Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мажитов арыстан.doc
Скачиваний:
62
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
28.23 Mб
Скачать

Кесте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша егін шаруашылық жағдайы

Бүкіл егістік

көлемі мың га

Оның ішінде

Дәнді

дақылдар

Техникалық дақылдар

Жемдік дақылдар

Облыс бойынша оның ішінде

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

731,5

740,0

32,3

31,3

30,5

37,0

29,5

24,7

Шымкент қ

17,5

8,9

34,9

53,9

23,4

5,6

14,9

28,1

Арыс қ.ә

18,2

18,7

10,4

11,8

25,3

27,8

43,3

44,9

Кентау

2,3

2,4

21,7

20,8

17,4

16,7

1,1

12,5

Түркістан

38,7

39,2

27,9

19,6

43,9

55,1

18,3

15,8

Бәйдібек

79,3

85,7

38,8

42,2

7,9

13,5

51,6

42,4

Қазығұрт

73,3

72,3

48,7

42,6

14,7

24,2

32,3

29,3

Мақтаарал

135,2

135,0

8,2

6,5

71,8

85,1

12,8

4,1

Ордабасы

48,0

49,4

34,2

37,0

48,9

55,7

15,8

15,2

Отырар

13,3

15,8

26,3

22,2

26,5

32,0

32,5

23,3

Сайрам

75,2

77,1

42,6

39,9

12,8

13,2

39,1

38,7

Сарыағаш

45,7

49,8

36,1

32,3

28,4

31,5

11,8

11,6

Созақ

9,1

9,4

23,1

22,3

1,1

5,3

64,8

66

Төлеби

65,3

64,0

46,1

44,8

10,4

14,7

39,4

36,4

Түлкібас

60,0

61,0

53,7

56,6

8,0

18,4

35,3

22,1

Шардара

50,4

51,3

13,7

13,3

58,7

59,8

19,8

20,1

  Облыс бойынша 2009жылы техникалық дақылдар 12,0%, оның ішінде мақта- 11,8% артты. Алайда, дәнді және дәнді- бұршақта дақылдардың егістік алқабы 2,3% картоп, көкөніс және бақша-1,0%, жемдік дақылдар-2,3% кеміді.

2009 жылы егілген дәнді және дәнді- бұршақты дақылдардың барлық егістік алқабының 93,8%, немесе 222,6% мың гектары (2009жылы-99,4% немесе 230,5 мың га.) жиналды.

20010 жылдағы дәнді және дәнді- бұршақты дақылдардың негізгі түрлерінің өндірісі келесі алдын-ала мәліметтермен сипатталады:

кесте-1

Егістік алқабы,

мың га

Жалпы жиналмаған егіс алқабы, мың га

Жиналаған өнім, мың  тонна

Дақылдардың өнімділігі,  гектарынан центнер

Дәнді және дәнді

бұршақты дақылдар- барлығы

226,5

222,6

474,1

21,3

Бидай

184,4

181,8

367,7

20,2

Арпа

20,4

19,5

29,9

15,4

Дәнге арналған жүгері

17,7

17,6

66,6

37,9

Күріш

1,8

1,7

6,2

34,9

Бұршақты дақылдар

1,7

1,5

2,6

17,6

2010жылы 2009жылмен салыстырғанда облыс бойынша дәнді және дәнді бұршақты дақылдар-4,7%, оның ішінде бидай-0,4%, арпа-16,7%, дәнге арналған жүгері-16,6%, күріш-12,4% кем жиналды.

2009жылдың қаңтар-наурызында облыс бойынша шаруашылықтын барлық санаттарында 37,1 мың тонна-мал мен құс еті (тірідей салмағы), 89,8 мьің тонна-сүт және 42,6 млн дана-жұмыртқа өндірілді. 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру-3,3%, сүт-7,3%, жұмыртқа-3,5% артты.

Ауыл шаруашылығында аймақтық саясатты жүргізудің бірден бір нысаны ретінде – болжамдау және жоспарлау болып табылады. Болашақты анық көрусіз, басқарушылық шешімдерді қабылдау мүмкін емес. Аймақтық болжамдау және жоспарлаудың көпвекторлы сипаты, әдетте, маңыздылық деңгейіне, орындалу мерзімі және басқа да критериялар бойынша бөлінетін, оның мақсаттары мен міндеттеріне кең талаптарды алдын ала болжамдайды.

Егін шаруашылығының аймақтық болжамдау және жоспарлаудың негізгі мақсаты, бұл – басқарушылық шешімдерді қабылдау және тиімді саясатты қолдану үшін, егін шаруашылығы дамуының перспективалары және бағыттарын негіздеу болып табылады. Егін шаруашылығын дамытуды болжамдау және жоспарлауда, бағдарламалы-мақсаттық әдіс кеңінен қолданылады. Ауыл шаруашылығының үйлесімділігін, теңгерімділігін қамтамасыз етудегі маңызды рольді, аумақтық баланстар жүйесімен негізделген, баланстық әдіс ойнайды. Бұл, еңбек, қаржылық ресурстар, егін шаруашылығымен айналысатын тұрғындардың ақшалай табыстары және шығыстарының баланстары.Мәселелі аудандық бағдарламалар негізінде, болашақта егін шаруашылығының осы немесе басқа да тұстарынан даму тенденциясы мен деңгейін анықтайтын түйіндік сұрақтар жатыр. Ауданның кешендік бағдарламалары тұсында, аймақтың ауыл шаруашылығы дамуының кешенділік деңгейіне жетуге бағытталған оның теңгерімділігі және аймақ тұрғындарының негізгі мәдени және материалдары қажеттілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу түсіндіріледі. Аймақтық кешенді бағдарламаның әзірлеу логикасы, дәстүрлі және келесі кезеңдерді болжамдайды:

  • ауыл шаруашылығын даму деңгейін бағалау және ағымдық деңгей талдауы;

  • дамудың («мақсаттар ағашы») мәселелері және мақсаттары;

  • мақсатқа жету бойынша іс-шаралар және құралдар;

  • бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар;

  • бағдарламаның жүзеге асырудың тиімділігі.

Бұл үшін өсу факторларымен анықталып, салыстырмалы артықшылықтарды және зерттелінетін аудандағы егін шаруашылығы дамуының негізгі мәселелерін қарастыру қажет.

Аудандық деңгейдегі мақсатты кешенді бағдарлама, бірқатар жан-жақты мәселелерді шешеді, бірақ олардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:

  • ауыл шаруашылық аудандардың оңтайлы пайдалану;

  • жер ресурстарын тиімді пайдалану;

  • топырақ құнарлығын төмендетпей ақ, ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттыру;

  • аймақтың өндірістік инфрақұрылымын дамыту;

  • еңбек ресурстарын рационалды пайдалану (еңбек ресурстарының және жұмыс орнының теңгерімділігі);

  • қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды кешенді әрі оңтайлы пайдалану;

  • жеке аумақтардың кешенді дамуы, олардың бірыңғай тұтастық секілді қалыптасуы.

ОҚО аудандарындағы 2008-2012 жылдарындағы барлық шаруашылық санаттарындағы негізгі ауылшаруашылық дақылдарының егістік көлемін 2-суреттен көруге болады.

Сурет - ОҚО аудандарындағы 2008-2012 жылдарындағы барлық шаруашылық санаттарындағы негізгі ауылшаруашылық дақылдарының егістік көлемі, гектар

Суреттегі мәліметтер егістік жерлердің ең көп үлесін Мақтаарал ауданы алып отырғанын көріп отырмыз. Бұл жайт аталған ауданның климаттық жағдайларымен және территорияның үлкендігімен түсіндіріледі. Мысалы үшін, Қазығұртауданындағыауылшаруашылыққұрылымдарыныңсаны, шаруа (фермер) қожалықтарынқосқанда, 2012 жылдың басына 3453 бірлік құрайды, оның ішіндешаруа (фермер) қожалықтары - 3183 бірлік немесе 92,2 пайыз

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 211 жылы 13 588,6 млн.теңгені құрады, бұл бүкіл облыстық көрсеткіштен 6,5 пайызды құрайды.Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің нақты көлем индекстері 2010 және 2011 жылдары сәйкесінше 115,9 % және 104 % құрады.

Барлық егістік көлемі 2011 жылға 7096 гектар құрайды, бұл ОҚО көрсеткішінің 10,5 пайызын құрайды.

Егін шаруашылығын жоспарлау жағдайында малдың азығының кажеттілігін, сонымен қатар материалдық-техникалық құрылғыларды, каржы қаражаттарының болуын ескеріліп, ауыл шаруашылық құрылымдардың мүмкіндіктеріне қарайды.

