- •Пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
- •5 Глоссарий
- •Ғылым ретінде химия оқыту әдістемесі және оқу пәні Жоспар:
- •Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері Жоспар:
- •Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысы Жоспар:
- •VIII сынып
- •IX сынып
- •X сынып
- •XI сынып
- •Химияны оқыту әдістері Жоспар:
- •Эксперимент есептерін шығару әдістері Жоспар:
- •Заттармен байланысты эксперимент есептерін шығару мысалдары. Затарды алу есептері, эксперимен есептерінің ең жиі кездесетін типі мазмұнынна қарай бірнеше түррлі болады:
- •Сан есептерін шығару есептері Жоспар:
- •Vііі сыныпта шығарылатын есептердің типтері
- •IX сыныпта енгізілетін есептердің типтері
- •X сыныпта енгізілетін есептердің типтері
- •Химия тілі - химияны оқытуда таным құралы Жоспары:
- •Оқушылардың білімін және білігін тексеру Жоспар:
- •Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру.
- •Орта мектепте химияны оқытуда оқу жұмысын ұйымдастыру формалары Жоспар:
- •Химияның сыныптан тыс жұмыстары Жоспар:
- •Химиялық алғашқы ұғымдарды қалыптастыру Жоспар:
- •Химиялық элемент, атом және зат ұйымдарының байланысы
- •Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары туралы ұғымдардың қалыптасуы Жоспар:
- •Д.И.Менделеев периодтық заңның периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып-үйрену методикасы Жоспар:
- •Зат құрылымы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы Жоспары:
- •Кейбір элемент атомдарының қосылыстарындағы валенттілігі
- •Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы Жоспар:
- •Ерітінділерді және электролиттік диссоциациялану теориясының негіздерін оқыту Жоспар:
- •Химиялық элементтерді және оның қосылыстарының химиялық жүйелеу курсында оқып үйрену әдістемесі Жоспары:
- •Органикалық заттарды оқып, үйретудегі әдістемелік методикасы Жоспар:
- •Оқушыларды химия өндірістері және халық шаруашылығын химияландыру мәселесімен таныстыру Жоспар:
- •6.Химия және табиғат қорғаудың экологиялық мәселесімен таныстыру.
- •Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау Жоспар:
XI сынып
1.Органикалық заттар, құрылысы. 2. Органикалық заттардың қасиеттері. Аминдер. Амин қышқылдары. Азотты гетероциклді қосылыстар. 3. Аминдер. 4. Анилин. 5. Амин қышқылдары. 6. Амин қышқылдары. 7. Азотты бар гетероциклді қосылыстар. 8. Ақуыз. Нуклейн қышқылдары. Ақуыз- үлкен молекулалы зат. 9. Ақуыз қасиеттері. 10. Нуклейн қышқылдары. 11.Туринді пиримидинді негіздер. 12. Тақырыпты қорытындылау. 13. Үлкен молекулалы синтетикалық заттар және олардың негізнде алынған полимер материалдар. 14. Үлкен молекулалы қосылыстар туралы ұғым. 15. Каучук синтезі. 16. Синтетикалық талшық. 17. № 7 Практикалық жұмыс. Пластмассаны танып, білу. 18. Талшықтарды танып, білу. 19. Бақылау жұмысы. 20. Жалпы химия негіздері. Атом құрылысы туралы ілім негізіндегі Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. 21.Кіші период элементтері атомдарындағы элементтер қабықшаларының құрылысы. 22. Үлкен периодтағы химиялық элемент атомдары құрылысындағы ерекшеліктері s,p,d элек. 23. Валенттілік. 24. Оксидтер, гидроксидтер, сутекті қосылыстар. 25. Периодтық заңның маңызы. 26. Тақырыпты қорытындылау. 27. Химиялық байланыс түрлері, түзілуі. 28. Химиялық байланысқа сипаттама. 29. Жаттығу орындау. 30. Заттардың кеңістіктік құрылысы, құрамы, тұрақты, тұрақсыззаттар. 31. Комплексті қосылыстар. 32. Дисперсті жүйелер. 33. Тақырыпты қорытындылау. 34-35. Химиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың жіктелуі. 36. Химиялық реакция жылдамдылығы. 37. Химиялық тепе-теңдік. Ле- Шателья принципі. Бейорганикалық және роганикалық химиядағы гидролиз. 39-40. Бақылауға дайындық. 41. № 1 бақылау жұмысы. 42. Бейметалдар. Химиялықэлементтер. 43. Бейметалдардың сутекті қосылыстары. 44.Бейметалдардың оксидтері. 45. Оттекті қышқылдар. 46. Күкірт қышқылының тотықтырғыш қасиеті. 47. Азот қышқылының тотықтырғыш қасиеттері. 48. Тақырыпты қорытындылау. 49. Металдар. Металдарға жалпы сипаттама. 50. Негізгі топша металдары. 51. Қосымша топша металдары. 52. Мыс. 53. Темір. 54. Хром. 55. Металдардың оксидтері мен гидроксидтері: жіктеу, химиялық қасиеттері, ауыл жшаруашылығында қолданылуы. 56. Металдарды алудың жалпы әдстері. 57. Бақылауға дайындық. 58. Бақылау жұмысы. 59. Халық шаруашылығы дамуындағы химиялық ролі. Негізгі химиялық мұнай – химиялық және металургиялық өнеркәсіптің маңызды өндірістері. 60. Химия өндірісінің ғылыми негіздері және технология принциптері. 61. Озық ғылыми- техникалық бағыттар. 62. Негізгі химиялық кәсіптердің сипаттамасы. 63. Халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары. 64-65-66-67-68. Практикум.
Химиядан алғанорта білім мазмұнының келешегі туралы нұсқама құжаттар және болашақ мұғалімдерге қойылатын талаптар. Соңғы кезде жалпы білім беретін орта мектептің жұмысына жан-жақты талдаулар жасалып, оны қайта жаңартудың тұжырымдамалары ұсынылды. Оларда мемлекет, мектеп және оқушының өзара қарым-қатынасындағы мына үйлеспеушіліктер: мектептің біркелкілігі мен оқушылардың білімге ұмытылуының сан алуан түрлілігі, жобаланған нәтиже мен іс жүзіндегі нәтиженің алшақтығы аталып көрсетілді. Бұларды болдырмау үшін мектепке ізгілік сипат беру және оны демократияландыру, оқыту мазмұнын түрзлендіру және оны таңдаудағы мұғалім мен оқушының дербестігін арттыру жолдары белгіленді.
Қазіргі кездегі мектептің даму барысында сәйкес мұғалімге мынадай талаптар қойылады.:
Мұғалім - болашақ қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі тәрбиелі болу керек. Өйткені, өз ісіне нағыз берілгендік - егеменді еліміздің мұғаліміне қойылатын бірінші талап;
Мұғалім - егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы зиялы тұлғасы. Озат мұғалімнің негізгі сипаты- жоғары мәдениеттілігінде, ғылыми және сарамандық дайындығы мен мамандықты күн сайын үнемі жетілдіріп отыршуында;
Мұғалім - педагогикалық еңбектің шебері. Ол шығармашылықпен жұмыс істеуге, политехникалық оқу мен еңбекке үйретудің жалпы мазмұнын терең білщуге тиіс. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді пайдалана отырып жастарды тәрбиелеудің және ошқытудың міндеттерін шеше білуі керек. Өз еңбегінің нәтежесін талдап, оған өмір талабына сай қорытынды шығара білуі қажет. Оқушылардың ғылымға және техникаға қызығушылығын арттырып, ынталандырып отыруы тиіс;
Мұғалім - мектептің патриоты. Оның міндеті- оушыларды еліміздің азаматтығына тән жоғары адамгершілік қасиеттерге баулу. Ғылымға құштарлығын дамытып, ғылым, біліммен қаруландыру. Мұны жан- тәнімен еңбек етіп, баланы жақсы көрген адам ғана атқара алады. Оқушы жастар ондай мұғалімге сеніммен және сүйіспеншілікпен қарайды.;
Мұғалім өз пәнін терең білумен қатар, ғылыми сынақ-тәжірибе жүргізудің дағдыларын жан-жақты меңгеруі тиіс. Тек сондай мұғалім ғана оқу мен сыныптан тыс жұмыстарды белгілі бір жүйеге бағыттай алады, жастарға ғылыми зерттеудің және сынақ-тәжірибе қоюдың дағдыларын беріп, оларды іске шығармашылық тұрғыдан қарауға тәрбиелей алады;
Мұғалім - қоғамшіл. Ол - егеменді еліміздің жүзеге асырылмақ істерінің белсенді насихатшысы., үкіметіміздің қаулы-қарарларын халыққа таратушы сенімді көмекшісі;
Мұғалім - өз пәнінің жаңалықтарын халыққа үйретуші, жастарға, олардың ата-аналарына тәрбие берушіх, оларды халықтар достығына тәрбиелеуші.
Дәріс №4