Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 лекция по РЦБ КАЗЭУ.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
85.5 Кб
Скачать

Бағалы қағаздар нарығының орналасу нысандарын реттеу жетілдіру жолдары

Нарықтық экономика – адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйыдастырудың ең тиімді түрі екендігін дәлелденген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту – тек ашық нарыққа өту ғана емес сонымен қатар әр нарықтың салалық, сапалық жақтарын жетілдіру болып табылады. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі басты негіз - қор нарығы болып табылса, Үкіметтің негізгі алға қойған мақсаты ішкі инвесторларды ынталандыру шарттарымен өздерінің жинақтары және бос құралдарын ел экономикасының нақты секторына бағыттау, жұмсау болып табылады.

Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен тексеру бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі бойынша келесі жағдайларды жүзеге асыруға талаптанады:

  1. Отандық бағалы қағаздар нарығын дамытуда қазақстандық қор нарығының ролін күшейту;

  2. Банктік несиелеуге балама ретіндегі бағалы қағаздар нарығының ерекшелігін көрсете отырып, Қазақстанның халығымен жұмысты күшейту. ІІ деңгейдегі бағалы қағаздар нарығын реттейдің ұйымы ретіндегі брокер-дилерлердің өзін-өзін реттейтін ұйымын қалыптастыру;

  3. Банктік емес қаржылық емес ұйыдардың-акционерлік қоғамның іс-әрекетінің мониторингісі бойынша жұмысты бастау;

  4. Ұжымдық инвестициялау мен сәйкес институттың инвестиция қорының жаңа формаларының дамуы үшін қажетті нормалық базаны жасау;

  5. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды қалыптастыру мен дамыту;

4Сұрақ. Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері (соөж)

Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытудың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етті. Әлбетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей империясы мен Кеңес мемлекетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі азаматтық- құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мыс., Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.

1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және сауда қатынастары орыстың саудалық-құқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған қатынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және қор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.

1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмағандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін құру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мемлекетке де облигация сатып, ақша тарту, халыққа да облигацияны сатып алып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі – келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.

Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.

Заң шығарудың келесі кезеңі – экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы» Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кеңесінің «Экономикалық реформа жүргізу кезінде азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.

Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жоғарыда айтылған Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:

• 1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;

• 1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;

• 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Бағалы қағаздар туралы» Ереже шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі;

• осы нормативті актілер негізінде шығарылған ережелер жиынтығы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және басқа да құжаттарды шығару тәртібін белгіледі;

• мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы кәсіпорынды акцияландыру, сол сияқты инвестициялық қорлардың жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер;

• вексельдер, банктік (депозиттік) сертификаттарды шығаруды және оларды айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді реттейтін Қазақ КСР-ы Мемлекеттік банкінің ережелері.

Сол жылдары кейбір акционерлік қоғамдар алғашқы акцияларын шығарып, оларды айналысқа түсірді. Сонымен бірге қор биржалары және тауарлы-қор биржалары құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады. Шығарылған актілерді қолданудың нәтижесінде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде аз да болса тәжірибе жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туындады. Өз тәжірибеміз бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын ролін көрсетті. Бір уақытта ол әрі бағалы қағаздардың эмитенті, әрі инвесторы, әрі бағалы қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақылаушы субъект ретінде өзінің әртүрлі органдары ретінде қатынасады. Айта кететін жәйт, мемлекеттік орган басқа жақпен әрі «ойынға» қатысушы, әрі өзіне де ойынға басқа қатынасушыға да ойынның ережесін шығаруына құқығы жоқ. Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің «Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы» жарлығы бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.

Бұл жарлық 1991 жылғы: «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында Республика Президенті Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасымен оның төрт мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті. Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]