айырымдылы шарасы 19.02.2015
.docx
Ақпан
айының 19-шы жұлдызы күні Луганск 95
көшесінде орналасқан «SOS»
Алматы балалар қалашығына топпен барып,
қайырымдылық іс-шарасын өткіздік.
Қайырымдылық
шарасы Жүректен
жүрекке» қайырымдылық іс-шарасы
Қайырымдылық шарасы
«Жүректен жүрекке» қайырымдылық іс-шарасы
І-кезең
« Жүректен жүрекке » қайырымдылық іс-шарасын өткізу барысында ЕШТ: 303 (25) тобы 36 000 теңге көлемінде қаржы жинап, балалар үйіне қажетті азық-түлік, мектепке қажетті құрал-жабдықтар және балалар үйіне қажетті картридж алдық. Және де балалар үшін өз қолымыздан тәттілер, бауырсақ, торт-бәліштер, самса, қытырлақ нан, және тағы басқадай үй тағамдарын жасап, балаларға дастархан жайып бердік.
ІІ-кезең
Балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдартырдық. Концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға барлық студенттер белсене атсалысты. Концерттік бағдарлама 1 сағат көлемінде жалғасып, ән айтудан, балаларға арналған ойындармен, флэшмоб-би ұйымдастырумен, қызықты сұрақ-жауаптармен өтті. Ойындардың нәтижесіне қарамастан барлық балаларға сыйлықтар бердік. Студенттер қолдарынан келгенше шын жүректерінен балаларға бақыт, шаттық, қуаныш үлестірді.
ІІІ-кезең
Концерттік бағдарламадан соң, балалармен емін-еркін, ашық-жарқын сұхбат жүргіздік. Балалар іс-шарамыз туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Және де олардың өмірлері, қызығушылықтары, болашаққа деген жоспарлары туралы әңгімелестік. Балалар үйіне барып, қайтқан соң біздің өмір туралы түсінігіміз түбегейлі өзгерді және өмір туралы тереңінен ойтолғаныс жасайтын болдық.
« Жетім көрсең, жебей жүр » - деп, дана халқымыз айтқандай көмекке мұқтаж балаларға әрдайым қол ұшын беріп жүрейік!
“SOS” АЛМАТЫ БАЛАЛАР ҚАЛАШЫҒЫна бара жатырмыз: