Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

shporik_zhtsm

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
881.79 Кб
Скачать

Монтаж жұмыстары кезіндегі түрлендіру жүйесі.Монтаж жұмыстары кезіндегі түрлендіру жүйесі -  техникалық жабдықтау құралдарының, материалды элементтердің және орындалу нәтижесіндеқаңқа, құрылыс немесе ғимарат бөлігін немесе ғимараттар мен құрылыстардың өзін алатын құрылыс алаңы жағдайында түрлендіру үрдістерін орындау үшін орындаушылардың өзар байланысының функционалды жиынтығы.Құрылым элементтерін монтаждау тәсілдері монтаждау элементтерін ірілендіру дәрежесіне, қондырғылардың тізбектілігіне, тіректерге құрылымдарды дәлдеу тәсілдеріне және басқа белгілерге тікелей тәуелді.кесте

ПППП

Пайдалану кезеңіндегі түрлендіру жүйесі. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Пайдалану – машинаның сапасы іске асырылатын, қалпына келтірілетін машинаның өмірлік айналымындағы период.Пайдалану периоды екі кезеңнен тұрады:- өндірістік пайдалану кезеңі;- техникалық пайдалану кезеңі.Өндірістік пайдалану кезеңінде машина қызметі бойынша түрлендіру үрдістерінде оператор түрінде қолданылады.Халықаралық стандартқа сәйкес қызметі бойынша қолдану – бұл бұйымды техникалық шарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес қарастырылған мақсатта қолдану.Берілген этапта машинаны жобалау  мен өндіру кезінде құрылған пайдалы қасиеттері іске асырылады.Техникалық пайдалану өз кезегінде үш негізгі этаптан тұрады:- пайдаланымға ендіру этапы;- техникалық қызмет көрсету және жөндеу этапы;- пайдаланымнан шығару.

Пайдалану кезеңіндегі түрлендіру жүйесінің үлгісі. Пайдалану – машинаның сапасы іске асырылатын, қалпына келтірілетін машинаның өмірлік айналымындағы период.

Пайдалану периоды екі кезеңнен тұрады:- өндірістік пайдалану кезеңі;- техникалық пайдалану кезеңі.кесте.

Пайдалану басы машинаны пайдалануға ендірумен анықталады.Пайдаланымға ендіру  - машинаны қызметі бойынша қолдану этапына дайындығын және тиісті тәртіп бойыншақұжаттамаларының рәсімделгендігін анықтайтын  оқиға.Техникалық қызмет көрсету және жөндеу этапының тапсырмаларын шешу үшін ТҚК және жөндеу жүйесі қызмет етеді.Жөндеу мен техникалық қызмет ету жүйесі – осы жүйеге кіретін машиналардың сапасын ұстау және қалпына келтіру үшін арналған техникалық қызмет ету мен жөндеу құжаты мен орындаушылардың өзара байланысқан құралдар жиынтығы.Техникалық қызмет ету – машинаны қызметі бойынша қолдану, сақтау және тасымалдау кезіндегі оның жұмыс қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұру операциясы немесе операциялар кешені.Жөндеу – машинаның жарамдылығын немесе жұмыс қабілеттілігін, ресурстарының немесе оның құрама бөлшектерін қалпына келтіру операцияларының жиынтығы.Пайдаланымнан шығару сатысы машина жағдайының анықталуы мен құжатталу   үрдістерінен тұрады.Негізгі үрдістерден басқа техникалық пайдалану кезеңіне машинаны тасымалдау және сақтау кіреді. Пайдалану кезінде сақтау қызметі бойынша қолданбайтын бұйымды берілген күйде берілген мерзімде орналастырылған орнында бұзылмауын қамтамасыз ету.Пайдалану кезіндегі тасымалдау берілген күйдегі бұйымды тиеуден басталып, түсіру жұмыстарымен аяқталатын көлік пенжүк көтеру құралдарын қажет болған жағдайда пайдалана отырып орнын ауыстыру. Пайдалану периодындағы түрлендіру жүйесі пайдаланудың сапасын қамтамасыз ететін түрлендіру үрдістерінің әрбірэтапындағы тапсырмаларды орындауға арналған фукнционалды өзара байланысқан машиналар, оларды пайдалану құралдары жәнеорындаушылардың жиынтығы. Машинаның пайдаланым сапасы – берілген  үрдістер мен олардың нәтижелері қойылған талаптарға сәйкес келуіне байланысты машиналарды пайдаланудағы үрдістер қасиеттерінің жиынтығы. Пайдалану құралы – машинаны пайдалануына арналған құрал-саймандар, техникалық құрылғылар, ғимараттар, пайдалану материалдары.Пайдалану шарттары – пайдалану кезіндегі машинаға әсер етуші факторлар жиынтығы. Пайдалану кезіндегі үрдістердің тиімділігі келесі көрсеткіштерге негізделеді:-  машина сапасына;-  машинаны пайдалану тәсіліне;-  қоршаған ортаға.

Пәннің мақсаты және міндеттері.Машинаның өмірлік айналымы машинаны құрастырудан бастап пайдаланудың соңына дейін оның жасалуы және тізбектей түрлендіруүрдістерінің жиынтығы болып табылады.Өмірлік айналымды – машинаның белгілі жағдайымен сипатталатын, бір-бірімен өзара байланысқан түрлендіру үрдістерімен және әртүрлі технологиялар мен олардың нәтижелерімен іске асырылатын кезеңдерге бөледі.Пәннің мақсаты машинаның өмірлік айналымының кезеңдерін, олардың өзара байланысын және өмірлік айналым әр кезеңіндегі ерекшеліктерін талдауды есепке ала отырып мінездейтін түрлендіру үрдісін салудың жалпы заңдылықтарын объектінің (машинаның) өзінің және машинаның өмірлік айналымын кезеңіндегі түрлендіру үрдістерін техникалық жүйе ретінде қарастыратын жүйе түрінде негіздеп оқу болып табылады.   Пәннің міндеттері - кәсіптік қызмет үшін қажетті және алдағы өзін-өзі оқытуға, білім алуға жеткілікті машинаның негізгі өмірлік айналымының кезеңдерінде тәжірибелік жүзеге асырылуы  мен түрлендіру үрдістерін салудың жалпы заңдылықтарынының білімімен қамтамасыз ету.Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер:Техникалық жүйесінің жалпы теориясы мен негізгі түсініктер жайында, сонымен қатар оның машинаның өмірлік айналымының негізгі үрдістер қатарының талдау міндеттерін шешуге қолданылуы туралы елестетулері керек. Түрлендіру жүйесінің үлгісін, түрлендіру жүйесінің эдементтерінің жіктелімін, түрлендіру үрдістерінің үлгісін, түрлендіру үрдісін салудың ұстанымдарын, түрлендіру үрдістерінің элементтерінің және үрдістерінің жіктелімін, түрлендіру үрдістерінің бағалау көрсеткіштерін, түрлендіру үрдісі аясындағы инженерлік міндеттерді білулері керек.Түрлендіру үрдістерін оқу үшін жобалау, өндіру, пайдалану және машинаның тағайындалуы бойынша қолдану кезеңдерінде жүйеліліктің формальды үлгілерін қолдана білулері керек.Түрлендіру үрдістерін машинаны жобалау, өндіру, пайдалану және тағайындалуы бойынша қолдану кезеңдерінде оқу үшін жүйеліліктің формальды модельдерін қолдануда тәжірибелік дағды алу, олардың қалыптасуына  зертханалық жұмыстар, СДЖ және СМДЖ бағытталған.

Сонымен, сыртқы жобалау кезеңіндегі негізгі мәселе жасалатын машинаның өзінің қызмет көрсету үрдісінде шешілетін мақсаттар мен міндеттердің нақтылауынан, оның концепциясының жинақталуынан және машинаның тиімділігін, сапа көрсеткішін және оның негізгі мінездемесін төменгі жүйе элементтері ретінде анықтайтын эффективтілік талаптары векторының қалыптасуынан тұрады.Жүйеге деген талаптардың қалыптасуы және машинаның жобалануына деген техникалық тапсырманы (ТТ) өңдеу – ТЖ сыртқы жобалаудың мақсаты болып табылады.

Техникалық тапсырма (ТТ): негізгі тағайындалуды, техникалық және әдіс-техникалық мінездемелерді, өңделіп жатқан өнімге талап қойылатын сапа көрсеткіштері мен технико-экономикалық талаптарды, жобалық құжаттамалардың және оның құрамының қажетті өңдеу кезеңінің орындалуын, сонымен қатар бұйымға деген арнайы талаптарды қояды.Талаптарды негіздеу жүйелі зерттеудің қажеттілігіне әкеліп соқтыратын, құрамына жобаланып отырған машина кіретін жоғары жүйенің таңдауынан шығуы керек.Өңдеуге және өндіріске қондыруға тиісті өнімнің техникалық  деңгейі мен сапасы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келуі керек.Сол уақытта, техникалық тапсырма сапаның тек маңызды талаптары мен көрсеткіштерінен тұруы тиіс, ол алға қойған міндеттердің қолайлы шешімін іздеу мен таңдауда өңдеушінің талабын шектемеуі керек.Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін сыртқы жобалау негізгі операцияларының келесі қатарын қамтиды:-жобалаудың мақсатын таңдау;-жобалау объектісінің белгілерін анықтау;-жобалаудың қажеттіліктерін анықтау.Тұжырымдалған техникалық тапсырмалардың орындалулық бағасына және  оны түзету туралы кепілдемелерге ішкі жобалаудың жобалық процедураларының көмегімен қол жеткізеді.Жұмыс жобасын жасу және құрылымдық құжаттаманы өңдеу ішкі жобалау кезеңі болып табылады.Ішкі жобалау машинаның бет-пішінін анықтайтын негізгі параметрлерді нақтылау үшін қажет. Ол құрылымды- тәжірибелік жұмыстарға негізделеді (ҚЖЖ) және машинаның жұмыс жобасын өңдеумен аяқталады.Кезең техникалық ұсынысты, нобайлық, техникалық жобаларды және жұмыс құжаттамасын өңдеу процедураларын біріктіреді.Тәжірибелік үлгіні дайындау және бабына жеткізу де ішкі жобалау кезеңіне жатады.Машина жасау кезеңінің нәтижесі жасалатын машинаның өндіріс және оны пайдалануды ұйымдастыру үрдісінде материализациялау үшін қажетті ақпараттан тұратын техникалық құжаттаманың жиынтығы.Кезең жүйенің топтамалы өндірісі туралы шешім қабылдаумен аяқталады.Техникалық пайдалану кезеңінде машина операнд болып табылады.Сату алдындағыдайындық  машинаның қойылған талаптарға сәйкестігі мен оның сатып алушыға жарамды күйде берудіқамтамасыз етуге негізделген  жұмыстардың тізбегін орындайтын заңды және (немесе) жеке тұлғаның мақсатты бағытталғанқызметі.Сату алдындағы дайындық кезінде машинаға технологиялық қызмет көрсетеді.Технологиялық қызмет көрсетуге машинаны қызметі бойынша қолдану, сақтау, тасымалдау және бұл үрдістерді жүргізгенненкейін бұйымның сенімділігіне нұқсан келтірумен байланысы жоқ бастапқы қалпына келтіру бойынша атқарылатын кешендіоперациялар жатады.

ТТТТ

Тасымалдаудағы және тиеу – түсіру жұмыстарындағы түрлендіру жүйелері. Құрылыс жүктерін жеткізіп берудегі түрлендіру жүйесі – орындалу нәтижесінде құрылыс жүктерінің ғимарат және құрылыстарды салу орындарына жеткізіп беру қамтамасыз етілетін құрылыс алаңы және одан тыс жағдайларда түрлендіру үрдістерін орындаушылар мен техникалық жабдықтау құралдарының өзара байланысқан функционалды жиынтығы.Түрлендіру үрдісінің операнды құрылыс жүктері болып табылады. Құрылыс жүктері физикалық сипаттамалары бойынша 9 түрге жіктеледі:- сусымалы – құм, шиыршық тас, топырақ; ұнтақ тәрізді - әктас, цемент, гипс, бор.- қамыр тәрізді – бетонды қоспа, ерітінді, әктасты қамыр.- сұйық – бензин, керосин, майлар.- ұсақ даналы – кірпіш, ұсақ блоктар, бутонды тас, асфальт тақталары, бояуы бар бетондар.- даналық – терезе және есік жақтаулары, темірбетонды панелдер және тақталар.- ұзын өлшемдік – темірбетонды және болат бағаналар, фермалар, құбырлар, ағаш материалдары.- ірі көлемді – санитарлы – техникалық қоймалар, блок – бөлшектер, жедел – саты, кеніштердің блок – бөлмелері, ірі габаритті жүксауыттар.- ауыр салмақты – елеулі массадағы темірбетонды элементтер, технологиялық жабдық, көлік құралдарындағы құрылыс алаңдарына жеткізілетін құрылыс машиналары. Ұсақ даналы және даналық материалдар мен бұйымдарды тасымалдау үшін дестелеу және жүксауыттар әдісін пайдалан отырып іске асырады. Әдіс арнайы техникалық құралдарды – дестелер мен жүксауыттарды қолданып іске асырылады. Десте – арнайы сауытқа салынған жүк топтамасы.Жүксауыт – инвентарлы көп айналымды көлемді құрылғы немесе ыдыс. Технологиялық тағайындалуы бойынша әмбебап және арнайы жүксауыттарды ажыратады. әмбебап жүксауыттар әр түрлі катергориядағы жүктерді тасымалдауға арналған. Оларды арнайы сауыттармен немесе тиеуге және түсіруге арналған тұзақтармен жабдықталған жабық қорап түрінде орындайды. Арнайы жүксауыттар белгілі жүк түрін тасымалдауға арналған. Осылай, орамды материалдарды, әрлеулік тақталарды, төсемелерді, битумды шатырларды, қоқысөткізгіш элементтері және т.б. тасымалдауға арналған. Құрылыс жүктерін жеткізу бойынша түрлендіру үрдістері тиеу, тасымалдау, түсіру және қоймалау үрдістерінен тұрады.Құрылыс жүктерін жеткізуге кететін шығындар құнының 25% құрайды, ал еңбексыйымдылығы құрылыстың жалпы сыйымдылығының 40% жетуі мүмкін.Көліктік үрдістер құрылыс үрдістерінің материалды элементтерінің және техникалық құралдарының құрылымдар салу орындарына жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарынан тыс көліктік үрдістер сыртқы көлікпен (дайындау - өнеркәсіптерінен құрылыс алаңы қоймаларына немесе қаттау орнына тікелей), ал құрылыс алаңының ішінде – ішкі (объектілік) көлікпен жүзеге асырылады.Құрылыс жүктерін объектіге тасымалдау оларды жіберу орнында тиеу және келіп түсу орнында түсіру қажеттілігімен байланысты. Қазіргі уақытта тиеу-түсіру операциялары толығымен механикаландырылған. Ол үшін жалпы құрылыс, арнайы машиналар мен механизмдерді пайдаланады.Құрылыс алаңына жеткізілген материалдарды элементтерді уақытша сақтау үшін - өндірістік қорларды жасауға арналған объектілік қоймаларда қоймалайды.Құрылыс алаңына және объектілеріне қатысты ішкі және сыртқы көлікті ажыратады.Сыртқы көлік көмегімен құрылыс алаңына сырттан жалпы пайдаланым жолдарымен келіп түсетін құрылыс жүктерін тасымалдайды. Ішкі көлік жүктердің құрылыс территориясында және тікелей объектіде орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.Құрылыста орын ауыстыру бойынша көлденең және тігінен көлікті ажыратады.Көлденең көлікпен жүктерді алу орнынан құрылыс объектілеріне және объектілердің өзінде орын ауыстырады.Тігінен көлікпен тиеу-түсіру жұмыстарында және салынып жатқан объектінің жұмыс алаңында құрылымдарды, бөлшектерді, материалдарды көтеріп түсіреді.Көп жағдайларда көліктік үрдістерді технологиялық жұмыстармен үйлестіру мүмкін болып келтіріледі. Осы мақсаттарда жүктерді орын ауыстыруына арналған құралдар технологиялық тағайындалудағы көліктік құралдар қолданады. Мұндай құралдарға, мысалы, автобетон араластырулар (бетон қоспаларының дайындалуы мен орын ауыстыруы үйлеседі), бетонсорғылар (бетон қоспаның орын ауыстыруы мен қаттауы үйлеседі) және т.б. технологиялық тағайындалуыдағы көліктік құралдар болашақты және заманауи құрылыстарында аса үлкен ролге ие.Өндірістік және жай құрылыста сыртқы тасымалдауды негізінде рельсті, рельссіз, су және ауа көлік түрлерімен жүзеге асырады.Құрылыста рельссіз көлік ретінде автокөліктік және тракторлы көлікті пайдаланады. Аса көп таралған автокөлікті көлікпен құрылыс жүктерін тасымалдаудың 80% жүзеге асырады. Автокөліктердің артықшылығы – үлкен жылдамдық, жоғары шапшаңдық, айналудың аз радиустарымен қисық бөліктер бойынша қозғалу қажеттілігі - жолдың құламалы көтерілістерін жеңіп шығуы, әр түрлі жүктерді тікелей құрылыс объектісіне жеткізу мүмкіндігі. Көліктің бұл түрі тұрғын үй құрылысы жағдайларында аса кең қолданысқа ие.Тракторлы көлік негізінде ауыр жүктерді жаман жолдармен және жол жоқ жер жағдайларында орын ауыстыру үшін пайдаланады. Кемшіліктері – қалалық жағдайларда және қозғалыстың аз жылдамдықтарында елеулі ара қашықтарда тасымалдаудың шектеулі мүмкіндіктерін пайдалану.Рельсті көлік ретінде құрылыс жүктерінің тасымалдаудың жалпы санының 13...18% қызмет көрсететін теміржолды пайдаланады. Теміржол көлігі алғашқы шығындардың көбін талап етеді, бірақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының ірі көлемдерін және негізгі жүктердің рельсті жолдарда бұл шығындар пайдаланым үрдісінде тең өтімділігін қайтарады.Су көлігі – ең арзан көлік түрі, әсіресе, елеулі қашықтарға тасымалдауда және құрылыс алаңдарына жүкті тасымалдаудың 5% дейін қызмет көрсетеді. Ең басты кемшіліктірінң бірі – пайдаланудың мерзімділігі.Ауа көлігі жүктерді қиын жеткізілетін орындарға үлкен жүкті ұшақтар, жеке құрылымдардың монтаждауымен, тіптен тікұшақ құрылыстары мен арнайы – дирижабльдермен жеткізуде пайдаланылады.Құрылыста басқа да арнайы көлік түрлерін пайдаланады, мысалы, құбырөткізгіштік, жетектемелі арқанды жолдар, таспалы конвейерлер және т.б.Автомобильді көліктің артықшылығы оған салынған күрделі қорлардың көп емес салыстырмалы бөлігінен, тиеу-түсіру жұмыстарына кететін елеусіз шығындардан, жүктерді атаутізім мен көлем бойынша белгілі кезектілі сақтаумен оларды пайдалану орындарына жеткізу мүмкіндіктерінен, құрылыс-монтаждау жұмыстар өндірісінің талапты технологиялық тізбектілігінен тұрады.Жүктерді автомобиль көлігі мен орын ауыстыру автожолдармен жүзеге асырылады.Құрылыстың автожолдары құрылыс алаңдарын автомобиль жолдарының жалпы желісімен біріктіретін кіре-беріс жолдардан және жүктерді құрылыс алаңы ішінде тасымалдайтын құрылыс ішілік жолдардан тұрады.Автомобиль көлігінің құралдары жеткізілетін жүк түріне байланысты әмбебап және арнайы деп бөлінетін әр түрлі жүккөтеру қабілеті бар автомобильдер болып табылады. Автомобиль көлігінің әмбебап құралы кең атаутізімді құрылыс жүктерін тасымалдауға арналған және жалпы тағайындалудағы шанағы бар. Оларға ернеулі машиналар және самосвалдар, сонымен қатар автокөлік – сүйретпе мен тіркеме құрамындағы автопойыздар жатады. Көліктің арнайы құралдары құрылыс жүктерінің тек белгілі түрін ған тасымалдауға арналған шанаққа ие.Құрылыста автомобильдік тасымалдаудың екі негізгі сұлбасын қолданады: маятникті және қайықтық.Маятникті сұлба бойынша түзілімсіз буындары бар автомобильдер мен автопойыздар пайдаланылады. Сонымен қатар, сүйретпелер еріксіз көлік құралдарын тиеу-түсіру орындарында тұрып қалады.Маятникті сұлбамен жұмыс істегенде автопойыздың немесе жалғыз автомобильдің айналым уақыты

Тц = Тп + Тгр + Тр + Тпор,

 

мұндағы Тп, Тгр, Тр, Тпор - тиеулікке шапшаңдық уақытын есепке алып автопойызды сәйкесінше тиеудің, жүкпен бірге жорықтың түсіруге орнату кезіндегі шапшаңдық уақытын ескеріп, түсірудің, бос жорықтың ұзақтығы (сурет 6.6, а).Көлік құралдарынан құрылымдарды монтаждауда түсіру уақыты біршама көбейеді:

 

Тц = Тп + Тгр + Тм n + Тпор,

 

мұндағы Тм — строптауды, көтеруді, орнатуды, бұрап шығаруды және уақытша бекітуді қоса, құрылымды монтаждау ұзақтығы.Автомобильдік тасымалдаудың маятникті сұлбасы объектілік қоймалардың бар болуында және бірдей құрылымдық элементтерден тұратын құрылыстарды массалық құрылыста тиімді. Соңғы жылдарда көлік айналымында арнайы мамандандырылған автопойыздар қатысады. әр автопойыз немесе автопойыздар тобы одан әрі бөліктермен салынып жатқан біртипті объектілер қасында түсірумен белгілі атаутізімді тасымалдайды. Автомобильдік тасымалдаудағы қайықтық сұлбада бір отырықты сүйретпе екі және көп жартылай тіркемелермен тізбектей жұмыс істейді. Олардың саны құрылыс өндірісінің өнеркәсіптерімен салынатын ғимараттар арасындағы қашықтыққа тәуелді. 1 жартылай тіркеме тиеу астында (мысалы, темірбетон монтаждау зауытында), ал 2 – құрылыс алаңында түсіру астында, 3 – жолда болатын отырық сүйретпенің 3 жартылай тіркемелермен жұмыс істеу сұлбасы аса кең тараған.Қайықтық тәсіл осы жағдайларда тиеу мен жүктеу кезіндегі тұрып қалулар болмайды, керісінше жартылай тіркемелердің ілінісу және босатылуға кететін уақыттарының (5...7 мин көп емес) шамалы жоғалтулары бар болатындықтан, тасымалдауды уақыттың минималды шығындарымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Техникалық пайдалану кезеңіндегі түрлендіру жүйесі. Машинаның пайдалану кезінде жұмысқа жарамды күйден жұмысқа жарамсыз немесе шақтама күйге ауысуы – машинаның құрылымына және оны пайдалану шарттарына байланысты өтетін қайтымсыз үрдіс. Жұмысқа қабілеттілікті (немесе жарамдылығын) қалпына келтіру үшін және қартаю үрдісін баяулату үшін жағдай жасауда ТҚК және жөндеудің әртүрлі қолданылады. Жіктелімі төмендегі кестеде берілген.

 

 

1- сурет ТҚК және жөндеудің жіктелімі

Машинаның техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі ТҚК мен жөндеулерді алдын-алу (профилактика) немесе тоқыраудан кейін өткізуді қарастырады. Бұл белгілері бойынша ажыратады:- ТҚК және жөндеудің апаттық-қалпына келтіру жүйелері;- жоспарлы наработка бойынша ТҚК және жөндеудің алдын-алу жүйесі;- техникалық күйі бойынша ТҚК және жөндеудің алдын-алу жүйесі.Пайдалану сипаты аз уақыт пен аз шығындар жұмсай отырып машинаның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ТҚК және жөндеудің жеке түрлерін қамту және жөндеу айналымын орнататын жөндеу жүйесін таңдауды анықтайды.Пайдаланым мінез-құлқы уақыт пен құралдардың ең аз шығындарында машинаның жұмысқа қабілеттілік күйінде сақтауды қамтамасыз ететіндей жөндеу айналымының құрылымы мен жөндеу мен ТҚ-ң жеке түрлерінің мазмұнын орнатуы керек болатын жөндеудің жүйесін тандауды анықтайды. Машинаның жөндеуі мен техникалық қызмет көрсетуінің жүйесінің өнеркәсіп жағдайындағы эффективтілігі сенімділіктің кешенді көрсеткіші - тиімділікті сақтау коэфициентімен (Kэф) бағаланады. Тиімділіктіі сақтау коэфициенті - пайдаланымның бел ұзақтылығында объектіні тағайындалуы бойынша пайдаланудың тиімділік көрсеткішінің мәнінің объектінің тоқырауы сол период ішінде туындамайтын шартта есептелген осы көрсеткіштердің номиналды мәніне қатынасы.Тиімділікті сақтау коэффициенті тоқыраудың машинаның тағайындалуы бойынша қолданудың тиімділігіне әсер ету дәрежесін сипаттайды.Шығу тиімділігі (пайдалы) пайдаланым периодында машинаның жұмысқабілеттілік күйде болуының ұзақтығына пропорционалды машиналар үшін дербес жағдайларда тиімділікті сақтау коэффициенті ретінде дайындық коэффициентін (Кд) және техникалық қолдану коэффициенті (Ктқ) пайдаланылады.Дайындық коэффициенті – объектінің тағайындалуы бойынша қолданылуы қарастырылмайтын жоспарлы периодтардан басқа туынды уақыт мезетінде объект жұмысқабілеттілік күйінде болуы мүмкін ықтималдығы. Техникалық пайдаланым коэффициенті – пайдаланымның кей периодта объектінің жұмысқабілеттілік күйде болу уақытының соммасының математикалық күтімінің объектінің жұмысқабілеттілік күйде болуы және сол периодта техникалық қызмет көрсету мен жөндеумен шартталған тұрып қалудың соммалы уақытының математикалық күтіміне қатынасы.Техникалық пайдаланым коэффициенті объектінің пайдаланымының жалпы ұзақтығына қатысты жұмысқабілеттілік күйде болуының уақытының бөлігін сипаттайды. ТҚ мен ағымдық жөндеу үрдістеріне тағайындалуы бойынша пайдалану үрдісінде алынған аралық күйлермен сипатталатын машина кірістер болып табылады. Шығыстары – сәйкес ТҚ мен ағымды жөндеулердің технологиялық үрдістерімен қамтамасыз етілетін аралық күйлер. Күрделі жөндеудің технологиялық үрдістерінің кірісі машинаның шекті күйіне, ал шығысы – МБК ұқсас немесе соған жақын машинаның соңғы күйін (МСК) қалыптастыратын күрделі жөндеудің мақсатымен сәйкес келеді.Қызмет көрсетудің түріне қарамастан, әрауысымдық жөндеуді есепке алмағанда, ТҚК технологиялық үрдісіне келесі негізгі операциялар кіреді: тазалау, қарау, техникалық диагностика, реттеу, майлау, толтыру және сынау. Машинаны шаң мен кірден тазалау техникалық қызмет көрсетудің барлық түрінде іске асырылады. Қарау кезінде машинаның техникалық күйі мен жинақтылығы бақыланады. Техникалық диагностиканы машинаның агрегаттары мен механизмдерін бөлшектемей техникалық күйін анықтау үшін өткізеді.Реттеу - түйісулердегі орнықтылықтарды қалпына келтіру үшін орындайды. Реттеудің қажеттілігін механизмнің техникалық күйін бақылауда орнатады. Машинаның қауіпсіздік жұмыстарының қамтамасыз ететін механизмдерінің реттелуіне ерекше көңіл бөледі. Машинаны майлауды машинаның әр үлгісінде майлау орны, майлау нүктелерінің саны, қолданылатын материал және осы операция бойынша нұсқаулар берілген майлау карталарымен (кестелермен) сәйкес түйісулердің тозуының қарқындылығын азайту үшін жасайды. Әр ауысымдық қызмет көрсетуде жазғы және қысқы периодтағы жұмысқа өтумен сәйкес майлар мен майлау материалдарын ауыстырады.Машинаны сынауды әр техникалық қызмет көрсетуден кейін жүргізеді. Бұл үшін қозғалтқышты іске қосып, оның жұмысының ырғақтылығын, механизмдердегі шулар мен тарсылдардың деңгейін, бақылау - өлшеулік құралдардың көрсеткіштерін, машинаның механизмдерінің бос, жұмыстық және көліктік режимдерде жұмыс қабілеттілігін тексереді.Ағымдық жөндеу машинаның техникалық күйімен анықталатын жеке құрастыру бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру жолымен кезекті жоспарлы жөндеуіне дейін оның кепілдендірілген жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету керек. Ағымдық жөндеуде келесі операциялар орындалады: -  машинаның бөлшектерін бөлшектеу; -  қалыпты пайдалануға кедергі жасайтын жарамсыздықтарды анықтау; -  жеке бөлшектерді ауыстыру жолымен анықталған жарамсыздықтарды жою. Ағымдық жөндеу ереже бойынша, бөлшектік және агрегаттық әдістермен жүргізіледі. Жұмыс істемей қалған жеке бөлщектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру жұмыстары жасалатын жөндеудің бөлшектік әдісі дербес әдістің бір түрі. Дербес әдіс үшін жөнделген бөлшектерді және құрастыру бірліктерін алынған машинаның өзіне орнату тән келеді.Агрегаттық әдісте машинадан шешілген элементтерді жөндеуге жіберіп, оның орнына сол сәтте басқасын салады.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жіктелімі. Техникалық қызмет көрсету машиналардың жұмысқабілеттік күйде сақталуын, бөлшектердің тозуының қарқындығын азайтуды, тоқыраулар мен жарамсыздықтарды анықтау мен алдын алу, ал жөндеу – машиналардың жұмысқабілеттілігін қалпына келтіруді қамтамасыз етуі керек.

ТҚК және жөндеудің жіктелімі

 

Машинаның техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі ТҚК мен жөндеулерді алдын-алу (профилактика) немесе тоқыраудан кейін өткізуді қарастырады. Бұл белгілері бойынша ажыратады:- ТҚК және жөндеудің апаттық-қалпына келтіру жүйелері;- жоспарлы наработка бойынша ТҚК және жөндеудің алдын-алу жүйесі;- техникалық күйі бойынша ТҚК және жөндеудің алдын-алу жүйесі.Жөндеу жұмыстарының периодтылығы мен көлемдерін анықтайтын жөндеу мен ТҚК жүйелеріне үлкен дәрежеде бұйымның сенімділік көрсеткіштері тәуелді. Әдетте, бұл жүйе әр машина үшін келесі ұстанымдар негізінде құрылады:- машинаның оңтайлы пайдалануы мен жөндеуді жоспарлау үшін аралық уақытқа тең (немесе берілген көлемде жұмыстарды орындаған соң) берілгендер арқылы машинаның жөндеуі мен алдын-алулық жұмыстары үшін машинаның периодты тоқыраулары қалыптастырылады;- машиналардың ескерудің әр түрлі үрдістерінің өтуінде жұмысқабілеттілігін қалпына келтіру қамтамасыз етілуі керек болғандықтан периодты жөндеу жұмыстарының көлемдері мен осыған сәйкес машиналардың жөндеуге тұрып қалуының ұзақтығы бірдей емес;Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жүйелерін жасауда сонымен қатар, келесілерді ескеру керек:- әдетте, әр машиналарда тоқырауға дейінгі қызметтің потенциалды мерзімдерінің кең диапазонды элементтер мен бөлшектер болады;- қазіргі заманғы техникалық мүмкіндіктер машинаның қандай да болсын тоқыраулары үшін жоғалтылған жұмысқабілеттілікті қалпына келтіруді және жөндеуді жүзеге асыруды рұқсат етеді: сұрақ уақыт пен құралдардың аздығы немесе көптігі жөнінде ғана болуы мүмкін.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі берілген машина түрлері үшін жалпы сипатқа ие болса, машинаның берілген тағайындалуының сенімділік деңгейін көрсететін параметрлерге ие (мысалы, күрделі жөндеуге дейінгі уақыт), жөндеу жүйесінің негізгі параметрлері машинаның сенімділік көрсеткіштерімен байланысты,Жөндеу жүйесі толық машина үшін тағайындалады, сондықтан машинаның жеке түзілімдері мен механизмдерінің тоқырау мүмкіндіктері және олардың ережеленген қызметтік мерзімдері (жұмыстары)берілген жүйемен қабылданған жөндеулердің периодтылығының есебімен тағайындалуы тиіс;Жөндеу жұмыстарының технологиялық үрдістерін жасауда олардың жөнделген бұйымдарының сапалы көрсеткіштеріне әсерін ескеру қажет.Машиналарды пайдалану үрдісінде жүргізіледі:а) жұмыс ауысымының алдында, уақытында немесе кейін орындалатын ауысым сайынғы техникалық қызмет көрсету (АСҚК);б) дайындаушы – зауыттармен бекітілген, белгілі жұмыс уақытында жоспарлы ретте орындалатын жоспарлы техникалық қызмет көрсету (ТҚК);в) жазғы немесе қысқы мезгіл периодында машиналардың қолданылуына дайындауда жылына екі рет орындалатын мезгілдік техникалық қызмет көрсету (МҚК);Тасымалдау мен сақтауда машинаның жұмысқабілеттілігін сақтау үшін пайдаланымдық құжаттаманың талаптарымен сәйкес арнайы техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.АСҚК машинаға бекітілген машинистермен жүргізіледі. Егер машинистерге машинаны басқару туралы ған функция жүктелсе, онда АСҚК машинаның жоспарлы – алдын-алулық техникалық қызмет көрсету мен жөндеуарнайы бөлімдерінің қызметкерлерінің ауысымнана тыс уақытқа орталықты жүргізіледі. АСҚК қарастырылған жұмыстардың орындаулы міндетті және сондықтан жоспарланбайды.Нақтылы машиналар үшін ТҚК бірбірінен периодтылығы мен жұмыс құрамымен ерекшеленеді. ТҚК әрқайсысына жүргізілу тізбегіне байланысты реттік нөмір (ТҚК-1, ТҚК-2, ТҚК-3) беріледі. Аса жоғары реттік нөмірге ие ТҚК жұмыстарының құрамына ауысым сайынғымен бірге, алдынғы техникалық қызмет көрсету түрлерінің әр қайсысының жұмыстары кіреді.Техникалық қызмет көрсету – тағайындалуы, күтілуі, сақталуы және тасымалдануы бойынша қодануда бұйымның жұмысқабілеттілік немесе жарамдығын сақтау бойынша операция немесе операциялар кешені.Техникалық қызмет көрсету бұйымның қызмет мерзімі ішіндегі жарамдығын немесе жұмысқабілеттілігін сақтау үшін құрылымдық құжаттамасында ережеленген операциялардан тұрады. Техникалық қызмет көрсетуге техникалық күйлердің бақылауы, тазалау, майлау, бұрандамалы бірігулердің бекітілуі, бұйымның кейбір құрамбөліктерінің ауыстырылуы,реттеу және т.б. кіреді.Пайдаланымға техникалық қызмет көрсету – тағайындалуы бойынша пайдаланымға дайындаудағы, тағайындалуы бойынша пайдалану, сонымен қатар оның аяқталуынан кейінгі тікелей техникалық қызмет көрсету.Тасымалдау кезіндегі техникалық қызмет көрсету – тасымалдауға дайындаудағы, тасымалдаудағы, сонымен қатар оның аяқталғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету.Сақтау кезіндегі техникалық қызмет көрсету – сақтауға дайындаудағы, сақтаудағы, сонымен қатар оның аяқталғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету.Ағымды жөндеу – ауыстырылымда және жеке бөліктердің қалпына келтіруден тұратын бұйымның жұмысқабілеттілігін қамтамасыз етуге немесе қалпына келтіруге орындалатын жөндеу.Ағымды жөндеу жоспарлы және жоспардан тыс бола алады.Күрделі жөндеу – негіздікпен бірге, бұйымның қандай да болсын бөліктерінің ауыстырылуымен немесе қалпына келтірумен оның қорын толық немесе оған жақын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.Күрделі жөндеу жөндеу айналымының соңғы негізгі жөндеуі болып табылады.Күрделі жөндеу – жұмыстардың жүргізу реті, оларға дейінгі техникалық шарттар, жұмыстардың ұйымдастырылуына және технологиясына, сонымен қатар жөнделген машиналардың сапасына деген талаптар дайындаушы – зауыт бекітілген жөндеулік құжаттамамен ережеленетін жоспарлы жөндеудің аса күрделі және еңбеккөлемді түрі. Күрделі жөндеу машинаның техникалық мінездемесі өзгеретін немесе жоғарыланатын оның жаңғыртуымен жиі үйлеседі.Жөндеулік айналым – нормативті құжаттамамен қарастырылған техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің белгілі тізбектілікте белгіленген түрлері жүзеге асырылатын ағымында бұйымның пайдаланымның ең аз қайталанатын периоды.Жөндеулік айналым - машинаның пайдаланымынан бірінші күрделі жөндеуге дейінгі немесе екі кезекті күрделі жөндеулер арасындағы оның сағаттағы жұмысы.Машинаның әдетте, жетілдірілген сағаттарда көсетілген күрделі жөндеуге дейінгі уақыт жөндеу айналымының ұзақтығы Тк деп аталады, ал екі тізбекті ағымды жөндеулермен жүргізілген уақыт То – жөндеу арасындағы период деп аталады (МЕСТ 18322-73). Әр айналымдағы периодты жөндеулердің саны К= Тко тең.Машинаның күрделі немесе ағымды жөндеулерге дейінгі қоры сипаттамаларының бір қатыстық жөндеу жоғалтулары Z болатын жөндеу жұмыстарының көлемімен және оның негізгі параметрлерінің талаптарымен анықталады.Техникалық қызмет көрсету айналымы – нормативті құжаттамамен қарастырылған техникалық қызмет көрсетудің белгілі тізбектілікте бекітілген түрлері жүзеге асырылатын ағымында бұйымның пайдаланымының ең аз қайталанатын периоды.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеулердің жүргізілу периодтылығы жөндеу айналымымен және оның құрылымымен анықталады.Жөндеу айналымының құрылымы – жөндеулі айналымы ішіндегі жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлерінің орындалуының периодтылық және тізбектілік саны.Машиналардың әр түрлі түрлеріне жөндеу аралық айналым құрылымы әр түрлі және машинаның техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуінің (5.1 кесте) нормативті материалдарымен орнатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]