Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

shporik_zhtsm

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
881.79 Кб
Скачать

ТҚК және жөндеу жүйесінің түрлендіру үрдістерінің жалпыланған үлгісі. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоспарлы алдын-алулық жүйесі машиналар мен механизмдердің жарамсыздықтарының туындауын ескеретін жұмыстардың мерзімдер мен көлемдерін ережелейді. ЖАЖ жүйесі машиналардың берілген шарттар мен пайдаланым режимдерін орындағанда олардың қызметінің барлық мерзімі ішінде жұмысқабілеттілік және жарамдықтарды қамтамасыз ету үшін жоспарлы ретте жүргізілетін ескерулік сипаттағы ұйымдастырулық-техникалық жұмыстар кешенінен тұрады. ЖАЖ жүйесі берілген тізбектілікпен және периодтылықпен пайдаланымда орналасқан әр машиналардың техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуін дайындау мен жүргізудегі міндетті жоспарлауға негізделеді.Техникалық қызмет көрсету машиналардың жұмысқабілеттік күйде сақталуын, бөлшектердің тозуының қарқындығын азайтуды, тоқыраулар мен жарамсыздықтарды анықтау мен алдын алу, ал жөндеу – машиналардың жұмысқабілеттілігін қалпына келтіруді қамтамасыз етуі керек.Жөндеу жұмыстарының периодтылығы мен көлемдерін анықтайтын жөндеу мен ТҚК жүйелеріне үлкен дәрежеде бұйымның сенімділік көрсеткіштері тәуелді. Әдетте, бұл жүйе әр машина үшін келесі ұстанымдар негізінде құрылады:- машинаның оңтайлы пайдалануы мен жөндеуді жоспарлау үшін аралық уақытқа тең (немесе берілген көлемде жұмыстарды орындаған соң) берілгендер арқылы машинаның жөндеуі мен алдын-алулық жұмыстары үшін машинаның периодты тоқыраулары қалыптастырылады;- машиналардың ескерудің әр түрлі үрдістерінің өтуінде жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру қамтамасыз етілуі керек болғандықтан периодты жөндеу жұмыстарының көлемдері мен осыған сәйкес машиналардың жөндеуге тұрып қалуының ұзақтығы бірдей емес;Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жүйелерін жасауда сонымен қатар, келесілерді ескеру керек:- әдетте, әр машиналарда тоқырауға дейінгі қызметтің потенциалды мерзімдерінің кең диапазонды элементтер мен бөлшектер болады;- қазіргі заманғы техникалық мүмкіндіктер машинаның қандай да болсын тоқыраулары үшін жоғалтылған жұмысқабілеттілікті қалпына келтіруді және жөндеуді жүзеге асыруды рұқсат етеді: сұрақ уақыт пен құралдардың аздығы немесе көптігі жөнінде ғана болуы мүмкін.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі берілген машина түрлері үшін жалпы сипатқа ие болса, машинаның берілген тағайындалуының сенімділік деңгейін көрсететін параметрлерге ие (мысалы, күрделі жөндеуге дейінгі уақыт), жөндеу жүйесінің негізгі параметрлері машинаның сенімділік көрсеткіштерімен байланысты,

Жөндеу жүйесі толық машина үшін тағайындалады, сондықтан машинаның жеке түзілімдері мен механизмдерінің тоқырау мүмкіндіктері және олардың ережеленген қызметтік мерзімдері (жұмыстары)берілген жүйемен қабылданған жөндеулердің периодтылығының есебімен тағайындалуы тиіс;Жөндеу жұмыстарының технологиялық үрдістерін жасауда олардың жөнделген бұйымдарының сапалы көрсеткіштеріне әсерін ескеру қажет.Машиналарды пайдалану үрдісінде жүргізіледі:а) жұмыс ауысымының алдында, уақытында немесе кейін орындалатын ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсету (АСҚК);б) дайындаушы – зауыттармен бекітілген, белгілі жұмыс уақытында жоспарлы ретте орындалатын жоспарлы техникалық қызмет көрсету (ТҚК);в) жазғы немесе қысқы мезгіл периодында машиналардың қолданылуына дайындауда жылына екі рет орындалатын мезгілдік техникалық қызмет көрсету (МҚК);Тасымалдау мен сақтауда машинаның жұмысқабілеттілігін сақтау үшін пайдаланымдық құжаттаманың талаптарымен сәйкес арнайы техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.АСҚК машинаға бекітілген машинистермен жүргізіледі. Егер машинистерге машинаны басқару туралы ған функция жүктелсе, онда АСҚК машинаның жоспарлы – алдын-алулық техникалық қызмет көрсету мен жөндеуарнайы бөлімдерінің қызметкерлерінің ауысымнана тыс уақытқа орталықты жүргізіледі. АСҚК қарастырылған жұмыстардың орындаулы міндетті және сондықтан жоспарланбайды.

Нақтылы машиналар үшін ТҚК бірбірінен периодтылығы мен жұмыс құрамымен ерекшеленеді. ТҚК әрқайсысына жүргізілу тізбегіне байланысты реттік нөмір (ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3) беріледі. Аса жоғары реттік нөмірге ие ТҚК жұмыстарының құрамына ауысым сайынғымен бірге, алдынғы техникалық қызмет көрсету түрлерінің әр қайсысының жұмыстары кіреді.Техникалық қызмет көрсету – тағайындалуы, күтілуі, сақталуы және тасымалдануы бойынша қодануда бұйымның жұмысқабілеттілік немесе жарамдығын сақтау бойынша операция немесе операциялар кешені.

Техникалық қызмет көрсету бұйымның қызмет мерзімі ішіндегі жарамдығын немесе жұмысқабілеттілігін сақтау үшін құрылымдық құжаттамасында ережеленген операциялардан тұрады. Техникалық қызмет көрсетуге техникалық күйлердің бақылауы, тазалау, майлау, бұрандамалы бірігулердің бекітілуі, бұйымның кейбір құрамбөліктерінің ауыстырылуы,реттеу және т.б. кіреді.Пайдаланымға техникалық қызмет көрсету – тағайындалуы бойынша пайдаланымға дайындаудағы, тағайындалуы бойынша пайдалану, сонымен қатар оның аяқталуынан кейінгі тікелей техникалық қызмет көрсету.Тасымалдау кезіндегі техникалық қызмет көрсету – тасымалдауға дайындаудағы, тасымалдаудағы, сонымен қатар оның аяқталғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсетуСақтау кезіндегі техникалық қызмет көрсету – сақтауға дайындаудағы, сақтаудағы, сонымен қатар оның аяқталғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету.Ағымды жөндеу – ауыстырылымда және жеке бөліктердің қалпына келтіруден тұратын бұйымның жұмысқабілеттілігін қамтамасыз етуге немесе қалпына келтіруге орындалатын жөндеу.Ағымды жөндеу жоспарлы және жоспардан тыс бола алады.Күрделі жөндеу – негіздікпен бірге, бұйымның қандай да болсын бөліктерінің ауыстырылуымен немесе қалпына келтірумен оның қорын толық немесе оған жақын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.Күрделі жөндеу жөндеу айналымының соңғы негізгі жөндеуі болып табылады.Күрделі жөндеу – жұмыстардың жүргізу реті, оларға дейінгі техникалық шарттар, жұмыстардың ұйымдастырылуына және технологиясына, сонымен қатар жөнделген машиналардың сапасына деген талаптар дайындаушы – зауыт бекітілген жөндеулік құжаттамамен ережеленетін жоспарлы жөндеудің аса күрделі және еңбеккөлемді түрі. Күрделі жөндеу машинаның техникалық мінездемесі өзгеретін немесе жоғарыланатын оның жаңғыртуымен жиі үйлеседі.Жөндеулік айналым – нормативті құжаттамамен қарастырылған техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің белгілі тізбектілікте белгіленген түрлері жүзеге асырылатын ағымында бұйымның пайдаланымның ең аз қайталанатын периоды.Жөндеулік айналым - машинаның пайдаланымынан бірінші күрделі жөндеуге дейінгі немесе екі кезекті күрделі жөндеулер арасындағы оның сағаттағы жұмысы.Машинаның әдетте, жетілдірілген сағаттарда көсетілген күрделі жөндеуге дейінгі уақыт жөндеу айналымының ұзақтығы Тк деп аталады, ал екі тізбекті ағымды жөндеулермен жүргізілген уақыт То – жөндеу арасындағы период деп аталады (МЕСТ 18322-73). Әр айналымдағы периодты жөндеулердің саны К= Тко тең.Машинаның күрделі немесе ағымды жөндеулерге дейінгі қоры сипаттамаларының бір қатыстық жөндеу жоғалтулары Z болатын жөндеу жұмыстарының көлемімен және оның негізгі параметрлерінің талаптарымен анықталады.

Техникалық қызмет көрсету айналымы – нормативті құжаттамамен қарастырылған техникалық қызмет көрсетудің белгілі тізбектілікте бекітілген түрлері жүзеге асырылатын ағымында бұйымның пайдаланымының ең аз қайталанатын периоды.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеулердің жүргізілу периодтылығы жөндеу айналымымен және оның құрылымымен анықталады.Жөндеу айналымының құрылымы – жөндеулі айналымы ішіндегі жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерінің орындалуының периодтылық және тізбектілік саны.Машиналардың әр түрлі түрлеріне жөндеу аралық айналым құрылымы әр түрлі және машинаның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуінің (5.1 кесте) нормативті материалдарымен орнатылады.

Түрлендіру жүйесінің моделі.Түрлендіру  жүйесі – операндтың қажеттілікиерді қанағаттандыруы үшін (алға қойған мақсаттарға жету) қажетті және жеткілікті талаптанып отырған соңғы күйін қамтамасыз ететін түрлендіруүрдістерін орындауға арналған функционалды өзара байланысқан белсенді элементтердің (операторлардың) жиынтығы. Түрлендіру  жүйесінің үлгісін салуға (сурет 1) келесі болжамдарда салынған құрылымның формальды үлгісі негіз болып табылады:1)операндтың (әсер етуші объект) қалаулы өзгерулеріне материалды (М), энергетикалық (Э) немесе ақпараттық (А) түрдегі әсер етулердің мақсатты бағытталуында қол жеткізіледі;2) бұл үш әсер етулер қандай да болсын түрлендіруде келесі элементтермен жүзеге асырылады: адамдар – операторлармен, техникалық жүйелермен және реалды ортамен;Түрлендіружүйесінің мұндай интерпретациясы келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:1) қажеттілікті қанағаттандыру үшін талап етілуші объект немесе операндтың талаптанған күйі беріледі. Бұл күй (ОСК) өзгерудің мақсаты болып табылады;2) түрлендірудің операнды материалды, энергетикалық, ақпараттық объектілері болуы мүскін;3) операндтың сәйкес келетін бастапқы күйін (ОБК) кіру өлшемі ретінде (немесе ол беріледі) таңдайды. ОСК күйіне бірнеше ОБК бастапқы күйінен қол жеткізуге болады;4) ОБК   ОСК өзгерісі түрлендіру деп аталады;5) түрлендіру ОБК қанағаттандырылмаған күінен немесе ОСК қажеттілігінен туындайды;6) түрлендіру бөлшекті мақсатты бағытталған өзгерістердің реттелген жиынтығы түрінде көрсетілген үрдіс негізінде орындалады;7) түрлендіру  (жалпы және юөлшекті) операндқа материалды, энергетикалық немесе ақпараттық әсер етуімен жүзеге асырылады;8) әсер ету үш жүйе операторларымен жүзеге асырылады: адамдармен, техникалық жүйеменлермен және реалды ортамен. Барлық аталған операторлар бір-бірімен (материалды, энергетикалық,ақпаратты түрде) байланыста. Жүйелі өзгерудің негізгі элементтері: операнд,операторлар, түрлендіру үрдісі.

Түрлендіру жүйесінің элементтері.Түрлендіру  жүйесі – операндтың қажеттілікиерді қанағаттандыруы үшін (алға қойған мақсаттарға жету) қажетті және жеткілікті талаптанып отырған соңғы күйін қамтамасыз ететін түрлендіруүрдістерін орындауға арналған функционалды өзара байланысқан белсенді элементтердің (операторлардың) жиынтығы. Жүйелі өзгерудің негізгі элементтері: операнд,операторлар, түрлендіру үрдісі.Операнд -  қарастырылып отырған жүйенің пассивті элементі. Ол жоғарыда аталған категориялардың (материя, энергия, ақпарат) немесе олардың комбинациясының біреуіне қатысты болуы мүмкін. Операндтың күйі оның қасиеттерінің векторымен сипатталады.Сонымен қатар ОСК жағдайына алуан түрлі ОБК бастапқы күйінен алуан түрлі технологиялармен қол жеткізуге болады.Адамдар түрлендіру жүйесінің операторлары ретінде құрамына тек белгілі түрлендіру әрекетінің бір түрін орындайтын көптік адамдар болып анықталуы мүмкін.Оператор ретіндегі техникалық жүйелер – белгілі өзгеруде қандай да бір әрекет түрін орындайтын техникалық жүйенің көптігі.Түрлендіру үрдісінің жиынтық нәтижесі үшін үрдістің өтуінің тиімділігіне әсер ететін жалпыланған шынайы ортаның операторының маңызы зор. Кейбір жағдайларда ол түрлендірудің жүзеге асырылуына бөгет жасауы мүмкін.Шынайы орта операторы көп жағдайларда нақты көрсетілуі мүмкін емес түрлендіруүрдісінің жақын айналасындағы сыртқы әсерлердің барлық қайнар көздерін қамтиды7Шынайы ортаға тек түрлендіру жүйесінің элементтерімен байланысы бар ортаның элементтері кіреді:- экожүйе, оған геосфера (оның ішінде құрғақ пен су), биосфераны (адамдар, жануарлар, өсімдіктер және олардың мекендеу жерлері), атмосфераны және климатты (ауа-райын) жатқызады;- техносфера, оған адамдар жасаған барлық техникалық жүйелер жатады. Машинаның өмірлік кезеңіне сәйкес клетін түрлендіру үрдісінің ұйымдастыру-техникалық деңгейін анықтайтын арнайы ақпарат.үрдісті басқару, бірінші кезекте жедел басқару, өндірістік әрекеттің координациясы және материалды-техникалық жабдықтау жүйесі.- түрлендіру үрдісін жүргізу шарттары: физикалық (температура, ылғалдылық, көлем, шаңдану және т.б.); психологиялық (адамдардың өзара қатынасы); әлеуметтік (берілген уақыт мерзіміндегі қоғамның жағдайы және қызығушылығы); финанстық (үрдісті жүзеге асыру үшін құралдар); құқықтық (қазір бар болатын заңдылықтар, құқықтық-патенттер).

Түрлендіру үрдістері.Түрлендіру үрдісі (ТҮ) түрлендіружүйесінің элементтері бөлектеніп және жүйеге тек олардың қолданылуымен біріккендіктен, түрлендіру жүйесінде орталық орынға ие.Қажеттілік байланысын түрлендіру үрдісімен еске түсірсек:А) басында өзгертуге қажетті мәселе, қанағаттанбағандық күйі немесе жағдайы туындайды;Б) бұл күй қажеттілікті қалыптастыруды мәжбүрлейді;В) жалпы айтқанда, қажеттілік алуан түрлі құралдармен қанағаттандырылуы мүмкін екендігі танылады.Г) міндетті түрде қолданылатын құралдар жоқ екені анықталған;Д) қазір бар күйді түрлендіру жолымен қалаулы күйге өзгерту керек;Е) түрлендіру – үрдістерінде жүзеге асырылады.Түрлендіру үрдісі туралы бірінші, бастапқы білімді алуан түрлі көзқарастардан жүргізуге болады. Мұндай жіктеудің нұсқасы 2.1 кестеде келтірілген.Түрлендіру үрдісі (ТҮ) түрлендіружүйесінің элементі болып табылады. Оның үлгісі түрлендіру жүйесіндегі қатынастар негізінде салынады және операндтың өзгеруін оны «немен», «кім», «қашан» және «қайда» орындалуының нақтылығын көрсетпей-ақ анықтайды. Операция - операнд күйінің бөлшектеп өзгеруін тудыратын қарапайым үрдіс (ТҮ элементі).Түрлендіру  үрдісі – бір мақсатпен және ортақ оймен біріккен мақсатты бағытталған әрекеттердің (операциялардың) жүйесі болып табылады.Осыдан ТҮ құрылымын операндтың операциялары және аралық күйі ретінде көрсетуге болады. Операнд аралық күйге ТҮ жиынтығы шегіндегі операциялар негізінде өтеді. Операциялардың үйлесіп, бірігуі - ТҮ құрылымын көрсетеді.Түрлендіру  үрдісі олардың құрылымын анықтайтын, яғни операндтың (заттың., энергияның және ақпараттың) берілген бастапқы күйінен берілген соңғы күйге оператордың қосылып әрекет етуі есебінен өзгеруді қамтамасыз ететін альтернативті технологиялық тәсілдер негізінде асырылады.Мұнда «технологиялық үрдіс» операндтың белгілеріне қатыссыз бекітілген оператордың операндқа әр түрлі тәсілдермен әсер етуге негізделген түрлендіру үрдісін орындағанда әрекеттердің тізбектілігіне және мазмұнына негізделген ережелер жиынтығынан тұрады.Онда технологиялық үрдісті құрылымды түрлендіруүрдісі деп анықтауға болады. ТҮ құрылымы операндтың берілген технологиялық үрдіспен нақты жазылған көптеген аралық күйді тізбектей өтуін қамтамасыз етуі керек. Мұнда күй (қасиет) қажетті бағытта бірте-бірте өзгереді.Түрлендіру үрдісі әр түрлі құрылымдармен, яғни технологиялық үрдістермен жүзеге асырылуы мүмкін.Түрлендіру үрдісінің жиынтықты нәтижесі үшін ең алдымен үрдістің тиімді өтуіне әсер ететін шынайы ортаның жалпыланған операторларының маңызы зор. Шынайы орта үлгісінің құрамына алғашқыда, экожүйе (ЭЖ); техносфера (ТСФ); берілген өндірістің техникалық дәрежесін анықтайтын арнайы ақпарат (АА); үрдісті басқару (ҮБ), ең алдымен жедел басқару, өндірістік әрекеттің координациясы және материалды-техникалық жабдықтаудың жүйесі; түрлендіру үрдісін жүргізу шарттары (ТҮШ):физикалық (температура, ылғалдылық, көлем, шаңдылық); психологиялық (адамдардың өзара қатынасы); әлеуметтікберілген уақыт мезетіндегі қоғамның күйі және қалаулары); финанстық (үрдісті жүзеге асыруға арналған құралдар).Шынайы ортаның операторларының әсер етулерін материалды, энергетикалық және ақпараттық ағымдарға енгізу қажет .Үрдіске кіретін де, шығатын да тек операнд. Үрдісті жүзеге асыру үшін энергия, майлау материалдары және т.б. әр түрлі кіру өлшемдері қажет. ТҮ-де сонымен қатар, әр түрлі қалдықтар (түтін, талшық) және бөгеттердің (шу, діріл) болуы шарасыз.Мұндай кірулік, шығулық өлшемдерді әсер ететін кірулер мен шығулар деп атаймыз.ТҮ жүзеге асыруда қаламайтын, бірақ шарасыз бөгеттерді ескерген жөн. Техникалық жүйені жобалауда айналадан шығатын барлық мүмкін болатын бөгеттерді талдау керек болса, техникалық жүйені функционалдауда егер олар шектік шақтамаға жақын болса, бөлек кірулердің деңгейлерін бақылау керек. Мұндайларға мысалы, құрылғының жұмыс істеуі үшін температура мен ылғалдылықтың шекті мағынасы жатады.

Түрлендіру үрдісінің жіктелімі.Түрлендіру  үрдісі – бір мақсатпен және ортақ оймен біріккен мақсатты бағытталған әрекеттердің (операциялардың) жүйесі болып табылады.Осыдан ТҮ құрылымын операндтың операциялары және аралық күйі ретінде көрсетуге болады. Операнд аралық күйге ТҮ жиынтығы шегіндегі операциялар негізінде өтеді. Операциялардың үйлесіп, бірігуі - ТҮ құрылымын көрсетеді.Түрлендіру  үрдісі олардың құрылымын анықтайтын, яғни операндтың (заттың., энергияның және ақпараттың) берілген бастапқы күйінен берілген соңғы күйге оператордың қосылып әрекет етуі есебінен өзгеруді қамтамасыз ететін альтернативті технологиялық тәсілдер негізінде асырылады.

Іііііііііііі

Ішкі жобалау және сыртқы жобалау.Жасау деңгейінде жобалау объектісінің сапасы салынады. Жасау деңгейі екі бөлімнен тұрады: ішкі және сыртқы жоюалау.Сыртқы (жүйелі) жобалау деңгейінде машина жасаудың ұстанымды мүмкіндігі және мақсаттылығы орнатылады.Бұл деңгейде машинаның толық тұжырымдамасы, яғни оның негізгі функциясының көрсетілімдері және түсіну әдісі қалыптасады,машинаның жалпы ниеті және оның реализациялану жолдары өндіріледі. Оған қарамастан, жобаланып отырған машинаның сыртқы ортамен байланысы анықталады, осы байланыстың интенсивтілігі және бағыттылығы орнатылады, сонымен қатар сыртқы ортаның жобаланып отырған жүйемен өзара әрекеттесу тәсілдері зерттеледі.Машинаның сыртқы жобалануы – заттық облыстың метажүйелі үрдісінің жазылуын, машинаның негізгі тұжырымдамасының қалыптасуын, машинаның тиімділігін өткізу үшін сыртқы толықтырғыш жабдықтама мен өндірудің шарттарын, жағдайын, сонымен қатар машинаның жалпыланған тиімділік өлшемдері бойынша тиімділік бағалары негізіндегі техникалық тапсырмалардың зерттемелері мен машинаға деген талаптардың өндірмелерін талдау.Жан-жақты дәйектеме мен машинаның өндірмесі туралы перспективалы шешім қабылдаған соң, өндірменің мақсаттарын қалыптастырады және олардың құрыдымдамасын өткізеді. Өндірменің мақсатына қол жеткізу үшін жасалған жүйе мақсатымен тығыз байланыстырады.Жүйеге  деген талаптарды қалыптастыру және техникалық тапсырманы өңдеу техникалық жүйенің сыртқы жобалауының мақсаты болып табыладыІшкі жобалау кезеңі алдын-ала есептелген есептер мен нобайлардан бастап нақтыланған есептеулерге, бөлшектелген сызбаларға, құрылымның суреттемесіне, техникалық жағдайға және т.б. жобалау операциялары мен процедуралардың үлкен тізімін қамтиды.Жұмыс жобасын жасау және құрылымдық құжаттаманың өндемесі  - ішкі жобалаудың мақсаты болып табылады.Машина жасау үрдістерінің барлық кезеңдерінде машинаның пішімдік, тәжірибелік және сынау үлгілерін дайындайды және оларда әртүрлі сынақтар жүргізеді: зерттеулік, жеткізулік және алдын-алушылық т.б. Зерттеулік сынақтар машинаның қасиеттері мен мінездемелерін зерттеуге арналған.Құрылымды бабына жеткізу және сапа көрсеткіштеріне өндеу кезінде ендірілетін әсер ету бағаларының өзгерістер үшін жеткізулік сынақтар жүргізіледі. Құрылымның өндірілуі мен сыналған үлгілерді дайындау аяқталған соң олардың қабылдау сынақтарына көрсетілу мүмкіндіктері МЕСТ 5001-88-ге сәйкес орындалатын алдын-алалық бақылау сынақтарында тексеріледі.Машина жасаудың кезеңінің қорытынды сатысы – қабылдау сынақтары болып табылады. Оның нәтижелері бойынша өндіріске оны орнықтырудың мақсатының қолайлы екендігі туралы сұрақ шешіледі.

34

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]