Астықтың және оның сапасын қалыптастыратын, факторлар жүйесіндегі маңызды роль, ауылшаруашылық дақылдарының будандары және жаңа сұрыптарының іріктелуіне жатады. Соңғы жылдары ОҚО өлкесінің алдыңғы ауылшаруашылық кәсіпорындары, егін шаруашылыға өнімін өндірудің жаңашыл ресурстарды сақтаушы технологияларын меңгеріп, олар топырақты өңдеу, жинау, өсімдіктерді қорғау, топырақтың егінділігін арттыру және т.б. секілді элементтерді қамтиды. Бірақ та, олардың өндіріске кеңінен ендірілуі, инвестициялардың жоғары көлемімен байланысты, саланы техникалық қайта жабдықтауға сәйкес қажеттілігімен ұстанады. Саланың инновациялық дамуының маңызды бағыты болып, оның ақпараттық-кеңес берушілік қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру және құру болып табылады. Ақпараттық-кеңес беру орталықтарының қызметі, көпсалалы: бұл өндіріс технологиясы аясындағы кеңес берулер, өчсімдіктерді қорғау, несие беру жәнее субсидиялау, құқықтық және бухгалтерлік қызметтер, бизнесті бағалау және жылжымайтын мүлік аясындағы қызметтер.

Келтірілген мәліметтерді міндетті түрде ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығымен салыстыру керек (сурет 2).

2-суреттен көріп отырғанымыздай, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы 1991 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылаған, алайды 2011 жылы 2005 жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Жоғарышығымдылықты көрсететін ауылшаруашылық өнімдерінің аудандағы егістік көлемі аз мөлшерді көрсетіп отыр. Ашық жердегі көкөніске аудандағы жерлерді диверсификациялау арқылы басқа егістік жерлерден бөліп беруді көздеу керек.

Ауылшаруашылық кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруда маңызды рольді мемлекет ойнайды. Егін шаруашылығында мемлекеттік органдардың негізгі мүмкіндіктері, ауылшаруашылық кәсіпорындарының егістік жұмыстарына техниканы дайындау кезеңінде қаржылық және ұйымдастырушылық қолдауға, тауар өндірушілерді отын-жанармай материалдары және электрэнергиясымен қамтамасыз етуге, аймақтық көлік құрылысы дамуын үйлестіруге, көлік-тракторлық парктің модернизациясы және жаңаруына, оны тиімді пайдалануды ұйымдастыруға негізделген.

Егістік алқаптарында дақылдардың орналасуы жөніндегі ұсыныстар 3-кестеде келтірілген.

2012 жылы облыстағы ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 4,0 мың га немесе 0,6% артып, 737,8 мың га құрады.

Алқаптардың едәуір бөлігін – 186,5 мың га немесе 25,9% дәнді (күрішті қосқанда) және бұршақты, 179,3 мың га немесе 24,3% азықтық, 121,8 мың га немесе 16,5% майлы дақылдар және 101,7 мың га немесе 13,8% картоп және көкөніс-бақша дақылдары құрады.

Өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда күріштің – 65,0%-ға, бақша дақылдарының – 42,1%-ға, мақсарының – 19,7%-ға, мал азықтық дақылдар– 5,5%-ға, картоптың – 8,2%-ға, арпаның – 97,6%-ға егістік көлемі ұлғайды.

Осы мерзімде, бидайдың – 24,0%-ға, күнбағыстың – 23,8%-ға, мақтаның - 8,0%-ға егіс көлемі кеміді.

Егіс көлемінің басым бөлігі дәнді дақылдардан Бәйдібек – 28,4 мың га (15,4%), Қазығұрт – 28,2 мың га (15,3%), Төлеби – 23,9 мың га (13,0%); майлы дақылдардан Қазығұрт – 23,6 мың га (19,4%), Бәйдібек – 21,0 мың га (17,2%), Сайрам – 19,3 мың га (15,8%), Түлкібас – 15,8 мың га (19,9%); картоптан - Сарыағаш – 4,7 мың га (32,3%), Сайрам – 3,1 мың га (21,1%), Төлеби – 15,5 мың га (10,5%); көкөністен – Сарыағаш – 9,7 мың га ( 29,8%), Сайрам – 5,3 мың га (16,3%), Мақтаарал – 3,8 мың га (11,9%); бақшадан – Мақтаарал – 21,7 мың га (40,0%), Шардара – 12,2 мың га (22,5%); жемдік дақылдардан – Төлеби – 25,4 мың га (14,2%), Түлкібас – 24,4 мың га (13,6%) және Бәйдібек аудандарына – 22,6 мың га 12,6%) тиесілі.

Ағымдағы жылдағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының ауданы туралы толығырақ ақпарат осы бюллетеньде келтірілген.

Оңтүстік Қазақстан облысы топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы және суармалы егіншілік жүйесі дамыған аймақ. Суармалы егіншілік облысымыста ауыл шаруашылық дақылдарының барлық түрлерін өркендетуге мүмкіндік туғызады.

Осылардың ішінде ең негізгісі – мақта шаруашылығы. Соңғы жылдары суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуде, әсіресе мақташылық саласындасу тапшылығы сезіле бастады.

Мақтаны керекті дәрежеде сумен қамтамасыз еткенде ғана өнімділікті көтерумен қатар талшығының сапасын арттыруға болады.

Өкінішке орай облысымызда мақта шаруашылығы ескі технология бойынша жүргізіліп келеді. Нәтижесінде ендірілген ауыспалы егіс бұзылып мақтаның және басқа да дақылдардың өнімі төмендеді. Жер деградацияға ұшырай бастады. Жердің және жер асты суларының тұз мөлшері жоғарылап мелиорациялық жағдайы нашарлай бастады. Ауыспалы егістін бұзылып бірегей мақта егілуі(монокультура) су тапшылығына әкеліп соқтырды. Жер құнарлығын арттыратын көп жылдық шөптер, бұршақ тұқымдас өсімдіктер мүлдем аз егіледі.

Сумен қамтамасыз ету мекемелерінде аудандастырылған гидромодуль жасалынбайды. Сондықтан су пайдалануда жүйе жоқ, су тиімді пайданылмайды. АВП-(су пайдаланушылар ассосациясы) СПК-(су пайдаланушылар кооперативтерінде) су өлшегіш құралдар мүлдем жоқтың қасы. Су пайдалану коэффициенті 0,6-0,7-ден аспайды. Су реттегіш көптеген каналдарда ойдағыдай жұмысын атқара алмайды. Қашыртқылардың (сброс) жұмыс жағдайы өте төмен, көпшілігі істен шыққан.

Осы айтылған кемшіліктер жойылса, қазіргі қолда бар суды тиімді пайдалана отырып, облыс көлеміндегі барлық суармалы егістікті қамтамасыз етуге болар еді.

3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ тиімді пайдалану жолдары

3.1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану ерекшеліктері

''Иелі жер - киелі'' деген сөз бар. Ендігі мәселе мекен етіп отырған жерімізді тазалығы одан дұрыс өнім алу өзімізге байланысты екені даусыз. Қай жеріміз егіншілікке жарамды, қай жеріміз мал шаруашылығына қажет, шаруашылыққа пайдаланбай, табиғи күйінде сақталатын жеріміз қайсы, осыны білу, оны адам баласының игілігі үшін дұрыс пайдалана білу, оны ұрпағымызға дұрыс жеткізу де біздің парызымыз. Сонда бұл игілікті істі неден бастау керек деген заңды сұрақ туады. Біздің ойымызша, ең алдымен республикамыздың экологиясы бұзылған жерлерді қалпына келтіру, құрғақ, шөлді жерді суару, сортаң жерлерді мелиорациялау тағы басқа шаралардан бастау керек.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану құрылымдары бойынша 27,7% шаруа қожалықтарына , 67,4% мемлекеттік емес заңды тұлғалардың үлесіне тиіп отыр. Шаруашылықты басқару реформалары бойынша ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалану бөлінісін аудандар мен қалалар бойынша есептелініп шығарылып тұрады. Іс әрекеттегі мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайы мен инжинерлік деңгейі барлық жағдайларда қойылатын талаптар сәйкес келе бермейді. Қазір егістік алқаптарды түгендеу (инвентаризация) жұмыстарының аса қажеттілігі туындап отыр. Түгендеудің негізгі мақсаттары : егістік жерлердің жалпы көлемі мен пайдалану көлемдерінің шынайы картинасын ашу , оның мелиоративтік жағдайы мен суландыру жүйесінің техникалық мінездемесін анықтау , егістік жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттырудың іс шарасын әзірлеу мен оны іске асыру және суландыру жүйесінің жағдайын жақсарту.

Жер адамзаттың ауыл шаруашылық қызметінің негізі болып табылады. Оларды азық –түлік ресурстарын мақсатында жақсарту бірнеше принциптік жағдайларды сақтауды талап етеді.ауыл шаруашылығындағы техникалық прогресс деп бұрынырақта ауыспалы егісті енгізу минералды тыңайтқыштарды қолдану, күшті техниканы қолдану деп есептелесе, қазір топырақ қабатында химиялық, механикалық және басқалай кері әсер ететін жағдайларды азайта отырып, өнімділікті көбейтетін техника мен технология элементтеріне көп көңіл бөлінеді.Ауыл шаруашылық еңбек бөліндісінің үздіксіз процесі, жеке тауар өндірушілердің мамандану дәрежесі және өндірістің интенсивтілігі өсу жағдайына ауыл шаруашылық жерлерін мақсатты пайдаланудың мәні өсуде. Астық өсірудің өнуі, мақта,күріш, күнбағыс,жүгері және жүзім өсіруге арнайы аймақтардың бөлінуі, табиғи жеміс өсіру аймағын құру, егістікті пайдалану құрылымына, ауыспалы егісті ұйымдас тыруға микроаймақ, кейде тіпті жеке англоландшафты жүйені құруға мақсатты әдісті талап етеді. Ауыл шаруашылық жерін мақсатты пайдалану екі принципті жағдайды қолайлы түрде үйлестіруге мүмкіндік береді:

а) жер және климат қасиеттерін толық және өнімді пайдалану;

б) халық шаруашылығының тұтас қажеттігін , нақты аймақ пен жеке шаруашылықтың ауыл шаруашылық өніміне деген қажеттілігін қанағаттандыру.

Ауыл шаруашылық өндірісі жерді тиімді пайдалануды есепке ала отырып үздіксіз өндірістің балансы мен пропорционалдығын жақсартуды талап ететін елуден аса саламен экономикалық байланыста. Қоғамның қажеттілігін анықтау, білу және есепке алу, аграрлы өндірістің тиімділігін зерттеу барысында ауыл шаруашылық жерін пайдаланудың алғы бағыттары анықталады. Жерді үйлесімді пайдалануға баға механизмі, келісім жүйесі, несиелеу қаржыландыру арқылы әсер ету тікелей декреттеуге қарағанда күрделірек. Ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалану барлық өнімді жерді интенсивті пайдаланумен тығыз байланыста: жерді интенсивті пайдалану деңгейін төмендегі тәртіп бойынша бөлуге болады: Суармалы егістік, богара және суарылмайтые егістік, жақсартылған шабындық пен жайылым , табиғи шабындық пен жайылымдар.

Суармалы жер аумағының қысқаруы негізінен келесі себептерге байланысты:

а) мелиоративті жүйенің бұзылуынан

б) суару машиналарының ескіруінен

в) жер пайдаланушылардың су беру қызметін төлеу қаражаттарының болмауынан. Суармалы жер құрамындағы негативті процестер деп мелиорациялық жағдайдың нашарлауымен түсіндіріледі. Ауыл шаруашылық су пайдаланушыларының су беру қызметіне үнемі төлем төлемеу және бюджеттік қаржыландырудың тоқтауы салдарынана су шаруашылық жүйесі нашарлайды. Үлкен Келес , Бадам, Арыс, Түркістан, Қызылқұм магистрал каналдарының жеке бөліктері авария жағдайында және суаруға керекті су көлемінен қанағаттандыра алатын жағдайда емес 50% –тен ас там тік дренаж бұрғысы ( облыста 1945 бұрғы бар) коллектор торабының істемеуіне байланысты түпкілікті жөндеуді қажет етеді. Облыс көлемінде жаңа су шаруашылық құрылысы жүргізілмейді және бұрын қабылданған суармалы жерлерді дамыту бағдарламасы орындалмайды, өйткені олар қаржыландыру қайнар көздерімен қамтамасыз етілмеген. Совхоздар мен колхоздарды қайта қалыптастыруға, олардың базасында шаруа қожалығын, жеке және ұжымдық кәсіпорындарды ұйымдастыруға, олардың иелігі мен пайдалануға суармалы жер бөліктерін беруіне, су шаруашылық обьектілеріне меншік сұрақтарына шешілмей қалуына байланысты көптеген су шаруашылығы жұмыссыз қалып отыр. Сондықтан оны ешкім тазаламайды. Су торабының көптеген бөліктері де қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Осының бәрі облыстың және тұтасымен республиканың ауыл шаруашылығына кері әсер етеді. Өйткені Оңтүстік Қазақстан облысы суармалы жердің үлкен үлесін алады, оның климаттың қолайсыз әсеріне тұрақтылығын кемітеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы табиғат ресурстары мен суармалы жерлердің кең аумағын иелене отырып ерте көкөністі, мақта, жеміс,жидек, жүзімді өсіріп, онымен Қазақстанның басқа аймақтарын жабдықтауы керек.

Суармалы жерлердің жағдайы,оны пайдалану тиімділігі, сонымен қатар суды жұмсау үнемділігі ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсіліне тәуелді болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы егіншілігінде мақта, жүгері, картоп, көкөніс , бақ, жүзімдіктер сияқты дақылдарды атыз бойынша үстемелеп суару кең өріс алған . Шөпті , астық дақылдарын суару жолақтарға жіберу арқылы жүргізіледі . Үстемелеп суаруды қолданудың кемшілігіне төмендегілер жатады: суарылатын бөліктің үстіңгі қабатының тегісі ылғалданбайды, ирриггациялық эрозияның пайда болу мүмкіндігі, жер асты су деңгейінің көтерілуі, топырақтың тұздануы т.б.

Жаңбырлатып суару экономиялық және экологиялық мақсаттылығына қарамастан пайдалану шығындарының жоғары болуына байланысты облыста аз аймақтарда ғана қолданылады.

Мақта шаруашылығы бойынша облыстың негізгі егілетін аймағы Мақтарал ауданы . Облыстағы мақтаны өңдеу кәсіпорындары жыл сайын 120 мың тоннаға мақта талшығын қайта өңдейді . Экономикалық тиімділікке байланысты мақта дақылының егіс көлемі жылдан жылға артуда . Негізінен мақтаның жоғарғы өнім беретін «МА–3 031» , «МА–3044» , «С–4727» сорттары егілуде . Сол сияқты бидайдың «Стекловидная–24» , «Красноводская 210» , « Безостая –1» сорттары егіліп , жоғарғы өнім алынуда .

Облыс мақта өңдеумен айналысатын бірегей өңір. Соңғы жылдары осы дақыл егілетін жер алқабы көлемінің артуы тұрақталды . егер 1998 жылы 118 мың гектар жерге мақта егілген болса , 2004 жылы егістік 219 мың гектерға жетіп , 466 мың тонна шитті мақта дайындалды . Қазір облыста мақта кластері деп аталатын мақта шикізатын қайта өңдеу жөніндегі технологиялық тізбек жасау мәселесі қаралуда , бұл іске мақта өндірушілермен қатар тоқыма өнеркәсібі орындары да тартылатын болады. Мақта талшығын терең қайта өңдеумен «Меландж» акционерлік қоғамы айналысып келеді .

Мақта облыстағы жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінің 37 пайызын мақта шаруашылығы құрайды. Егер ОҚО (Қазақстанда негізгі мақта өсірілетін аудан) жыл сайын 300 –400 мың тонна шитті мақта терілетін болса , онда 200 мың тоннасы Мақтарал ауданында жиналады екен . Мақта саласы өндірісін басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін мақтаны қайта өңдеудегі ресурстық шикізат базасын дамытудың ерекше маңызы бар ОҚО Мақтарал ауданында жіп иіру фабрикасының құрылысы басталды . Ол Қытай және Қазақстандық кәсіпкерлердің бірлескен жобасы . Құрылысы 2007 жылдың мамыр айында бітіру жоспарланған болатын . Қазіргі кезде Мақтаралдың мақта алқаптарын шетелдерге негізінен мақта талшығы кетіп жатыр . егер осы талшықтар жергілікті жерде қайта өңделетін болса , онда дайын өнімдер (бұйымдар ) сатылатын болады. Мақтарал ауданының Қоңырат ауылындағы қазақ – қытай бірлескен «инада» кәсіпорнының қуаты жылына 5200 тонна жіп шығаруға болжамданған . Зауыттың аумағы –8, 5 гектар өндірістік цехтар көрініс табады. Сонымен қатар «Мақтарал» және «ақ алтын» АҚ – дары, сондай ақ қытай жағынан «инада» компаниясы қатынасады. Осындай қуатты фабрикадан тек Мақтарал ауданы үшін ғана кем дегенде он фабрика керек . Мақтаны тереңдете өңдеу оңтүстік өңірді дамытудың негізгі жолдарының негізі болып табылады . 2004 жылы ОҚО ның шаруалары 466 мың тонна шитті мақта өңдеушілер 150 мың тоннадан көп мақта талшығын шығарады. Бірақ осы талшықтың 3 мың тоннасы ғана жергілікті жердек қайта өңделеді( дайын өнімдерге дейін ) , қалған бөлігі алыс және жақын шетелдерге сатылды. Ауыл шаруашылығының шикізаттарын қайта өңдеу бойынша отандық кәсіпорындардың бірі «Адал» АҚ , ол бұрынғы кеңестік уақытта ең ірі жіп йіру өндірісі болған . Сондықтан жіп иіру өндірісін дамыту үшін жан жақты зерттеулер мен жаңа зерттеулер мен мүмкіндіктерді іздестіру қажет . Мақтарал ауданы үшін шетел инвесторлларының аудан тоқыма өнеркәсібі саласына келуі де біржақты орындалмай отыр . Қазақстанның байтақ жерінде бұл үрдісті нығайту мен қолдаушы жақтар кеңестік дәуірдегі уақытты естеріне алады, олар белгілі бір жағдай жасалатын болса сол дәуірді қайтарып әкелуге сенімді.егер 2000 жылға дейін ОҚО мақта мата бұйымдарын шетке шығару 667,6 мың шаршы метр болса , 2003 жылы шетке шығару мүлде тоқтаған. Оның себебі : тоқыма кәсіпорындары қажетті қаражаттың жетіспеуінен кеңейтілген ұдайы өндіріс жүргізуге қабілетсіз болуында . оның үстіне көптеген мақта өңдеуші кәсіпорындар өздерінің шикізаттарын өзіміздің тоқыма кәсірорындарымызға емес , шетке сатып отыр .

