Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рлеу дайынды.docx
Скачиваний:
134
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
671.24 Кб
Скачать

Оқушыларға қойылған сұрақтар мен олардың жауаптары

Әр мұғалім кез- келген сабақта міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар. Кей кезде төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады. Оқушының жауабы дұрыс болмаған жағдайда мұғалім оған бірден , сенің жауабың дұрыс емес деп кесіп айтуы қателік. Әрине оқушының көңіліне қарап оның берген теріс жауабын дұрыс деп те айту қисынға келмейді. Сондықтан да бұндай жағдайларда мәселені тереңірек қарастырған дұрыс . Мысалы қайта бағыттау сұрағы, сұрақты жалқыдан жалпыға қарай бағыттаған дұрыс. Балалардың өз жауаптары арқылы білім алуын қолдаймын, тек бұл жағдайда бір нәрсені ескеру керек. Оқушы сұраққа жауап тапқанда оның дұрыс-бұрыстығын мұғаліммен ақылдасуы керек. Өйткені кей жағдайларда оқушы өзім білемдіге салынып, теріс жауапты дұрыс жауапқа балауы мүмкін.

Өзім сабақ өткізген 5 «А» сыныбында сабақтың алғашқы кезеңінде ой қозғау ретінде оқушыларға:«Ағылшын тілін үйренудің қандай артықшылығы бар?» деген сұрақ қойдым. Сол кезде Арайлым ағылшын тілі кең тараған, халықаралық тіл, ағылшын тілін білу арқылы кез келген ұлт өкілімен сөйлесуге болады. Келесі бір тапсырмада 9- сыныпта экология тақырыбына байланысты «Қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай ой-пікір айтар едің ?» деген түрткі сұраққа оқушылардың Сейтжанова Диананың «Мен қоқыстарды қайта өңдеу жолдарын қарастыруды ұсынар едім», Ертаева Мөлдірдің «Ал мен қоқыс салатын жәшіктерді өте жиі ара қашықтықта қояр едім» деген сияқты әр түрлі жауаптары көңілімнен шықты. Атап айтсам, деген жауабы шын мәнінде оқушының сыни тұрғыдан ойлай алатынының бір көрінісі болды.

Себебі біз бұрынғы сабақтарда кім? не? қайда? қашан? деген тар шеңбердегі оқушының ойын дамытуға мүмкіндік бермейтін сұрақтармен шектелген болатынбыз. Ал енді осы курс барысында біз оқушыларды сабақ барысында еркін ойландыратын (не үшін?, неліктен?, неге?) түрткі сұрақтарды көбірек беру екендігіне көзіміз жетті.

Таныстырылым әдісін қолдану туралы рефлективті есеп

Таныстырылым жасау оқушыларды шығармашылыққа, әсемдікке, өз ойын қағаз бетіне түсіріп жүйелі түрде жеткізе алуға үйретеді. Бірінші бетпе-бет кезінде әр-түрлі тақырыпта таныстырылым жұмыс жасаған болатынбыз. Бағдарлама бойынша үйренген әдіс-тәсілдерді қолдану үшін сол кездердегі жіберген қателіктер мен жеткен жетістіктерімізді есіме түсті. Мысал үшін «Нан пісіру» рецептін жасау кезінде өз ойымызды қағаз бетіне түсіріп жай ғана нан пісіруді үлкен бір философиялық ойлармен оқу үдерісіндегі өз тәжірибемізбен байланыстыра отырып жеткіздік. Ең алғаш осы тапсырманы тренерлеріміз берген кезде әр топ әр түрлі қабылдаған болатын, бір топ шынымен де нан пісіру рецептісін жазып шыққан, албіздің топ нан пісіру рецептісін мұғалімнің оқушыны оқытып шығаруымен байланыстырып өте бір тамаша таныстырылым жасаған болатынбыз. Сол кезде кейбір топтар жаңылысып тапсырманы тура мағынасында түсініп, шығармашылыққа, қиялға ерік бермей асығыс жасаған болатын. Міне осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында оқушыларға тапсырманы дұрыс түсіндіру керек пе деп ойлаймын. Одан кейін «Инклюзивті мектеп» үлгісін жасау кезінде өз қиялымызға ерік беріп жауапкершілігі шектеулі балалар оқи алатындай мектеп үлгісін жасап шығардық. Сондай-ақ «Мінсіз оқушы», «Мәдениет», «Ұлттық құндылықтар» тақырыптарында топпен жұмыс жүргізе отырып әр топ мүшелері қорғап отырдық. Таныстырылым жасау шығармашылыққа, әсемдікке, пікірлесуге, талқылауға және өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, сонымен қатар көшбасшылыққа үйретеді. Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілдерінің шорқақ, сөздік қорлары аз және өз ойын жүйелі жеткізе алмайтындықтарын ескере отырып, келешекте осы кемшіліктерді жою мақсатында жүргізуге тырысамын. Алайда менің пәнім ағылшын тілі болғандықтан оқушыларға бұл тапсырма қиындық туғызады. Оқушылар суретін салып шыққанмен де қорғауға келгеде қиналып қалады. Дегенмен мұндай тапсырмаларды көбірек жасатып оқушыларды шығармашылыққа баулу қажет деп ойлаймын.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену модулі бойынша рефлективті есеп

Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыру үшін,мұғалімдердің өздері де сыни тұрғыдан ойлауы керек. «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы- бұл технологиямен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинауға болады. Әртүрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгеретінін, нені меңгергенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, жанындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі. Атап айтар болсақ ұтқырлық, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою, дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру секілді іс-әрекеттер көрініс табады.

Сын тұрғысынан ойлаудың тиімділігі оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өте жиі қолданамын, тіпті әр сабағымда бірнеше стратегиясын қоланамын десем де болады. Бұл модульдің жүздеген түрлі стратегиялары бар сондықтан әр сабағымда бірнеше түрін қолдануға тырысамын.

Сабақтар топтамасында тақырыпты түсіндіру барысында «кластер», «түртіп алу», «тұсаукесер», «ой қозғау», «миға шабуыл», «синквейн», «ыстық орындық», «екі жақты күнделік» т.б әдістерді қолданамын. Осы әдістерді қолдана отырып топпен жұмыстың оқушылардың ынтымақтастық, тілдің дамуына, ұжымшылдыққа үйрететініні мені өте қуантты. Кейбір әдіс-тәсілдерге тоқтала кетсем кластер жасау арқылы оқушылар берілген тапсырманы жүйелей біледі және жасалған тапсырма көз алдында тұрады. Сабақтың бас кезінде болсын, ортасында немесе аяғында бекіту қорытындылау кезінде де қолдану тиімді.Таныстырылым әдісінің оқушының ауызша сөйлеуі, тілдік қорының дамуы, ойын жүйелі түрде жеткізе алуында маңыздылығын білдім. Сонымен қатар Тұсаукесер барысында оқушы өзін көшбасшы ретінде сезінді. Оқушылар бұл тапсырмада да қызығушылық танытып, белсене қатысты. Топ ішінде біреуі сурет салса, басқалары ойларын қосып,әркім өз пікірін ортаға салды. Бас кезінде таныстырылым әдісі көбінесе сәтсіз шығып жүрді оқушылар ойларын толық жеткізе алмай, тілінің шорқақтығы сезіліп тұратын. Кейбір сыныптарда бұл аздап жолға қойылып келеді, бірақ әлі де болса оқушылардың сөздік қоры мұндай тапсырмаларға аздық етеді. Ал жақсы қорғап шыққан оқушылар өз мүмкіндігіне риза болып ынталана түседі. Оқушылар өзара әрекеттесе отырып жұппен және топта жұмыс істей алуды игеріп кете алды.

Білім берудегі жаңа тәсілдер модулі бойынша рефлективті есеп

«Білім берудегі жаңа тәсілдер» модулі бойынша мен сұрақ -жауап әдістерін қолданып жүрмін. Біз дәстүрлі сабағымызда диалог әдісін қолданып жүретінбіз, ал қазір «АВС сұхбаты» әдісін , «Әр сұраққа бір жауап», «Менен сұрақ, сізден жауап»үнемі қолданамын. Осы сұхбатқа түскен оқушылар тапсырманы орындау барысында бір-бірілеріне сұрақтар қояды, жауап береді. Сабақтарымда АВС сұхбатын жүргізген уақытта сұрақ қоюшы, жауап беруші және жазып алушы болып диалогтар құрайды.Бұл кезде үшінші оқушының яғни жазып алушының жұмысы күрделі болады дегенмен көбінесе сәтті шығады. Бұл тапсырма 5-ші сынып оқушылары үшін күрделі тапсырма болып есептеледі. Сондықтан мен бұл әдісті 5 -сыныпта ІІІ тоқсаннан бастап қана жүргізе бастаймын. Диалогты қолдану менің сабағымда ағылшын тілі пәні болғандықтан өте жиі қолданылады. Диалогтың тиімділігі бұл жерде жұппен өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасайды, сөздік қорлары дамиды, сұхбатқа түседі бұл өзге тілді үйренуші оқушылар үшін маңызды екенін байқадым.

Л.Выготскийдің білім беру моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рольдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін. Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда білім беру жеңіл болмақ.

