Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаухазын курс.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
19.93 Mб
Скачать

Сурет 7 Флоридадағы «Дисней Уорлд» паркінің сыртқы көрінісі [25].

Тематикалық парктердің табысы, билет бағасына, тамақтанудан, сувинерлер мен ойыншықтарды сату бағасына құралады. Парктерде үлкен көлемде сувинерлер сатылады, олар парктің символы болып табылады.

Ондағы мемлекеттік ұлттық паркі аймағындағы туризмді дамыту мәселесі қаржыға кеп тірелген уақытта инвесторлардың да көмегі ауадай қажет болуда. Табыс көзі саналатын туризм, туризм кластері жайлы әңгімелер енді-енді ғана ортамызға ене бастады. Сұлу табиғат аясында тарихи, экологиялық, спорттық және экстремалды туризмнің бірнеше түрін шоғырландырып, дамытуға толық мүмкіндік бар екеніне көзіміз жетеді. Жалпы, еліміз бойынша кенжелеп қалған туризм саласын баянауылдықтар дер кезінде қолға алып, ұтымды пайдаланған кезде ғана тоз-тозы шыққан ауыл жолдары жөнделіп, мәдениет үйлері қалыпқа келтіріліп, таза ауыз су мәселесі шешіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрмыс деңгейі біршама көтерілер еді. Өкінішке қарай, осы күнге дейін аудан тарапынан аталмыш саланы өрге бастыратындай нақты шаралар жасалған жоқ.

Қорытынды

Қазіргі күні Қазақстан экономикасындағы басымдықты бағыттардың бірі кластерлік жүйені, оның ішінде маңызы өсіп келе жатқан туризм кластерін дамыту және соның арқасында еліміздің бәсекеге қабілеттілік деңгейін біршама жоғарлату болып табылады. Бұл, ең алдымен, әлемдік экономикада болып жатқан жаһандану үрдістері мен халықаралық экономикада бәсекелестіктің күшеюімен түсіндіріледі.

Еліміз туризмді дамыту үшін қажетті бай табиғи және мәдени-танымдық реурстарды иелене отырып, оның әлеуетін әлі де толық қолдана алмайды. Қазіргі күні Қазақстандағы туристік қызмет индустриясын дамытудың негізгі мақсаты – қазіргі заманғы тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Ол, бір жағынан, қазақстандық және шетел азаматтарының туристік қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағатандыруды, екіншіден, ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуды білдіреді.

Осыған орай курстық жұмысымда кластерлер, әсіресе туризм кластері теориялық, әдістемелік және тәжірибиелік тұрғыдан негізделіп зерттелген, еліміздегі туризм кластері жобасның іске асуы мен жалпы сала жағдайына талдау жүргізілді. Соның нәтижесінде өзекті мәселелер айқындалып, туризм кластерін дамыту жөнінде ұсыныстар келтірілген және даму перспективалары анықталған.

Қорытындылай айта кететін болсам ел мен жердің өткені мен бүгініне, болашағына шынайы көзқарас, ниет пен пейіл болса, әрине, бола алады. Көгілдір таулары, мөлдір тұнық көлдері, көк тасының өзінен ағаш өсіп шығатын, жұпар иісті таза ауасы ғажайып, табиғатының көркемдігі таңдай қақтыратын қазақтың бұл жері қалайша туризм аймағы бола алмайды деп, әрине, бұл сұраққа сіз де дау айтарсыз. Мәселенің мәнісі сонда болып тұр. Туризмді өркендету, Баянауылда туризм кластерін құру, бұл жерді Бурабай секілді курортты аймаққа айналдыру сияқты сөз қозғамастан бұрын, қарапайым ғана бір мысалға жүгінейікші. Біз қазір аузымыздың суы құрып айтатын осындай сұлу жердің табиғатын өзіміз қорғап, аялап, сақтап жүрміз бе? Ал, туризм дегеніміздің өзі, бүгінгі күні экономиканың көптеген секторларының бірлескен шоғырын құруға ықпал жасай алатын үлкен саланың біріне айналып отыр. Әлемнің көптеген елдері үшін туризм нағыз табыс көзі. Іргесі 1985 жылы қаланған, аумағы 50 мың 688 гектар жерді алып жатқан Баянауыл ұлттық паркі және бұған арқарлары асу асқан, сан түрлі құстары, өсімдігі, жәндіктері бар Қызылтау қорығын қосқанда табиғаттың небір кереметтерін ұсынып, туристерді тәнті етуге әбден болады. Соң­ғы кездері бай арабтар көз сүзіп, біздің елден сатып әкетіп жүрген қазақтың ителгі құсын да осы тау биігінен көресіз.

Баянауылдың көрікті жерлеріне алып келетін көлік және жаяу жолдар, атпен алып жүретін арнайы маршруттар да ойластырыла бастапты. Жалпы, біздің білуімізше, Баянауылға келген туристердің, қонақтардың көп барып демалатын, серуен құратын, қызықтайтын жерлері – көгілдір Жасыбай көлі мен осы көлдің батыс жағындағы құпиясы көп Қоңыр әулие үңгірі. Ұлттық табиғи парктің директоры Темірболат Қасен осы бағытқа адамдардың өте көп келуін байқаған соң, қиындық тудырмас үшін парк қызметкерлері әулиенің үңгіріне көтерілетін ағаштан соқпақты баспалдақ жол орнатыпты. Енді бұл жерлерде туристерге арнап екі-үш кісілік шағын үйлер де салынады. Қазір қонақ үйдің де құрылысы қызу жүргізілуде. Өйткені, біздің қазақ ата-баба аруағына, әулиелерге сенетін халық, Қоңыр әулиенің шапағаты мен шипасы тисін деп бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келуде. Ал, басқа жерлерден келетін туристер өз менталитеттеріне сай ел мен жер көріп, танысуды, рухани баюды мақсат тұтады. Міне, енді осының бәрі, сайып келгенде, осы бағытта қолға енді ғана алынып жатқан жұмыстар деуге болады. Әйтпесе, Баянауылдың оңтүстік-батысы, шығысы нағыз туризмге арналғандай, яғни туристерді өздері шақырып тұрған жерлер. Ол үшін көлік жолдарын салып, инфрақұрылымдық әлеует жасалуы қажет.

Баянауыл – бұл шөлейтті даланың ортасындағы көркем орын. Тау жартастары мен жоталары өсімдіктің көптілігімен және бірі біріне ұқсамайтындығымен таң қалдырады. Баянауыл тауларында болған адам мұнда денінің саулығы үшін демалуға міндетті түрде қайтып келеді. Туристік сүрлеумен жүріп, осы өлкенің қарттарымен танысып, сөйлескеннен кейін Сіз Қазақстанның осы бір тамаша, әдемі жері туралы ойыңызды кеңейтесіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]