- •3.Номадизм және оның этно-мәдени мен этико-психологиялық аспектілері
- •7.Қарахандық мәдени ренессанс. Түрік-ислам тарихының ақындары және ұлы ойшылдар мен ғалымдары туралы біліміңмен бөлісіңіз.
- •11.Саиф Сараи, Дурбек сынды ақындардың шығармашылығынан не білесіз?
- •17.Генеалогиялық дәстүр, аңыздар мен шежірелер. Жеті атасын және ру шежіресін білудің маңызы
- •18.Дәстүрлі құқық. Этикет. Тиымдар (табу). Исламның әсері: күнделікті өмірдегі халал және харам.
- •19.Орынбор, Уфа, Троицк, Астрахань, Орал, Қазан типографияларында қазақ қисса-дастандарының басылуы.
- •23.Хііі-хv ғасырлардағы ауыз әдебиеті
- •25.Мұхаммед Хайдар Дулати және «Тарихи-Рашиди» еңбегінің тарихи, мәдени құндылығы
- •26.Би-шешендер шығармашылығы
- •27.Хv-хvіі ғғ. Ауыз әдебиеті. Жыраулық дәстүр.
- •28.Хіх ғасырдың бірінші жартысындағы рухани мәдениет. Халық ағарту ісі.
- •29.Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттеуі.
- •30.Хіх ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті туындылары.
- •32.Батырлар жыры. Қамбар батыр, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Қосай жырларының тәрбиелік мәнін ашыңыз.
- •33.Хіх ғасырдың екінші жартысындағы мәдениет.
- •52. Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің даму бағыттары.
- •55. Мемлекеттің "Мәдени мұра" бағдарламасы - Мемлекттік мәдениет саясатының басты саласы. 56. "Мәдени Мұра" бағдарламасының мәні, мақсаттары мен міндеттері.
- •57. Жәнгір хан - реформатыр билеуші. Бөкей Ордасындағы тұңғыш мұсылманеуропалық мектептің ашылуы.
- •59. Қазақ тілі қалыптасуы барысы, ерекшеліктері мен бүгінгі күндегі жағдайын талдаңыз.
- •60. Араб-қыпшақ сөздіктері. Рабғұзидің "Қиса уль анбия" еңбегі және оның діни рухани мазмұны неде?
55. Мемлекеттің "Мәдени мұра" бағдарламасы - Мемлекттік мәдениет саясатының басты саласы. 56. "Мәдени Мұра" бағдарламасының мәні, мақсаттары мен міндеттері.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)
Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi
елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру; көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту; әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру; eлдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнектi ауызекi кәсiби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын қалпына келтiру мен қазiргi заманғы аудиотаспаларға көшiру.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2007-2009 жж.)
Мақсаты Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және қалпына келтіру
Бағдарламаның мiндеттерi :Тарих және мәдениет ескерткіштерін, соның ішінде Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру. Археологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды одан әрі жалғастыру. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы және мәдениеті бойынша басылым дестелерін шығаруды жалғастыру.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2009-2011 жж.)
Мақсаты рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.
Бағдарламаның мiндеттерi :тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау; шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету.