Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4 глава. Охрана труда

.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
49.33 Кб
Скачать

ВМ = 1,4∙0,2∙0,01∙1,3∙0,4∙0,005∙510 = 0,0037128 г/с;

G = 0,000927+0,0037128 = 0,0046398 г/с;

АВ = 0,000927∙3600∙284 / 106 = 0,0009477 т/жыл;

ВВ = 0,0037128 ∙3600∙6816 / 106 = 0,0911032 т/жыл;

Жылына ауаға бөлінетін көмір шаңының жалпы массасы:

М = 0,0009477 + 0,0911032 = 0,0920509 т/жыл.

М = 0,0920509/12 = 0,0076709083 т/ай

Осы есептеулер арқылы материалдардың өңделуі кезіндегі жалпы лақтыруларының ҚМжЕ ҚР санитарлық нормаларға сай келетінін және адам денсаулығына мейлінше аз әсер ететінін байқауға болады. Сол себепті әр материал өңдеу құрылғылардың маңайына қосымша шаң басқыш қондырғылар қоюдың қажеті жоқ екенін байқаймаз [65].

Көмірді атмосфера, гидросфера және литосфераға кері әсерін тигізетінін салыстырып, шартты түрде таза деп айтуға болады.

4.4 Өрт қауіпсіздігі

Өрттен немесе жарылыстан туындайтын, сонымен қатар адамзатқа әсерін тигізетін қауіпті және зиянды факторлардың көзін жоятын материалдық құндылықтарды қорғап, қауіпсіздік қорғанысын қамтамасыз ететін іс – шараларды өрт қауіпсіздігі деп атаймыз.

Жарылыс және өрт кезінде болатын шығындарды қысқарту, азайту кезінде болдырмау үшін қауіпті жарылыс өндірістік үрдістерді және өрт қауіпсіздігі, өтерді және өрт қауіпсіздік. Өрт нысандарын қамтамасыз ету ең басты жұмысты талап етіледі. Өндіріс бөлмелерінің өрт қауіптілігі бойынша топтасуы

Кәсіпорындарды жобалау барысында, өндірістің өрт қауіптілігі категориясының классификациясы енгізілген. Бұл классификация "Құрылыс нормалары мен ережелерінде" (ҚМжЕ ІІ-2-80) келтірілген, сондықтан өндіріс бөлмелері жарылыс және жарылыс-өрт қауіптілігі бойынша А,Б,В,Г,Д категорияларына бөлінеді.

Негізгі өрт шығудың жолдары – жылу құралдарының жарамсыздығы, электр құралдарының тозуы және дұрыс жарықтандылмауы, олардың дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болады. Сонымен қатар жанар май тоғы басқа арнайы құралдардың дұрыс сақталынбауынан оларды жеткілікті түрде қадағаламау және өрт қондырғы құралдарын дұрыс бақыламағанының салдарынан болады [65].

Өрт қауіпсіздік мәселесі: ұйымдастырылған және адамзат қауіпсіздігіне, оның таралуын шектеу бағытына арналған, сондай - ақ өртті табысты сөндіру жұмысы кешенді техникалық шаралар мәселесін қарастырады.

Өрт қауіпсіздік саласын қарастырғанда сонымен қатар өрт бола қалған жағдайда материалдық қондырғыларды қорғау мен қауіпті және зиянды факторлардан адамзаттын қауіпсіздігін тиімді түрде қамтамасыз ету мәселесі қарастырылады. Өндірістік нысандарда өрт қауіпсіздігі жарылыс - өрт жағдайынан қорғау шараларын әзірлеу ең басты шарт. Сонымен қатар жүзеге асыру ең маңызды болып табылады.

Өндірістің категориясы тиісті министрлікте бекітіліп, технологиялық нормалар немесе өндірістің арнайы тізімі бойынша анықталады.

Мекемеде, тау – кен орындарында жанар май ортасын қысқартуға арналған міндетті түрде қажетті ауада қауіпті жанар май газы, бу немесе шаңдарды қадағалап отыру керек. Яғни концентрацияны қадағалап ұстау керек. Бұл концентрация (қауіпсіздік коэффициенті есебімен) аталмыш заттың ауада төменгі балқу есебінен аспау керек [66].

Жанғыш ортаның пайда болуынан корғауды қамтамасыз ету:

  • өндірістік герметикалық құралдарды қолдану;

  • технологиялық үрдістерде максималдық мүмкіндік бойынша жанар май заттарын алмастыру, сонымен қатар оларды дұрыс орналастыру;

  • қауіпті жарылыс және жанар май салаларын оқшаулау;

  • мекемеде және құрама аппаратурада бақылауды ұйымдастыру;

  • жұмыс және апатты желдеткіштерді пайдалану;

  • жанар май саласын қауіпсіз жерлерге орналастыру;

  • қауіпсіз қозғалыс ортасын таңдау;

  • жанар май саласында, ортасында жану, тұтану үрдістерін жою;

  • машиналарды лайықты етіп басқа жерге көшіру. Сонымен қатар жанар майдың жанып тұтануына ықпал ететін көздерді басқа жерге көшіру;

  • өрт және қауіпті жарылыс класына сәйкес, электр құралдарды қолдану, қауіпті жарылыс қондырғыларының тобы мен категориясы, электростатикалық қауіпсіздігінің талабына сай қанағаттандыратын құралдарды қолдану;

  • ғимараттарды найзағай түсуінен қорғауға арналған құрал – саймандар мен құрылғылар;

  • жанар май мен қатысты құрал – жабдықтардың жоғары қабатындағы температураның максималды түрде ретке келтірілуі;

  • жанар май ортасында жіберілетін ұшқындық энергияның ретке келтірілуі;

  • өздігінен жанатын химиялық, микробиологиялық заттарды, материалдарды, бұйымдарды және құрастырмаларды жою;

  • ауамен тығыз байланысты қауіпсіздік қысымынан ауытқитын приборлы және қыздырғыш заттардын көзін жою [67].

Жанатын өрт болатын ортаның қысқартылуын қамтамасыз етіп жойылуына септігін тигізеді.

Өрт пен жарылыстың пайда болуын болдырмау үшін екі негізгі шартты орындау қажет. Біріншіден, осы екі аталмыш көздер бойынша сөндіру минималды энергиядан аспау және де оны қауіпсіздік коэффициентіне көбейту керек.

Екінші шарт – құрал–саймандарды басқа жерге ауыстыру кезінде және алуан технологиялық процесстерді жүзеге асыру кезінде өздігінен балқу, жану, бүліну кезінде болатын құбылыстарды байқап, әр нақты оқиға бойынша қауіпсіздік коэффициентті есепке ала отырып, арнайы температураны қолданылады.

Бүкіл өрт керек – жарағы цехтағы жауапты басшыға немесе басқа бір тұлғаларға табыс етіледі.

Өрт сөндіру құралдары мен жабдықтардан басқа, өртке қатысты жоқ құралдарды қолдануға тыйым салынады.

Өрт краны барлық мекемелерде арнайы шкафпен, бітелген, арнайы қорғаныс құралдармен жабдықталу керек.

Өртті сөндіру кезінде сұйық, бу, газ, көпіршік және қатты заттар тәрізді заттарды қолданады. Өрт сөндіруде ең тиімді, ең қолайлы су болып табылады. Оның ешқандай адам ағзасына зиянын тигізбейді. Су өте жылдам өртті өшіріп сөндіруде өз септігін тигізеді.

Өрт сөндіру кезінде қол мен күресу тәсілі еш қанағаттандыра алмайды. Өртті табысты сөндіру жылдамдық пен ептілікке байланысты. Бұндай жылдамдыққа жету үшін тек қана автоматты қондырғының көмегімен табысқа жетуге болады.

Техникалық қызмет көрсету, автомобильдері тұрған мекемеге арналған әр бөлімшесінде қою өрт сөндіру құралдары болу керек. Әр жәшікте әрдайым құм мен күрек (қолақша) болу керек. Жәшік тығыз жабылады және ол қызыл бояумен бояланады.

Әр өрт сөндіру құралы 1,5 м биіктіктен жоғары болмау керек. Оны жылдам және жеңіл алуға лайық болу үшін, көрнекті жерге іліп қою керек.

Барлық өндірістік мекемелерде көрнекті жерлерде, телефон аппараттын жанында жақын өрт сөндіру тобы орналасқан немесе жауапты тұлғалардың аты жазылып, мекеменің нөмірі болу керек [68].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]