Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дело 3 денгей.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
745.98 Кб
Скачать

Түсініктеме хат

Түсініктеме – негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорынның жалпы бланкілерінде ресімделеді.

Екінші топқа қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер компьютермен бастырылған түрде немесе қолмен жазылған түрде таза қағазға ресімделеді. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелерге кәсіпорынның басшылары қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді.

Мәтінге арналған сөздік

түсініктеме – объяснительная записка

негізгі құжат – основной документ

жоспар – план

есеп – отчет

жоба – проект

жекелеген – отдельные

ереже – положение

мазмұн – содержание

бөлінеді – делятся

ілесіп жүретін – сопровождающий

ресімделеді – оформляются

құрылымдық бөлімше – структурное подразделение

оқиға – происшествие

қалыптасқан жағдай – сложившаяся ситуация

жекелеген қызметкерлер – отдельные работники

ішкі түсініктемелер – внутренние объяснительные

қолмен жазылған түрде – рукописным способом

жоғары тұрған органдар – вышестоящие органы

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай құжат түсініктеме деп аталады?

  2. Мазмұны бойынша түсініктеме нешеге бөлінеді?

  3. Бірінші топқа қандай құжаттар кіреді? Олар қалай ресімделеді?

  4. Екінші топқа нелер енеді? Мұндай жазбалардың мәтіні қандай болуы керек?

  5. Олар қалай бөлінуі мүмкін?

  6. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер қалай ресімделеді?

  7. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелер қалай ресімделеді?

2- жаттығу. Түсініктеме хат үлгілерін құрстырыңыз.

1.Қазақ тілінде іс жүргізу пәнінің оқытушысы атына сабаққа келмеген себебіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

2.Ғылыми-практикалық конференцияға не себепті қатыспағаныңыз туралы түсініктеме беріңіз.

3.Педагогикалық тәжірибені өтуді не себепті ауылға сұрайтындығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.

4.Жұмыстан кету себебіңізді көрсетіп түсініктеме беріңіз.

5.Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз.

6.Екі ай бойы сабаққа қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.

7.Диплом алуда не себептіфамилияңызды өзгертетіндігіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

8.Күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу себебіңіз туралы түсініктеме беріңіз.

9. Оқу бөлімінің басшысы атына мемлекеттік тілді үйрену топтарын шағын топшаларға бөлу керектігі туралы түсініктеме беріңіз.

10.Сенбілікке қатыспағаны туралы түсініктеме беріңіз.

Түсініктеме үлгісі

Бағалы қағаздар бөлімі Банк басқармасы

ТҮСІНІКТЕМЕ төрағасының орынбасары

    1. ______________________

Бөлімнің 2007 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің Алатау филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық.

Бөлім бастығы қолы аты-жөні

Отдел ценных бумаг Заместителю председателя

ОБЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА правления банка

    1. _______________________

Сводный отчет отдела за ІІІ квартал 2007 г. не был представлен в указанный срок в связи с повреждением факс-модемной связи и отсутствием отчетных данных Алатауского филиала банка.

Начальник отдела подпись И.О. Фамилия

77