- •1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.
- •1. Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.
- •2.Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады?
- •3.Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз.
- •4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қандай органмен және қалай жүзеге асырылады? Экологиялық аудит дегеніміз не? Экологиялық кадастрдың анықтамасына тоқталып,түрлерін ажыратыңыз.
- •5.Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілеріне талдау жасаңыз.
- •7.Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады
- •8.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз.
- •9.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасын беріңіз және экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық нормалары қалай реттеледі?
- •10.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау және қоршаған ортаның сапасын нормалаудың міндеттері мен талаптары қалай орындалады?
- •11.Табиғатты қорғауда прокуратура органдарының атқаратын рөлі мен функциялары қандай және прокуратура органдарының экологиялық қызметін құқықтық реттеудің жалпы түсінігіне тоқталыңыз.
- •12. 2010 Ж. 24 маусымда қабылданған қр «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңына сипаттама беріңіз және аталған заң мен 1996ж. Заңғы салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •13.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу тәртібі қалай жүзеге асырылады? Табиғатты қорғау істері бойынша сот тәжірибесінің маңыздылығы қандай?.
- •15. Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз және ормандардың құқықтық режимі, орман қорларына мемлекеттік бақылауды қандай орган жүзеге асырады?
- •16.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымдар жұмыс істейді?
- •17. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi
- •18. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының...
- •19. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар...
- •20. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ...
- •21. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның
- •22. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының жүйесі және экологиялық құқығының қайнар көздеріне
- •23. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •24. Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі
- •25. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу
- •26. Экологиялық құқығының қайнар көзі ретінде...
- •27. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау шаралары...
- •28. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың..
- •29. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың...
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығының
- •31. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары ...
- •32. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік және жеке меншік құқығының..
- •33.Өндірістік және тұтыну қалдықтар...
- •34. Қоршаған ортаның сапасын нормалаудың....
- •35. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың...
- •36. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
- •37. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптарды...
- •38. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және қорықтардың ..
- •39. Қазақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін..
18. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының...
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат. Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік деңгейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық экологиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды. Қ.Р Қ.Р Қ.Р Қ.Р
19. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар...
Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтіретін залалдың өтеуін алуға кұқығы бар.- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғауға және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар кұруға;- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық қызметін шектеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:- өздерінің экологиялық бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметке тартуға;- қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындатуға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатынасуға;- экологиялық тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны корғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға;- мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге;- қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;- мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралар туралы дер кезінде, толық және анық ақпарат алуға;