Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. informatika_A.doc
Скачиваний:
51
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
279.04 Кб
Скачать

4. Дк-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.

Хартли таңдап алынған хабар ішіндегі  I – информация мөлшерін N санының екілік логарифмі ретінде анықтау керек деп тапты.

Хартли формуласы:   I = log2N

Клод Шеннон таңдап алу ықтималдықтары әр түрлі хабарлар жиыны ішіндегі информация мөлшерін анықтау формуласын ұсынды.

Шеннон формуласы:

I = — ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN), мұндағы pi – N хабарлар ішінен i нөмірлі хабарды таңдап алу ықтималдығы.

Бұл формула бойынша егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді.

Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір  бит  (ағылшынша bit – binary digit – екілік сан) бірлігін ұсынды.

Командалар мен мәліметтерді компьютер ішінде бейнелеу үшін қолданылатын екі таңбаның (0 мен 1) бірін есте сақтауға арналған машина жадының ең кіші бөлігін бит деп атайды.

Бит – өлшеудің ең кіші бірлігі, сондықтан практикада одан үлкенірек өлшем бірлігі – байт қолданылады. Байт – қатар тұрған сегіз биттен тұрады. Компьютер пернетақтасының 256 символдан тұратын таңбаларының кез келгенін  кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Бұдан басқа іріленген өлшем бірліктері де қолданылады:

*1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт

ДК-дегі ақпаратты бейнелеу тәсілдері

*мәтін, сурет, сызба, график;

 *магниттік жазбалар

Кіріс ақпараты – фирмаға немесе бөлімшесіне келіп түсетін ақпарат. 

Шығыс ақпараты – бір фирмадан екіншісіне, бөлімшесіне жіберілген ақпарат. 

Ішкі ақпарат – объект ішінде пайда болады,   сыртқы  - объект сыртында.

Мәтіндік ақпарат - физикалық тасығышта (қағаз, дисплей экранындағы сурет) ақпаратты бейнелеу үшін пайдаланылатын алфавитті, сандық және арнайы символдар жиынтығы.

Графикалық ақпарат - әр түрлі графиктер, диаграммалар, сұлбалар, суреттер.

Ақпараттар классификациясы

1. Қабылдануына байланысты:

-визуалды – көру мүшелері арқылы

-аудио – есту мүшелері арқылы

-түйсіну – түйсіну рецепторлары арқылы

-иіс сезу мүшелері арқылы

-дәм сезу мүшелері арқылы қабылданатын ақпарат.

2. Суреттеу, келтіру формасына байланысты:

-мәтіндік – символдар түрінде беріледі.

-сандық – математикалық әдістерді білдіретін сандар мен белгілер түрінде

-графикалық – сурет түрінде

-дыбыстық – ауызша не жазба түрінде.

3. бағытталуына сай:

-жалпы

-арнайы – спецификалық жиынтықты қамтиды.

-жеке – қандай да бір адам туралы ақпарат.  

Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код – ASCІІ коды – американдық апарат алмасудың стандарттық коды.

Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы.

Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.

Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]