Мақта өндірілмей қалу дағдарысына себептер көп , біз солардың ішінде бірқатар негізгілеріне тоқталамыз . Біріншіден , жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының тоқтап қалуына байланысты ішкі рыноктағы сұраныстық трагедиялық деңгейге дейін жалпылама құлауы . Екіншіден , шитті мақтаның әрбір тоннасын өндіруге шығындардың өте көп дәрежеде болуы тән , соның салдарынан мақта талшығының өзіндік құнының артуы.

Бүгінде Қазақстан мақта өндіруде және оны сыртқы рынокта сатуда көш бастаушы емес . Дегенмен біздің республика үшін мақта өндіру ТМД елдері арасында қажет болып отыр . Біз әлі күнге дейін жіптен жасалатын тоқыма кілемдері және оған қажетті бұйымдарды оларды өндіруге өзіміздің шикізатымызбен қамтамасыз етіп отыру артып отырған кезде де сырттан әкеліп отырғанымызды атап көрсетуіміз керек .

Қазақстандағы мақта талшығының ұдайы өндірісін әлемдік рыноктағы сияқты тиімділікпен кеңейтуді қамтамасыз ету үшін мақтаны және оны қайта өңдеу өнімдерінің қаржы экономикалық рөлін пайдалану керек . Сондай ақ мақта өндірісінің ұлттық экономикада өз уақтысында оң заңдылықтарды пайдаланудың алғы шарттарын жасау және теріс заңдылық тарды жеңе білудің де маңызы зор . Республиканың мақта шаруашылығы кәзірше айтарлықтай рентабельді емес , ол ұдайы өндіріс үшін және жаңа технологияларды енгізуге , техника сатып алуға , тіпті себу жұмыстарын жүргізуге де жетпейді . Ең ірі мақта өндіруші Мақтарал ауданының өзі демеуқаржымен жұмыс жүргізіп отыр . Мақта шаруашылығын қаржылық тұрақтандыру бағытында Қазақстан осы бүгіннен бастап өз бетінше дербес қимылдар жасауы керек . ТМД мақта өндіруші елдерінің ассойияйиясын құру бойынша белсенділік танытуы қажет. ЕО– мен сауда келісімін жасап , АҚШ мысалында мақта зауыттарын ауылшаруашылық кәсіпорындарына – тауар өндірушілерге кооперативтік меншікке беру керек , мақтаны тереңдетілген кешенді қайта өңдеу бойынша отандық өнеркәсіпті дамытуды экономикалық және заңды жолдармен ынталандыруға кірісуі керек . осы мақсатта шикізат өндірушілер мен қайта өңдеушілердің үлестік қатынасуы негізінде мақта өндірушілерді бірлесе отырып , экономикалық өздерін өздері қорғау мақсатында кооперативтік маркетингтік ұйымдарға біріктіруді экономикалық және заңды жолдармен ынталандыру қажет . Стратегиялық алдағы болашақта Қазақстанның мақта шаруашылығын кластерлік негізде дамыту жоспарлануы тиіс . Мақта талшығы – тиімділігі өте жоғары , ресурстық мүмкіндігі көп өнім , одан өнеркәсіптік өнімдердің жүзге тарта түрлерін алуға болады. Ол үшін қайта өңдеу технологиялық процесін тереңдете жүргізу қажет , мақта талшығынан жіптен жасалатын өнім алу керек .

Мақта кластері үздіксіз өндіру және қайта өңдеу процесі , оны дамыту экономикалық тиімділіктің қайнар көзі болып табылады. Осы күнге дейін республикада шитті мақта тек мақта талшығына дейін қайта өңделетін. Жақын уақытта мақта өндіру үшін жіп шығару бағытында екі фабрики іске қосылады . Ол үшін тек ақша салатын ғана емес , сонымен бірге өздерінің сауда маркаларын алып келетін шетелдік инвесторларды белсенді түрде тарту қажет . Осындай жағдайда оңтүстік қазақстандық тоқыма өнімдерінің сапасы да , сату рыногы да арта түседі .

Қазіргі кезде мақта бағдарламасын дайындаудың қажеттілігі туындап отыр . Ол ОҚО – дағы шитті мақтаның көп бөлігін қайта өңдеуге мүмкіндік береді . Бұл тек жіп иіру өндірісін ұйымдастырып қана қоймай , әлемдік экономика жүйесінде бәсекеге қабілетті дайын бұйымдарды шығаруды да жолға қояды . 2005 жылы ОҚО мақта егістігі 220 мың шамасында жүргізілді , 2004 жылға қарағанда 30 мың гектарға көп болып табылған , осы алаңнан 402,1 мың тонна шитті мақта жинап алып, талшықты мақтаның көп бөлігі экспортқа шығарылады .

Осындай қалыптасқан қаржылық – экономикалық жағдайында әрқайсысы өз бетінше жұмыс істеп отырған агроқұрылымдар мен қайта өңдеу кәсіпорындары , делдалдық фирмалар мен нарықтық құрылымдар, басқару органдары өндірістік қаржылық және әлеуметтік салдардың қыспағынан шыға алмады .

Қалыптасқан жағдайдан шығу үшін халық тұтынатын тауарлар өндірудің тұрақты өсіп отыруы , бәсекеге қабілетті өнімдердің үлесінің артуын талап етеді . жоғарғы технологиялар әдетте салааралық сипатта болады , оларды көпсалалық шаруашылық кешенінде (қаржылық агроөнеркәсіптік топтарда) қолдану тиімдірек болады . Бөлшектеніп кеткен үштіктің «ғылыми банктер өндірістің » болашағы болмайды; жеке жеке олар жоғарғы тиімділікті соңғы нәтижеге жете алмайды .

Көптеген аграрлы ғылыми экономистер «корпоративтік құрылымдардың тұрақталуының басталуы нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың негізі » деп санайды . Осы прогрессивтік қайта өзгертулердің мағынасы өеркәсіп , банк , сауда және интелектуалдық капиталдардың бірігуінен туындайтын ғылыми –техникалық экономикалық артықшылықтарды пайдалануда болып отыр агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақтануы мен өсуі үшін ұйымдық экономикалық жағдайлар жасауда және оның бәсекелестік қабілетін халықаралық рынокта арттыруда .

Қаржылық өнеркәсіптік тораптар –ауыл шаруашылығы қайта өңдеу , өнеркәсіптік кәсіпорындардың қарржылық банктің және ғылыми институттардың бірігуі . Мұндай бірігу халықты азық – түлікпен қамтамасыз етуге , өндірістің , ғылымның , капиталдың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған үйлестірілген қызмет түрінде сипатталуы тиіс .

Сондықтан да өңірлік деңгейде мақта агробизнесін құруды қаржылық агроөнеркәсіп топтар түрінде жүргізуді мақсатқа сай деп есептеуге болады. Мұндай топқа бірігу аграрлық өндірістік комерциялық және банк құрылымдарының біріңғай кешені болып табылады .

Қазіргі кезде облыста астық дақылдарының өнімділігі суармалы жерлерде де , богарада да кеміген . Қуаң аймақтарда орналасқан жекеленген аудандарда астықты жинау бес жеті центнер гектардан аспайды , ол қолайсыз жағдайларда тіпті екі есеге дейін төмендеген .

Бұл астықтың егістік аумағын масақты астықты жердің құнарлылығы аз жерлерге бірте –бірте өңдеу тиімділігі жоғарғы май(сафлор) , тары, астық, жем –шөп дақылдарымен алмастыра отырып ауыстыру арқылы қысқартуға себепші болады .

Астықты өндіру болашақта қолайлы топырақ климат жағдайына ие негізгі егіншілік аймағы шаруашылықтарында топталған алғы бағыт болып қалады 2000 жылға богарада егіс аумағын 300 мың гектарға дейін қысқарту, олардың суармалылығындағы аумағын 80 мың га шамасында сақтап қалу көзделіп тұр . Астық дақылдарының өнімділігін багарада 14 ц/га , ал суармалы жерлерде 40 ц\га жеткізу 740 мың тонна астық алуға мүмкіндік береді , ал облыс халқын нанмен , мал басын жем концентратымен қамтамасыз етеді .

Республикалық емес нақты бюджеттен қаржыландыру арқылы негізгі суармалы алқаптарды немесе облыс көлеміндегі суармалы жерлерді түгендеуді мақсатқа сәйкес жүргізуді дұрыс деп есептеймін . Мұнан басқа егістікке жарамды жерлер туралы сенімді мәлімет алуға , олардың сапасы мен орналасқан орны туралы, жеке іске аспайтын жарамсыз жерлердің көлемінің жыл сайынғы ұлғаю себептеріне талдау жасау арқылы олардыауыспалы егістікке қайта тарту жөніндегі алдын– ала іс шаралардың жобасын жасау үшін тыңайған және жарамсыз жерлерді түгендеу жұмыстарын қажет деп есептейді.

Картоп, көкөніс және бақша өсімдіктері. Облыстық топырақ–климат жағдайы облыс халқын картоп , көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді . Осы дақылдардың егіс аумағы қазіргі кезде картоп –1,9 мың га, көкөніс –7,3 мың га, азық –түлік бақша өсімдігі –8,2  мың га. Өнімнің бұл түрлерінің негізгі өндірушілері болып экономиканың мемлекеттік емес секторлары болып табылады . Ұжымшарлар , кеңшарлар , кіші кәсіпорындар және мемлекеттік емес секторлардың басқа құрылымдары арқылы облыста картоптың 86,6 пайызы , көкөністің – 95 пайызы , бақша өнімінің 95 пайызы өндіріледі . Болашақта бұл өнімдердің негізгі өндірушілері болып экономиканың мемлекеттік емес секторлардың тауар өндірушілері қалады . 2005 жылы шаруа және көмекші жеке шаруашылықтарда 82 % жоғары алаң жинақталып картоптың 86 % ін өндірді. Бұл шаруашылықтарда көкөніс аумағының 75% бақша өсімдігінің 82 % жері болды , бұл жерлердің 82 % көкөніс және 95 % бақша өнімдері жиналды.

Жеміс –жидек ,жүзім. Бағбаншылық пен жүзімдіктің нарықтық қатынасқа өтудегі айрықша ерекшеліктеріне қарамастан облыста өндіріс көлемінің өсуі үшін ұйымдастыру шарттары қарастырылуда . олар жоғарғы қор сыйымдылығына , енгізілген қаражаттардың ұзақ уақытта қайтарылуына мамандардың жетіспеушілігіне байланысты . Осы мақсаттары ішкі нарықты қанағаттандыру мен экспортты кеңкйтуге керекті бағбаншылық пен жүзім өсіруді орналастыру мен мамандануға , осы өнімдерді өндіру өндірісінде маншік пен шаруашылықтың әртүрлі түріндегі агроқұрылымдардың қызушылығын арттыруға жаңа тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда . 2005 жылы бақша аумағы 29,5 мың га – ға жетсе, 2007 жылы 37 мың га деп болжамдалуда. Ал жүзімдік аумағын 3,7 мың га жеткізу керек . Жеміс және жүзім дақылдарының аумағы негізінен жеке көмекші , шаруа және фермерлік шаруашылықтар есебінен кеңеюде . Жеміс ағаштарынан көбінесе алма , алмұрт, өрік , шие , өсіріледі . Жүзім өсіру Шымкент , Арыс , Келес аңғарларында өсіріледі . Бұл жерлерде шампан және жоғарғы сапалы құрғақ шарап өндіруге жұмсалатын жүзім сорттары жерсіндірілген

Біздің облысымыздың егістік көлемінің қалай пайдаланып жатқандығы жөніндегі 2002–2012 жж аралығындағы егістік көлемін пайдалану жөнінде :

Кесте 2 - ОҚО егістік көлемінің динамикасы /2000-2012 жж мәлімет/

Жылдар

Егістік көлемі, мың га

2000

11757

2001

11278

2002

1028

2003

887

2004

821

2005

852

2006

840

2007

786

2008

814

2009

833

2010

845

2011

876

2012

9088

Суармалы егістік жерлерінің қазіргі шиеленісіп отырған жағдайын айтатын болсақ , 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда , яғни соңғы 14– 15 жыл көлемінде жалпы егістік көлемі жалпы шамамен 295,2 мың гектарға кеміп кеткен.

Егістік жерлерді толық пайдаланбаудың ең негізгі себебі– жердің тұздануы мен сорлануы. Біздің облыс аумағының басым бөлігі сорланған (280 мың гектарға жуық ) Әсіресе бұл Мақтарал ауданына тән. Мұнда 19,9 мың гектар жер орташа дәрежеде сорланса, 4,4 мың гектары аса қатты сорланған жер телемі болып табылады. Шардара ауданында 3000 мың гектар орташа дәрежеде сорланған. Мұнан басқа Отырар , Ордабасы аудандарының , Арыс , Түркістан қалаларының аумақтары тұздану процесіне іліккен.

Жоғарыда айтылғаннан көргендей ,сорланған жерлердің аумағы облыстың басым бөлігін алып жатыр.Сондықтан да жерді тез арада мелиорациялау мәселесін шешуіміз керек. Тыңайған жерлерді толыққанды пайдалану жұмыстары әсіресе Отырар , Бәйдібек , Сарыағаш және Арыс қаласында өз дәрежесінде жүргізілмегендігі қатты алаңдатады.Алаңдаудың негізгі себептері : жердің сорлануы , батпақтануы , су жүйесінің жетімсіздігі , су және жел эрозиясы , жанар – жағар май , жоғары сапалы тұқымның жетімсіздігі , агротехникалық талаптарды сақтамау сияқты обьективті себептерге қол байлау болуда. Егістікке жарамды жерлерді мелиоративті жақсарту мемлекеттік бағдарламасын қабылдауымыз керек. Егерде біз әры қарай сорланған жерлерге тосылай көзқараспен қарайтын болсақ , онда келешекте біз облыстағы дені сау суармалы жеріміздің басым бөлігін ауыл шаруашылығы айналымынан шығарып алып, жерді сортаңдатып алуымыз ғажап емес. Тыңайған жерлер көлемінің кему тенденциясы байқалуда. Мысалға егістік жердің тыңайған жерге қатысты динамикасында соңғы 10 жыл аралығында тыңайған жер көрсеткішінің біртіндеп төмен қарай , яғни кему сатысы байқалуда. Мысалға : Мақтарал ауданы 1992  жылы орташа әр гектардан жиырма 5 центнер немесе одан да жоғары мақта шикізаты өнімділігіне қол жеткізсе , 2005 жылы мақта өнімділігі 19 центнерге дейін төмендеп кеткен. Осының барлығы ауыспалы егістікті қолданбай мақта дақылын үздіксіз еге берудің қорытындысы болып отырғаны ақиқат. Біздің облыстың оңтүстік өңіріндегі аудандарда іс – әрекеттегі шаруашылықтар нарықтағы сұранысты ескерместен жаппай барлығы табысы мол техникалық дақыл ретінде тек мақта шикізатын өңдеумен шектелуде. Ғылыми тұжырымдалған қормен қатынас жүйесі ретінде ауыспалы егістікті әзірлеу мен жер құнарлылығын арттыру іс –шаралары жасалмайды. Мұның барлығы айналып келгенде ең соңында жердің құнарлылығының жойылуы мен құнды қасиеттері мен белгілерінің біртіндеп нашарлауына әкеліп соғуда.

Осы мәселелерді шешу жолдарына бірнеше фактілер айтып кетуге болады . Бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі – бұл жылдан –жылға құлдырап бара жатқан жердің құнарлылығын сақтап қалу мәселесі. Жердің құнарлылығын сақтап қалудың басты шарттарының бірі –ауыспалы егістікті қолдану болып табылады . Бірақ күнделікті өмір көрсететіндей ұсақ шаруа қожалықтарының ауыспалы егістікті қолдануға құлқы жоқ , оған әрі тиімсіз . Әсіресе бұл мақта өндіруші аудандарда анық байқалады . Бұл жерде шаруашылықтарды қызықтыратындай экономиканы пайдалануымыз керек сияқты . Мысалыға : егістікке жарамды жердің көлемін арттырса – сыйлық алады , түсірсе – айыппұл төленуі тиіс . облыс көлемінде топырақты зерттеудің кезекті түрін өткізу қажет. Мұның ішінде бірінші кезекте егістікке жарамды жерлердің көлемін анықтау мәселесі өткір болып отыр . Бұл зерттеулердің нәтижесі біріншіден – ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің әрқайсысының жер телімдерінің шынайы төлқұжатпен қамтамасыз етілуіне игі ықпалын тигізер еді . Екіншіден – төлқұжатқа жердің нақты қасиеттерін дәлелдейтін көрсеткіштердің болуы арқасында жерді обьективті түрде бағалауға , жерді тиімді және оңтайлы пайдалануға ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндігі болар еді .

Суармалы жерлердің барлық түрлерінің аумағының қысқаруы негізінен келесі себептерге байланысты болады :

1) мелиорация жүйесінің бұзылуы мен техникалық жағдайдың нашарлауы

2) суару машиналарының ескіруіне және де олардың жұмыс істеуіне энергия қайнар көздерінің жетіспеушілігі

3) суды пайдаланушыларға төлем төлеуге суды пайдаланушылардың қаражатының болмауы.

Осыған байланысты ауылшаруашылық дақылдардың егістік аумағының суармалы жерлері де қысқарады . Сонымен қатар өнімге деген сұраныстың өзгеруі әсерінен мақталы картоп , көкөніс , жем – шөп дақылдарының аумағы қысқарып , астық , май , және бақша дақылдарының аумағы өсуде . Облыста суармалы егіншілікті пайдалану ерте көкөніс мақта , жеміс , жидек , жүзім өндірісінің оны Қазақстанның басқа аймақтарына өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған .

Экономикалық негізделген есептер бойынша облыста картоп , көкөніс , жеміс – жидек , пен жүзім өндірісінің көлемі маңызды ұлғаюы керек .

Жерді мелиоративті жағдайының суды пайдалану жүйесімен суармалы аймақта агроэкологиялық жағдайларды жақсарту мақсатында төмендегідей шараларды жүргізуіміз қажет:

– суармалы жүйені техникалық жағынан жетілдіру , ең алдымен ішкі шаруашылыққа суару торабын , суару техникасы мен суару технологиясын

– гидромелиорация жүйесін барлық деңгейде су есебі және су бөлімінің құралдары мен тәсілдерін сапалы жетілдіру

– суарудың жетілген техникасы мен технологиясын енгізу (тамшылатып) , жер астымен суару , суармалы жерлердің сорлануымен күрес тәсілдерін жетілдіру

– суару торабына суды бөлуді оперативті басқаруды ұйымдастыру және экономикалық тәсілдерді жасау.

2007 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 113,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,4%-ға артық.

 Ауылшаруашылық өнімінің облыс бойынша жалпы көлемінің – 18%, немесе 20423 млн. теңгесі – Сарыағаш ауданының тауар өндірушілеріне, Мақтаарал ауданының – 17,8%, немесе 20195 млн.теңге, Сайрам ауданының тауар өндірушілеріне – 12%, немесе 13679,1 млн.теңгесі тиесілі.     Бәйдібек ауданында ауылшаруашылық өнімі көлемінің өсімі – 14,2%, Сайрам ауданында – 12,4% құрағанын атап кету қажет. Алайда, өнім көлемінің Кентау қаласында – 32,8%-ға, Шымкент қаласында – 26,9%-ға, Қазығұрт ауданында – 4,6%, Арыс қаласында – 2,1%-ға кемуі орын алды.     2007 жылы 367,8 мың тонна дәнді дақылдар жиналған, немесе 2006 жылдың деңгейіне – 101,9%, майлы дақылдар – 37,2 мың тонна, немесе 91,2%, мақта – 438,7 мың тонна, немесе 100,8%, картоп – 150,8 мың тонна, немесе 122,9%, көкөністер – 494 мың тонна, немесе 103,6%, бақша өнімдері – 276,9 мың тонна, немесе 84,4%, жеміс-жидектер – 48,4 мың тонна, немесе 81,2%, жүзім – 30 мың тонна немесе 100,3% жиналған. 2007 жылы облыстың барлық шаруашылық санаттарында 145,6 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 566,6 мың тонна – сүт, 238,8 млн. дана – жұмыртқа өндірілді. Облыстың барлық аймақтарында ет және сүт өндірудің артқаны байқалады. Жұмыртқа өндіру Төлеби ауданында – 12,2%, Ордабасы – 29,5%, Бәйдібек – 8,1%, Мақтаалар ауданында – 7,1%-ға кеміді.     2008 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша, облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны –689,5 мың басты, немесе 2007 жылдың сәйкес кезеңіне – 107,4%, қой мен ешкі – 3305,3 мың бас, немесе 105,9%, жылқы – 133,9 мың бас, немесе 104,2%, түйе – 15,6 мың бас немесе 101,2%, шошқа – 34,7 мың бас, немесе 112,4%, құс – 2193,7 мың бас, немесе 102,9% құрады

Оңтүстік Қазақстан - республикадағы суармалы егіншілікпен айналысатын негізгі аудан. Бұл -Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Техникалық дақылдарды суару үшін Киров, Арыс-Түркістан, Талас-Асы, Қаратау арналары салынған. Жылуды көп қажет ететін мақта өсіруге Оңтүстік Қазақстан облысы қолайлы, ал күріш Қызылорда облысында өсіріледі. Қант қызылшасы темір жолға жақын Тараз, Мерке, Алматы, Талдықорған аудандарында өсіріледі. Алматы маңында темекі егіледі. Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дақылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады. Оңтүстік Қазақстан - ірі бақ және жүзім өсіретін аудан. Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.

Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің көбі (көкөніс, жеміс) Қазақстантанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс-жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5-2 ай ерте піседі.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары өте жақсы дамыған. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады. Республика бойынша жеңіл және тамак өнеркәсібі жалпы өнімінің 87%-ы осы ауданның үлесіне тиеді. Бүкіл республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің 55%-ы, тамақ өнеркәсібінің 40%-ы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан бөлінген демеуқаржыны уақытында алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауыл шаруашылығы департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мамандарының айтуынша, сегіз бюджеттік бағдарлама бойынша аграрлық секторды қолдауға мемлекеттік субсидиялар кесте бойынша бөлінуде. Бірінші тоқсанға 57 миллион 964 мың теңге бөлу жоспарланып, ол қаржының барлығы толық игерілді.

Көктемгі ең маңызды демеуқаржының бірі - жанар-жағармай болып отыр. Көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында шаруаларға арзан бағамен 19 мың тонна отын бөлінді.

Арамшөптермен күресу шаралары. Экономикалық тиімділігі. Арамшөптерге қарсы алдын ала күресу шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының негілгі міндсті - арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау. Ол үшін өңделмейтін жерлердегі арамшөптердің тұқым шашуына жол бермеу керек. Ол үшін тұқымдарды арнайы тұқым тазалағыш машиналардағы елеуіштермен триерлерді пайдаланатын 1-2 класс деңгейіне көтеру қажет. Егер егінді жинау жұмыстары мезгілінде, кешіктірілмей жүргізілсе, арамшөптер тұқымының негізгі бөлігі комбайн бункеріне немесе сүрлемдік дақылдармен бірге көк балаусаға түседі. Дәнді бөлектеп жинағанда тікелей орып бастыруға қарағанда арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады.

Сабанды тартылған, буландырылған, ұнтақталған күйінде малға беру керек. Арамшөптердің таралуына тосқауыл қоятын карантин шаралары болып табылады. Сыртқы карантиннің міндеті елге карантинге жататын арамшөптер тұқымдарының өтіп кетуіне жол бермеу болып табылады. Ішкі карантиннің міндеті карантинді арамшөптер бар алқаптардан олар жоқ алқаптарына таралуына тосқауыл қойған жөн.

Арамшөптерді агротехникалық шаралар арқылы жою. Ежелгі заманнан топырақты өңдеу арамшөптермен күресудің тиімді жолы болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудегі маңызды агротехникалық шаралардың бірі топырақты негізгі және себу алдындағы өңдеу болып табылады. Мұның өзі ылғал жинақтау мен сақтауға және арамшөптерді жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның солтүстік облыстарында топырақты сыдыра жыртып өңдеу игерілген. Бұл тәсіл топырақ бетінде аңыз паясын сақтауға, соның әсеріненқыста қар тоқтатуға, ал терең қопсыту қар суын сіңіругежағдай жасайды. Топырақты негізгі өңдеу ең алдымен алғы дақылға байланысты. Сүрі танаптарда топырақ өңдеуді қарастырайық: алғы дақыл жиналғаннан кейін топырақ жазық тілгіш қопсытқышпен (КПШ-9, ПГ-3-5)12-14 см тереңдікте өңделеді. Қара сұлымен қатты ластанған танаптарды күзде жазық тілгіштермен өңдесімен БИГ-3 имек тісті тырмалармен 4-6 см тереңдікке қосымша қопсытылады. Көктемгі жұмыс сүрі танапта қара сұлы жаппай көктегеннен кейін КПШ-9, КТС-10-01, ОП-8 қопсытқыштарымен өңдеуден басталады. Сүрі танабының бұдан әрі өңделуі атпа тамырлы арамшөптер күйінебайланысты, олардың сабақтанып кетуіне жол бермегенжөн.

Сүрі танапта тамыр сабақты арамшөптерді тиімді жою үшін КПЭ-3,8 қопсытқышын қолданған бәрінен де тиімді. Танаптар жатаған бидайықпен ластанғанда, тамыр-сабақтар орналасқан тереңдікте (14-16 см) 4-5 рет осы қопсытқыштармен өңдеу барынша тиімді. Бұтақты бидайықпен күрес біршама қиын, себебі оның тамыр сабақтары жатаған бидайыққа қарағанда терең орналасқан. Солтүстік Қазақстан жағдайында бұтақты бидайықтың тамырсабақтары қара және қоңыр топырақтарда 28-30 см, қоңыр және ашық қоқыр топырақтарда 24-26 см, сортаң жерлерде 16-18 см тереңдікте орналасады. Бұтақты бидайықпен күресте тамырсабақтарын жер бетіне тақату үшін, жерді соқамен жыртады, сонан соң қопсытқышпен тамырсабақтарын тарайды. Азжылдық арамшөптер сүрі танапты өңдегенде біршама тиімді жойылады. Алайда оларды, әсіресе қара сұлыны сүрі танапты өңдеу кезінде толық жоюға қол жетпейді, себебі тұқымдардың бір бөлігі тек келесі жылдары өнеді. Сонымен қатар, азжылдықтармен күресте ауа райының және өңдеудің тереңдігінің де әсері байқалады. Арамшөптермен ауыспалы егісте күресудің мадызы өте жоғары. Сүрі танаптан алыстаған сайын астық егістігінің арамшөптермен ластануы арта түседі. Арамшөптердің бір ерекшелігі, агротехника бұзылса, кешенді күрес шаралары сақталмаса, танаптарда олар қаптап шыға келеді.

Арамшөптермен химиялық күресу шаралары. Химиялық күрес арамшөптердің өлуіне әкеліп соғатын химиялық заттарды қолдануға негізделген. Бұл заттарды гербицидтер деп атайды. Өзінің өсімдікке әсер етуіне қарай жеке дақылдарға әсер ететін гербицидтер жылжымалы және жанасу топтарына ажыратылады. Гербицидтер мынадай түрде қолданылады: ерітінділер (2,4-Д аминт тұзының судағы ерітіндісі), суспензия (суланған ұнтақтар - симазин, атразин, прометрин) эмульсия (қойытылған эмульсия - триаллат, трефлан, эптан), түйіршіктер (триаллат бутильді эфирінің 2,4-Д тобы). Гербицидтерді ұнтақ арқылы, жер бетіне бүрку тәсілдерімен қолданады. Симазин және атразиннан басқа гербицидтер қазіргі уақытта пайдаланылады, ал жаңа дезармон-эфир, барс, т.б. гербицидтердің барлығы - 2,4 Д амин тұзының судағы ерітіндісі, тек қана атаулары өзгерді.

Суармалы егіншілікте су арқылы пайдалануға болады (гербигация). Гербицидтерді ұшақ арқылы жер бетіне бүріккіштер арқылы шашады. Жер бетіне шашуға (түгелдей және жолақтап) ОПІІІ-15-01, 011 -2000-2-01, ОП-3200, ПОМ-3200, ПОМ-030, ОМ-030-2 штангалы бүріккіштерін қолданады. Жер бетіне жеделдеткішті (дистаициялық) шашуға ОПВ-1200, ОП-2000, ОМ-200 агрегаттарын пайдаланады. Арамшөптердің жер бетіндегі бөліктеріне жер ететін гербицидтердің ең жоғарғы улылығы температура 18-24°С болғанда байқалады.

Ауаның температурасы 25-30°С болғанда олар нашар әсер етеді, ал 8-10°С болғанда әсері тіпті байқалмайды. Желдің жылдамдығы 4 м/сек жоғары болғанда гербицидтерді шашуға болмайды. Гербицидтер адамның денесіне белгілі бір мөлшері тигенде улы әсер етеді.

Сондықтан гербицидтермен жұмыс істегенде сақтық жасаған дұрыс. Жұмыс істеудің алдында қызмет көрсететін адамдар сақтандыру ережесімен танысып, арнайы киімдермен (комбинизон, халат, қолғап, көзілдірік, респиратор жөне т.б) қамтамасыз етілуге тиісті. Агрономдардың гербицидтердің сақталу жағдайына көңіл бөлулері керек. Мысалы, трефланды сақтағанда температура +4°С төмен түспеуі керек. Сақтау кезінде, әсіресе ұзақ сақтағанда, гербицидтің әсерлілігі төмендейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің төмендеуі көбінесе көп жылдық арамшөптердің әсерінен болады. Атпатамырлы арамшөптердің санын азайтатын тиімді гербицид - 2,4 амин тұзы.

Мұны жүйелі түрде қолдану ең үлкен тиімділік береді. 2.4 Д гербицидін пайдалану мөлшері (әсер етуші зат (Ә.Е.З): эфирлер - 0,3-0,4 кг/га, амин тұзы -1,0 кг/га. Жаздың астық даңылдары (қарақұмықтан басқа) егісінде гербицидтерді пайдаланудың ең қолайлы кезеңі оның толық түптенуі мен түтіктенудің алғашқы кезеңі болып табылады. Солтүстік Қазақстан жағдайында химиялың қорғау шараларын әрбір шаршы метр алаңында 2 және одан да көп қалуен, 15 қара сұлы, 75 итқонақ және 20-30 басқа азжылдың арамшеп өсімдіктері болғанда қолданады. Қара сұлыға қарсы жаздық бидайды себуге дейін ерте көктемгі топырақ өңдеу кезінде триаллат (авадекс БВ) қолданылады да, міндетті түрде 3-5 см тереңдікке 2,5-3.5 кг/га мөлшерінде енгізіледі.

Бидай одан 1 -2 см тереңірек себіледі.Бидай егісінде қара сұлының 2-4 жапырағы пайда болған кезде 4 иллоксан қолданылады. Препарат бойынша сіңіру мөлшері гектарына 2-4 кг.

Күнбағыс және картоп егістерінде бір жылдық дара және қосжарнақты арамшөптерге қарсы прометрин гербицидін пайдалану тиімді. Прометринді күнбағысты сепкенге дейінгі, себумен бірге немесе сепкеннен кейін, егін көгі пайда болғанға дейін топыраққа бірдей сіңіру арқылы жүргізеді (2,0-6,0 кг/га). Картопты отырғызған соң бірден прометринді шашып топыраққа тырмамен сіңіреді.

Сүрі танаптарда гербицид кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезде сүрі танапта арамшөптерді әсіресе атпатамырлы және кіндік тамырлы арамшөатерді құртатын, жаппай және талғап әсер ететін гербицидтер бар. Жаппай әсер ететіндер тобынан Ураган гербицидін 2-6 кг/га мөлшерінде қолдануға болады.

Арамшөптермен күрестің биологиялық шаралары. Көптеген елдерде арамшөптермен күрестің биологиялық тәсілдерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Зерттеулердің негізгі мақсаты арамшөптердің табиғи жауларын (фитофагтарды, ауруқоздырғыштарды) анықтау, басқа жақтан әкелу және қыстандыру болып табылады. Атап айтқанда, АҚШ-та, Канадада түйтікенмен күресте Rһіnо-соIIus conicus біз тұмсығын және басқа жәндіктерді пайдаланады.

Биологиялық тәсілдің тиімділігінің ең жақсы мысалы ретінде кактус опункциясына қарсы Австралияда кактус көбелегін пайдалануын айтуға болады. Он жылда (1925-1934) опукциядан 24 млн гектар жайылым тазартылған.

Қазіргі уақытта арамшөптермен күресте электр тоғын пайдаланудың мүмкіндігі зерттелуде. Зерттеулер, арамшөптердің тұқымдарын жою үшін өте жоғары жиілікте электромагниттік өрістің қуатын, ал өсіп тұрған арам-шөптермен күресте жоғарғы қуатты электр тоғын пайдалану бағыттарында жүргізілуде.

3.2 Суармалы егіншілік жерлерін тыңайту пайдалану мәселелері

Жер қойнауын пайдалану мен қорғау тәртібі мен мән жайларын реттейтін және олардың рациональды , кешенді пайдаланылуына және экологиялық зардаптың алдын алуға бағытталған құқықтық нормалар бар. Табиғатты қорғау аясындағы тау –кен игеру қызметі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қ Р заңымен реттеледі

Минералды тыңайтқыштар, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын өндіруде республика ТМД-да алдағы орында. Бұған Жамбыл облысының Қаратау аймағындағы шикізат негізінде жұмыс істейтін Жамбыл суперфосфат зауыты, Шымкент фосфорлы тұздар зауытының үлесі мол. Сондай-ақ фосфор зауыты Ақтөбеде, фосформен қоса азот, калий тыңайтқыштарын өндіретін зауыттар соңғы жылдары Маңғыстауда, Степногорскіде іске қосылды.

Минералды тыңайтқыштарды сөз еткенде, негізгі үш микроэлементтерден (азот, фосфор, калий) басқа өсімдік тіршілігіне өте аз мөлшерде болса да, қажетті микротыңайтқыштар туралы да айта кету қажет. Қазақстан топырағында бұл микроэлементтерден жетіспейтіндері мырыш, молибден, кобальт екендігі анықталып отыр. Осы микроэлементтерді егістіктерге немесе мал жайылымдық жерлерге қолдан енгізген жағдайда, егістіктің өнімі, ал жайылымдағы малдың қоңдылығы жоғары болады. Қазақстан агрохимиктері бұл салада әлі де ізденіс үстінде.

Біз жоғарыда тек минералды тыңайтқыштар туралы сөз еттік. Ал негізінен егіс өнімдеріне тек минералды тыңайтқыштар емес, сонымен қатар тыңайтқыштардың басқа түрлері де көп әсер етеді. Бұл тыңайтқыштар органикалық тыңайтқыштар, соның бір түрі жасыл тыңайтқыштар және бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл шөптер.

Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі - жоғарыда айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар немес сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап етпей, өніп-өсіп жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып тастауды айтады. Тыңайтқыштың бұл түрі еліміздің-оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан-ақ белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі: жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның құнарлылығына микроорганизмдердің, оның ішінде бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында) түйіртпекті (клубни) болып өсіп ауадан бос азотты өз денесіне жинап, топырақтың тыңаюына көп “қолқабыс” тигізеді. Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы микроорганизмдер. Табиғи жағдайда көбінде топырақ микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы жағдайларды күшейту үшін топыраққа бактериялы препараттардың ішінен нитрагин, азотбактерин мен фосфорбактерин т.б. енгізеді.

Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар енгізу мөселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін барлық облыстарда, аудандарда арнайы химияландыру басқармаларын ұйымдастырған. Мәселе осылардың қолқабысын тиімді пайдалану.

3.3 Егіншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты

эрозиядан қорғау

Топырақтану ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының көпжылдық зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты кең болғанмен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен қамтамасыз етілгені шамалы екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан жыртылған, егістікке айналған жердің әрбір гектарын тиімді пайдалану - бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді пайдалану - оның әр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу деген сөз. Ал мол өнім алу үшін егістік жерлерге жыл сайын негізгі ғылыми негізделген егіншіліктің ауыспалы жүйесін енгізумен қатар, егіншілікке барынша аудандастырылған дақыл сорттарын егіп, озат агротехниканы қолдану қажет.

Көпжылдық тәжірибе республиканың негізінен жаздық астық егілетін солтүстік аудандарында қолданылатын егіншіліктің парлы-астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл құрғақ аудандарда парға егілген дәнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға қарағанда гектарынан 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі танапты бір жылдай қара пар етіп өңдеп, «тынықтырсаң, арамшөптерден арылып, ылғалдың қажетті қоры жиналады да, микробиологиялық құбылыстардың нәтижесінде қоректі заттар көбейіп (әсіресе азотты заттар), бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дәнді дақылдардың дұрыс өнім беруіне себеп болады.

Солтүстік облыстардың көпшілігінде, әсіресе топырақ құрамы жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі әрі қатты тұратын желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды, ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті жойылып кетеді.

Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін әсерін есептеп жеткізу қиын. Мәселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гектар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал су эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің әрбір гектары екі тоннаған дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 280 кг фосфор мен 215 кг калийді жоғалтады екен (Жанпейісов Р.Д., 1977). Республикамыздың солтүстігінде тың игеру жұмыстарын жаппай жүргізген кезде жыртуға жарамды жер таңдауда жіберілген қателіктерден көптеген құмдақ-құмды жерлер жыртылып, жел эрозиясына қатты ұшырағаны баршаға белгілі. Мұндай жерлер тек Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті. Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында көптеген алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргізілген түбегейлі зерттейлердің нәтижесінде, солтүстіктегі аудандарда жел эрозиясына ұшыраған 1,5 млн гектар егістікке жарамай, ол жерлерге әр түрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл апатымен күресуде Шортанды астық шаруашылығы институтының академик А.И.Бараев басқарған ұжымы кезінде жақсы жетістіктерге жетті (Бараев А.И., 1972).

Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясынан қорғап, ауадан түсетін ылғалдан топырақ қабатында сақтау мен арам шөптерге қарсы күресу үшін шаралар жүргізілуде. Топырақты кәдімгі соқамен (плугпен) қайырмалы етіп жырту орнына, оны арнайы соқамен қопсытып, егілген егіс сабақтары қарды тоқтату үшін сақталады және топырақ желмен ұшпайды. Танаптарға қар тоқтатып, жел күшін бәсеңдету үшін парды белдеу-белдеу етіп орналастырады, яғни пар танаптарының араларына биік сабақты өсімдіктерді жолақтатып егеді. Егіншіліктің қысқа ротациялы - парлы-астықты ауыспалы жүйесін қолданады, әдетте үш жыл астық егіп, төртінші жылы пар жыртады. Егіншіліктің осы жүйесін топырақ эрозиясына ұшыраған облыстарда, Сібір және Алтай өлкесінің кейбір аудандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты дақылдар тұрақты өнім бере бастады.

Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі Қазақстанда тың игерумен, тыңдағы егіншілікпен тығыз байланысты болғанымен, егіншіліктің бұл жүйесін практикалық жағдайда қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставрополь, тіпті Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін өздерінің топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сәйкестендіріп қолдануда.

Егіншіліктің терістік облыстарында негізінен қолданылып келе жатқан парлы-астықты жүйесінің кемістігі жоқ емес. Жалпы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы егістік жүйесіне жатқызу күмәнді. Бұл егістік жүйесінде жерді органикалық тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты егіс жоқ. Бұл жағдай мал шаруашылығын дамытуға да кесірін тигізуде. Парлы танапты да тиімді пайдалану қажет сияқты. Міне осы бағыттарда Қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі, Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы директоры М.Сүлейменовтің жетекшілігімен жүргізілген соңғы жылдарғы зерттеулер жақсы нәтижелерге меңзейді.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы облыстарды негізгі дақылдарды ауыстырып, топырақ құнарлығын, әсіресе топырақтағы азотты арттыратын дақыл - беде (люцерна). Сонымен қатар беде өте құнды белокты азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда беделі-күрішті, беделі-мақталы, беделі-қызылшалы ауыспалы егістер нәтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына, шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыспалы егістерде алатын орны әр түрлі (әдетте, 30%-тен 50%-ке дейін). 1961-1962 жылдары академик В.Р.Вильямстің шөп танапты ауыспалы егісіне қарсы «шабуыл» басталған аймақтарда, оның ішінде біздің оңтүстік облыстарымыз да беде егістері жөнсіз жыртылып тасталды, соның салдарынан беденің тұқымы әлі күнге дейін көп шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы қажет.

Егер республикамыздың солтүстік облыстарында топырақтың жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы алқаптарында су эрозиясы орын алған.

Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті төменгі қабатының жуылып-шайылып, жыралар мен сай-салалардың пайда болуы сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы суармалы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тау баурайындағы аймақтарында орын алған. Оған бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің және оның төменгі қабаттарының су эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан (лесс-типтес) құралуы септігін тигізеді.

Су эрозиясының негізінен екі түрі болады: топырақ бетінің шайылуы және жыралық эрозия. Қатты нөсерден немесе суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған кезде егістің аралығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте, топырақтың құнарлы қабатының біразы шайылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны шайылу эрозиясы деп атайды.

Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлерде әуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. Мұндай жайлар көбінесе су жүретін ірілі-ұсақты арықтар бойында көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір жерлерінде осындай арықтардың табаны бірте-бірте шайылып, жер бетінен тереңдеп кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз ағысымен айналадағы жерді суару мүмкін болмай қалды. Су эрозиясының бұл түрін жыралық эрозия деп атайды.

Су эрозиясымен күресудің үш түрлі жолы бар.

Агротехникалық шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая-сабақтарын қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту т.б.

Орманды-мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.

Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен каналдардың табаны мен ішкі қапталын су өткізбейтін заттармен (плита, латоктар, полиэтилен т.б.) қаптау.

Осы шараларды ұқыпты қолданған жағдайда топырақтың су эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы жел эрозиясына ұшыраған жер көлемі Р.Жанпейісовтің мәліметі бойынша, 70 млн гектардан асады, яғни республика территориясының 26%-ті топырақ эрозиясына, оның 52 млн гектардан астамы жел эрозиясына бейім болса, 18 млн га астам су эрозиясына ұшыраған. Олардың жартысына жуығы егістікке жарамды жерлер. Су эрозиясы бұл аймақтарда жер бетін бүлдіріп қана қоймай, сонымен қатар жылына 2,5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып әкетеді.

Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті апатты түрі екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел тасқындарын болдырмау үшін Кіші және Үлкен Алматы өзен бойларында салынған тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. Алматы төңірегіндегі аласа таулар мен Ақсай трассасы бойындағы, негізінен тас басқан тау етектеріндегі жерлерді көгалдандыру арқылы бау-бақша отырғызып, қала халқының демалыс аймақтарына айналдырып, қала тұрғындарын саяжай ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте ұтымды болады. Сонымен қатар бұл жағдай қала халқының қосалқы шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, әсіресе жеміспен, көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигізеді. Дәл осындай жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүстіктегі басқа да облыстарда кездеседі. Жоғарыда көрсетілген әдіспен бұл жерлерді де тиімді пайдалану құптарлық мәселе.

Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арттырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші саласы - мал шаруашылығын өркендету үшін республикамыздың мол байлығы - миллиондаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысынан астамы. Өкінішке орай, соншалықты мол байлық бүгінге дейін дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі бұл шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан жайылымдар осы күнге дейін жақсы суландырылмай келеді.

Болашақта жер асты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру - кезек күттірмейтін іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозиясынан сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая бергеннен, шөптердің сиреуінен және мал тұяқтарымен беткі қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай «тұяқтесті» жайылымдар республикамызда миллиондаған гектарды алып жатыр. Мұндай жайылым эрозиясына ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.