Барнс білім беруді мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни, сөйлеу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Сондай-ақ сұрақ-жауаптың да алатын орны зор, өйткені мұғалім берген әр түрлі типтегі сұрақтар оқушылардың білімін нығайта түседі. Мысалы: «Would you like some juice?» сабағында сұрақ- жауап, диалог әдісін қолдандым. Бұл сабақта тақырыпқа байланысты «Сенің не жегің келеді?», «Сенің не ішкің келеді?» деген сұрақтар қойылып балалар жауап берді. Осы сабағымда диалог құраған екі топтың мүшелері де сұрақтарды дұрыс қоя білдіжәне сәйкесінше дұрыс жауап бере алды. Бұл әдістің сәттілігі осында балалар «Кафеде» тақырыбына өздері диалог құрап, даяшы мен келуші ролін шынайы ойнап шықты.Менің ойымша диалог әдісі оқушылардың сөйлеу қабілетімен қатар грамматикалық жағынан да маңызы зор, себебі сабақтарымда оқушылардың бірте –бірте сұрақ қою арқылы сөйлем құрай алуы да жақсара бастада. Бұл менің сабағымда өте маңызды.

Кейінгі сабақтарымда да сұрақ қою арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтап отырдым. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сабақтарымда жиі қолданатын диалогтық оқыту бұл сабақты белсендірек, балалар үшін қызықты және маңызды ететіндігін түсіндім.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану модулі

бойынша рефлективті есеп

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгеріп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы техологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Жаңа формация мұғалімі жаңа технологияны меңгерген , ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдана білетін, ұшқыр ойлы, жан – жақты мұғалім деп ойлаймын. Сондықтан да осы қасиеттерді өз бойымда қалыптастырғым келеді. Ақпараттық технологияны қолдану жаңа заман талабы. Сондықтан сабақтарымды шамам келгенше, мүмкіндігім болған кездерде АКТ-ні қолдана отырып өткіземін. Мысалы «Топтастыру» әдісін жүргізу кезінде және тапсырма интербелсенді тақтада орындалады. Оқушылар жалпы интерактивті тақтамен жұмыс жасай біледі, дегенмен тақтаны үнемдеу жағынан қиындықтар болып жатады. Кейбір оқушылардың жазулары үлкен болғандықтан сөйлемді жазу барысында тақтаны дұрыс пайдалана алмай жатады. «Екі жақты күнделік» тапсырмасын интерактивті тақтада орындалады. Бір тақырыпты мысалға келтіре кетсем «Тағамдар мен сусындар», саналатын немесе саналмайтын зат есімдерді ажыратып жазу керек болған жағдайда. Тақырып бойынша тақтадағы жемістер, тағамдар және сусындар атауларын жеке қасиеттеріне байланысты бөлу керек болады. Бұл тапсырманы балалар өте қызығып орындайды. Тапсырма барысында түстерді ауыстыру, суреттерді жылжыту кезінде де балалар қызығушылық танытады. Тапсырма жас ерекшелігіне байланысты қызықты, түрлі – түсті суреттермен болғандықтан ба балалар барлығы бірдей қолдарын көтеріп белсенділікпен орындады. АКТ –нің балаларды осынша қызықтыра алатындай мүмкіндігіне қуанып, алдағы уақытта осындай тапсырмаларды көбірек орындату керек екен деп ойлаймын . «Блум» таксономиясын қолданған кезде міндетті түрде интербелсенді тақтада жүргізу керек. Блум таксономиясын қолданып өткізген сабақтарымда әр кезең тапсырмалары интерактивті тақтада балалардың көз алдарында анық болып көрініп тұрды. Мысалға келтіре кетсем «Құрлықтар мен елдер» тақырыбында «Түсіну» кезеңінде мәтінді түсінгендерін тексеру мақсатында қала, ел атауларын интерактивті тақтаның бірінші жанына жазып екінші жағына оқушылар қай өнімнің қай жерлерден келетінін жазды. Міне осындай тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар АКТ-ні пайдаланып жұмыс жасайды. Крісінше интербелсегнді тақта болмай қалған жағдайда «Блум таксономиясы» әдісін қолдана алмаймын. Сондықтан әр кабинет АКТ құралдарымен жабдықталса екен деп ұсыныс жасағым келеді. Қорыта айтқанда өз сабақтарымда интерактивті жұмыстар нәтижесін көріп АКТ-нің мүмкіндіктерін пайдалана отырып біз оқушыларымыздың қызығушылықтарын арттырып, жаңа заман талабына сай озық ойлы оқушылар тәрбиелеп шығарамыз деп ойлаймын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]