайсыз. Ондай сөз өзіңе де жақсылық әкелмейді.

134

Егер сен үзілген ішектей, үнсіз қалып, тынышталсаң, сабырлық сақтасаң Нирванға жетесің. Енді сенде орынсыз ашулану, кею де болмайды.

135

Бақташының сиырды жайылымға қарай таяқпен қуатыны сияқты, қарттық та, ажал да өмір біткеннің барлығын осылай қуып отырады.

136

Надан зұлым іс істей отырып, мұны өзі білмейді де. Ақылсыз адам өзінің ісі үшін опық жейді. Мұнысы алдындағының бәрін құртқан жанған өрт тәрізді.

137

Кімде-кім жазықсыз, бұзылмаған адамды жазаласа, ол төмендегідей он жағдайға өзі де тап болады.

138-139-140

Ондайлар мынандай он жағдайға кездесуі мүмкін: ауыр азап, денесіне зақым келуі, бітпес бейнет немесе ауру, есі ауысу, күтпеген жерден кеселге ұрыну, жазықсыз жала жабу, немесе туыстарынан айрылу, немесе байлығынан айрылу, немесе үйінің өртеніп кетуі. Денесі бүліне, әлсірей бастаса, ондай надан тозаққа түседі.

141

Өзінің ішіндегі күдігін жеңе алмаған пендені жалаңаш-жалпы жүру де, шашын бодыратып қоя беру де, ластық та, аштық та, дымқыл жерге жату да,тіпті орындыққа отыру да, ешнәрсе ештеңемен тазарта алмайды.

142

Оның өнебойы әшекейленген болса, бірақ ол тыныш өмір сүрсе, сабырлы, тиянақты, ұстамды, таза, кіршіксіз өмір сүрсе, тірліктегінің бәріне жаза қолдануды қаламаса, ол – брахман, ол – діндар, тақуа, ол – бхикшу болғаны.

143

Бұл дүниеден өзін қарапайымдылыққа мойын ұсындырған, қамшы салғанға бүлк етпейтін, үйреткен ат сияқты көнімпаз адам табылар ма екен?

144

Қамшыны көргенде безек қағатын, бейне бір үйретілген ат сияқты, қуатты да қажырлы болыңыз. Сенімнің, рахымшылдық пен қажымас қайраттың, үңіле ізденудің, дхамманы терең зерттеудің арқасында, Сіз ойлы да жан-жақты білімді, мінезіңіз мінсіз болып, өзіңізді жамандық біткеннің бәрінен азат етіңіз.

145

Құрылысшылар бөгетке су жібереді, мергендер алысқа атқан оғын дәл тигізеді, ағаш шеберлері ағаштан түйін түйеді, рахымшыл жандар өзін өзі дегеніне көндіреді.

XI – тарау

ҚАРТТЫҚ ТУРАЛЫ

146

Жер-жаһан жанып жатқанда мынау қай күлкі, қай қуаныш? Тұман басқан тұнжырлар, жар салып жарықты неге іздемейсіңдер?

147

Алдымен ақауға толы, әртүрлі бөлшектерден құралған, науқас, алуан ойы бар, ол ойының анық-танығы жоқ, тұрақтылығы да жоқ, әшекейленген бейнеге мұқият қарап алыңыз.

148

Мынау тозған тән дерттің жылы ұясы, опасыз, опық жегізер дүние, мынау шірік кеулеген көкірек, өйткені, өмірдің соңы - өлім.

149

Күздегі лақтырып тасталған шіріген асқабақтай жүйе-жүйесі босап кеткен қайран нар сүйектің қаңқалары-ай...

150

Сымбатты сүйектен соғылған берік бекініс – дидарлы дене; осы дененің іші қанмен әрленіп, жанмен нәрленген ғой. Бұның ішіне тағы да алдау мен арбау, қарттық пен ажал тығылған.

151

Күміспен күптелген патшаның алтын арбасы да тозады, адам денесі де тозығы жетіп, тән қартайып, ажары қайтады. Тек дхамма ғана қарттықты жақындатпай, рахымдылыққа үндейді.

152

Ақылы аз адам азған азбандай ерте қартаяды, оның денесі ғана дүрдиіп өскен, ал ақыл-ойы семіп біткен біліктілігі жетілмеген.

153

Мен үйді салған адамды іздеймін деп жүріп, сансар арқылы көп тууды көрдім, бірақ оны таба алмадым. Қайта-қайта туу – қасірет.

154

О үй салушы адам, көрдің бе?! Сен үйіңді қайта салып жатырсың. Сенің тіреуіш діңгектерің бүлінген, төбенің шатырлары да жойылған. Дүние қуған ақылың өзінің жолында арманына жетудің орнына сол арманын жойып алған.

155

Өмірін әділ жолға құрмаған адамның жас кезінде байлыққа қолы жетпейді, ал қартайған кезінде ол балығы жоқ көлге қонған құтандай мерт болады.

156

Өмірін әділ жолға құрмаған адамның жас кезінде байлыққа қолы жетпесе, қартайған кезінде бейнебір сынған садақтай, өткен кезін өкінішпен еске алып, жолда жатады.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар