Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2урв.docx
Скачиваний:
104
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
68.34 Кб
Скачать

Туынды сын есімнің жасалуы

Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті, -сыз, -сіз, -ғы, -гі, -қы, -кі, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -шыл, -шіл, -шаң, -шең, -дай, -дей, -тай, -тей, -кер, -гер -қой, -қор, -паз, -імпаз, -и, -ы, -і

Мысалы: Таулы, өнерлі, орманды, көрікті,Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз,Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы,Балалық, адамдық, жігіттік,жолдастық,Ойшыл, еңбекшіл,Ашушаң, көйлекшең, сөзшең,Үкідей, жолбарыстай, баладай,Найзагер, табыскер, әдіскер,Әзілқой, еңбекқор, әуесқой,Өнерпаз, жеңімпаз,Әдеби, алтайы, түркі.

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар: -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек,-ық, -ік, -қ, -к,-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш,-ғыр, -гір, -қыр, -кір,-шақ, -шек,-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі,-ынды, -інді, -нды, -нді,-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі,-ымды,- імді, -ымды, -мді,-аған, -еген,-улы, -улі,-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе

Мысалы: Жабысқақ, тайғақ, бөлек,Тұнық, бітік, сирек, ақсақ,Жүзгіш, айтқыш, жазғыш,Алғыр, білгір, өткір, тапқыр,Тартыншақ, сүріншек,Басыңқы, салбыраңқы,Жуынды, үйінді, жасанды,Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі,Төзімді, қонымды, келісімді,қап(б)аған, теп(б)еген,Байлаулы, ілулі,Бояма, қызба, еспе, бұрма

91. Сын есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сапалық сын есім;

2) қатыстық сын есім.

 – Сапалық сын есім сын есімнің тікелей өзінен жасалады, заттың түр-түсін, сын-сапасынанықтайды. Мысалы: жасыл (алқап), сарғыш (гүл), тәп-тәтті (алма), жаман (әдет), жақсы(қасиет), ұзын (көше), биік (тау), терең (өзен), жуас (жылқы), асау (тай), т. б.

 – Қатыстық сын есім заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіреді. Мысалы: орманды алқап, гүлді өңір, алмалы бақ, әдепті қыз, қасиетті адам, құдіретті сөз,ақылды бала, дәмді тағам, өнерлі оқушы, салмақты мінез, шөлейт дала, шексіз аспан, т. б.

92. Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу т. б. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, үштен екі, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт т. б. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, бес-бестен, он-он бес т. б.

93. Жинақтық сан есім Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті, деген есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу,— екеу, алты-ау — алтау, жеті-еу — жетеу.

Реттік сан есім Реттік сан есім заттың саналу ретін (катарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса — -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші т. б.

94. Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т.б.

Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.

95.Тұйық етістік Түйык, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді. Тұйық етістік етістіктің негізгі және туыңцы түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у, жүр-у, бар-у, шегеле-у, айт-қызу, сөйлес-у, кел-ме-у, бөге-ме-у. Бұл сөздер сұрау, жүру, бару, шегелеу, айтқызу, сөйлесу, келмеу, бөгемеу, қимыл, іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да түйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), сабау (жүнді сабайтын таяқ), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние-мүлік), қашау (ағашты кесетін, жонып, қырнайтын құрал), тұсау (жылқының алдыңғы екі аяғына салатын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған. Мысалы: Көсеу ұзын болса қол күймейді (мақал). Түйық етістік зат есім сияқты түрленеді, етістікше түрленбейді. Тұйық етістік тікелей септеле де, тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық етістікке көптік жалғауы жалғанса одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады. Сөйтіп, зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмай, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.